Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29

ҚҰРАНДА ҚАТЕЛІК ПЕН ҚАРАМА-

ҚАЙшЫЛЫҚ ЖОҚ

Құранда  ешқандай  кемшілік,  қателік,  бір-біріне 

қарама  қайшылық  жоқ.  Алайда  қай  заманда  болма-

сын, адам баласы қателік пен нұқсандықтан сау емес. 

Кемеңгер де болса, кейінгіге өшпес мұра етіп қалдырған 

туындыларынан  келер  ұрпақтар  оның  қателігін  яки 

кемістіктерін толықтырып жатпақ. Ешбір адам баласы өз 

ақыл-ойымен ақиқаттың шыңына шығып, соңғы нүкте 

қоя  алмаған.  Тек,  Құран  ғана  әу  бастан-ақ  ақиқатпен 

басталып, ақырғы аят ақиқатпен аяқталған. Оны түскен 

ғасыры  да,  қазірге  дейінгі  ғасырлар  да,  осы  шақта  да 

ешбірі сынап, қарама-қайшы пікір таба алмаған. 

Құран  тақырыптары  өзге  кітаптардағыдай  жеке-

жеке емес, бір-бірімен қиюласып кеткен. Мысалы, бір 

сүре яки ұзын бір аяттың ішінде қаншама тақырыптар 

баяндалған. Осылай баяндалу түрі адам баласы жазса, 

қарама-қайшылыққа әкеп соғар еді. Ал Құрандағы бір 

сүредегі  әр  түрлі  тақырыптар  өзара  тығыз  ұштасып, 

астасып  келіп  бір  тұтастықты  құраған.  Құран  илаһи 

мағлұматтар мазмұнын, тәухид пен мағрипатуллаһтың 

ақли дәлелдерін, көптеген қоғамдық қарым-қатынастың 

үкімдерін,  тарихи  ақиқаттар  мен  әңгімелерді,  көркем 

мінездің бастапқы негіздерін қамтыған көптеген ғылыми 

ұстанымдарын, һәм ақыретке қатысты мәселелерді т.б. 

ақиқаттарды бір сүреде біріктіріп, біртұтас еткен. Бірақ 

осыншалық әртүрлі тақырыптарды жинаған Құраннан 

ешқандай қарама-қайшылық, сәйкессіздік көре алмай-

сыз. 


126

Мәңгі мұғжиза

Әрі  көптеген  сүрелердегі  тақырыптар  бір  мез-

гілде бір тұтас болып түспеген. Әр уақыттарда мыса-

лы  бір  аят,  Меккеде,  келесі  бір  аят  қаншама  жылдан 

кейін Мәдинада түскен. Әрі әр түрлі сұрақтар мен әр 

түрлі  адамдарға  қатысты  түскен.  Осы  жағдай  сүрені 

қарама-қайшылыққа  соқтырудың  орнына  ажырамас 

біртұтастыққа  жеткізген.  Демек,  әр  түрлі  тақырыптар 

мен әр түрлі сұраққа жауаптардың әр түрлі уақыттарда 

түсіп,  бір-бірімен  тығыз  байланысып,  біртұтас  болуы 

Құранның адам сөзі еместігіне тағы да дәлел. «Бақара» 

