Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

ТӘУРАТТАҒЫ хАБАРЛАР

Жоғарыда  айтылғандай,  хазіреті  Мұхаммедтің 

(с.а.с.)  пайғамбарлығы  мен  түр-түсі,  іс-әрекеті  ту-

ралы  Тәурат  пен  Інжілде  көп  мағлұматтар  болған. 

158.

45

  Хикмет Ышык, Ғаламның рақым нұры, 1 том, 33-34 беттер.



34

Мәңгі мұғжиза

Алайда  Аллаһ  Елшісі  пайғамбар  болып  келгенде  екі 

кітаптың аманатшылары ол хақындағы мағлұматтарды 

өз  мүдделері  үшін  өзгертулеріне  тура  келген.  Бірақ 

қанша  өзгертсе  де  әлі  де  талай  хабарлар  сақталып 

қалған.    Мысалы,  алысқа  бармай-ақ  1944  жылы  Лон-

донда  арабша  аударылған  Тәураттың  бір  жолы-

на  көз  салайық.  «Аллаһ  Тағала  адамзатқа  Синада 



жақындады.  Сайрда  шағылып  көрінді.  Фаран  таула-

рында  көрініп,  өзінің  біртұтас  толықтығын  жария 

етті». (Сифр, Тәсния, баб: 33:2). Синада жақындауы – 

Аллаһ Тағала адамзатқа деген рақымдылығын хазіреті 

Мұса (а.с.) арқылы көрсетуі. Яғни, бұл – оған берілген 

пайғамбарлық.  Сайрға  келсек,  ол  –  Палестина  жері. 

Хазіреті  Исаға  (а.с.)  берілген  пайғамбарлық.  Ол  Хақ 

тағаланың  нұрын  сол  аймаққа  жайған.  Фаран  –  Мек-

ке  қаласы.  Өйткені,  Тәураттың  басқа  бір  жолында 

хазіреті  Ибраһим  баласы  Исмайылды  Фаранға  тастап 

кеткені хақында айтылады. Ендеше, Тәураттағы Фаран 

– қазіргі Мекке қаласы. Тәурат жолының жалғасында: 



«Оның жанында мыңдаған жарқыраған асыл тастай 

достары һәм оң қолында оттан айбалта болады» дей-

ді.  Хазіреті  Исаның  (а.с.)  он  бір  хауари-серіктерінен 

басқа достары болмаған. «Асыл тастай достар» әлбетте 

хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабалары. «Оттан ай-



балта»  болуы  дінін  тарату  үшін  жиһатқа  шығуы

46



Ал аталмыш жолда айтылғандай «Фаран тауларында 

көрінуі» – хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) Мекке тауының 

Һира үңгірінде уахи келуінің басталуы. Демек, Аллаһ 

Тағала  «Өзінің  біртұтас  толықтығын»  яғни,  жара-

тылыстан  пәк,  жалғыздығы  мен  даралығын  Құран 

арқылы  танытты.  Тәураттың  басқа  бір  аятында  Хақ 

46

  М. Фәтхуллаһ, ән-Нурул-Халид, 1 том, 49-50 беттер.



35

Құран кімнің сөзі?

Тағала  хазіреті  Мұсаға  былай  дейді:  «Олар  үшін  (Из-



райл ұрпақтары) бауырларының арасынан сен секілді 

бір  пайғамбар  шығарамын  да,  сөздерімді  оның  аузы-

на саламын. Ол әмірлерімнің барлығын оларға айтып 

жеткізеді»  (Сифр,  Тәсния,  18:18).  Осы  аяттағы  «Из-

райл ұрпақтарының бауыры» деген сөз тіркесі хазіреті 

Исмайылдың ұрпағынан келетін пайғамбарды меңзейді. 

Оның  нәсілінен  келгені  білінген  жалғыз  пайғамбар  – 

хазіреті Мұхаммед (с.а.с.). Сөзді аузына салуы – оның 

умми болуы. Аталмыш аяттағы пайғамбардың хазіреті 

Иса  (а.с.)  мен  хазіреті  Юша  (а.с.)  болу  ықтималына 

келсек, бұл ақылға симайтын нәрсе. Өйткені, бірінші-

ден бұл екеуі де Израйл ұрпақтары. Екіншіден, хазіреті 

Юша шариғатпен келмеген. Хазіреті Исаға кітап түссе 

де, ол Мұса пайғамбардың шариғатына ілескен. 

Әрі  «Әшиә»  кітабының  қырық  екінші  бабында 

мынандай  аят  бар:  «Хақ  Тағала  ақырзаманда  өзінің 

таңдалған  құлын  пайғамбар  етіп  жібереді.  Оған 

Жебрейіл  арқылы  илаһи  дінін  үйретеді.  Ол  одан 

үйренгендерін толықтай халыққа үйретіп, ел арасында 

хақпен үкім береді. Ол бір нұр. Халықты зұлыматтан 

құтқарады.  Раббының  маған  алдын  ала  білдірген  ха-

барын  сендерге  жеткіземін»

47

.  Міне,  осында  хазіреті 



Мұхаммедтің (с.а.с.) сипатын анық баян еткен. 

Және  «Миһайл»  кітабының  төртінші  бабын-

да:  «Ақырзаманда  бір  рақымды  үммет  шығып,  Хаққа 

ғибадат  ету  үшін  мүбарак  тауды  таңдайды.  Барлық 

аймақтан сол жерге көптеген халық жиналып, Жалғыз 

Раббына құлшылық етеді. Оған ортақ, шірік қоспайды»

48



Міне, осы жерде қасиетті тау Арафат тауы аталып, сол 



47

  Китаб-ы Мукаддес, Ешиа, Баб: 42, 1-4, 9 аятттар.

48

  Китаб-ы Мукаддес, Миһа, Баб: 4, 12 аят.



36

Мәңгі мұғжиза

жерге әлемнің түкпір-түкпірінен қажылыққа келіп, Ұлы 

Жаратушыға ғибадат ететін «рақымды үммет» аталған 

хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) үмметі ап-анық баян етіл-

ген.

