ҰЛЫ ЖАРАТУшЫНЫҢ ИЕЛІГІ
Негізі барлық әлем жаратылған. Ендеше, жаратыл-
ғанның сөзсіз Жаратушысы да бар болмақ. Яғни, «мен
бармын, ендеше мені жаратқан да бар» қағидасы. Демек,
әлем мен адам кімдікі болса, Құран да соныкі. Өйткені,
Құран адамның өзіне жұмбақ құпия-сырларын паш
етіп, қисын дәлелдермен түсіндіріп беруде. Сондай-
ақ күллі ғимарат-ғаламның да қаншалықты ғажайып
сәулеттілікпен тұрғызылғанын, бүге-шүгесіне дейін
айқындап, баяндауда. Ендеше, Құран ғалам тұрмақ, өзі
жұмбағын таба алмаған, ақыл аясы шектеулі пенденің
сөзі болмақ емес.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) Араб түбегінде туып
өсіп, табиғаты ғажап, толқындары асау теңіздерге
саяхат жасамағаны жалпы жұртқа аян. Міне, Құран
Араб түбегінің шөлейтінен қарағанда, жап-жасыл
сұлу табиғат, көз жауын алып сарқырап аққан өзендер,
жал-жал толқын теңіздер, асқаралы таулар, жемісі уы-
лжып піскен ғажайып бақтар хақында суреттегеніне
куә боламыз. Мысалы, «Нұр» сүресінің қырқыншы ая-
тында: «Немесе олардың (кәпірлердің ой-санасы мен
іс-әрекеттері) терең теңіздегі қараңғылық тәрізді.
Толқын үстіне толқын, оның үстін бұлт қаптаған
қараңғылықтар. Бір-бірін қаптаған қараңғылықтар.
Кісі қолын шығарса, оны да көре алмас. Аллаһтың нұрға
97
Құран кімнің сөзі?
бөлемеген пендесінің нұрдан нәсібі болмақ емес»
120
. Осы
аяттағы теңіздің қараңғылықтары, толқынның бірінен
соң бірінің келуі, олардың үстін бұлт қаптауы, мұндай
қараңғылықта адам қолын да көре алмау жайындағы
нұрдан мақрұм қалған кәпірлерге қатысты мысалы сол
заманның араб әдебиетімен де, теңізшілерімен де байла-
нысы жоқ. Осы аятты қазіргі заманның мұхитта саяхат
еткен теңізшілері ғана терең ұғынып, көзбен көргендей
етіп айтылған сөздің көркемдігіне қайран қалып,
бұның шөлде ғұмыр кешкен, яки сол заман перзенттері
көркемдейтін нәрсе еместігін мойындаған. Хазіреті
Мұхаммедтің (с.а.с.) теңізге саяхат жасамағаны белгілі.
Ендеше, теңіз зерттеушілерінің ғана білетін нәрсесін,
шөлдегі бір адам көзбен көргендей етіп суреттеуі әсте
мүмкін емес. Сондай-ақ, «Әнғам» сүресінің жүз жиыр-
ма бесінші аятына көз салайық: «Аллаһ кімді тура
жолға салғысы келсе, Исламға жүрегін ашады. Кімді
адастырғысы келсе, көкке көтеріліп бара жатқандай
жүрегін қысады». Осы аяттағы кәпірдің халін көкке
көтеріліп, тынысы бірте-бірте тарылып бара жатқан
адамдай бейнелеген. Аяттағы «көтерілу» сөзінің айты-
лу ерекшелігі шәддәлі
121
«сад» әрпінің артынан шәддәлі
«айн» әрпінің келуі арқылы дем ала алмай, ашылған
ауызды бейнелеген. Ал бүгінгі ғылыми жаңалықтар биік
тауға яки әуешары арқылы көкке көтерілгенде ауаның
аздығынан адамның тынысы тарылатынын анықтаған.
Ал, Араб түбегіндегі таулар-дың шыңы адамның ты-
нысы тарыларлықтай биік емес. Ол заманда ешбір пен-
де құсқа қарап қиялдағаны болмаса әуешары арқылы
көкке саяхат еткен де емес. Гималай тауларына шығып,
120
«Нұр» сүресі, 24:40.
121
Араб тілінде бір әріптің қосарланып айтылуы.
98
Мәңгі мұғжиза
тыныс тарылатындығын анықтаған да емес. Ендеше,
бұл мысал көкті жер-бесіктің күмбезі етіп жаратқан
Ұлы Жаратушыға ғана тән.