секілді сүренің кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытындысы 

бар.  Осы  сүренің  де  аяттары  әр  түрлі  уақыттарда,  әр 

түрлі  сұрақтарға  жауап,  әр  түрлі  тақырыптар  болып 

түскен. Тіпті, кейде кейінгі аяттар ерте, алдыңғы аяттар 

кеш түскен. Мысалы, Меккедегі бір оқиғаға байланысты 

бір аят түседі де, оның жалғасы бірнеше жылдан кейін 

Мәдинада бір себепке қатысты түскен аят болып, екеуі 

қатар түскендей бірігіп кетеді. Әрі осы секілді әр түрлі 

уақытта түскен бірнеше тақырыптар кейіннен сүре біт-

кенде  біртұтас  болып  шығады.  Егер  адам  баласының 

сөзі болса, бір аяттың ажырамас жалғасы яки бастауы 

бірнеше жылдан кейінгі бір мәселеге қатысты аят бола-

тынын қайдан білмек? Ендеше, Құран күллі заман тіз-

гінін ұстаған Ұлы Жаратушының сөзі. Әрі әлемнің Жа-

ратушысынан өзге ешкім ғалам мен Құдай тағаланың 

арасындағы  мұншалықты  байланысты  баян  ете  ал-

мас.  Сондықтан  Құранда  ғаламның  Жаратушысының 

ақиқатты қателіктен ада етіп, баяндауы Құран Оның өз 

сөзі екендігін көрсетеді. Құранда Хақ тағала: «Расында, 



Құран Аллаһтан өзгенің сөзі болғанда, одан көптеген 

қайшылықтар табар еді»

126


 дейді. 

126


 «Ниса», 4\82.

127

Құран кімнің сөзі?

ҚҰРАННЫҢ ҒАЙЫП хАБАРЛАРЫН 

ҚАМТУЫ

Ислам  ғалымдары  Құранның  ғайып  хабарларын 

қамтуын оның Аллаһ сөзі екендігіне бір мұғжиза ретінде 

қабылдаған. Жалпы ғалымдар осы ғайып хабарын өткен 

шақ және болашақ етіп екіге бөліп, ғылыми зерттеулер 

жасаған.  Десек  те  кейбір  ғалымдар  осы  тақырыпты 

үшке бөліп талдаған

127


. Біз де осы көзқарасты қисынды 

санағандықтан үшке бөліп қарастырамыз. 

1. Өткенге қатысты ғайып хабарлары.

2. Болашаққа тиісті ғайып хабарлары.

3. Илаһи  ақиқаттар,  әлем,  болмыс  пен  ақырет 

әлеміне байланысты ғайып хабарлары.



өТКЕНГЕ ҚАТЫСТЫ ҒАЙЫП хАБАРЛАРЫ

Құран  умми  һәм  сенімді  хазіреті  Мұхаммедтің 

(с.а.с.) тілімен хазіреті Адамнан бастап, өзінің түскен 

ғасырына дейінгі көптеген пайғамбарлар мен үмбеттеріне 

қатысты оқиғаларды ашық баян еткен. Әрі Құран өзінен 

бұрынғы Тәурат, Інжіл секілді кітаптардағы бұзылмаған 

ақиқаттарды  айқындап,  адамдардың  қолдарымен 

бұрмаланып,  бір-біріне  қарама-қайшылыққа  түскен 

жерлерін  дұрыстап,  ұмытылған  оқиғаларды  қайта 

жарыққа шығарған. Ендеше, Құран өткен кітаптардың 

ақиқаттарын  растаушы  һәм  бұрмаланғандарын 

түзетуші.  Алайда  осы  ақиқаттарды  ашу  ақли  жолмен 

білінетін нәрсе емес. Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) өткенді 

зерттейтіндей хат таныған адам емес. Оның өткен кі-

таптардан алмағандығын жоғарыда баяндап өткенбіз. 

127


 Қараңыз; Зәркәни М. Абдулазим, Мәнәһилил-Ирфан, 2 том, 

394.


128

Мәңгі мұғжиза

Құран өткен шақтағы оқиғаларды көріп тұрғандай 

айқын  баян  етуде.  Өйткені,  ол  ұзақ  бір  оқиғаның  ең 

маңызды  тұсы  мен  мәйегін  алып,  мақсатына  кіріспе 

еткен.  Ендеше,  Құранның  бір  оқиғаны  осыншалықты 

әрі қысқа, әрі нұсқа баян етуінен оның өткеннің бәрін 

көретіндігін аңғарамыз. Мысалы, «Жүсіп» сүресін оқып 

отырсаңыз, оның бастан кешкендерін бейне бір экран-

нан  байқап  тұрғандай  сезінесіз.  Тіпті,  дауыстарының 

өзі  құлаққа  келіп  жатқандай  болады.  Бірақ  бұл 

әлбетте Құранның өзіне тән стилі мен араб тілін терең 

меңгергенде ғана білінбек. Онымен қоса Құранға шын 

ықыласпен  жақындап,  рухына  бойлағанда  ғана  сезіл-

мек.  Алайда  қазіргі  бұрмаланған  Тәурат  пен  Інжіл 

тәрізді өткен кітаптарда дәл бұлай баяндау стилі жоқ. 