Інжілде: «Егер мені жақсы көрсеңдер, әмірлерімді 



орындаңдар.  Мен  Раббыма  жалбарынамын.  Ол  сен-

дерге үнемі өздеріңмен бірге болу үшін менен басқа бір 

жұбатушы, ақиқат рухын (Фарақлитты) береді». (14: 

15–16). Фарақлит – хақтың рухы, ақиқат пен жалғанды 

бір-бірінен  тұтастай  айырған  деген  мағынаға  саяды. 

Басқа Інжілдің аятында  хазіреті Иса: «Фарақлит келу 



үшін  мен  кетемін»,  –  дейді.  «Фарақлит  келген  кез-

де  барлық  әлемді  жасаған  қателіктері  үшін  кінәлап, 

оларды  тәрбие  етеді»  (Иохан,  баб:16–8).  Осы  жерде 

тарихқа  көз  салып  қарасақ,  хазіреті  Исадан  кейін  кім 

ақиқат  пен  жалғанды  айырып,  ғаламзатқа  жан  бітір-

ді?! Құран келмей тұрғанда күллі әлем қараңғылықта 

еді. Оның нұрымен ғалам қарық болып, адамзат ақиқат 

пен  жалғанды  таныды.  Алайда  христиандар  хазіреті 

Мұхаммедті (с.а.с.) таныса да мойындамады. Хазіреті 

Исаның да кеткеніне екі мың жылдан астам уақыт өтті. 

Бірақ олар әлі сол бір Фарақлитты күтуде. «Фарақлит 

келу  үшін  мен  кетемін»  деген  хазіреті  Исаның  сөзі 

дұрыс  болмағаны  ма?  Олардың  ұғымы  бойынша  екі 

мың  жылда  келмеген  Фарақлит  сонда  қашан  келмек? 

Негізінде, алғашқы еврейлер мен христиандар хазіреті 

Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбар екенін білгенмен, оның 

ұлты  араб  болғандығынан  яки  саяси  мақсаттармен 

қабыл етпеген. Бірақ оның пайғамбар екенін амалсыз 

мойындаған.  Мысалы,  Рим  императоры  мойындап: 

«Иә, Иса Мұхаммедтің келетіні жайлы хабар берген», 



37

Құран кімнің сөзі?

–  дейді


49

.  Еврейлердің  атақты  ғұламаларынан  Ибни 

Сурия, Ибни Ахтаб және оның бауыры Каб ибн Әсад 

және  Зубәйр  ибн  Батия  секілді  адамдар  мұсылман 

болмағанмен  хазіреті  Мұхаммедті  (с.а.с.)  мойын-

дап:  «Иә,  кітаптарымызда  оның  сипаттары  мен 



басқа да көптеген хабарлар бар», – деп мақұлдаған

50



Эфиопиялық  несториан  және  Эфиопияның  сол 

замандағы  басшысы  хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.с.)  си-

паттарын  кітаптарында  көргендіктен  мойындап  иман 

еткен


51

. Және сол заманның христиан басшыларының 

бірі Харис ибн Әби Шумәрил Ғасани және Шамдық Са-

хиби Илба, Рим императоры, Ибни Натур, Жаруд секіл-

ді дін басылары мен басшылары ақырғы Пайғамбарды 

кітаптары  арқылы  танып,  иман  келтірген.  Бірақ  Рим 

императоры  тағынан  айырылып  қалмау  үшін  иманын 

елден  жасырған  деседі

52

.  Пайғамбарлықтан  бұрын  да 



оның келетінін біліп, сырттай иман етіп, өмірден өткен 

Шамул, Йеменнің  сол кездегі басшысы Тубба секілді 

еврейлер мен христиандар болған

53

. Тіпті, олар ақырғы 



49

  Ибну Сәййдин-Нас, Уйунул-Әсәр, 2:26:Қады Иаз, әш-Шифа, 

1:364: Али әл-Қари, Шәрхуш-Шифа, 745.

50

  Қады  Иаз,  әш-Шифа,  1:366;  Али  әл-Қари,  Шәрхуш-Шифа, 



1:  744-745;  Ибни  Кәсир,  әл-Бидайә  уән-Ниһаиә,  4:80–81; 

Бәйхақи,  Дәләилул-Нубууә,  3:361-362;Уақиди,  әл-Мағази, 

403-404; Ибни Жәузи, Сифатус-Сафуә, 3:361-362; Әбу Найм,, 

Дәләилул-Нубууә  1:79, 2:492.

51

  Қады  Иаз,  әш-Шифа,  1:364:  Али  әл-Қари,  Шәрхуш-Шифа,  



1:744.

52

  Бухари, Бәдул-Уахи: 6; Шәһадат: 28; Али әл-Қари Шәрхуш-



Шифа,  1:  744;  Нәбхани,  Хужжәтул-алал-Аламин,  121,  150-

151;  Қасталани,  әл-Мәуәһибул-Ләдунниә,  6:198;  Табарани, 

әл-Мужәмул-Кәбир,    3:2108;  Ибни  Адии,  әл-Кәмил  фид-

Дуафә, 3:1094; Әбу Найм, Дәләилул-Нубууә  1:101-102.

53

  Бәйхақи, Дәләилул-Нубууә, 3:367, 2:526, 6:20–249; әл-Хинди, 



38

Мәңгі мұғжиза

пайғамбардың  Мәдинаға  һижрат  ететінін  де  білетін. 