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық кел-
геннен кейінгі өміріне тұтас назар салайықшы. Оның
алғашқы Меккедегі өмірі түгелдей шеккен жапа, тартқан
азап, көрген қорлық, түскен ауыртпалыққа ұласқан.
Осылайша, Пайғамбардың өмірі қайғы-қасіретке толған.
Меккедегі азын-аулақ үмбеті үш жыл бойы құмы жан
шыдаспастай қыздырған күннің астында қалған. Бір
жылдың ішінде жан жары хазіреті Хадиша мен қырық
жыл пана болған немере ағасы Әбу Тәліп екеуі қатар
көз жұмған. Ең жақын серігі хазіреті Хамзаның Ухуд
соғысында ішек-қарны ақтарылып, азаппен өлтірілген.
Міне, осылар хақында Құраннан бір ауыз сөз таба ала-
сыз ба? Және оның кіндік қаны тамған туған жері һәм
балғын кезеңі хақында да кітаптан қысқа бір әңгімеге
куә бола аласыз ба? Әлбетте, еш куә таба алмақ емес-
сіз. Егер Құран оның өз сөзі болса, сөзсіз онда қайғы-
қасіретінің салмағы, ғұмырының әсері болар еді. Алай-
да Құранда ешбір әсер жоқ. Ендеше, оның қолындағы
Құран оған тиесілі кітап емес. Бар-жоғы ол берілген
бұйрықты, айтылған сөзді Жаратқаннан толықтай жет-
кізуші ғана.
АҚЫРҒЫ ПАЙҒАМБАРДЫҢ
ЖОМАРТТЫҒЫ
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) жазылса бітпес
дастан-ғұмырының басы қалай басталса, ақыры солай
аяқталған. Ол Мекке заманында жан жары хазіреті
Хадишаның бар мүлкін қаланың ауқаттыларын
үйіне қонақ етумен, одан қалса, үш жыл күн астын-
99
Құран кімнің сөзі?
да қалған үмбетіне үлестірумен түгесті. Оны хақ жо-
лынан қайтармақ болған меккелік бай мен билер оған
Мекке басшылығын, бейпіл байлық, қаланың ең сұлу
перизатын ұсынған. Бірақ ол «оң қолыма күн, сол
қолыма айды қондырсаңдар да, дін дағуасынан бас
тартпауға ант ішемін» деп, олардың ұсыныстарын елең
қылмаған. Мәдина кезеңінде де өмірінің ақырына дейін
қарапайым қалпын сақтап, жарлылық көріп өткен. Ол
сол кезеңдерде кейде үш күн бойы нәр тартпай, әл-
дәрмені құрып, нәпіл намаздарын отырып оқыған.
Кейде айлар бойы пәкиза-шаңырағының түңлігінен
түтін өрбімеген. Алайда бұл кезеңдерде бір соғыстан
түскен олжаның өзінде есеп болмаған. Тек Хунейін
соғысынан төрт мың «оққа» салмағында алтын, күміс,
жиырма төрт мыңнан астам түйе, қырық мың ұсақ мал
олжа түскен. Мұсылмандардың тұрмыс-тіршілігі осы-
лай бола тұра Пайғамбарымыз өлер шағында бір еврей-
ге қалқанын кепілдікке беріп, отбасына нәпақа алған.
Ол сол қалқанын қайта алмай жатып, бұл ғұмырдан
өткен. Егер қаласа, рим патшалығы секілді ғажайып
сарайлар салуға мүмкіншілігі бар еді. Бірақ ол өзіне
жан-жақтан келген байлықтың бәрін жоқ-жітіктерге та-
ратып отырған. Аузынан жырып, бөгдеге беріп, өзгенің
қамы мен бақытын ойлаған.
Иә, бір адам елінің бақыты үшін өзін пида етіп,
ғұмыр-бақи өзгелер үшін өмір сүріп өтуі әбден мүмкін.
Бірақ мұншалық өзі ішпей, өзгелерге ішкізіп, өзі жемей,
өзгелерге жегізіп, оларды адалдық, ақиқатқа жеткізу
жолында жүрген адамның Ұлы Жаратушының атынан
өмір бақи жалған сөйлеп өтуі мүмкін бе?
100
Мәңгі мұғжиза
КүЛЛІ ЗАМАНҒА ТОСЫН ЖАУАП
«Әсбабун-нузул» яғни, Құран аят, сүрелерінің
түсу себептеріне қатысты ғылым саласы аяттың қандай
мәселеге байланысты түскенін зерттейді. Пайғамбары-
мызға кез келген уақытта адамдар келіп, бір мәселе
жайында үкім, жауап сұраған. Мысалы, Мәдинада еврей-
лер хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) келіп, рух, Зұлқарнайын
т.б. қиын сұрақтар сұрап, мүдіртуге тырысқан. Сол
сияқты кез келген уақытта мұсылмандар одан харам,
адал т.б. шариғаттық үкімдер сұраған. Әрі оларға дер
кезінде берілген үкімдердің сол заманмен ғана шектеулі
емес, қияметке дейінгі жаңа заман мәселелерін шешетін
деңгейде болуы керек. Міне, хазіреті Мұхаммед (с.а.с.)
осылардың бәріне түскен аяттар арқылы жауап бер-
ген. Егер Құран адамның сөзі болса, кез келген сұраққа
нақты жауап беруі, кез келген мәселеге лайықты заң
шығарып, сол қойылған заңдардың ешбірінің де сынға
ұшырамауы, тіпті олардың кейінгі ғасырлардың да
мәселесін шешуге лайық болуы әсте мүмкін емес. Әрі
хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) кейбір сұрақтарға жауап бе-
руін кешіктіруі оның пайғамбарлығына дәлел. Хазіреті
Мұхаммед (с.а.с.) ешуақытта жорамал жасамаған.
Оның жауаптары еврейлер мен христиандардың тіпті
сол заман перзенттерінің бұрын-соңды естімеген, әрі
жоққа шығара алмайтын ақиқаттар еді. Ал, оның бір
мәселеге байланысты сол замат қойылған ұстанымы
мен заңдары кейінгі Имам Шафиғи, Әбу Ханифа секілді
мыңдаған ғұламалардың ілімдерінің қайнар көздері са-
налып, сол ұстаным мен қағидаларды негіз етіп, олар өз
заманындағы жаңа мәселелерге қатысты заң шығарған.
Әрі ешбір дана-ғұламалар сол умми кісінің қолындағы
кітабында айтылған пәтуалардың ешқайсысына сын
101
Құран кімнің сөзі?
айтпаған. Қайта сол заңдарды өмір-бақи зерттеп,
терең түсінуге тырысқан. Ендеше, қияметке дейінгі
ғұламаларға ұстаздық еткен умми кісінің қолындағы
кітап жай кітап емес, Ұлы Жаратушының кітабы.
Умми кісі де Оның жіберген елшісі. Сөз түйіні осыған
тоқтайды.
102
Мәңгі мұғжиза
екІНШІ
таРау
ҚҰраННыҢ МҰғжиЗалыҚ
түрлері
«Егер құлымызға түсіргенімізден
күмәндансаңдар, онда сендер де соған
ұқсас бір сүре келтіріңдер, Аллаһтан өзге
көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер
сөздерің рас болса. Егер осыны жасай
алмасаңдар, әлбетте, ешқашан (болашақта
да) жасай алмайсыңдар. Ендеше, отыны
адамдар мен тастардан тұратын кәпірлерге
әзірленген оттан қорқыңдар!»
«Бақара» сүресі
103
Құран кімнің сөзі?
СөЗ өНЕРІ ТҰРҒЫСЫНАН
МҰҒЖИЗАЛЫҒЫ
Сөйлемнің сөз бен мағына жағынан сәйкестігі:
Құранның барлық сүрелерінің арасында планета-
лардың өзара тартылысы тәрізді бір-бірімен тығыз бай-
ланысы бар. Сонымен қатар аяттардың да өзара іліктес-
тігі, тіпті, әрбір аяттың әріптерінің де ара-қатынастары
дәл сондай. Осы тақырыптағы айтылатын мәселе әрбір
аят-сөйлемнің сөз бен мағына жағынан сәйкестігі.
Яғни, Құранның бір аятының қамтыған мағына мен
мақсатын сол аяттың әрбір сөзі де өз алдына жеке-дара
қамтыған. Мысалы, «Әнбия» сүресінің қырық жетінші
аятын алып қарайық.
َكِّبَر ِباَذَع ْنِّم ٌة َحْفَن ْمُهْت َّسَّم نِئَلَو
«Егер оларға Раббыңның азабынан болмашы
бір леп тисе «әттеген-ай, шынында біз өз-өзімізге
зұлымдық жасаған екенбіз» дейді». Хақ Тағала осы
аятында өзіне қарсылық білдірген кәпірлердің көретін
азабының қаншалықты қорқыныштылығын білдірген.
Сондықтан бұл аяттың мағынасы, азаптың ең жеңіл
түрі адамға мұншалықты қатты тисе, жаһаннамның
ауыр азабы қандай болмақ деген ой тастайды. Міне,
осы аяттағы жалпы мағына «аз азап» болса, осы аяттың
әрбір сөзі де аздық мағынасын білдіріп, жалпы аяттың
мағынасын қуаттап, толықтырып тұр. Енді осы аятты
жеке-жеке талдап көрейік. «نا» (егер) шек пен аздыққа
ишарат етеді. «массә» етістігі азғана тию, қолының
ұшымен жай ғана тиіп қалу мағынасын білдіреді. Яғни,
бұл да аздықты көрсетеді. «нәфха» сөзі жай ғана соққан
104
Мәңгі мұғжиза
лепті білдіреді. Бұл да аздықты көрсетіп тұр. Әрі осы
сөз бір рет болу формуласымен жасалған. Ендеше, осы
тұрғысынан да аздықты көрсетеді. «мән» қазақшада
-дан, -ден, -тан, -тен жалғауы болып, тұтас бір нәрсенің
бір бөлігі мағынасына келгендіктен аздықты біл-
діреді. «Азап» сөзі арабшадағы басқа азап сөздерінің
синонимдерінің ішіндегі «аз жаза» мағынасын біл-
діретін сөз. Бұл да аздықты көрсетіп тұр. «Рабби-
ка» (сенің Раббың) сөзіндегі «Рабб» тәрбие етуші,
өсіруші, рақымына бөлеп, қысылғанда жәрдем етуші
деген сөз. Аллаһ Тағаланың Қаһһар, Жаппар, есімдері-
нен қарағанда Раб сөзі мейірім-шапағатты сездіреді.
Бұл да азаптың болмашылығын білдіріп, болмашы
азап мағынасын ерекше түрлендіріп тұр. Яғни, осын-
шама болымсыз, бір ширек азап тиген жанның құтын
қашыратын болса, илаһи ауыр азаптың қаншалықты
қорқыныштылығын есептей беріңіз. Бұл аяттағы кіш-
кене бөліктер бір-біріне жалғасып бір-біріне жәрдем
етуде. Негізгі мақсатты әрбірі өз мағынасымен қуаттап
тұр. Аяттағы жалпы мазмұн аздықты білдірсе, ондағы
әрбір сөз, тіпті әрбір әріптер де аздықты айқындап тұр.
Яғни, мұндағы әрбір әріптер де таңдалынып алынған.
Барлық әріптердің дыбыстығы мен айтылуы жағынан
нәзіктікті білдіріп, аяттың мағынасын қуаттап тұр. Ен-
деше, бұл сөздер адам баласының қолынан келетін іс
емес. Сол сияқты Құранның барлық аяттары да дәл
осылай өз ішіндегі сөздері мен әріптерімен тығыз бай-
ланысады. Міне, осыншалық дәлдікпен, тең өлшеммен
айтылған аяттарды хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) тосын-
нан келген мәселені шешуде, яки кенеттен қойылған
сұрақтарға жауап беру арқылы оқыған. Ендеше, Құран
адам сөзі емес.
105
Құран кімнің сөзі?
СөЗ ЖАҒЫНАН СөЙЛЕМДЕРДІҢ
СӘЙКЕСТІГІ
Бұл тақырыпта сөйлем мүшелерінің бәрінің бір
мақсатты көрсетуі емес, біртұтас сөз жүйесінің жеке-же-
ке бөлшектерін қамтуы сараланады. Осы тақырыптың
өткен тақырыптан айырмашылығы әрбір сөздің бәрі
бір мағынаны емес, бір пікірдің тек бір жағын ғана
білдіруі. Мысалы, «Бақара» сүресінің үшінші аятын
алып қарайық.
نوقفني مهانقزر اممو
«Және өздеріне Біздің
берген ризықтарды (Аллаһ үшін) жұмсайды» аятының
сөздері садақа және Аллаһ ризалығы үшін жасалатын
көмектердің қабыл болу шарттарын бабтарға бөлу
арқылы берген. Яғни, бұл аяттың әрбір сөзінен жеке
шарт шығып, бір-бірін толықтырады. Аталмыш аяттан
берілген садақа мен Аллаһ үшін жасалатын істердің
қабыл болуы үшін бес шарт шығады.
1. نم (мин) әрпі жоғарыда айтылғандай бір нәрсенің
бөлшегін білдіретін (дан, ден) мағынасындағы жалғау
болғандықтан, садақа бергенде мал-мүлкіңнің барлығын
емес, берген адам бар мал-мүлкін садақа етіп таратып
күн ертең қайыршылық дәрежеге түспес үшін мүлкінің
белгілі бір бөлшегін беруі тиіс.
2. Садақа яки Аллаһ жолында жұмсайтын нәрсені
біреуден алып, біреуге беру емес, керісінше жеке өзінің
иелік еткен мал-мүлкінен беруі тиіс. Осы шарттың
мағынасын
مهانقزر
«Оларға Біздің (Аллаһтың) берген
ризықтар» сөзінен шығарамыз. Яғни, сендерге ризық
берген нәрседен беріңдер деген сөз.
3. «Пәлен жерге пәлен малымды бердім, түген
жерге түген дүниемді төктім» деп берген нәрсесін
міндетсінбеу. Осы шартты біз
انقزر
(Біздің (Аллаһтың)
106
Мәңгі мұғжиза
ризықтандырған) сөзіндегі ان «Біз» сөзінен көреміз.
Яғни, «Мен сендерге ризық беремін. Ризық беруші Мен-
мін. Менен өзге ешкім ризық бере де алмас. Өйткені,
ризықты жоқтан жарататын Менмін. Ендеше, сендерге
берген Менің мал-мүлкімді бейне бір өз дүниелерің
секілді өзге құлыма міндетсініп беретіндей ешқандай
құқыларың жоқ. Негізінде сендерді сеп қылып,
сендердің қолдарыңмен өзге құлдарыма беретін Мен-
мін. Сендер жай ғана арқаусыңдар. Егер де Менің ма-
лымды бөгдеге міндетсініп берсеңдер одан ешбір пайда
жоқ. Бірақ Менің малым екенін аңғарып, біреуге бере-
рде тәкаппарлық етпей, ыстық ықыласпен берсеңдер,
ғана қабыл болмақ». Міне, осыған ұқсас мағыналарды
مهانقزر
«Оларға Біздің (Аллаһтың) берген ризықтар»
сөзінен аңғарамыз. Әрі бұл аятта Ұлы Жаратушының
ризықтандырушының Өзі екендігін білдірудегі мақсат
– жұмыр басты пенденің ризықтан мақрұм қалам деп
қорықпауы керектігі. Жалпы әлемдегі тіршілік атау-
лы өзіне тән қаужайтын ырысын алуда. Аштан қалған
ешбір тірі жан жоқ. Әрбір тіршіліктің өзіне лайық
азығын беруші Аллаһ Тағала.
4.
نوقفني
«(Аллаһ үшін) жұмсайды» сөзі садақаның
кімге берілетінін көрсетеді. Садақа қаражатқа зәру,
нәфақасы мұқтаж жандарға берілуі қажет. Орынсыз
жерге жұмсайтын адамдарға садақа берілмейді. Осы
мағынаны аталмыш етістіктен шығарамыз.
5. Ақырғы шарт – Аллаһ атымен беру.
مهانقزر اممو
«Оларға Біздің (Аллаһтың) берген ризықтар» сөзі осыны
білдіреді. «Мал-мүлік Менікі. Ендеше, Менің атыммен
берулерің қажет». Даңқы артқан пәленше, түгеншенің
яки жер мен көктегі жалпы жаратылғандардың атымен
107
Құран кімнің сөзі?
емес. Сондықтан біреу ата-бабасының даңқын шығару
яки өзінің баспайдасы мақсатында мешітсіз бір өлкеде
халыққа зәулім мешіт салса да, оны халық пайдалан-
ғанмен салған пендеге одан келіп-кетер ешбір сауап
жоқ. Қайта ақыретте шыға алмас шыңырауға құлау
ықтималы басымырақ. Әрі бұл аятта ризық пен ризық
етістігі жалпылама болғандықтан, сөздің мағынасы өте
кең. Ендеше, садақа заттай болумен қатар, Ұлы Жара-
тушы нәсіп еткен барлық ырыс-берекелермен де бо-
лады. Мысалы, біреуге ілім үйрету, насихат ету, іспен
қарекет қылу т.б. тұнған қазыналар
122
.
СөЙЛЕМДЕР АРАСЫНДАҒЫ
БАЙЛАНЫСТАР
Сөздердің өз арасында ғажайып байланыс пен
сәйкестік болуымен қатар, сөйлемдердің де өз ара-
сында бір-бірімен тығыз қатынас пен жүйе бар. Бей-
не аяттардың әрқайсысы басқа көптеген аяттардың
жүрегі тәрізді. Бұлардың арасындағы байланыс пен
жүйе көктегі жұлдыздардың арасындағы тартылыс
тәрізді. Күн системасында күн айналасындағы планета-
ларды өзіне қаратқан орталық болса, аяттардың бұдан
айырмашылығы әрбірі бір-біріне, әрі күн әрі күнге
қараған планета сықылды.
Мысалы, «Ықылас» сүресінде алты сөйлем бар.
«Аллаһ Жалғыз. Аллаһ Сәмад (Ол ешкімге мұқтаж емес,
керісінше барлық жаратылыс атаулы Оған мұқтаж,
тәуелді). Ол тумаған. Ол туылмаған. Оның теңдесі
жоқ». Осы алты сөйлем тәухидтің яғни, Ұлы Жарату-
шының жалғыздығы мен даралығын дәлелдеумен бірге
Оған ортақ қосудың алты түрін жоққа шығарады. Осы
122
М. Килежи, Куран мужизесі, 147 бет.
108
Мәңгі мұғжиза
алты сөйлем аса маңызды ақиқаттарға толы тәухид
ілімінің шексіз қазынасы. Бұл сүредегі әрбір сөйлем
қалған сөйлемдерге һәм дәлел һәм соның нәтижесі
болмақ. Неге десеңіз, әрбір сөйлемнің екі мағынасы
бар. Бір мағына арқылы нәтиже, келесі мағына арқылы
дәлел болады. Осылайша «Ықылас» сүресінде отыз
«Ықылас» сүресіндей ғажайып, бір-біріне айқындайтын
дәлелдерден тұратын сүрелер бар.
Мысалы:
هل نكي مل هنلأ ،دلوي مل هنلأ ،دلي مل هنلأ ،دمص هنلأ ،دحا هنلأ ُ َّللا َوُه ْلُق
،دمص هنلأ ،دلي مل هنلأ ،دلوي مل هنلأ ،د َحَأ ًاوُفُك ُهَّل ن ُكَي ْمَلَو ،دحا اوفك
دلوي مل ًاذاف دلي مل ًاذاف ،دمص وهف ،دحا وهف ،للا وه ،للا وه هنلأ ،دحا هنلأ
دحا اوفك نكي مل ًذاف
Яғни, «Айт! Ол – Аллаһ, өйткені Ол – Жалғыз,
өйткені Ол – Самад, өйткені Ол – тумаған, өйткені
Ол – туылмаған, өйткені Оның ешбір теңдесі жоқ.
Оның ешбір теңдесі жоқ, өйткені Ол – туылмаған,
өйткені Ол – тумаған, өйткені Ол – Самад, өйткені
Ол – Жалғыз, өйткені Ол – Аллаһ. Ол – Аллаһ, демек
Ол – Жалғыз, демек Ол – Самад, ендеше Ол – тумаған,
ендеше Ол – туылмаған, ендеше Оның ешбір теңдесі
жоқ». Осылайша тізбектеп отызға дейін жалғастыруға
болады
123
. Міне, әрбір аят бір-бірімен осылайша ілік
байланыс, бір-біріне әрі дәлел әрі нәтижесі болуда.
Түсінікті болу үшін кеңірек баяндайық. Мысалы, «Ол
– Аллаһ». Осы сөйлем бейне бір күн секілді қалған
сөйлемдермен тығыз байланысып, айналдыра тартып,
123
Жалғасын қараңыз; Меһмет Килежи, Куран Мужизесі, 149
бет.
109
Құран кімнің сөзі?
өзіне әрі дәлел, әрі нәтиже етіп тұр. Әуелі, осы «Ол –
Аллаһ» сөйлеміндегі Ұлы Жаратушының Аллаһ екен-
дігін қалған сөйлемдер дәлелдеуде. «Аллаһ» күллі жа-
ратылысты жоқтан жаратқан Ұлы Жаратушының есімі.
Оның Жаратушы екендігін келесі Ол – Жалғыз сөйлемі
айқындап тұр. Өйткені, Жаратушы екеу болмақ емес.
Бір қаланы екі әкім, бір елді екі елбасы басқаруы ақылға
қисынсыз. Ендеше, ғаламды екі құдай қалайша басқара
алмақ. Әрі екі құдайдың болуы құдайлық сипатқа теріс
ұғым. Өйткені, құдай деп құдіреті шексіз, әлсіздіктен
ада, пәк, ұқсасы болмаған, жаратылмағанды айтамыз.
Өзі сықылды теңдесі болған, құдіреті өзгемен тең, ен-
деше әлсіздігі бар, әлсіздігі болу жаратылғанға ұқсас,
демек жаратылған деген ұғымға сай келгендік құдай
болмақ емес. Құранда «Егер жер мен көкте Аллаһтан
басқа тәңірлер болғанда екеуі де жермен-жексен бо-
лар еді»
124
дейді. Әрі өзі тәрізді екінші құдайдың бо-
луы – ғаламзатты ақылдасып жаратып, бірге басқаруда
деген ұғым. Патша уәзірдің кеңесіне мұқтаж болуы
әбден мүмкін, бірақ біреудің ақылына мұқтаждық ет-
кен құдай болмақ емес. Өйткені, бөгдеден ақыл сұрау
– нұқсандықты, жарымдылықты көрсетеді. Кем-
шілігі бар құдай болмақ емес. Әлем нұқсан жаратыл-
са, әп-сәтте күл болмақ. «Тәбәрак» сүресінде «Әлемге
көз салып қараңдар бір ақау таба аласыңдар ма?»
аяты ғаламның ақаусыз жаратылғанын, әрі күн сай-
ын, сәт сайын ақаусыз жаратылуы Жаратушының
нұқсандықтан пәк болуының айғағы. Ол пәктік Хақ
тағаланың жалғыздығының куәсі. «Жалғыздық –
Құдайға ғана жарасқан». Ендеше, жалғыздық сипатқа
иелік еткен біреу ғана әлемнің Жаратушысы болмақ.
124
«Әнбиә» сүресі, 29.
110
Мәңгі мұғжиза
Ол – Аллаһ. Оның құдайлығына дәлелдік еткен келесі
сөйлем «Өйткені Ол – Самәд». Самәд – ешкімге һәм
ешнәрсеге мұқтаж болмау, кіріптарлық, тәуелділіктен
ада, керісінше барлық нәрсе өзіне мұқтаж болу, тәуелді
болу. Осы сипат Аллаһтың ұлылығына дәлел болмақ. Иә,
қоректену, мекен ету, заманға тәуелді болу, біреуге тіз-
гінін ұстату, әлсіздік таныту құдай сипатына теріс нәрсе.
Керсінше, күллі заман мен мекеннің тізгінін тартып,
жаратылғанды өзіне шексіз тәуелді еткен, жәрдеміне
барлығын мұқтаж қылған біреу ғана Құдай Тағала
болмақ. Аллаһ – жаратылмаған. Жаратылған қашанда
мұқтаждықпен бірге. Самәд мұқтаждықтан ада, керісін-
ше өзгені мұқтаж еткен сипатына көз салсақ, Аллаһтың
жаратылмағандығын яғни, құдайлығын айқындап тұр.
Әрі Аллаһтың мекен-тұрағы, заман өлшемі, көлемі
жоқ, шектеусіз. Мекен мен заманы, көлемі мен шек-
теулі болу – мұқтаждықты көрсетеді. Әрі өзгені өзіне
мұқтаж қылып, самәд сипатына лайық болу – бұл Құдай
тағаланың күллі жаратылысты өзіне мұқтаж еткендігін
айқындап тұр. Ендеше, «Ол – Самәд» сөйлемі Оның
құдайлығына анық дәлел болады. Әрі Аллаһ Тағаланың
жалғыздығына да дәлел болуда. Өзгеге мұқтаж болмай,
өзгені мұқтаж еткен Құдай қашанда жалғыз болмақ.
Ендеше, Ол – Самәд. «Өйткені Ол – тумаған». Туу
– біреуге мұқтаж болу, бір нәрседен құралу, жаралу
һәм жалғыз емес, туған нәрсесі өзіне ұқсау әрі өзгені
туғандығына қарағанда, оның да әуелі, басы болу де-
ген сөз. Бұл – аталмыш сипаттардың бәріне де теріс,
қарама-қарсы, жат ұғым. Бұл барлық ортақ қосушыларға
айтылған нақты жауап. Туған ешқашан жаратушы
болмақ емес. Ендеше, тумаған, жаратылмаған біреу
ғана Самад, Жалғыз, Құдай болмақ. Аллаһ – тумаған.
111
Құран кімнің сөзі?
«Өйткені – туылмаған». Туылу – туу, тууға себепкер
болу, біреуден туылғандықтан өзгеге мұқтаж қалу,
ұқсасы көп болу, әлсіз болу деген ұғымдарды қамтиды.
Бұл – бір тұрғыдан алғанда христиандарға берілген жа-
уап. Хазіреті Иса анадан туылған. Ол туылғандықтан
оның ұқсастары өте көп. Өзгелерге мұқтаж. Әу бас-
та анасының ақ сүтіне мұқтаж. Одан әрі ауаға, ме-
кенге, жылуға т.б. толып жатқан нәрселерге мұқтаж.
Оның рухы да мейірім-шапағатқа, қала берді денесіне
мұқтаж. Ал туылмау – бастауы болмау, тумау, жара-
тылмау, мұқтаж болмау, жалғыз болу, құдай болу де-
ген ұғымға иелік еткендіктен өзінен алдыңғы барлық
сөйлемдерді айқындап тұр. Ендеше, Ол – туылмаған.
«Өйткені, Оның ешбір теңдесі жоқ». Тендесі болу
– ол да өзі сықылды болу, яғни, туылу, бастау болу,
ұқсасы болу, өзгеге мұқтаж қалу деген ұғымды білдір-
гендіктен мұндай сипатқа ие құдай болмақ емес. Өзгеге
ұқсамаған теңдессіз дара біреу ғана құдай болмақ. Осы
ақырғы сөйлем өзінен бұрынғы сөйлемдерге дәлел бо-
лумен қатар, екінші сөйлемдей әуелгі «Ол – Аллаһ»
сөйлеміндегі Ұлы Жаратуышының құдайлығына дәлел
болып тұр. Ал енді осы сүресінің ақырғы «Оның ешбір
теңдесі жоқ» сөйлемінен басталық. Осы кезде оның
дәлелі өзінен алдыңғы сөйлем болып тұр. «Өйткені
Ол – туылмаған». Туылғанның қашанда теңдесі, өзіне
ұқсасы бар. Туылмаған, жаратылмаған біреудің ғана
теңдесі болмайды. «Өйткені Ол – тумаған, өйткені Ол
– Самад, өйткені Ол – Жалғыз, өйткені Ол – Аллаһ».
Ал енді сөйлемдердің алдыңғы сөйлемге нәтиже болу
тұрғысынан қарап көрелік. «Ол – Аллаһ». Аллаһ – күллі
әлемдердің Раббы. Ол жаратылысты жоқтан жаратқан.
Әрбір атом жаратылған. Жаратылғандығына қарағанда
112
Мәңгі мұғжиза
оның жаратушысы да бар болу ләзім. Салынған нәрсе
болса, оның салушысы, жасалған нәрсе болса, оның
жасаушысы, өнердің ұстасы, суреттің суретшісі де бар
деген сөз. Ендеше, әлем жаратылған. Жаратылғанның
әлбетте жаратушы Құдайы да болмақ. Яғни, Аллаһ –
Хақ. Демек бұдан Ол – Жалғыз деген нәтиже шығады.
Ғаламды жоқтан жаратқан құдіретті Құдай Тағала
ғана жалғыз болмақ. Оның осы жалғыздығынан «Ол –
Самәд» деген нәтиже тумақ. Сәмад алдыңғы сөйлемге
де екінші сөйлемге де нәтижелік міндет атқаруда. Аллаһ
Тағала – ұлы, құдіретті. Ендеше, Ол – Сәмад. Сәмад
ешкімге мұқтаж емес, қайта күллі жаратылыс Оған
мұқтаж. Ендеше, Ол тумаған, жаратылғанға ұқсамаған
деген нәтиже көрініс береді. Демек, Ол – тумаған.
Осылайша, бір-бірімен байланыстырып араларындағы
ғажайып жүйені тамашалауға әбден болады.
Достарыңызбен бөлісу: |