Ешбір  адам  көрмеген  нәрсесін  бейне  бір  көргендей 

бүге-шүгесіне дейін айқын баян ете алмайды. Әсіресе, 

ақылдан тыс ғайыпқа қатысты оқиғаларды мүлдем баян 

ете алмақ емес. Ол тұрмақ, асқан зерттеуші де үйінде 

отырып,  ойша  Африканың  қалың  орманында  ғұмыр 

кешкен  тайпаның  түр-түстерін,  салт-дәстүрлерін, 

мінез-құлқын  айқындап,  ғылыми  жұмыс  жасай  ал-

майды. Алайда сіз Құранға жетік болсаңыз, Адам ата-

дан  бері  қарай  ғұмыр  кешкен  қоғамдардың  барлық 

өміріне  қанық  болар  едіңіз.  Тіпті,  ол  қоғамдардың 

бір-бірін  психологиялық  айырмашылықтарына  дейін 

айқындағанына  таңданысыңызды жасыра алмас едіңіз. 

Осыдан  барып,  сіз  Құранның  хазіреті  Мұхаммедтің 

(с.а.с.)  өз  сөзі  еместігіне  тағы  да  сене  түсер  едіңіз. 

Өйткені, сонау өткенді құдды бейнетаспаға жазғандай 

етіп баяндау, олардың өмірлеріне бүге-шүгесіне дейін 

қанық Біреудің ғана қолынан келмек. Ол Біреу – күллі 

заман  мен  сол  заман-керуеннің  жолаушыларының 


129

Құран кімнің сөзі?

Иесі  болмақ  ләзім.  Ендеше,  Құран  –  өткенді  көріп, 

баян  еткен  заман  мен  мекеннің  Жаратушысы  Аллаһ 

Тағаланың сөзі. Құранда «(Мұхаммед) міне бұл саған 



Біз  уахи  етіп  отырған  ғайып  хабарлары.  Олардың 

қайсысы Мәриямға ие боламыз деп жеребе тастаған 

кезде,  сен  қастарында  жоқ  едің.  Сондай-ақ  олар 

таласқан сәтте де алдарында емес едің»

128


 дейді. Осы 

аятта «қастарында жоқ едің, алдарыңда емес едің» деп 

екі  оқиғадан  да  хабарсыздығын  баян  етуі  –  хазіреті 

Пайғамбардың ғайыпты біле алмайтындығын, әсіресе, 

ғайыпты  ақылмен  біле  алмайтындығын  меңзеуі.  Ен-

деше, осы оқиғаны қашанда қасында, алдында болған 

заманның тізгінін ұстаған Ұлы Жаратушы баян еткен 

деген сөз. Басқа сүредегі Нұх пайғамбар жайлы хабарда 



«Міне, бұлар Біздің саған уахи арқылы білдірген ғайып 

хабарлары. Бұдан бұрын оны сен де, елің де білмейтін 

еді»

129


 дейді. «Қасас» сүресінде хазіреті Мұса хақында 

баян еткен соң «Біз Мұсаға әмір бергенде, сен батыс 



тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп тұрғандардан да 

емес едің. Алайда қаншама нәсілдер жараттық. Олар-

дан кейін қаншама өмір өтті. Сен Мәдян елімен бірге 

болып, аяттарымызды оқыған да емессің. Бірақ ол ха-

барларды жолдаушы Бізбіз. Біз Мұсаға дауыстаған кез-

де, Тұр жақта емес едің. Бірақ сенен бұрын ескертуші 

пайғамбар келмеген бір елді ескертуің үшін Раббыңның 

бір  шарапаты  ретінде  сол  жерде  болған  жайтты 

саған білдірдік. Мүмкін ойланып, ғибрат алар»

130


 дей-

ді.  Аталмыш  аяттарға  көз  салсақ,  Хақ  тағаланың 

ғайыптан  білдірген  хабарларын  сол  заманның  ешбірі 

128


 «Әли Имран», 3\44.

129


 «Һуд», 11\49.

130


 «Қасас», 28\44-46.

130

Мәңгі мұғжиза

білмегендігін  аңғарамыз.  Егер  бұл  хабарлар  бұрынғы 

кітаптардан  алынғанда,  сөзсіз  христиан  мен  еврейлер 

дауласып,  сынар  еді.  Алайда  олар  осы  аяттарды  есті-

генмен сырттай жөнсіз сын таққанмен, Аллаһ Елшісі-

мен жүзбе-жүз кездесіп, Құрандағы ғайып хабарларын 

жоққа  шығара  алмаған

131


.  Дауласа  қоярдай,  көптеген 

ғайып хабарлары олардың кітаптарында жоқ еді. Тіп-

ті,  олардың  кейбірі  Құрандағы  хабарлардың  бұрынғы 

кітаптармен сәйкеспегендігін айтып, жоққа шығармақ 

болғанда Құран олардан өз сөздерін дәлелдеулерін та-

лап  етіп:  «Егер  сөздерің  жөн  болса,  онда  Тәуратты 



әкеліп  оқыңдар»

132


  деген.  Ақыры  олар  үнсіз  қалған. 

Әһли кітаптан иманға келгендер болса, имандары одан 

сайын арта түскен. 

Құран  ежелгі  заман  адамдарының  хал-ахуалынан 

баян етіп қана қоймай, Ұлы Жаратушыға иман етпей, 

қарсы шыққандардың ақыры немен біткенін көріп, ғибрат 

алмақ мақсатымен олардың тарихи жерлерін зерттеуге 

шақырып:  «Жер  бетін  аралап,  күнәһарлардың  ақыры 



қалай  болғанын  көріңдер»

133


  дейді.  Әлемнің  түкпір-

түкпірінде бұрынғы халықтардың ғаламат сарайлар са-

лып, дүниеге батып, жіберілген пайғамбарларды теріс-

ке шығарып, ақырында өздері Қаһһар

134

 Жаратушының 



қаһарына ұшырап, жермен-жексен болған мекендер аз 

емес. Демек, тарихтың тереңінде қалған елдерді зертте-

уге ат салысқан тарихшылар да Құранды негізгі қайнар 

көз  етіп  алуға  мәжбүр.  Мысалы,  қазіргі  зерттеушілер 

131

 Суюти, И′жазул-Қуран, 1 том.  241 бет.



132

 «Әли Имран», 3\93.

133

 «Нәміл», 27\69.



134

 Қаһһар: Аллаһтың бір есімі. Аллаһ осы есімімен Өзіне қарсы 

келгендерді жермен-жексен етеді.


131

Құран кімнің сөзі?

Нұх пайғамбардың кемесінің қайда тоқтағаны хақында 

әр түрлі көзқараста болғанмен, әлі нақты пікірге келе 

алған жоқ. Негізінде, Құранға көз салсақ, оның кемесі 

бір емес, бірнеше кеме болғаны байқалады. Және басқа 

да  тарихи  деректер  келешекте  толығырақ  ашылғанда 

Құранда айтылғандармен сәйкестігін аңғарып, оның пен-

де сөзі бола алмайтындығын тағы бір рет ұғынып, Ұлы 

Жаратушыға илана тағзым етер. Иә, аятта айтылғандай 

жер бетін аралап, өткен заманның мұрағаттарын ашып, 

ондағы қоғамдардың қаншалық өркениеттілікті бастан 

кешіргендеріне  талдау  жасау  ләзім.  Бірақ  мұның  бәрі 

өмір  сүріп  жатқан  қоғамға  ой  тастау  мақсатындағы 

ғибрат болуы керек. Тек қана, мәдениеттілік тұрғыдан 

қарамаған  абзал.  Болмаса,  олардың  таңғалдырған 

мәдениетімен  бірге  күйреп,  қалың  қасіреті  де  сол 

қоғамға келуі әбден мүмкін. 

БОЛАшАҚҚА ҚАТЫСТЫ ҒАЙЫП 

хАБАРЛАРЫ

Құрандағы келешекте болатын жайттарды баян ет-

кен аяттар – Құранның Ұлы Жаратушының сөзі екен-

дігіне айқын дәлел. Өйткені, келешекті заман мен ме-

кеннен тыс Хақ Тағала ғана білмек. Құрандағы ғайып ха-

барлары тұтас ақиқаттар. Оның болашаққа байланысты 

айтқан хабарлары мерзімі жеткенде тура келіп отырған. 

Бұдан кейін де туған айдай ілгері заман көгінен көрініп, 

қияметке дейін Құранды растай бермек. Біз оның мы-

салы  ретінде  бірнешеуіне  ғана  тоқталайық.  Алдымен 

«Рұм» сүресінің 2-6 шы аяттарымен басталық: 

«РҰМ» СүРЕСІНІҢ хАБАРЛАРЫ

«Римдіктер  ең  жақын  бір  жерде  жеңіліске 

ұшырады.  Бірақ  олар  осы  жеңілістен  кейін  бірнеше 


132

Мәңгі мұғжиза

(үш  пен  тоғыз  арасы)  жылдан  кейін  сөзсіз  жеңіске 

жетеді. Бұрын да кейін де жарлық Аллаһ Тағаланыкі. 

Сол күні мұсылмандар Аллаһтың жәрдемімен қуаныш 

пен  шаттыққа  кенеледі.  Аллаһ  қалағанына  жәрдем 

етеді.  Ол  аса  құдіретті  де  рақымды.  Бұл  Аллаһтың 

берген уәдесі. Аллаһ берген уәдесін бұзбақ емес. Бірақ 

адамдардың  басым  көпшілігі  бұл  шындықты  білмей-

ді»

Бұл оқиға 613 жылы болған. Рим мен Сасанидтер им-

периясы бір-бірімен соғысып, Рим империясы жеңіліп, 

әбден  қансыраған.  Сасанидтер  империясы  жеңумен 

тынбай, Римнің қол астындағы Палестина, Сирия, Еги-

пет,  Ирак  пен  Анатолияны  басып  алды.  Ирандықтар 

басып  алған  жерлерін  қанды  қырғынға  айналдырған. 

Әсіресе,  Қудусты  басып  алғанда,  барлық  шіркеулер 

мен діни ғимараттарды жермен-жексен етті. Сасанид-

терге қосылған жиырма алты мың еврей алпыс мыңнан 

астам христианды қанға бояған. Сасанидтердің патша 

сарайы  отыз  мыңнан  астам  адамның  кесілген  басына 

толған. Сасанидтер басып алған жерлерінің бәріне отқа 

табынатын пұтханалар жасап, христиандардың жеріне 

зороастризм дінін жайды. Шығыс Рим империясының 

осы  жеңілгенін  пайдаланып,  қол  астындағы  көптеген 

аймақтар бас көтеріп, Африкадағы өлкелер мен Еуропа 

жағындағы аймақтар тіпті Ыстанбұлға жақын қалалар 

да  Римнің  қармағынан  шықпақ  болып,  ақырында 

мұраттарына  жеткен.  Қысқасы,  Рим  империясы  оң 

иығымен  жерге  құлаған  еді

135


.  Рим  императоры  са-

райын тастап қашпақ та болған. Иран империясы болса, 

әбден дандайсып, онымен былайша келісім шарт жаса-

135


 М.  Хамди  Языр  Елмалили,  Кураны  Керим  тефсири,  «Рұм» 

сүресі тәпсірі.



133

Құран кімнің сөзі?

уды ұсынды: «Рим императоры Сасанидтердің барлық 

талаптарын  орындайды.  Мың  жүк  алтын,  мың  жүк 

күміс, мың жүк жібек, мың жылқы, мың әйел береді». 

Басқа шарасы қалмаған Рим императоры өзін қорлаған 

осы  шарттарды  қабылдауға  мәжбүр  болып,  келісім 

шартқа қол қойып, өкілдерін  жібереді. Өкілдер Иран 

патшасының алдына барғанда ол: «Бұл жеткілікті емес. 

Императордың  өзі  алдыма  аяқ-қолдарын  шынжырлап 

келіп, крестке асылған құдайын тастап, от пен күнге та-

бынуы керек», – деп одан сайын паңданады. Міне, алып 

Рим  империясы  Сасанидтерден  жеңіліп  қана  қоймай, 

әбден қорланған еді. Олардың мына жеңілісінен кейін, 

бірнеше жылда өзіне-өзі келіп, жеңетіні былай тұрсын, 

үміттенудің өзі қисынсыз жайт еді. Рим көп ұзамай-ақ 

есін жинап, ескі қуатын қайта жиюы мүмкін дейтіндей, 

Рим  императорында  ешбір  қауқар  қалмаған  болатын. 

Римдіктердің  осы  жеңілген  хабарын  естіген  меккелік 

пұтқа  табынушылар  қатты  қуанып,  мұсылмандарға: 

«Сендер  мен  христиандар  әһли  кітапсыңдар.  Біз 

бен  ирандықтар  бірміз.  Біздің  бауырлар  сендердің 

бауырларыңды жермен-жексен етті» деген еді.

Римнің осындай бір қилы заманында Аллаһ Тағала 

Елшісіне  ғайыптан  аталмыш  аятты  түсірген.  Құран 

айтқандай, осы жылдар ішінде Римдіктер қайта есін жи-

нап, Сасанидтерді  ойсырата жеңіп, алынған жерлерін 

қайта алды. Құрандағы «бірнеше жыл» сөзі «бид’» деп 

берілген.  Оның  мағынасы  Пайғамбарымыз  айтқандай 

«үш  жыл  мен  тоғыз  жыл  арасы».  Хазіреті  Пайғамбар 

ишарат еткендей тоғыз жылдан кейін Римдіктер жеңіске 

жетеді. 

Негізінде осы аяттарда бір емес бірнеше ғайып ха-

бары бар. Біріншіден Рим империясының Сасанидтер-


134

Мәңгі мұғжиза

ді жеңуі. Һәм пәлен жылы демей, бірнеше жыл деуі – 

жеңістің бірнеше жылға созылуы. Екінші мұғжизалық 

хабар  ол  аятта  айтылғандай  «Сол  күні  мұсылмандар 



Аллаһтың  жәрдемімен  қуаныш  пен  шаттыққа  ке-

неледі»  мәселесі.  Римдіктер  алғаш  рет  жеңген  күні 

мұсылмандар да Бәдір соғысында меккелік пұтқа табы-

нушыларды жеңген. Осы екі жеңіс бір күнде болатыны-

нан Аллаһ алдын ала хабар берген. Үшінші ғайып хаба-

рына келсек аятта  «Бұрын да кейін де жарлық Аллаһ 

Тағаланыкі»  делінген.  Яғни,  римдіктердің  жеңілуі 

мен  жеңуі  Аллаһ  Тағаланың  еркінде.  Ол  қалағанына 

жәрдем  етер.  Қалағанын  жермен-жексен  етер.  Һәм 

Оның жәрдемі себептерге қатысты емес. Себеп-салдар-

лар Оның еркіне қарай әрекет етер. Кеше Сасанидтерге 

жеңіс  берсе,  ертең  римдіктерге  жеңіс  бермек.  Демек, 

осы  аятта  мұсылмандардың  күн  ертең  Рим  империя-

сын  жеңетініне  құпия  ишарат  етілген.  Һәм  Әбу  Сайд 

әл-Худри мен өзге ғалым-рауилердің жеткізген «шаз» 

қырағатындағы  «Римдіктер  ең  жақын  бір  жерде 



жеңіліске ұшырады. Бірақ олар осы жеңілістен кейін 

бірнеше  (үш  пен  тоғыз  арасы)  жылдан  кейін  сөзсіз 

жеңіске  жетеді»  аяты  қырағаты  ауысып,  былайша 

оқылады:


نوَبَلْغُيَس مهبلغ دعب نم مهو ضرلاا يندا يف موُرلا  ِتَبَلَغ 

 

«Римдіктер  ең  жақын  бір  жерде  жеңіске  жет-

ті.  Бірақ  олар  осы  жеңісінен  кейін  жеңіледі».  Осы 

аятта  римдіктер  Сасанидтерді  жеңген  соң,  бірнеше 

жылдан  кейін  мұсылмандардан  жеңілетініне  ишарат 

етілген.  Келесі  аяттарда  да  жарлық  Аллаһ  Тағаланың 

еркінде  болғандығын  айта  келіп,  мұсылмандардың 

Аллаһтың  жәрдемімен  қуанышқа  жететіндігі  жайлы 



135

Құран кімнің сөзі?

айтылады. Яғни, екі түрлі оқылған аяттың мағынасын 

қорытындыласақ,  Бәдірде  алғаш  рет  жеңіске  жетіп, 

алып мемлекет болуға бет алған мұсылмандар, кейін-

нен  Ислам  байрағын  көкке  желбіретіп,  Аллаһтың 

қалауымен  өзінен  әлденеше  есе  үлкен  алып  империя 

Римді  жеңетінінен  хабар  берген.  Ишарат  етілгендей, 

кейіннен Рим әскерлері Халифа Әбу Бәкір заманында 

Йәрмук  соғысынан  бастап,  Ыстанбұлға  дейін  жеңіс 

жалғасып,  мұғжиза  толықтай  жүзеге  асқан

136

.  Аяттың 



жалғасында «Бұл Аллаһтың берген уәдесі. Аллаһ бер-

ген  уәдесін  бұзбақ  емес»  деп  айтылады.  Сондықтан, 

Оның уәдесі сөзсіз орындалды. Оның уәдесі екеу еді. 

Бірі  –  Римнің  пұтқа  табынушыларды  жеңуі,  екіншісі 

мұсылмандардың  Бәдірде  алғаш  рет  меккелік  пұтқа 

табынушыларды  жеңуі.  Осы  екі  уәде  көп  ұзамай  бір-

неше  жылда  іске  асқан.  Қарап  отырсаңыз,  бұл  жерде 

ойланарлық  нәрсе  бар.  Біріншіден  екі  әһли  кітаптың 

яғни,  Ұлы  Жаратушыдан  кітап  алғандар,  жалпы 

пұтқа  табынушыларға  һәм  шірк  атаулыға  қарсы  бір 

күнде  соғысуы.  Ендеше,  бұл  жерде  Ұлы  Жаратушы 

христиандарға  жеңіс  беріп,  мұсылмандармен  бір-

дей  қуанышқа  бөлеу  арқылы,  оларды  өз  ішіндегі  көп 

құдайшылықты  доғарып,  мұсылмандармен  бірігу-

ге  шақырғандай.  Екіншіден,  әбден  құлдыраған  Рим 

империясын  қайта  өркендету  арқылы  римдіктер  мен 

Рим  императорын  кейіннен  Елшінің  өкілі  арқылы 

Исламға шақырып, оның сол бір пұтқа табынушыларға 

деген  күресін  әрі  қарай  жалғастыруға  үндегендей. 

Яғни,  сол  жеңіс  арқылы  оларға  екі  дүниеде  бақытты 

болудың жолын нұсқағандай. Алайда император Аллаһ 

Елшісінің  жіберген  өкілінен  шақыру  хат  алып,  жылы 

136


 Елмалылы, «Рұм» сүресінің тәпсірі.

136

Мәңгі мұғжиза

қабылдағанмен  тағынан  айырылып  қалмау  үшін,  Ис-

ламды  қабылдамаған.  Демек,  ол  және  серіктері  Ұлы 

Жаратушының  берген  жеңісінің  хикметін  бағалай 

алмаған.  Алайда  мекен  мен  заманның  Жаратушысы 

Аллаһ Тағала осыны алдын ала білгендіктен, олардың 

осы мүмкіндіктен айырылған соң, қайта құрдымға ке-

тетінінен  хабар  берген.  Иә,  өмірде  небір  дәулеті  мен 

мансабы  тасыған  жандар  бар.  Кейде  олар  бір  күнде 

құлдырап, бәрінен айырылып, далада қалады да, артын-

ша кенеттен қайта тұғырына қонады. Бірақ олар беріл-

ген  дәулет  пен  мансабтың  неге  берілгенін  ойланбай, 

Құдай  тағаланың  берген  аманатын  орынсыз  шашып, 

төгеді  де,  қайта  тұра  алмастай  шыңырауға  құлайды. 

Осы аят  ойлы жандар үшін басқа ғибраттарға да толы. 

«Бірақ  адамдардың  басым  көпшілігі  бұл  шындықты 

білмейді» аятының астары да осыны құптағандай. 

Осы аяттарда айта кетер тағы бір мұғжиза бар. Осы 

мұғжизаның жеке өзі-ақ Құранның Аллаһ кітабы екен-

дігіне  кепілдік  ете  алады.  «Римдіктер  ең  жақын  бір 



жерде жеңіліске ұшырады». Бұл екінші аят пен үшінші 

аяттың бас жағындағы сөздердің қосылып, бір сөйлем 

етіліп  берілген  түрі.  Егер  2-3  аятты  жеке-жеке  етіп, 

мағына  беретін  болсақ  онда  былай  айтылады:  2-аят: 



«Рим  жеңілді.  3-аят:  «Бірақ  олар  осы  жеңілістен 

кейін  жердің  ең  төменінде  сөзсіз  жеңіске  жетеді»

Осы аяттағы «Ең жақын жерде» сөзіне тәпсіршілер әр 

қалай тәпсірлеп, түсіндірген. Бірі Араб түбегіне жақын 

жерде  десе,  енді  бірі  Рим  астанасының  жанында  де-

ген көзқараста болған. Негізі осы екі мағына да дұрыс. 

Өйткені,  олар  сол  екі  жерде  де  жеңіліске  ұшыраған. 

Бірақ  «Жердің  ең  төменінде»  аятының  мағынасын 

қазіргі заманда ғана біле алған. Тарихшылар жеңілген 



137

Құран кімнің сөзі?

Рим империясы тоғыз жылдан кейін Сасанидтермен Өлі 

көлдің жанында шайқасып, алғаш рет жеңген. Бірінші-

ден,  аят  олардың  қай  жерде  соғысатынын  баян  етсе, 

екінші жер бетінің ең төмен ойпаты Өлі көлдің аймағы 

екендігін  айтқан.  Қазіргі  кезде  географтар  жердің  ең 

ойпат жері – Өлі көл екенін тапқан. Ол теңіз деңгейінен 

395 метр төменде орналасқан. Алайда осы аят бұдан он 

төрт  ғасыр  бұрын  умми  адамнан  оқылған.  Оқу,  жазу 

білмеген  бір  адам  он  төрт  ғасырдан  кейін  табылатын 

жердің төменгі деңгейін қайдан білсін?! Мұндай жердің 

қыр-сырларын оны жаратқан Ұлы Жаратушы ғана біл-

мек. Демек, Құран – Оның сөзі. 

Әбу Хаййан «әл-Бахрул-Мухит» атты тафсир кіта-

бында Әбул Хакам ибн Бәррәжанның мұсылмандар-дың 

Қудусты алатын жылы мен күнін Рұм сүресінің алғашқы 

үш аятына қарап тауып, алдын ала хабарлағанын баян-

дайды. Алайда ол кісі Қудус алынбай тұрып қайтыс бо-

лады да, хабар берген уақытта мұсылмандар Қудусты 

алады


137

. Ендеше, аталмыш аяттар басқа да біз білмей-

тін құпия сырларға толы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет