ҚҰРАННЫҢ ЖЫН МЕН АДАМЗАТТЫ
КүРЕСКЕ шАҚЫРУЫ
Құранда жын мен адамзатты Құранға ұқсас бір сүре
жасауға шақырып, алайда олардың жасай алмайтын-
дығын тіпті қияметке дейін де бір сүренің ұқсасын кел-
тіре алмайтындығын нақты түрде айтқан. Құранда «Егер
құлымызға түсіргенімізден күмәндансаңдар, онда сен-
дер де соған ұқсас бір сүре келтіріңдер, Аллаһтан өзге
көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас бол-
са. Егер осыны жасай алмасаңдар, әлбетте, ешқашан
137
Әбу Хаййан, әл-Бахрул-Мухит, 7 том, 162 бет.
138
Мәңгі мұғжиза
жасай алмайсыңдар»
138
. Құранның осы аяты бұдан он
төрт ғасыр бұрын түсіп, жын мен адамзатты Құранның
тұтасы былай тұрсын, бір сүресінің ұқсасын жасауға
шақырған. Алайда содан бері қаншама ғасыр жөңкіліп
арта қалып, қаншама жазушы мен әдебиетшілер, не
бір дарынды ақындар мен ой-өрісі кең кемеңгерлер
дүниеге келгенмен бәрі де Құран қамалының бір та-
сын да қозғалта алмай, ақыр соңында қауқарсыздығын
аңғарып, бұл фәниден озған. Оның түскен заманынан
кейінгі небір дүлдүл ақындар оның ұқсасын келтір-
мек болып шабыттанғанынан туған сөздері естігеннің
күлкісін келтіріп, өзі ел-жұртқа масқара болған.
Олардың ішінде ең маңыздысы Мусәйлемә ибн Ха-
биб әл-Кәззаб (12\633). Ол хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.)
өмірінің соңына қарай Ямәмә деген жерде Ханифа руы-
нан шығып, өзін пайғамбар деп жариялаған. Рахман атты
бір періштенің өзіне Жаратушыдан Құран түсіргенін
баян етіп, елге түсініксіз сөздер сөйлеген. Ол өзі дүйім
жұртты аузына қаратқан аса дарынды шешен болған.
Алайда Құранмен таласпақ болып, айтқан сөздерімен
елге күлкі болған. Мысалы, «Ей, екі құрбақаның қызы
құрбақа! Тазалағаныңша тазала. Сенің жартың суда,
жартың лайда. Суды лайламайсың. Ішуге де кедергі
жасамайсың». Арабтың ұлы әдебиетшісі Жаһыз осы
сөздерді оқығанда түкке түсінбей таңданып: «Осы
сөздердің қалайша Мусәйлемәға ұнағанын білмей-ақ
қойдым. Оның осы тәсіл арқылы айтқан сөздері түкке
тұрғысыз, жай айтылған сандырақ қана», – дейді
139
. Ал
оның Құранға еліктеп жазған мына бір өлеңі балдырған
138
«Бақара» сүресі, 2:23-24.
139
И, Карасам, Сонсуз мужизе Куран, 161 бет.
139
Құран кімнің сөзі?
бала мен еңкейген қартқа дейінгі жұрттың мазағына
айналған.
... ٌليو َط ٌموطر ُخ َو ٌليب َو ٌبْنَذ هل ُليفلا ام كاردَا ام َو ُليفلا ام ُليفلا
«Піл. Піл деген не? Пілдің не екенін саған кім
үйретті? Оның қатты құйрығы мен ұзын мұрны бар».
Міне, ол Құранмен күреспек болғанда ешкімге
түсініксіз сөздер айтып, масқаралыққа ұшыраған.
Иә, Құранның түскеніне он төрт ғасыр уақыт
өткенмен, адамзат онымен күресе алмай, күреспек
болғандары бірден омақа асып, жеңілгендерін сөзі
мен ісі арқылы мойындаумен келеді. Бұдан кейін де
қияметке дейін онымен ешкім күресе алмақ емес. Оған
дәлел – әуелі Құранның аталмыш аяты болса, екіншісі
осы заманға дейін оның ұқсасын жаза алмаулары.
ҚҰРАННЫҢ САҚТАЛУ КЕПІЛДІГІ
Құранның Меккеде түскен кезі мұсылмандардың
ең ауыр жылдары екендігі бәрімізге белгілі. Бұл жайын-
да барлық тарихшылар арасында ауызбірлік бар. Ол
заманда алғашқы мұсылмандардың басым көпшілігі
кедейлер мен хазіреті Біләл секілді құлдар еді. Ол за-
манда әлсіз мұсылмандардың Құранның мәңгілік
сақталу жайында сөз айтпақ тұрмақ, өз халдерінің
ертең не боларын болжауы қиын еді. Барлық күш пен
қуат меккелік пұтқа табынушылардың қолында болған.
Қаласа, мұсылмандарды қырып салуға шамалары же-
тер еді. Міне, осындай заманда хазіреті Пайғамбар
мұсылмандарға мына аятты оқиды: «Расында, Құранды
Біз түсірдік, әлбетте, оны Біз сөзсіз сақтаймыз»
140
.
140
«Хижр», 15\9.
140
Мәңгі мұғжиза
Бұл аят хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбарлығына
айқын куәлік. Себебі, ертеңінің не болары белгісіз ондай
қилы заманда жай бір адамнан мұндай толыққанды сөз
есту – ақылға сыйымсыз нәрсе еді. Әрі бір адам үлкен
үмітпен адамдарын сенімділікке шақыру үшін айтуы
мүмкін деген күннің өзінде, қияметке дейін сақталады
деуі тіптен де қисынсыз нәрсе. Небір пайғамбарлар
арқылы түскен кітаптар мен қаншама ойшылдардың
кітаптары ғасырлардың жал-жал толқындарынан
өте алмай заман теңізінің түбіне батқан. Тек Құран
ғана осы уақытқа дейін қаншама қилы заманның асау
толқындарын бұзып жарып, әрбір ғасырдың шырқау
шыңынан өтерде, сол шыңға өзінің «Расында, Құранды
Біз түсірдік, әлбетте, оны Біз сөзсіз сақтаймыз»
141
мөрін басып, растатып өткен. Міне, осы Құранның әлі
күнге дейін бір әрпінің де өзгермеуі – оның болашаққа
қатысты мұғжизалық хабары. Ғасырлар бойы, тіпті әлі
күнге дейін Құранды көре алмаушылар оны бұрмалауға,
жоққа шығаруға тырысып бағуда. Бірақ олардың бұл
машақаты күнді үрлеп сөндірмек болған баланың
әуресіне ұқсайды.
ПЕРҒАУЫН ДЕНЕСІНІҢ САҚТАЛУЫ
Құранда хазіреті Мұса хақында көптеген аяттар бар.
Онда хазіреті Мұсаның Мысырдан қашқаны, кейін қайта
айналып, пайғамбар болып келіп Мысыр перғауынын
мұсылмандыққа шақырғаны хақында баян етілген. Осы
сүрелерде Исламды қабыл етпеген перғауын ақырында
теңізге батуға таянғанда амалсыз тілмен иман еткені
айтылған. Алайда жаны алқымға тұрып, иман еткен
пенденің иманы қабыл болмайды. Сонда да болса,
141
«Хижр», 15\9.
141
Құран кімнің сөзі?
ешбір пенденің зәредей амалын құр қайтармайтын
Ұлы Жаппар Ие перғауынның денесін сақтайды. Аят-
та былай айтылады: «Исрайыл ұрпақтарын теңізден
өткіздік. Сонда перғауын мен әскерлері жауыздық
пен дұшпандық бойларын кернеп арттарынан
қуды. Ақыр соңында ол теңізге батар сәтте: «Ис-
райыл ұрпақтары иман еткен құдайдан басқа құдай
жоқтығына иман еттім. Мен де мойынсұнушылардан
болдым» деді. «Енді ғана сендің бе? Расында, сен де
бұрын қарсылық еткендердің бірі едің...» «Сенен
кейінгілерге үлгі болу үшін денеңді (жансыз түрде)
құтқарамыз. Негізінде көптеген адамдар аятта-
рымыздан мүлде хабарсыз»
142
. Осы аятта болашаққа
қатысты мұғжизалық хабар бар. Ұлы Жаратушы тіл-
мен болса да иман еткен амалы үшін перғауынның
суға батқан денесін шірітпей, келер ұрпаққа ой салып,
күпірліктің ақыры немен аяқталғанын білдіру үшін
сақтайды. Негізінде ол заманның перғауындарының
бар арманы ұзақ өмір сүру. Сондықтан да тым құрыса
денелерін келер ұрпаққа жеткізу мақсатымен мумия-
лап сақтаған. Алайда теңізге батқан перғауынның де-
несі мумияланбағандықтан шіруге лайық еді. Бірақ
Аллаһ Тағала оның амалсыз тілмен иман еткен ама-
лын құр қайтармай қарымын бұл дүниеде берген. Бұл
да перғауынның бар арманы еді. Осылайша, оның де-
несі осы заманға дейін сақталып, ғалымдар жақында
қызыл теңіздің жағалауынан мумияланбаған сәжде
еткен бойы өлген адамның денесін тауып алады. Бұл
әлбетте, сол перғауынның денесі. Өйткені, ғалымдар
бұл дененің сол ғасырда өмір сүрген адамның денесі
екендігін анықтаған. Әрі бұл мумияланбаған, сәжде
142
«Юныс», 10\90-92.
142
Мәңгі мұғжиза
халіндегі адам. Алайда табиғи заңдылық бойынша
адамның денесінің ғасырлар бойы шірімей сақталуы
мүмкін емес. Қазір ол Британия мұражайында сақтаулы.
Аллаһ Тағала оны өзінен кейінгі, яғни қазіргі ұрпаққа
өзін құдай санап тәкаппарланғандардың ақыры немен
аяқталғанын ғибрат етіп көрсету үшін сақтаған. Ұлы
Жаратушы уақыты келгенде оның денесін ел-жұрттың
көз алдына қойып, қарағанға үлгі етуде. Бірақ та,
«Көптеген адамдар аяттарымыздан мүлде хабарсыз».
Яғни, Құранның ақиқатын біле тұра иман етпейді. Иә,
алғаш ғалымдар перғауынның ғасырлар бойы шіріме-
ген денесін қазып алып, сол қалпы мұражайға қойғанда,
адамдар оның сәжде еткен түрін анық көрген. Кейіннен
мұсылман әлеміндегі кейбір ғалымдар оның сәжде ет-
кен бойы өлген перғауын екендігін дәлелдеп жазғанда,
ағылшындар оны қырынан жатқызуға мәжбүр болған.
Құранда бұдан да басқа болашаққа қатысты
көптеген хабарлар бар. Уақыты келген хабарлардың
бәрі де айдай анық шыққан. Құранда осы мәселеге
байланысты мынадай аят бар: «Біз аяттарымызды
сыртқы әлемде және өз іштеріңде көрсетеміз. Сол
уақытта Құранның ақиқат екендігі айқындалады»
143
.
Бұл аятта Аллаһ Тағаланың барлығы мен бірлігі-
не тиісті аяттар мен Құранның ақиқатын көрсететін
дәлелдердің бірінен соң бірі айқындалатыны жөнінде
айтылған. Айтылғандай көп өтпей-ақ жаратылыста-
ну ғылымдары өз тілдерімен Құранның ақиқаттығын
паш еткен. Қазіргі физика, химия т.б. жаратылыстану
ғылым салалары оны растаумен қатар, келешекте де
ғалымдар өз іштері мен ғаламды жаңа қырынан зерт-
теп, Ұлы Жаратушының барлығы мен бірлігінің басқа
143
«Фұссилат», 41\53.
143
Құран кімнің сөзі?
да мөрлерін көріп, олардың бәрін Құран ақиқаттарының
растайтынына қайран қалып, Құранға бет бұра бермек.
БОЛМЫС ПЕН АҚЫРЕТ ӘЛЕМІНЕ
БАЙЛАНЫСТЫ ҒАЙЫП хАБАРЛАРЫ
Құранның жалпы ғаламзаттың жаратылысы мен
ондағы тылсым сырлары һәм адамның жаратылыс
ішінде дара саналы болып, болмыс әлеміне келудегі
мақсаты және ақырет әлеміне байланысты көз көріп,
құлақ естімеген, адамның қиялына келмеген жәннат,
махшар, т.б. хабарлары адамның санасынан тыс ғайып
хабарлары. Өйткені, осы ұлы ақиқаттарды сан-салалы
бұралаңдаған бұрыс жолдардың ішінен тауып, кірпіш
қалағандай етіп, бәрін өз орнына қою адам ақылының
мың ойлап, жүз толғанса да қисынын келтірер ісі емес.
Ол тұрмақ Фараби, Ибн Сина секілді ең атақты Ислам
философтарының өзі осы мәселелердің ең ұсағының
өзін ақылдарымен таба алмайтындығын мойындаған.
Жер бетіндегі саналы пенде ақыл қуатын қаншама
әуре-сарсаңға салса да, Ұлы Жаратушының барлығы
мен бірлігінен өзге нәтиже таба алмақ емес. Адамның
Хақ тағаланың заты мен сипаттарын ойша табу мүмкін
емес. Әсіресе, Оның даралығының әрбір жаратылыста
басылған мөрлерін анықтап көрулері әсте оңай нәрсе
емес. Сол секілді адамның өз жаратылысының түпкі
мақсатының қандайлығы мен болмысының түпсіз
тереңдіктеріндегі сансыз сырлы інжу-маржан қабілет-
терінің қаншалықты құпиясын біле алмас. Бұл ха-
барлар пайғамбар арқылы ғана білініп, аңғарылатын
мәселелер. Міне, осы іспетті тағы да басқа ғайып ха-
барлары Құранның мұғжизалығын танытады. Өйткені,
144
Мәңгі мұғжиза
бұл мәселелер әу бастан жалпақ жұртқа жария, әркезге
аян, тасыған дария болатындай оңай нәрселер емес.
Жалпы, илаһи ақиқаттар мен адам жаратылысы,
ақырет әлеміне қатысты мәселелерді осы кітаптың екін-
ші томында тереңдетіле, жан-жақты баян етуді ниет ет-
тік.
ҚҰРАННЫҢ ЖАЛЫҚТЫРМАУЫ
Құранның Аллаһ Тағаланың кітабы екендігінің тағы
бір дәлелі – оның оқыған адамды еш жалықтырмауы.
Он төрт ғасырдан бері сәт сайын, сағат сайын оның
барлық аяттарын миллиондаған адамдар тынымсыз
оқып, тыңдауда. Адамдарға ерен тәлім-тәрбие беріп,
нәпсілерін тазартып, жүректерін жаңартып, рухтарына
қанат бітіріп, ақылына туралық беріп, санасына сәуле
ұялатқан һәм тіршілікті нәрлендіріп, бақыт әкелген
Құран мың рет қайталанып оқылса да, оқығанды қайта-
қайта оқудан, тыңдағанды қайта-қайта тыңдаудан
жалықтырмақ емес. Сан мәрте оқылып, тыңдалған сай-
ын пенденің кенезіген бар болмысына кәусар бұлақтай
әсер етіп, нұрына малындырып, ынта-жігерін артты-
руда. Өйткені, Хақ Тағала кітапқа ғажайып рухани
ләззат берген. Сондықтан да, өзге көркем сөздер мен
әсем әуендердің көп қайталануы адамды жалықтырса,
Құранның қайталануы жалықтырмақ былай тұрсын
ынтықтығын жоғалтпаған кісінің алған ләззатын арт-
тыра түседі
144
.
Құранның оқушы мен тыңдаушыны жалықтырмай-
тындығы оның жүректерге азық, рухтарға жарық, нәпсіге
дауа, жанға шипа, санаға беретін күш-қуаттылығында
жатыр. Адамда тән мен рух бар. Тән өзіне жақын
144
М, Килежи, Куран мужизесі, 299 бет.
145
Құран кімнің сөзі?
заттық азықтан нәр алып, бойына күш бітіреді. «Ас –
адамның арқауы» осыдан қалса керек. Ал жан рухани
болғандықтан оның азығы да рухани болмақ. Адам әр
сәт сайын ауаға мұқтаж болғанындай оның рухы тіпті
бар болмысы, әлбетте, рухани азыққа ауадай мұқтаж.
Тәннің жарасының дауасы заттық еммен болмақ. Рух
жарасының шипасы Хақ Тағала жіберген Құран лебізі-
мен болмақ. Құран оқыған адамның көңілі жадырап,
жүрек әлемі шаттыққа бөленбек.
Бір елде ғалымдар тәжірибе жасамақ болып,
ес-түссіз талықсып жатқан науқасқа діни кітаптар-
ды тыңдатады. Бұрмаланған Інжіл мен Тәуратты
тыңдатқанда ешбір әсер болмай, ақырында Құранды
тыңдатқанда науқастың тамырына қан жүгіріп, жүрек
соғысы қалпына келе бастайды. Құранда Аллаһ Тағала
«Біз мұсылмандарға Құраннан шипа мен рақым
түсіреміз» дейді.
Жер бетінде дәл осындай ерекшелікке ие ешбір кі-
тап жоқ. Құран ғана осы тұрғыдан теңдессіз дара кітап.
Мұсылмандардай ешкім кітабына осылай жақындық
танытқан емес. Еврей мен христиандар да талай тіл-
ден тілге тәржімаланып асыл түпнұсқасы қалмаған,
бұрмаланып маңызы азайған қасиетті кітаптарын дәл
бұлай оқыған емес. Өйткені, бір мұсылман басқа сүрені
былай қойғанда «Фатиха» сүресінің өзін күніне бес на-
мазда қырық рет қайталайды. Алайда ешбір мұсылман
осы сүрені пәлен жылдан бері оқып келемін, жалықтым
деген емес. Жүрегінде жарығы аз бір пенде «мен на-
мазды өз тілімде оқимын» деп аудармалық мағынасын
оқыса, дәл бұлай қайталай да, ләззатқа бөлене де алмай,
көп кешікпей жалығып кетер еді. Ендеше, Құранның
жалықтырмауы оның Хақ тағаланың кітап екендігінің
146
Мәңгі мұғжиза
айғағы. Алайда хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) хадистері
мұндай ерекшелікке ие емес.
Құран өзінің мұғжизалық сөз екендігін мағынасын
түсінбеген адамдарды жалықтырмау арқылы таныта-
ды. Араб тілін білмейтін адамдар арабтың ең атақты
шайырының ең мықты өлеңін бірнеше мәрте қайталаса
яки тыңдаса мағынасы беймәлім сөздерден жалығып
кетер еді. Алайда осы кісілерге Құранның қысқа бір
сүресі мысалы «Құл һу Аллаһу ахадты» оқытып яки
тыңдатсаңыз қайталау мен қайталатудан жалықпас еді.
ҚҰРАННЫҢ АҚЫЛ МЕН РУхҚА
ӘСЕРЛІЛІГІ
Құранда адам баласының ақылы мен рухына, тіп-
ті барлық сезімдеріне қажет нәрселер түгел қамтылған.
Құранда жеке тұлға, қоғамдық, рухани һәм ақыреттік
ғұмырға тиісті қажеттіліктіктің тұтасы болғандықтан
ол дертке шипа, жанға дауа кітап
145
. Құран негіздері
пенденің «толық адам» шыңына қарай қанат бітіріп,
һәм нәпсінің тізгінін тартып, рухтың асқақ сезімдерін
қанағаттандыруда ерекше дара. Құран адам жараты-
лысына сәйкес болғандықтан олар түсінетін дәрежеде
сөз қозғап, ой-санасына қажетті барлық зәру ілімдерді
үйретеді. Құран – жер бетіндегі пенденің санасындағы
өз өлшемдерінің кемістігін аңғартып, илаһи өлшем
арқылы ой-сананың негізгі мәселесіне айналған ғаламзат
пен адамзаттың жаратылыс мақсаты мен нәтижесі һәм
саналы адамның қай жақтан келіп, қай бағытқа қарай
асыққанын анықтап, жөн сілтейтін ақырғы илаһи кі-
тап. Құран адам баласының жұдырықтай жүрегі мен
рухына тән күллі қажеттілік пен мынау дүрбелең,
145
Меһмет Килежи, Куран мужизесі, 365 бет.
147
Құран кімнің сөзі?
күйгелек дүниеде бойын жылытып, денесіне қан
жүгіретін, һәм көңілін тарқамас нұрға малып, болмы-
сын қанағаттандыратын барлық ілім мен негіздерді
қамтыған.
Құран адамның ақылын қайрап, рухын ұштауда
көптеген әдістер пайдаланған. Олардың бірі мынау:
Аллаһ Тағаланың жалпы әлемдегі жаратылыстарының
бәрі де таңданарлық аса ғажайып нәрселер. Бірақ,
өкінішке орай, адам баласы осынау ғаламат өнер
мен ұршықтай иірілген әлемдегі жүйелі мұғжизалық
құдіретті көре, сезе алмайды. Күннің жер бетіне сәуле
шашып, жылу беруі, айдың жарық беріп, шырақтық
қызметін атқаруы, жердің өз өсінен айнымай,
құшағындағы тұрғындарын түсіріп алмай, әлдилеген
әжедей белгілі бір жылдамдықпен самғай ұшып келе
жатса да, жер бетіндегі өсімдік атаулының өсіп-өнуі
және барлық жан-жануарлардың адамға қол қусырып
қызмет етуі, т.б. нәрсенің бәрі дәрменсіз пендеге
үйреншікті жай нәрсе болып көрінеді. Егер бір адамды
туа сала қараңғы бір жерде дүниеден мүлдем хабарсыз
етіп, өсіріп, жасы ұлғайғанда ғана жарыққа шығарса,
оған әлемдегі қозғалыстың бәрі ғажайып болып көрінер
еді. Бірақ адам баласы жасынан көріп, біліп өскен
соң барлық нәрсеге көзі үйреніп кетпек. Һәм иман-
сыз адамдар олардың бәрін себептерге қатысты етіп,
солай болу керек деп топшылап, дүниедегі ғажайып
ғаламаттан мақұрым бейғам күй кешеді. Міне, Хақ
Тағала адамның санасы мен көзіне түрілген бейғам
пердесін Құранның алмас семсер сөздері арқылы қақ
айырып, әлемдегі илаһи құдіретке тиісті мұғжизаларды
саналы жандардың көз алдына жайып салып, назар сал-
дырып, ой-санасына сарқылмас қазынаның қақпасын
148
Мәңгі мұғжиза
ашады. Құранда осыған қатысты жүздем астам аят бар.
Құран саналыға Ұлы Жаратушының ғажайып өнерлері,
яғни, элементар бөлшектен алып жұлдызға дейін назар
аудартып, ойланып, толғануға әмір етеді. Осылайша
олардың бейғам түңліктерін түріп, санасын түртіп оя-
тып, жүректерге даңғыл жол ашады.
Мысалы, «Бақара» сүресінің 164-аятына назар
салайық: «Расында, көктер мен жердің жаратылуын-
да, түн мен күннің алмасуында, адам баласына пайдалы
нәрселермен теңізде жүзген кемелерде һәм Аллаһтың
көктен түсіріп, онымен өлі жерді жандандырған жа-
уында әрі жер бетіне тіршілік жаратып, әр түрлі
жан-жануарларды жайып таратуында һәм желдердің
бағыттарын өзгертіп тұруында және көк пен жердің
арасындағы бағынышты бұлттарда, әлбетте, ой
тастап, санасын саралап, қараған жандар үшін сөзсіз
Аллаһтың барлығы мен бірлігіне қатысты қаншама
дәлелдер бар».
Бірде меккелік пұтқа табынушылар хазіреті
Мұхаммедтен (с.а.с.) хазіреті Мұса мен Исаға берілген
мұғжизаларды сұрап, артынан егер сен де пайғамбар
болсаң, мына Сафа төбесін алтынға айналдырып,
мұғжиза көрсет деп талап еткен. Сонда Хақ тағаладан
Елшісіне «Қаласаң сол төбені алтынға айналды-
райын. Бірақ сонда да иман келтірмесе, бұрын-соңды
болмаған азап жіберемін» деген хабар келгенде Рақым
Пайғамбары «Онда мені халқыммен жеке қалдыр, олар-
ды әстелеп дінге шақырайын» деп жауап қайырған.
Осы сәтте Ұлы Жаратушыдан осы аят түседі. Бұл
аяттағы көктер мен жердің жаратылуы мен басқа да жа-
ратылыс ғажайыптары Сафа төбесінің алтынға айналу
мұғжизасынан әлдеқайда ғажайып, қызығарлық екен-
149
Құран кімнің сөзі?
дігі баян етілген. Құранның әлем жаратылысы арқылы
адамның санасының саңлауына сәуле ұялатып, тамаша
тәлім-тәрбие бергеніне осы аяттың өзі-ақ жеткілікті.
«Сендер Оның бірлігі мен құдіретінен, рақымдылы-
ғынан һәм мұншалықты адамдарға жеткілікті айғақта-
рынан күмәнданып, Оның заты мен сипаттары хақында
дәлел мен мұғжиза сұрап тұрмысыңдар? Мына
төбелеріңе көз салсаңдар, жан-жақтың бәрін құшағына
алып ұшы-қиырсыз кеңістік аясында шексіз алып пла-
неталар мен олардың араларындағы алшақ арақашық-
тық және осы арақашықты толтырған қысымдар мен
жарық тәрізді көрінген, яки көрінбеген қаншама аспан
денелері бар. Әрі сол аспан денелерінің қозғалу арқылы
білінген жүйелері мен қойылған заңдылықтарына көз
салыңдар! Һәм мына көктердегі аспан денелерінің бірі
болып, теңіздері мен көлдері, қара жерлері мен таула-
ры және қойнаулары мен шөлдері, қазына кендері мен
құлпырған жасыл желектері мен жайылған жан-жану-
арларын арқалап күллі көктермен тірексіз байланысып
аяқтарыңның астында дөңгеленген дүние жерге назар
салыңдар! Міне, ұшы қиыры жоқ кеңістік аясындағы
мына көктер мен жерді жарату мен жасауда һәм жара-
тылыс жүйесі мен түн мен күндіздің өзгеріп орын алма-
суында, бірде ұзарып енді бірде қысқарып, бір-бірімен
кезектесуінде һәм адамдарға пайдалы жүктерімен сонау
көгілдір теңіздей көрінген жырақтағы планеталардың
жүзгендеріне ұқсаған кемелердің жүзуінде, сол ке-
мелерді жал-жал толқын қолдарымен жылжытып
адамның қызметін жеңілдеткен теңіздердің жараты-
лыс сырында һәм мұның қозғалыс заңдылықтарында
және Аллаһтың жоғарыдан түсірген суы мен құрғақ
топыраққа өлгеннен кейін сол су арқылы қайтадан
150
Мәңгі мұғжиза
жан бітіруінде және осы өсімдік тіршілігінің жараты-
луында һәм мына жер бетіндегі саналы жандар мен әр
түрлі жан-жануарларды түр-түрге бөліп, таратуы мен
олардың да жаратылуында және әр түрлі желдерді бір
жақтан бір жаққа, бір түрден басқа түрге айналды-
руында, көк пен жер арасында әмірге мойынсұнған
бұлттарда күмәнсіз көптеген дәлелдер мен заттық және
рухани, дін мен дүниеге қатысты ырыс пен нығметтер
және басқа да сендердің қалағандарыңнан артық алып
та ғажап мұғжизалар бар! Адамға берілген ақыл да осы
мұғжизалардың бірі, тіпті бәрінен де ең үстемі»
146
.
Міне, осылай Құран адамға ғалам жаратылысынан
сөз қозғай отырып, оның суық ақылын нұрлы ақылға
айналдырмақ. Жан жарасына шипа дарытып, рухын
«толық адам» шыңына қарай жетелемек. Бірақ бұл
мақсатқа адам баласы осы аят, яки осыған ұқсас аяттар-
ды оқып, әлемге құр бекер көз тастап отырып емес, жа-
ратылыс ғылымын жақсы меңгеру, терең бақылау мен
ізденіс арқылы қол жеткізбек.
Достарыңызбен бөлісу: |