Бірде  жүрегі  Ұлы  Жаратушыға  деген  мағрипатқа 

толы  Ибни  Хәйәбан  атты  кісі  Мадинаға  келіп,  Бәни 

Надыр  тайпасына  қонақ  болады.  Ол  әңгіме  үстінде: 

«Пайғамбардың шығуына өте аз қалды. Осы жер оның 

һижрат  ететін  жері»,  –  дейді

54

.  Кейіннен  Бәни  Надыр 



тайпасы  хазіреті  Мұхаммедпен  (с.а.с.)  айқасуға  бел 

буған шақта сол тайпадағы Сайә деген кісінің екі бала-

сы елге жар салып: «Бұл баяғы Ибн Хәйәбанның бізге 

айтып кеткен адамы ғой. Онымен соғыспаңдар», – деп 

араша түседі

55

. Әрі Рим империясы-ның беделді хрис-



тиан  ғалымы  Дағатыр  деген  адам  Пайғамбардың  си-

патын анықтап, иман етіп, ел ішінде жар салған. Сол 

үшін де ол ұсталып, өлтірілген

56

. Хазіреті Мұхаммедтің 



(с.а.с.) «Салман менің әһли бәйтімнен» деп, өзіне өте 

жақын санаған атақты сахаба Салман Парыс та бұрын 

христиан еді

57

. Тіпті, ол бұрын отқа табынушы болған. 



Бірақ ол ұзақ уақыт ақиқат дінді іздеп кейіннен хрис-

тиан болып, христиандықты жақсы білетін поптардан 

дәріс алады. Ақырында, соңғы кездескен ұстазы өлер 

алдында келетін пайғамбардан хабар беріп, оның негіз-

Кәнзул-Уммал,  11:401,  12:390-408;  Қады  Иаз,  әш-Шифа, 

1:364;  Али  әл-Қари,  Шәрхуш-Шифа,  1:  739-743;  Хәйсәми, 

Мәжмәуз-Зәуаид, 8:240.

54

  Сол беттерде.



55

  Бәйхақи,  Дәләилул-Нубууә,  2:80-81,  4:31;  Али  әл-Қари, 

Шәрхул-Шифа,  1:744-745;  Юсуф  Нәбһәни,  Хужжәтуллаһ 

алал-Аламин, 137; Әбу Найм, Дәләилул-Нубууә  1:82; Ибни 

Жәузи, Сифатус-Сафуә, 1:87.

56

  Бәйхақи, Дәләилул-Нубууә, 367, 2:526, 6:240-249.



57

  әл-Асқалани, Фәтхул-Бәри, 7:222; Бәйхақи, Дәләилул-Нубууә, 

2:82; Ибни Кәсир, әл-Бидәйә уән-Ниһәйә, 2:310-316; Муснәд, 

5:437;  Ибни  Хишам,  Сиратун-Нәби,  1:233;  Әбу  Найм, 

Дәләилул-Нубууә  1:258-264.


39

Құран кімнің сөзі?

гі белгілерін айтып, соған жет деп өсиет айтып кеткен. 

Кейіннен Салман Мәдинадан Пайғамбарымызбен кез-

десіп, оның ұстазы айтқан бұлтартпас белгілерін көріп, 

иман келтірген

58

.



Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.с.)  жас  кезінде  сауда 

жасау мақсатымен Сирияға және Йеменге барғаны бел-

гілі. Ал, Сириядағы Ғассанилер мен Йеменнің Нәжран 

аймағында тұратын Харис ұрпақтары христиан дініне 

кірген еді. Голдциер және басқа да шығыстанушылары 

хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) сол араб христиандарының 

діни әдет-ғұрыптары мен мәдениеті әсер етуі ықтимал 

деген  пікірлер  айтады.  Осылайша  жаңа  пікір  арқылы 

қараңғылықта қалған елін ояту үшін оны пайдаланған 

болуы мүмкін дейді. Алайда тарихи деректер оның Йе-

мендегі Ғураш жәрмеңкесінен ары аспағанын баяндай-

ды

59



. Осы жерде бір сәт үшін оның сол замандағы хрис-

тиандармен  байланысқанын  мақұлдайық.  Бірақ  оған 

олардың тұрмыс салты мен мәдени тіршілігі ұнай қояр 

ма еді? Ол заманда христиандар қандай күйде болды? 

Ендеше, христиандардың тарихи деректеріне көз салып 

көрейік.  Дж.  Сейл  пікірлерін  былай  баяндайды:  Егер 

шіркеу тарихына терең үңіліп қарасақ, поптардың бос 

нәрсеге сөз таластырып, араздасу салдарынан христиан 

әлемінің  үшінші  ғасырдан  бастап  бұзыла  бастағанын 

көреміз.  Христиандар  нәпсіқұмарлықтарына  беріліп,  

жамандықтар  белең  алды.  Олар  қызғану  мен  қастық 

жасауда бір-бірімен жарысқандай еді. Христиандықты 

жөнсіз талдау арқылы сол дінді қоғам өмірінен мүлдем 

алыстатып жіберді. Осы қараңғылық дәуірде жамандық 

58

  Кеңірек  мағлұмат  үшін  қараңыз:  Хикмет  Ышык,  Ғаламның 



рақым нұры, 1 том,

59

  Драз, Куранын анлашылмасына доғру, 140 бет.



40

Мәңгі мұғжиза

атаулы қаулап өсіп қана қоймай, тамырын әбден тереңге 

жайып алды. Изник консулінен кейін ағымдардың өзара 

бақталастығынан  шығыс  христиандығы  жермен-жек-

сен болды. Батыс христиандығы да бұдан артық емес 

еді. Дін басылары Рим папалығына қол жеткізу үшін өз 

ара күрес жүргізді. Үкімет басшыларымен қатар поптар 

арасындағы  діни  сенімнің  бұзылуы  жалпы  халықтың 

бұзылуына  әсер  етті.  Барлық  халықтың  мақсаты  – 

қандай  жолмен  болсын  мал  тауып,  тапқан  дүниесін 

сән-салтанат  пен  харам  жолдарға  жұмсау  ғана  еді

60



Христиан әлемінің сол заманда осындай күйге душар 

болғанын  барлық  тарихи  деректер  айғақтайды.  Хрис-

тиан  әлемі  осындай  халде  болса,  кейіннен  христиан 

дініне өткен арабтар қалай ғана көркем мінезге лайық 

бола алмақ? Олар тіпті христиан бола тұра, өздерінің 

бұрынғы  пұттарын  тастай  алмаған  еді.  Хазіреті  Әли 

Тағлиби христиан арабтардың олардан тек қана шарап 

ішуден  басқа  еш  нәрсе  үйренбегенін  айтады.  Мінеки, 

сол  дәуірдің  христиан  әлемінің  хал-ахуалы  осылай. 

Олардың  салт-санасы  мен  тұрмыс  тіршілігі  пұтқа  та-

бынушы  арабтардан  ешқандай  айырмашылығы  жоқ 

бола тұра қалай ғана көркем мінездің қазынасы болған 

Құранға қайнар бола алады?! 

ҚҰРАННЫҢ ІНЖІЛМЕН ҚАТЫНАСЫ

Кейбір  батыс  шығыстанушылары  хазіреті 

Мұхаммед (с.а.с.) Құранның мазмұнын христиан кітап-

тарынан тікелей оқыған болуы мүмкін деген қисынсыз 

пікір айтады. Бірақ хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) оқу-жазу 

білетін бе еді?  Құран оның умми (хат танымаған) елге 

умми пайғамбар екендігін баяндап, пайғамбарлықтың 

60

  Сол беттерде.



41

Құран кімнің сөзі?

Ұлы  Жаратушыдан  келгеніне  осы  хат  танымағанын 

айғақ  етіп  көрсетеді

61

.  Әрі  «Анкабүт»  сүресінде: 



«Сен бұдан бұрын кітап оқымаған да, оны қолыңмен 

жазбаған  да  едің.  Егер  солай  болса,  бұзықтар  сөзсіз 

күдіктенер  еді»,  –  деп,  ашық  баян  етеді.  Тарихи  де-

ректер де оның мүлде хат танымағанын мойындайды. 

Оның Құранды әһли кітаптың жазуынан оқып, көшірді, 

дегендер  егер,  бұл  пікірінен  бас  тартпаса  олардың 

алдына  тағы  бір  тосқауыл  шығады.  Ол  –  Тәурат 

пен  Інжілдің  арабшаға  аударылмағандығы.  Батыс 

шығыстанушылары кітаптардың хазіреті Мұхаммедтен 

(с.а.с.) кейін бірнеше ғасырдан соң яғни, Інжілдің IX-X, 

Тәураттың  XI  ғасырда  ғана  тәржімеленгенін  айтады. 

Әрі  олар  өз  кітаптарын  мұсылмандардан  неғұрлым 

жасыруға тырысқан. Құран да олардың қолдарындағы 

кітаптарын  басқаларға  көрсетпеуге  тырысқандары 

жайлы  хабар  береді

62

.  Егер  хазіреті  Мұхаммед  (с.а.с.) 



Құранды олардың кітаптарынан алған болса, еврей мен 

христиандар «кітабың көшірме» деп ғаламға жар салар 

еді. 

Бірде хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) Мәдинада болған 



кезінде  Нәжраннан  христиандардың  өкілі  ретінде  дін 

басылары  мен  ел  басшылары  бар  70  адам  келіп  пікір 

таластырады.  Олар  Пайғамбардың  сөзін  қабыл  етпей, 

өз  сенімдерінің  дұрыстығын  айтып,  хазіреті  Исаны 

Жаратушының  баласы  деп  қасарысады.  Сонда  мына 

аят  түседі:  «Иса  жайында  саған  мағлұмат  келгеннен 



кейін өзіңмен кім таласса да оларға: «Келіңдер! Бала-

ларымызды,  балаларыңды,  әйелдерімізді,  әйелдеріңді, 

өздер-імізді  және  өздеріңді  шақырып  алайық.  Со-

61

  «Ағраф», 7:157; «Әли Имран», 3:164; «Жұма», 62;2.



62

  «Бақара», 2:79; «Әнғам», 6:91; «Әли Имран», 3:78.



42

Мәңгі мұғжиза

дан  кейін  «Аллаһтың  лағынеті  жалған  айтушыларға 

болсын!»  деп,  қарғасайық  де»

63

.  Осы  аяттан  кейін 



хазіреті  Мұхаммед  (с.а.с.)  отбасын  алып  шығып, 

христиандарға  Ұлы  Жаратушының  жарлығын  жеткі-

зеді. Бірақ олар жалған айтушыға қарғыс тілеуден бас 

тартып,  Исламның  қол  астына  кіріп,  жизия  (салық) 

төлеуге ғана келіседі. Егер, олардың діни сенімі берік 

болса,  еш  ойланбастан  келісім  берер  еді  ғой.  Өз  діні 

дұрыс болған қай дін басы, қалай ғана өз сөзім дұрыс 

деуден бас тартып, салық төлеуге келісе алады? Егер 

Құранды Інжілден көшірген деген дәлелі рас болса, неге 

үнсіз  қалып,  қарғасудан  бас  тартады?  Әлбетте,  олар 

Құранның бұрынғы илаһи кітаптар секілді Жаратушы 

Жаппар  Иеден  келгенін  жақсы  біледі.  Кейбір  тарихи 

деректер  бойынша  олар  еліне  қайтып  бара  жатқанда, 

араларынан бір адам дін басыларынан неге өз дінінің 

намысы мен дұрыстығы үшін қарғаспағанын сұрайды. 

Сонда  олар  егер  келісім  беріп,  қарғасқанда  Нәжран 

жерінің жермен-жексен болатынынан қорыққандығын 

айтып,  жаңа  діннің  хақтығын  мойындайды.  Бірақ  са-

яси  дүниеуаилық  себептермен  Исламды  қабыл  етпе-

генін айтады. Иә, олар Құранның хақтығы мен хазіреті 

Мұхаммедтің  (с.а.с.)  ақиқатын  жақсы  білген.  Олар 

хазіреті Мұхаммедті алғаш естігенде-ақ (с.а.с.) Інжілде 

хазіреті Иса сүйіншілеп кеткен Фарақлит екенін жазбай 

таныған.    Құран  олар  жайлы:  «Өздеріне  кітап  беріл-



гендер оны өз балаларын танығандай жақсы таниды. 

Осыған қарамастан олардың бір тобы әдейі шындықты 

жасырады»,  –  деп  хабар  береді.  Иә,  христиандардың 

басшылары биліктен айырылып қалмау үшін ақиқатты 

теріске  шығаруға  мәжбүр  болған.  Осылайша  христи-

63

  «Әли Имран», 3:61.



43

Құран кімнің сөзі?

ан  әлемі  дін  басылары  мен  мемлекет  басшыларының 

қара  бастарының  қамының  кесірінен  ғасырлар  бойы 

күткен  хазіреті  Исаның  сүйіншілеп  кеткен  адамын 

қабыл етпей, ақиқаттан алшақ қалған. Міне, олар мың 

бес  жүз  жылдан  бері  Құран  нұрынан  мақрұм,  бейма-

за күй кешуде. Хазіреті Исаның «Фарақлит келу үшін 

мен  кетуім  керек»  деп  сүйіншілеген  пайғамбары  өзі 

кеткеннен  кейін  бірнеше  ғасырдан  кейін  келмесе  қай 

уақытта  келмек?  Хақ  Тағала  Иса  пайғамбар  әкелген 

діннің  бұзылуынан  кейін  шамамен  мың  жеті  жүз 

жыл  бойы  ақырғы  пайғамбарды  жібермей,  адамзатты 

қараңғылыққа тастап қоюы қисынға сай іс пе?! 



ҚҰРАННЫҢ ТӘУРАТПЕН ҚАТЫНАСЫ

Кейбір  Құранға  күмәнмен  қарағандар  ондағы  та-

рихи  әңгімелерді  Мәдинада  еврей  ғалымдарымен 

жақсы қарым-қатынас жасап, Тәураттан алуы ықтимал 

деген  негізсіз  жорамалдар  айтады.  Олардың  хазіреті 

Мұхаммедпен  (с.а.с.)  қандай  қарым-қатынаста 

болғаны  жайлы  Құранда  айқын  мағлұматтар  бар. 

Еврейлер  әу  бастан-ақ  хазіреті  Мұхаммедке  (с.а.с.) 

қарсылық  білдіріп,  дұшпандық  жасауға  тырысқан. 

Олардың  ғалымдары  бет-перделері  ашылып  қалмау 

үшін,  кітаптарын  көрсетпеуге  тырысқан.  Олар  не-

гізінде  кітаптарындағы  хабар  бойынша  пұтқа  табы-

нушылармен  соғысатын  бір  пайғамбар  күткен.  Оның 

байрағының  астында  тұрып,  оған  серт  беруді  қатты 

аңсаған. Мәдина аймағында тұратын кейбір еврейлер, 

сол жердің арабтарына «Пайғамбар келгенде пұтқа та-

бынушы сендермен айқасамыз», – деп өздерін мақтан 

тұтып отырған. Оның келуіне санаулы мерзім қалғанын 

да жақсы білген. Бірақ пайғамбарды таңдайтын да жібе-


44

Мәңгі мұғжиза

ретін де, ғаламзатты жоқтан жаратып, тәспінің моншақ 

тасындай  ойнатып,  тізгінін  құдірет  қолына  ұстаған 

Ұлы  Жаратушы  ғой.  Міне,  Ол  өзінің  илаһи  қалауы 

бойынша ғасырлар бойы бұрын көптеген пайғамбарлар 

шыққан еврей ұлтынан емес, араб ұлтынан етіп, жалпы 

қияметке дейінгі жер бетіндегі адамзатқа ата-анасы жас 

кезінде бақилық болған бір адамды пайғамбар етіп жі-

береді. Сонда алдымен Әбу Жаһил секілді туысы оның 

пайғамбар  екенін  білсе  де,  өзінің  сөзіне  қарай  басқа 

рудан  болғандығы  үшін  нәпсісіне  ауыр  келіп,  қарсы 

шыққан.  Меккенің  ауқаттылары  да  Құдай  неге  біз 

секілді дәулетті адамдарды пайғамбар етіп жібермейді, 

бұл болса Әбу Тәлібтің жетімі деп тәкаппарланған. Сол 

секілді еврейлер де көптен күткен пайғамбарлары араб 

ұлтынан шыққаны үшін қызғанышын жеңе алмай, көре 

алмай күндеп, әуелі қастық жасауға тырысқан. Құранда 

бұл ашық баян етілген: «Оларға Аллаһтан өздеріндегі 



Тәуратты растаушы Құран келген шақта, бұрыннан 

(Құран келмей тұрып, келетін ақырзаман пайғамбары 

арқылы) кәпірлерге қарсы жеңіс тілеп жүрсе де, сол 

білген  (Құран)  өздеріне  келген  кезде,  оны  теріске 

шығарды.  Теріске  шығарушыларды  Аллаһ  лағынет 

етсін»

64



Кейде  олар  хазіреті  Мұхаммедтен  (с.а.с.)  рух

65



кәһф  асхабтары

66

  т.б.  сұрақтар  сұрап  мүдіртуге 



тырысқан. Бірақ Құран нақты жауап беріп тұрған. Кей-

де хазіреті Пайғамбар олардың кітаптарындағы бағзы 

мәселе жайлы хабар берсе, олар оны теріске шығаруға 

тырысатын да, ақырында өтіріктері шығуға айналғанда 

64

  «Бақара», 2:89.



65

  «Исра», 17: 17.

66

  «Кеһф», 18:9-25.



45

Құран кімнің сөзі?

ғана  амалсыз  мойындаған

67

.  Әрі  тарихта  да  олардың 



хазіреті Мұхаммедпен (с.а.с.) қандай қарым-қатынаста 

болғаны мәлім. Ендеше, еврей ғалымдарынан алды де-

ген  тұжырым  тіпті  де  жөнсіз.  Егер  Құран  Тәураттан 

көшірме  болғанда,  еврейлер  онымен  қарсыласып, 

қастық  жасап  әуре  болмас  еді.  Ешқандай  да  келісім 

жасамас  еді.  Бар-жоғы  мынау  көшірме  деп,  дәлелдер 

еді  де,  мәселе  бітер  еді.  Өйткені,  хазіреті  Мұхаммед 

(с.а.с.)  оларға  Құранның  Тәурат  секілді  илаһи-уахи 

болып  түскендігін  айтқан.    Олардың  басым  көпшілігі 

арабтарға  деген  күндестіктен  қабыл  ете  алмай,  орын-

сыз  теріске  шығаруға  тырысқан.  Бірақ  бойында  Ұлы 

Жаратушыға деген сүйіспеншілігі бар жандар, әсіресе 

Абдуллаһ  ибн  Сәләм

68

  секілді  ғалымдар  оны  бір 



көргенде-ақ «Мына кісінің жүзінде иненің жасуындай 

да  жалғандық  жоқ»  деп  бірден  мойындап,  мұсылман 

болған.  Атақты  ғұламалардың  оның  әкелген  кітабын 

қабыл  етуі  –  Құранның  илаһи  екендігінің  бұлтартпас 

айғағының бірегейі.  

Және  Құрандағы  тарихи  әңгімелер  Мәдинадағы 

еврей ғалымдары арқылы Тәурат пен Інжілден алынды 

деудің ешбір қисыны жоқ. Өйткені, Құрандағы Тәурат 

пен Інжілде бар тарихи әңгімелер ұсақ мәселесіне дейін  

Меккеде баян етіліп қойған болатын

69

. Мәдинада ғибрат 



үшін қысқа ғана айтылған. 

67

  «Әли Имран», 3:93-95; «Мәида», 5:43.



68

  Абдуллаһ ибн Сәләм – сол уақытта еврейлерлердің арасында 

ең атақты ғұламаларының бірі. Ол мұсылман болмай тұрғанда 

еврейлердің  арасында  атақты  ғалым,  ізгі-парасатты  кісі 

саналған. Кейіннен мұсылман болғанда, олар оған ең төмен 

адам деп одан теріс айналған.

69

  Құрандағы  Меккеде  түскен  тарихи  әңгімелерге  қараңыз: 



«Ағраф» сүресі, Хазіреті Адам: 7:11-25, Хазіреті Мұса: 102-

46

Мәңгі мұғжиза

Тарихи  әңгімелердің  Абуллаһ  ибн  Сәләм  секілді 

ғұламалардан да алынуы қисынсыз. Өйткені, жоғарыда 

айтылғандай сол тарихи әңгімелер ол мұсылман болмай 

тұрып, баяғыда Меккеде түсіп қойған еді. Қиссалардың 

Меккедегі  христиан  Уарақа  ибн  Нәуфалдан  алы-

нуы  мүмкін  деген  тұжырым  да  ақылға  саяр  іс  емес. 

Өйткені,  ол  хазіреті  Мұхаммедке  (с.а.с.)  Құран  түсе 

бастаған жылдары оның ақырғы пайғамбар болатынын 

сүйіншілеп бұл өмірден өткен. Егер Құран одан алын-

са, Меккені алақанындай жақсы білетін меккелік пұтқа 

табынушы  басшылар  хазіреті  Мұхаммедке  (с.а.с.) 

«сиқыршы»,  т.б.  деп  әуре  болмай-ақ  одан  алғанын 

әйгілер еді. Задында, көзі ашық адам Тәурат пен Інжіл-

дегі бұрмаланған тарихи әңгімелерді Құрандағы тари-

хи әңгімелермен салыстырып қараса, алдыңғы екеуінің 

ақырғыға  негіз  бола  алмайтынын  бірден  аңғарады. 

Өйткені,  олардың  арасында  анық  айырмашылықтар 

176; «Юныс» сүресі, Хазіреті Мұса: 10:75-92; «Һуд» сүресі, 

Хазіреті Нұх, 25-49, Хазіреті Ибраһим және Хазіреті Лут: 69-

82;  «Юныс»  сүресі,  Хазіреті  Юсып:  12:15;  «Хижр»  сүресі, 

Хазіреті  Адам,  Хазіреті  Ибарһим,  Хазіреті  Лут:  15:  26-77; 

«Исра»  сүресі,  Исрайыл  ұрпақтары:  17:4-8;  «Кеһф»  сүресі, 

кәһф  асхабы:  18:9-25,  Хазіреті  Мұса:  60-82;  «Мәриям» 

сүресі,  Хазіреті  Зәкария,  Хазіреті  Иахия,  Хазіреті  Мәриям, 

Хазіреті Иса т.б. 19:1-33; «Таха» сүресі, Хазіреті Мұса: 20:9-

98;  «Әнбия»  сүресі,  Хазіреті  Ибарһим:  21:51-70,  Хазіреті 

Дәуіт,  Хазіреті  Сүлейман:  21:78-82;  «Шұғара»  сүресі, 

Хазіреті  Мұса,  Хазіреті  Ибраһим,  Хазіреті  Нұх  т.б.  26:10-

189; «Немл» сүресі, Хазіреті Мұса, Хазіреті Дәуіт, Хазіреті 

Сүлейман:  27:7-44;  «Қасас»  сүресі,  Хазіреті  Мұса:  28:3-

43,  Қарун:  76-82;  «Анкебут»  сүресі,  Хазіреті  Нұх,  Хазіреті 

Ибраһим,  Хазіреті  Лут:  29:14-35;  «Сәбә»  сүресі,  Хазіреті 

Дәуіт,  Хазіреті  Сүлейман:  34:10-14;  «Сад»  сүресі,  Хазіреті 

Дәуіт, Хазіреті Сүлейман, Хазіреті Әюп: 38:14-44; «Зарриат» 

сүресі, Хазіреті Ибраһим: 51:24-37.



47

Құран кімнің сөзі?

бар.  Салыстырып  қараған  адам  Құран  өткен  тарих-

тан  сөз  еткен  деректерді  қазіргі  ғылым  да  дәлелдеп 

жатқандығынан  оның  илаһи  ақиқаттығын  байқауы 

керек.  Ал  алдыңғы  екі  кітаптағы  кейбір  әңгімелердің 

әр  түрлі  баяндалуын  да  елемеу  мүмкін  емес.  Себебі, 

Құран түскен заманда екі кітап та адамдардың қолымен 

бұрмаланып,  түпнұсқасы  сақталмаған  еді.  Мысалы, 

Тәураттан кейін түскен Інжілдің өзі төрт түрлі болып 

кеткен.  Оларды  өзара  салыстырып  қарасаңыз,  арасы-

нан  көптеген  айырмашылықтарға  тап  боласыз.  Мы-

салы,  «Лука»  Інжілінде  Мәриямның  күйеуі  Жүсіпті 

Гелидің  баласы  десе,  Матта  Інжілінде  Яқубтың  бала-

сы деп жазылған (Лука, 3\23; Матта, 1\16). Кейде бір 

Інжілде  болған  мағлұмат  басқаларында  кездеспейді. 

Кейде үшеуінде бар мағлұмат төртіншісінде жоқ. Тіп-

ті, бір Інжілдегі бір уақиға сол кітаптың басқа жерінде 

мүлдем басқаша айтылады. Мысалы, «Матта» Інжілін-

де  Яхия  пайғамбарды  бір  жерде  шегіртке  мен  балық 

жеді десе, басқа жерде оның сол кезде ешнәрсе жеме-

гені  айтылады  (Матта,  3\4;  11\18-19).  Бұдан  басқа  да 

толып  жатқан  қарама-қайшылықтар  бар.  Сондай-ақ, 

Тәурат  та  осыған  ұқсас.  Оның  да  негізгі  түпнұсқасы 

сақталмаған.  Сондықтан  да  ибрани  тілі  мен  грек  тілі 

және  самири  тілінде  жазылған  Тәураттардың  арасын-

да  көптеген  қарама-қайшылықтар  кезігеді.  Мысалы, 

оларда адамның жаратылысы әр түрлі айтылған. Тіпті, 

хазіреті Лут пайғамбардың шарап ішіп, өз қыздарымен 

зина жасағаны жазылған. Бұл – кітапты бұрмалаудың 

ең шектен шыққан түрі. Ұлы Жаратушының адамдарға 

үлгі-өнеге  етіп  жіберген  пайғамбары  ең  нас  адамның 

да  ары  бара  қоймайтын  іс  жасауы  көңілге  қалай  си-

яды? Мұндай бұрмаланған кітап қалай ғана ақиқаттың 


48

Мәңгі мұғжиза

қайнары болмақ?  Бір қызығы, онда хазіреті Мұсаның 

өлімі мен жерленуі жайлы да айтылған. Тәурат Мұсаға 

берілген кітап болса, оның өлімінен кейінгі жағдайлар 

қалай қосылған?

Құранға көз салсақ, оның еврей мен христиандардың 

көптеген  іс-әрекеттері  мен  сенімдерінің  бұрыстығын 

айтып,  сынағанын  көреміз.  Мысалы,  Құран  олардың 

хазіреті  Ибраһимді  өздеріне  тартқандығын  былай-

ша  баяндайды:  «Ей,  әһли  кітап!  Інжіл  де  Тәурат  та 



Ибраһимнен көп уақыт өткен соң түсіріле тұра неге ол 

жайлы таласасыңдар? Осыған да ақылдарың жетпей 

ме? Мейлі, шет жағасын білетін тақырыптар хақында 

пікір  таласуға  шамаларың  жетеді  делік.  Бірақ  біл-

мейтін мәселелер жайлы неге сөз таластырасыңдар? 

Негізінде,  істің  ақиқатын  Аллаһ  біледі,  сендер  біле 

алмайсыңдар.  Ибраһим  еврей  де,  христиан  да  емес, 

ол  ханиф  (Аллаһты  «жалғыз»  деп  білген)  мұсылман 

еді»

70

. «Немесе Ибраһим, Исмайыл, Ысқақ, Яқұп және 

ұрпақтары  «еврей  яки  христиан  еді»  дейсіңдер  ме? 

Оларға:  «Сендер  ме,  әлде  Аллаһ  па  жақсы  білетін?» 

де.  Аллаһ  Тағаланың  білдірген  ақиқатын  біле  тұра 

жасырғаннан артық кім залым болуы мүмкін? Аллаһ 

не істегендеріңнен хабарсыз емес»

71

.



Және Құран: «Олардың қолдарындағы Тәуратты 

растаушы Құран келген шақта, олар бұрын (ең ақырғы 

келетін  пайғамбар  арқылы  кәпірлерге)  үстемдік 

етуді тілеген бола тұра өздеріне Тәуратта таныған 

(Мұхаммед) келген заманда олар қарсы шықты. Қарсы 

шығушыларға Аллаһтың лағынеті болсын»

72



70

  «Әли Имран» сүресі, 3\66-67.

71

  «Бақара» сүресі, 2\140.



72

  «Бақара» сүресі, 2\89.



49

Құран кімнің сөзі?

«Әрқашан оларға: «Аллаһ түсірген Құранға иман 

келтіріңдер» деп айтылса: «Өзімізге түсірілгенге иман 

келтіреміз»  деп,  Құранға  қарсы  болады.  Олардың 

қолдарындағы  Тәуратты  растаушы  Құран  ақиқат. 

Оларға:  «Егер  Тәуратқа  иман  келтірген  болсаңдар, 

бұрын Аллаһтың пайғамбарларын неге өлтірдіңдер?» 

– де»


73

.

«Әрине  олардың:  «Аллаһ  кедей,  біз  баймыз»  де-



ген  сөздерін  Аллаһ  естіді.  Олардың  айтқандары  мен 

жазықсыз пайғамбарларды өлтіргендерін жазамыз да 

оларға: «Күйдіруші азапты татыңдар!» – дейміз».  

Басқа  аяттарда,  оларды  Құранның  тура  жолына 

шақырады: «Ей, Израйыл ұрпақтары! Берген нығметім 

мен  ырыс-берекемді  еске  алыңдар.  Маған  берген 

уәделеріңді орындаңдар. Сонда Мен де берген уәдемді 

орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар. Қолдарыңдағы 

Тәуратты растаушы Мен түсірген Құранға сеніңдер. 

Сондай-ақ, алғашқы қарсы келушілердің бірі болмаңдар. 

Және де аяттарымды арзан бағаға сатпаңдар (дүние 

үшін  бұрмаламаңдар).  Менен  қорқыңдар.  Ақиқатты 

жалғанмен  араластырмаңдар.  Ақиқатты  біле  тұра 

қасақана жасырмаңдар»

74

.



(Мұхаммед)  «Ей,  әһли  Кітап!  (еврей,  христиан) 

Сендер мен біздің арамыздағы бірдей бір сөзге келіңдер. 

Ол: Аллаһ Тағалағадан өзгеге құлшылық етпейік. Оған 

ешнәрсені ортақ қоспайық. Аллаһтан өзге бір-бірімізді 

тәңір тұтпайық» де»

75



Мына  аятта  жасаған  қылмыстары  әшкереленеді: 

«Дегенмен,  олардың  серттерін  бұзулары,  Аллаһтың 

аяттарына қарсы шығулары, пайғамбарларды жазық-

73

  «Бақарас» сүресі, 2\92.



74

  «Бақара» сүресі, 2\40-42.

75

  «Әли Имран» сүресі, 3\64.



50

Мәңгі мұғжиза

сыз өлтірулері және «жүректеріміз перделі» дегендері 

үшін (оларға пәлекет бердік). Әрі Аллаһ Өзіне қарсылық 

көрсеткендері үшін жүректеріне мөр басқан. Сондық-

тан, өте азынан өзгелері иман келтіре алмайды. Және 

(Исаға)  қарсы  шығулары  мен  Мәриямға  үлкен  жала 

жапқандары үшін. Тағы да «Аллаһтың елшісі Мәриям 

ұлы  Иса  Мәсіхті  өлтірдік!»  –  дегендері...  Негізінде, 

олар оны өлтірмеді де, аспады. Бірақ оған ұқсатылды 

(Олар  Исаға  ұқсатылған  сатқынды  өлтірді).  Расын-

да,  ол  жайында  қайшылыққа  түскендер,  әрине,  одан 

күдіктенуде. Олардың оған қатысты мәліметтері жоқ. 

Бірақ күмәннің соңында. Олар оны анық өлтірмеді. Олай 

емес, Аллаһ Тағала оны Өз жағына көтерді. Аллаһ өте 

үстем, хикмет иесі. Әһли кітап Исаға өлуінен бұрын 

сөзсіз иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға 

куә  болады.  Сонда  еврейлердің  зұлымдықтары  мен 

көптеген адамдарды Аллаһтың жолынан адастырған-

дықтары және оларға тыйым салынған бола тұра пай-

да үшін пайыз алулары әрі адамдардың малдарын орын-

сыз жегендері үшін бұрын адал етілген нығметтерді 

харам  еттік.  Олардың  арасындағы  күпірлікке  бой 

алдырғандарға күйзелтуші азап дайындадық»

76

.



Міне,  Құранда  осы  және  басқа  да  осыған  ұқсас 

аяттарға  зер  салыңыз.  Мына  сөздер  шәкірттің  ілім 

үйреткен  ұстазына  айтар  сөздеріне  ұқсай  ма?  Әлде 

бұлар  қателіктерін  түзелтіп,  жөнге  салуға  шақырған 

тәрбиешінің сөзі ме? 

Олардың арасында аса ғұлама адамдардың болғаны 

рас. Бірақ бұлар Құранға шәкірт болған: «Дінді теріске 

шығарғандар: «Сен пайғамбар емессің!» деуде. «Мені 

мен  сендердің  араларыңда  куә  болуға  Аллаһ  Тағала 

76

  «Ниса» сүресі, 4\155-161.



51

Құран кімнің сөзі?

жетіп  асады.  Және  кітап  ілімі  бар  аса  ғұламалар» 

де»


77

.

Әһли  кітаптың  ғұламалары  оның  мұғалімі  бол-



са,  неге  өз  шәкіртіне  аса  терең  мағлұмат  беріп,  оның 

шәкіртіне  айналмақ?  Қандай  ғалым  болса  да  өзінің 

терең ілімімен жазған еңбегін оңайлықпен біреуге бере 

сала ма? Еврей мен христиандардың Тәурат пен Інжіл-

ді  ең  жақсы  білетін  ғұламалары  хазіреті  Мұхаммедке 

(с.а.с.) шәкірт болуы Құранның Аллаһ сөзі екендігінен 

туындамаса, басқа қандай дәлел болуы мүмкін? Саяси 

мақсатпен  дей  қоятындай  олар  мансап  қуған  әкімдер 

емес,  ақиқатты  іздеген  ғалымдар  ғой.  Һәм  олардың 

кітаптарында  жазылғанындай  сол  заманда  ақырғы 

пайғамбар келуі тиіс еді. Олар оны асыға күткен шақта 

хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар болып келді емес 

пе! Егер ол кешіксе, һәм қияметтің жақын қалғанына 

қарағанда ақырғы пайғамбар қашан келмек еді? Иә, бұл 

қисынсыз нәрсе. Осылайша, дәл сәтінде ақырғы Елші 

де келген. 

Қысқасы,  еуропа  шығыстанушыларының  Құран 

хақында  «көшірілу»  яки  «біреуден  алу»  деген 

тұжырымдарында ешбір ғылыми негіз жоқ. 

Һәм  Құранда  жалпы  жаратылыстың  барлық  тыл-

сым сырлары баян етілген. Қазіргі кезде ғалымдар да 

оны  қуаттауда.  Осы  Құранға  ғана  тән  ақиқаттардың 

өзі-ақ  бұрынғы  кітаптардан  көшірілген  деген  жалған 

тұжырымды жоққа шығаруға жетпей ме?

Жалпы  Мекке  мен  Мәдина  аймағына  көз  салып 

қарағанда,  ешкімнің  де,  ешбір  нәрсенің  де  Құранның 

қайнар бұлағы бола алмайтынын байқаймыз.

77

  «Рағыд» сүресі, 13\43.



52

Мәңгі мұғжиза



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет