шАБЫТ, яКИ ОЙ-ҚИяЛ хАҚЫНДА
Құран кісінің қияли сезімінен яки шабыттан туа-
тын сөз емес. Көп болса адам ұзақ қиялдап оның ақыры
шабытқа айналып, өлең немесе соған ұқсас әдемі сөз
тудыруы мүмкін. Бірақ құр қиялдау арқылы адам ба-
ласы ғаламның жаратылысынан бастап, қияметтің
тылсым-сырларына дейін қанық болуы мүмкін бе?!
Мысалы, физика ғылымынан бейхабар адам физикаға
қатысты бір жаңалық ашуы көңілге қона ма? Олай бол-
са, адам жалаң ой яки шабыт арқылы дүниенің түкпір
түңлігін ашып, арғы бетіне көз тастауы ақылға сыйым-
сыз. Яғни, шабыт күшімен өткен шақ пен болашақты
бейне бір экраннан көріп тұрғандай тіпті онымен шек-
телмей, ондағы әрбір елдердің бір-бірінен мүлде бөлек
салт-дәстүр хал-ахуалын баяндауы әсте мүмкін емес.
Алайда Құран сүрелеріне көз салсақ, оның өлеңнің
де қара сөздің стиліне де ұқсамайтын, тек өзіне тән
тәсілімен сомдалып, ақиқатты баян еткенін көреміз.
Оның өлең еместігін барлық араб әдебиетшілері біра-
уыздан мойындайды. Әрі осы керемет кітап өзінен
кейінгі қаншама кемеңгерлердің ұстазы мен тәрбиешісі
болып, миллиондаған ғалымдарға ғаламның тылсым
сырын ұқтырып таң қалдырумен келеді. Бұдан кейін де
осылай жалғаса бермек. Осындай кемел кітапты Ұлы
Жаратушыға тән сөз демей, «бір ақынның қияли сезімі-
нен туған өлең» деу көкірек көзі ашық жандардың ар-
ожданына сияр ма?!
53
Құран кімнің сөзі?
ҚҰРАН МЕН ПАЙҒАМБАР СөЗІНІҢ
АЙЫРМАшЫЛЫҒЫ
ҚҰРАН СТИЛІ
Құран – хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) өз сөзі де
бола алмақ емес. Құран сөзі басқа, әз Пайғамбардың сөз
стилі мүлдем басқа. Сөз өнерін жақсы білетін адамға
екі ақынның өлеңін яки екі жазушының сөйлемін ара-
ластырып оқысаңыз, әрбірі бөлек-бөлек туынды екенін
дереу байқайды. Өйткені, әрбірінің өзіндік стилі бар.
Құран мен хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) сөзінің стилі
де дәл осындай бөлекше. Араб тілін терең білген
ғалымды былай қойғанда, араб тілін білетін жай кісінің
өзі аят пен хадисті ажырата алады. Арабтар хазіреті
Елшінің (с.а.с.) сөздерін жай өздерінің сөздері секілді
айқын айыра білетін. Ал, Құран оқылғанда демдерін
іштеріне тартып, үнсіз, қайран қала тыңдаған. Сын
айтар сөз таппаған. Оның сөз өнері тұрғысынан күллі
араб шайырларынан үстем, адамның қолынан келмес
даралығын жақсы білген. Сондықтан да, Әбу Жаһил
тәрізді Меккенің басшылары күндіз Құранға қарсы
шығып, дауласқанмен түнде Құран оқылған үй сыртын
жағалап, оны тыңдаған. Егер Құран әз Пайғамбардың
өз сөзі болса, өлеңдері Қағбаның қабырғасына ілін-
ген атақты шайырлар онымен қарсыласып жатпай-ақ,
қолма-қол дәлелдеп берер еді. Алайда ешбір ақынның
Құранға қарсы сын айтпағанына тарих куә.
Бірде сол заманның аса бай, араб әдебиетін терең
білетін Утбә ибн Рәбиға Аллаһ Елшісін әкелген дінінен
бас тарқызбақ болып, оны әңгімеге тартып, әкесінің
пұттарға табынғанын айтып, пұтқа табынушылықтың
дұрыстығын дәлелдемек болады. Әз Пайғамбар оны
54
Мәңгі мұғжиза
тыңдап болады да: «Айтып біттің бе?» – дейді. Ол:
«Иә», – деп жауап қатқанда ақиық Елші тізе бүгіп
отырып, «Фұссилат» сүресін оқи бастайды. «Олар
бет бұрса: «Сендерге Ғад, Сәмүд елінің басына кел-
ген нажағайдай апатты ескертемін» аятына келген-
де денесі қалтырап, қолымен Аллаһ Елшісінің аузын
басып: «Тоқтат, Мұхаммед! Иланған Аллаһың үшін
тоқтат!» – деп орнынан тұрып кетіп қалады. Артынша
Әбу Жәһилмен кездескен ол: «Мұхаммедтің оқығаны
маған қатты әсер етті. Өйткені, оқығаны өлеңге мүлдем
ұқсамайды. Ол сөзсіз өлең емес. Сиқыршының сөзіне
де келмейді. Не дерімді білмей тұрмын. Ол һәм тура
сөзді адам ғой. Оның оқығандарын тыңдап отырып,
Ғад, Сәмүд халқының басына келгендері біздің де
басымызға келе ме деп қатты қорықтым», – дейді
78
.
Әрі хадистерге түгел зер салып қарасаңыз одан
Ұлы Жаратушының алдында өзін құл сезініп, терең
тағзым еткен кісінің іс – әрекеті сезілгенін байқайсыз.
Мысалы: «Аллаһым, күш – қуатым болмай әлсіздік
танытқандығымды ел ішінде қор саналғанымды ай-
тып мен Саған мұң шағамын. Иә-ә, Әрхамар-рахимин!
Сен қор болып, төмен саналған бейшаралардың
Раббысысың. Менің де Раббымсың. Мені кімге
тастайсың? Сөзі мен ісі жаман әлдекімдерге ме,
яки жүктелген ісіме киліккен дұшпандарға ма? Егер
маған деген ашуың болмаса, онда шеккен жапа, көрген
қиыншылықтарым мен үшін түк емес. Бірақ қашанда
аса кең рақымдылығыңды қалаймын. Аллаһым, ашуыңа
ұшырағаннан немесе разы болмауыңа душар болу-
дан, Сенің сол бір қараңғылықты жап-жарық етіп
жарқыратып, дүние мен ақырет істерін жөнге салған
78
Ибн Кәсир, әл–Бидайә, 3:80–81;Ибн Хишам, Сирә, 1:313.
55
Құран кімнің сөзі?
Нұрлы Жүзіңе сиынамын. Аллаһым, Сен разы болғанға
дейін кешіріміңді күтемін! Кешіріміңе ынтызар-
мын, ынтықпын! Аллаһым, барлық күш пен құдірет
тек қана Сенің қолыңда»
79
. Иә, Пайғамбарымыздың
өміріне назар салсақ, аса тақуа ғұмыр кешіп, өмір
бойы Хақ тағалаға жалбарынып, Оған құл болуды ең
биік мәртебе санап өткенін байқаймыз. Оның аузы-
нан шыққан әр сөзінен аса кішіпейілділік, ұяңдық,
биязылықты ашуланған шақта да Ұлы Жаратушыға де-
ген құлдығынан айнымағанын, яғни бір сәт те болсын
өзінің бас пайдасын ойламағанын һәм ғазиз ғазауатта
қалың қол дағдарып қалғанда, жалғыз өзі арғымақ атқа
қанат бітіргендей жауға күндей күркіреп шапқандағы
сөздерінен де Хақ тағалаға беріктігі мен адалдығын
байқайсыз.
Алайда Пайғамбарымыздың аузынан есті-
ген Құранның көптеген аяттарының үнінен ас-
там ұлылықты, жаратылғанның мысын басқан
жаппарлықты, әрбір затқа үкімін жүргізген үстемдік
пен патшалық һәм құдіреттілікті аңғарасыз. Құранда
бейне бір күллі ғалам мен ақыретті көрген бір көз және
соларды өз ұлылығын мөр ете басып, аса үстемдігін
сездіре отырып түсіндірген мұғжизалы ғажайып стил
бар. Бұл – Құранға илаһи құдіреттілік иелік еттірумен
қатар, оның илаһи қайнардан аққанын айқындайды.
Күндер мен айларды бір әмірімен тәспінің тастарын-
дай айналдырып, жылдың төрт мезгілін кітаптың бет-
теріндей оп-оңай ашып келтіретін күллі әлемнің Раб-
бысына жарасатын сөздер Құранның төрінен орын
алған. Осы айтылған сөздер – Иесінің ұлылығының ай-
насы. Болмаса құдіреттілікті білдірген мұндай сөздер
79
Бухари, Бәдул–Халқ, 7; Муслим, Жиһад, 11.
56
Мәңгі мұғжиза
жаратылған әлжуаз адам баласынан тууы мүмкін емес.
Оған Құраннан көптеген дәлелдер келтіруге болады.
Мысалы, Нұх кемесіне мініп, жер бетін топан су қаптап,
ақыр аяғында Жаратушы Жаппар Ие:
يِعِلْقَأءاَم َس اَيَو ِكءاَم يِعَلْبا ُضْرَأ اَي َليِقَو
«Ей, жер, міндетің аяқталды, суыңды жұт! Ей,
аспан-көк, қажет емессің жауыныңды тоқтат!»
80
яки
ًاهْرَك ْوَأ ًاعْوَط اَيِتْئِا ِضْرَ ْلِلَو اَهَل َلاَقَف ٌنا َخُد َيِهَو ءاَمَّسلا ىَلِإ ىَوَت ْسا َّمُث
َنيِعِئا َط اَنْيَتَأ اَتَلاَق
«Ей, жер мен көк! Ерікті, еріксіз келіп хикмет пен
құдіретіме бағыныңдар! Екеуі де:»Ерікті түрде келіп,
бізге берген уазипаны Сенің құдіретің арқылы толық
атқарамыз» деді»
81
. Міне, үстемдік пен ұлылықты
қамтыған ақиқи һәм зор әмірлердің құдіреттілігіне
қараңыз! Енді, адам баласының: «Ей, аспан жер беті суға
толды жауыныңды доғар!» деген сөздері мен аталмыш
аяттың түпнұсқасын салыстырып қарасаңыз, екеуі жер
мен көктей екенін байқайсыз. Оқылған аятта аспан мен
жер бейне бағынышты екі сарбаз, ал әмір сол екеуінің
қолбасшысынан келгені ап-айқын сезіліп тұр. Ал, адам
баласы жер мен көкке әмір бермек болып дауыстаса,
онда одан қалың қолдың сыртынан өтіп бара жатқан
мүсәпірдің оларға қолбасшылық етпекші болып, айқай
салған бейшаралығы көрінер еді. Ендеше, Құрандағы
жарлық, әмірлерден Ұлының ұлылығын, хазіреті
Мұхаммедтің (с.а.с.) сөздерінен де «ерікті түрде келіп,
әміріне бас иген» жер мен көк секілді тағзым еткен
80
«Һуд» сүресі, 44 аят.
81
«Фұссилат» сүресі, 11 аят.
57
Құран кімнің сөзі?
құлдың Раббысына бағыныштылығын жанары жарқын,
жүрек көзі өткір жандар ә дегеннен-ақ байқай алады.
РУхАНИ ТөҢКЕРІС
Әрі Құран – бұдан он төрт ғасыр бұрын
қараңғылықты қақ айырып, бүкіл адамзаттың ой-
санасына төңкеріліс жасаған кітап. Ол жеке тұлға,
отбасылық, қоғамдық, экономика және құқықтық
толық заңдар әкелген. Тіпті, сол заңдар ғасырлар бойы
ескірмей, қайта жаңара түсіп, қазіргі замандағы үлкен
мәселелерді шешуге лайық. Ал, хазіреті Мұхаммед
(с.а.с.) мектеп көрмеген, хат танымаған умми адам.
Оған тарих, әсіресе, Құран куә. «Шура» сүресінде: «Сен
бұрын кітап не, иман не екенін білмейтін едің», – дейді.
«Ағраф» сүресінде: «Олар, жанындағы Тәурат пен Ін-
жілде жазылған оқу-жазу білмеген умми пайғамбарға
бағынып, оның ізімен жүргендер» (7:157). Осындай
умми адамның күллі заман перзенттерінің барлық
мәселесін шешіп, бақыттылыққа бастайтын заң қоюы
әсте мүмкін емес. Сіз жас баланың қолынан ғалам
жайлы ой қозғаған терең пәлсапалық кітап көрсеңіз не
ойлар едіңіз? Сол баланың кітапты ежелеп оқығаны
үшін, оны сол жазды дей алар ма едіңіз? Ғаламзатты
бейне кітаптай оқып, мағынасын бүге-шүгесіне дейін
түсіндіріп өткен заман перзенттері мен қазіргі ой-өрісі
дамыған адам баласына ұстаздық еткен Құран хазіреті
Мұхаммедке (с.а.с.) түссе де, оның Құраннан алған ілімі
шектеулі. Бірақ күллі үмметінің ілімі оның ілімінің жа-
нында теңіздің жанындағы тамшыдай ғана. Айтпағым,
Құран жаратылмағандықтан оның мағынасы шексіз.
Әрі Құран – өткен мен болашақтан хабар бер-
ген мұғжизалы ғажайып кітап. Өткенді кешегідей,
58
Мәңгі мұғжиза
болашақты бүгінгі күндей айқын айтқан мұндай кітап
адам баласының сөзі болуы мүмкін бе?! Оның келе-
шек хақында берген хабарлары уақыты келгенде тура
шыққан-ды. Мысалы: «Расында, Аллаһ Елшісінің түсін
ақиқат бойынша тура шығарды. Аллаһ қаласа аман-
есен Харам Мешітіне әлбетте шаштарыңды алды-
рып, не қысқартып бейбіт түрде кіресіңдер. Аллаһ
сендердің білмеген нәрселеріңді білген еді. Сондықтан,
бұдан өзге жақын жеңіс нәсіп етті»
82
.
Осы аят түсердің алдында Аллаһ Елшісі һижраның
алтыншы жылы мың төрт жүз сахабаларымен Қағбаны
зиярат етуге шыққан еді. Бірақ меккеліктер бұларды
қабыл етпеді. Әйтсе де, соғысудан қорқып келісім шарт
жасауға шақырады. Келісім шарт Меккеден елу-алпыс
шақырым қашықтықтағы «Худайбия» деген жерде жа-
салады. Осы келісім бабтарын мұсылмандар емес, мек-
келік мүшріктер жасап, Аллаһ Елшісінен тек қана қол
қойылуларын талап етеді. Арадағы бейбіт келісім мы-
надай бабтардан тұрады:
«1. Мұсылмандар мен мүшріктер тыныш, бейбіт
өмірді қамтамасыз ету үшін 10 жыл бойы бір-бірімен
шайқаспайды.
2. Пайғамбар мен мұсылмандар биыл Меккеге кір-
мей, кері қайтады. Келер жылы қастарына қылыштан
басқа қару алмай келіп Қағбаны тауап етеді, Меккеде
үш күн қалады. Бұл мерзім ішінде мүшріктер қаланы
босатады.
3.
Мәдинадағы
мұсылмандардан
Меккені
паналағандар болса, мұсылмандарға қайтарылмайды.
Бірақ Меккеден Мәдинаға барғандар, мұсылман болса
да сұралған сәтте кері қайтарылады.
82
«Фатх», 26:27.
59
Құран кімнің сөзі?
4. Араб тайпалары өз қалаулары бойынша Аллаһ
Елшісіне (с.а.с.) немесе құрайыш мүшріктеріне жақта-
са алады»
83
.
Осы бабтар сырттай қарағанда мүшріктерге ғана
пайдалы көрінеді. Алғашқыда сахабалар олардың
ұсыныстарына келісе алмады. Әсіресе, Мәдинаға кел-
ген мұсылмандарды дұшпан қолдарына өздері беруі
мен арнайы келіп тұрған жерден Қағбаны көрмей кері
қайтулары оларға өте ауыр тиді. Сондықтан да хазіреті
Омар шыдай алмай Аллаһ Елшісіне келіп: «Сен
Аллаһтың Елшісі емессің бе?» – дейді.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.): «Иә, солай. Мен
Аллаһтың пайғамбарымын».
Хазіреті Омар: «Біз мұсылмандар хақ жолда, ал
мүшріктердің теріс бағытта екені де рас па?»
Аллаһ Елшісі: «Иә, солай».
Омар: «Ендеше, дінімізді аяққа таптатуға үнсіз
қала бермекпіз бе? Мұндай қорлыққа неге жол береді?»
– дейді.
Хақ тағаланың Елшісі: «Ей, Омар, мен Аллаһтың
құлы әрі елшісімін. Ешқашан Аллаһ Тағаланың әміріне
қарсы шықпақ емеспін. Мен бар болғаны Оның
жарлығын орындаушы ғанамын. Аталмыш келісім
шартты қабылдауым да Аллаһ Тағала қарсылық емес.
Ол маған ешқашан жапа шектірмейді», – деп жауап бе-
реді.
Омар сол кезде: «Сен бізге Аллаһ жәрдемші бола-
тынын, Қағбаны бәріміз бірге тауап ететіндігімізді ай-
тып уәде берген жоқ па едің?» – дейді.
83
Дамира Өмірзаққызы, Адамзаттың асыл тәжі, 2 том. 209 бет.
60
Мәңгі мұғжиза
Аллаһ Елшісі: «Уәде бергенім рас. Бірақ дәл биыл
тауап етеміз демедім, бірақ Меккені сөзсіз зиярат
етесің», – дейді.
Омар сонда да тынши алмай Әбу Бәкірге келді.
«Ей, Әбу Бәкір, хазіреті Мұхаммед (с.а.с.)
Аллаһтың хақ пайғамбары емес пе?» – деп сұрады.
«Иә», – дейді Әбу Бәкір, – «Ол хақ пайғамбар».
«Біз – мұсылмандар тура жолда, ал дұшпандарымыз
– мүшріктер бұрыс жолда екені рас қой?»
«Иә, біздікі – ақ, олардың ұстанғаны – дұрыс
емес».
«Солай екенін біле тұра дінімізді қорлатып
қоймақпыз ба?»
«Омар! Мұхаммед (с.а.с.) – Аллаһтың елшісі. Ол
Раббына қарсы шықпайды. Аллаһ Оның көмекшісі!
Сен соның әміріне мойынсұнғанды біл!» – дейді
салмақтап.
Омар сонда да болмай: «Ол бізге Мәдинадан
шықпай тұрып Қағбаға барамыз, тауап етеміз демеп пе
еді?» – деді.
«Иә, солай деген. Бірақ Қағбаны биыл тауап етеміз
деп кесіп айтып па еді?» – дейді.
– «Жоқ».
– «Сен Қағбаны жақында зиярат етесің», – деп, Әбу
Бәкір досына демеу берген еді.
Хазіреті Омар арадан көп уақыт өткенде осы
қылығына өкініш білдіреді
84
.
Қалған сахабалар да Аллаһ Елшісінің «Құрбандар-
ыңды осы жерде шалып, кері қайтыңдар» деген әміріне
әу баста не дерін білмей дағдарып қалады. Бірақ Аллаһ
Елшісі сахабаларының осындай күйге душар боларын
84
Сол жерде.
61
Құран кімнің сөзі?
білсе де, бейбіт келісімге ләм-мим демей қол қойған.
Алайда оның орнында жай бір қолбасшы болғанда
адамдарының өзіне деген сенімін жоғалтпау мақсатымен
келіспес еді. Негізі өмірінің таяқ тастам жерінің не бо-
ларын білмейтін жай пенде мұндай шартты қабылдауы
мүмкін емес еді. Міне, олардың реніш білдіріп, дағдарып
тұрған кезінде жақында жеңетіндері жайлы осынау
аят түседі. Ал сол кезде жеңіс былай тұрсын, өздері
қорланып қалған шағы еді. Аллаһ Елшісінің сахабала-
ры Пайғамбарларына мойынсұнып, шарасыз қабыл ет-
кен мүшріктердің келісім шарттарының жеңістің баста-
масы екендігін кейіннен біліп, Хақ Пайғамбарға деген
сенімдері арта түседі. Артынша, сол жерде есін жиып
құрбандарын шалған. Демек, «Худайбия» келісім шар-
ты тұп-тура жеңістің өзі еді. Осы жерде келісім шарттың
қалай жеңіс әкелгенін сараптайық:
Бірінші: Осы бейбіт шақтан кейін «Исламның
қылышы» атанған Халид ибн Уәлид мұсылман болған-ды.
Ол айқаста жеңіліп, тізе бүгетін адам емес еді. Қаһарман
адамды қылыштан қорқып мұсылман болды деудің
жөні жоқ. Егер бейбіт кезең орнамағанда оның Исламға
кіруі екіталай еді. Соғыс тоқтап, тыныштық орнағанда
қолбасшы Халидтің қолы босап, өткен уақиғаларға ой
жүгіртудің сәті түскен. Мұсылмандардың Худайби-
яда сырттай қорланса да олардың келесі жылы келіп,
Меккеде зиярат етуі оған қатты әсер еткен. Олардың
бір-біріне деген бауырмалдығы, кішіпейілділіктері,
әсіресе, Аллаһ Елшісіне деген сүйіспеншіліктері оның
жүрегінің мұздарын жібітіп жіберген. Әсіресе, Рақым
Пайғамбарының Аллаһ Тағалаға деген құлшылығы,
айналасына шашқан мейірім-шапағаты оның көңіліне
сәуле түсіріп, бойына қарқын жүргізген. Өзін олар кет-
62
Мәңгі мұғжиза
кенде бейне мына әлемде жалғыз қалғандай сезініп,
мұңға батқан. Ақырында, ол Аллаһ Елшісінің құзырына
өз еркімен барып, мұсылмандығын жария етті. Кейін-
нен Ислам қаһармандарының бірі аталған Амр ибн Ас
та дәл солай күй кешіп, соңында ол да жалғыздық пен
жалған намыстан жалығып өз еркімен мұсылман болған.
Осылайша, жылдар бойы мұсылмандарға қарсы шапқан
мүшрік батырлары мұсылмандықты танып, хазіреті
Мұхаммедке (с.а.с.) үммет болған. Сөйтіп, қаншама
мүшріктер өздерінің бұрыстығын аңғарып, көбелектей
боп жарыққа ұмтылған.
Екінші: Сол күнге дейін меккеліктер өзге тайпаларға
жоғарыдан қарап, Қағбаға иелік етіп, рұқсатсыз оған
ешкімді жақындатпайтын. Басқалар ақы төлеп қана
зиярат жасай алған. Алайда Худайбияда жасалған
келісім шартта бұндай бап жоқ еді. Бұл олардың ең
үлкен қателіктері болатын. Келесі жылы мұсылмандар
Қағбаға салықсыз кіріп, тауап еткенде, Араб түбегіндегі
тайпалар Қағбаның иесі жалғыз меккеліктер еместігін
аңғара бастаған-ды. Осылайша, олар да Қағбаны ортақ
меншіктеп, меккеліктер қожайындығын жоғалта баста-
ған. Салықсыз қалғандықтан меккеліктер қаржылық
биліктен де айырылатын еді. Ал оларға салық негізгі
тірек болған.
үшінші: Сонымен он жыл бейбіт келісім жасал-
ды. Осылайша, қайда болсын тыным бермей, қудалаған
Құрайш мүшріктері мұсылмандарға он жыл мұрсат
берді. Бұл Ислам дінінің Араб түбегіне жайылуы-
на жасалған үлкен мүмкіндік деген сөз. «Аллаһтың
жәрдемі мен жеңісі келген кезде, адамдар топ-тобымен
Аллаһтың дініне кіреді» деп аятта сүйіншілеген шақ
осы болған. Он жыл деген жаңа ұрпақтың өркен жаюы
63
Құран кімнің сөзі?
емес пе?! Алайда мүшріктер оларға мұндай жағдай
жасағанын білмеді де. Осы аралықта мұсылмандардың
тынысы кеңейіп, қанатын жайды.
Төртінші: Осы бейбіт келісім шарты екі жақтың
өзара араласуына жол салды. Меккеліктер Мәдинаға
келіп, ондағы мұсылмандардың жәннат өмірін көргенде
таңданыстарын жасыра алмаған. Әуеде жаңғырған
азандар, жамағатпен оқылған намаздар, адамдардың
бір-біріне деген ізгі қарым-қатынастары оларды ғажап
әсерге бөлеген. Ислам Меккеде де таралып, Құран
хабарының кірмеген үй қалмаған. Бұл нағыз жеңіс еді.
Бесінші: Құрайш мүшріктерінің бір кездері Мек-
кеден қудалаған адамымен енді келіп Меккеге жақын
жерде келісім шарт жасауы – Исламның билікке жеткен-
дігін мойындаулары еді. Осыдан кейін Араб түбегінің
барлық тайпалары Аллаһ Елшісімен мемлекетаралық
байланыс құра бастаған. Аллаһ Елшісінің мемлекетін
меккеліктер мойындағанда, өзге елдер де мойындауға
мәжбүр болған. Өйткені, Мекке – Араб әлемінде басты
орында тұр еді
85
.
СүЙІНшІ хАБАР
Мұсылмандар Мекке кезеңінің алғашқы жылда-
рында өте әлсіз болды. Олардың басым көпшілігі ке-
дейлер еді. Сол себепті Меккенің әл-ауқатты пұтқа
табынушыларынан азап шегіп, Қағбада Хақ тағалаға
құлшылығын толық жасауға да мүмкіндіктері жоқтын.
Қолына қару ұстап ақиқи дін үшін күреспек тұрмақ,
үстемдердің соққысынан бастарын да көтере алмаған.
Мемлекет құрып, билік жүргізу былай тұрсын, жаңа
түскен аяттарды үйрену үшін Әркам сахабаның үйіне
85
ән-Нурул-Халид, 487 бет.
64
Мәңгі мұғжиза
түн жамылып жүріп әрең жиналатын. Аңдып жүрген
тыңшылар арқылы қолға түссе, «Аллаһ», «Ұлы Жа-
ратушым» дегендері үшін соққыға жығылған. Міне,
осындай заманда мынадай аят түседі: «Аллаһ сен-
дерден иман келтіріп, ізгі іс істегендер үшін, өздерінен
бұрынғыларға үкімін жүргізуші еткеніндей жер жүзіне
үкімін жүргізуді уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі
разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бей-
бітшілікке жеткізеді»
86
. Осы аятта оларға болашақта
дінін қуаттандырып, әлемді басқаратынынан хабар
беріп, сүйіншілеуде. Уәде еткеніндей Ислам діні күш-
қуатқа ие болды. Айналасында әлсіз бірнеше адамы
бар, болашақ тұрмақ ертеңінің не боларынан хабарсыз,
оқу-жазу білмейтін бір кісінің өздігінен сенімді түрде
бұлай айтуы мүмкін емес қой. Айтқаны айдай анық
шыққанына қарап-ақ, бұл сүйіншілік хабары адамнан
емес, күллі заманға үкімін жүргізуші Аллаһ Тағаладан
келгендігі айқындалады.
Құран астрономия, химия, физика т.б. ғылым сала-
ларына байланысты жаңадан ашылып жатқан жаңалық-
тарды сол уақытта-ақ баян еткен. Және келешекте ашы-
латын жаңалықтардың бәрі Құранды растайтыны дау-
сыз. Құранда: «Біз аяттарымызды (Ұлы Жаратушы-
ның дәлелдерін) сыртқы әлемде және өз іштеріңде
көрсетеміз. Сол уақытта Құранның ақиқат екендігі
айқындалады»
87
дейді. Ендеше, ғаламның жаратылы-
сы мен оның тылсым-сырларын Құранда кім баян етуі
мүмкін? Сол заманның барлық ғалымдары жиналса да
олардың он ғасырдан кейін ашылатын жаңалықтарды
ашуы еш қисынсыз. Тіпті, оқымаған адамның ілім
86
«Нұр», 24:55.
87
«Фұссилат», 41\53.
65
Құран кімнің сөзі?
хақында сөз айтуы әсте мүмкін емес қой. Ендеше,
мұндай тылсым-сырларды соларды жаратушы ғана біл-
мек. Ол – Ұлы Аллаһ.
Қандай да бір адам құнды кітап жазып, мұндай кі-
тапты енді ешкім жаза алмайды деп барлық заманның
адамдарына жар салуы лайық емес. Өйткені, адамның
жазғанын адам жаза алады, яки толықтыра, сынай да
алады. Әсіресе, өткен ғасырда жазылған кітапты ке-
лесі ғасыр перзенттері одан әрі өрбітуі, яки жарамсыз
етуі әбден ықтимал. Алайда Құран сол түскен орта-
сы мен жалпы заман перзенттеріне «Егер құлымызға
түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер де
соған ұқсаған бір сүре келтіріңдер, Аллаһтан басқа
көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас болса.
Егер оны істемесеңдер, (негізінде болашақта да) әсте
істей алмайсыңдар»
88
деп барлығын таласқа шақырған.
Ол түскеннен кейінгі әрбір ғасыр онымен таласудан
бас тартып, оған өресі жетпейтінін мойындаумен ке-
леді. Ендеше, Құранның жаһанға «жаза алмайсыңдар»
деп жар салып, түскен ортасындағы адамдардың оған
теңесіп жаза алмауы – оның мұғжиза екенін айғақтаса,
одан кейінгі ғасырлардың күресе алмауы – оның
мұғжиза кітаптығын растап, куәлік етуі дейміз.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) жанындағы доста-
рын қатты жақсы көрген. Олар да оған соншалық
берік болған. Алайда кейде түскен илаһи бұйрықтар
«мүжмәл»
89
түрде түсіп, Пайғамбар да, сахабалар да
келген бұйрықтардың негізгі мақсатын біле алмаған.
Енді, қандай данышпан адам ешкімнің түсіне алмай-
тын сөздерін айтып, мақсаты не екендігі беймәлім
88
«Бақара», 2:23-24.
89
Мүжмәл: Мағынасы айқын емес, түйін аяттар.
66
Мәңгі мұғжиза
бұйрықтар беріп, достарын күйзеліске түсіруі мүмкін?
Бұл – оның үкім беруші емес, орындаушы, сөз сөйлеуші
емес, хабаршы екендігіне айқын дәлел емес пе? Мыса-
лы, мына аятқа көз салайық: «Көктерде һәм жерде-
гі нәрселердің бәрі Аллаһтікі. Іштеріңдегілерді паш
етсеңдер де жасырсаңдар да Аллаһ онымен сендерді
есепке тартады»
90
жарлығы түскенде сахабалар қатты
күйзелді. Олар бұл аятты іштегі толассыз аққан ойлардың
бәріне де ақыретте есеп болады деп жорамалдаған еді.
Алайда пенденің жүрегінен не өтпейді? Кейде адам
еркінен тыс жаман ойлар пенденің жүрегін жаралап,
санасын сансыратады. Кейде нәпсіге беріліп, жаман
ой құрдымына түседі де, іске асыруға келгенде ғана
есін жиып, Құдай тағаладан кешірім тілеп, өзіне-өзі
келеді. Қатты мұңайған сахабалар ақырында хазіреті
Мұхаммедке (с.а.с.) келіп: «Пайғамбарым, мына түскен
аятқа шыдауға қауқарымыз жетпей бара жатыр? Не
істейміз?» – деген. Ол сонда: «Түсінбедім! Сендер
бұрынғы екі әһли кітаптың (яһудей, христиан) деген-
деріндей «есіттік, бірақ біз бұған қарсымыз» дегілерің
келіп тұр ма? Қайта сендер: «Есіттік те мойынсұндық.
Я Раббымыз! Бізге рақым етуіңді тілейміз. Ақыр
соңында біз Саған ораламыз» – деңдер», – дейді. Олар
осылайша дұға етіп, Хаққа жалбарынды. Ақырында
Аллаһ Тағала осы аяттың мән-мағынасын түсіндірген
жарлығын түсірді: «Аллаһ ешкімге көтере алмайтын
жүк бермейді. Әркімнің жасаған жақсылығы өз пай-
дасына, жамандықтары да өзіне.(Сендер былай дұға
етіңдер): «Раббымыз! Кейде ұмытып яки жаңылысып
жатсақ, сол үшін бізді жауапты етіп, есепке тартпа!
Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей
90
«Бақара», 2:284.
67
Құран кімнің сөзі?
ауыр жүк арқалатпа. Раббымыз! Бізге көтере алмай-
тын жүк берме! Бізді ғапу ет, бізді кешір, бізге рақым
ет! Иеміз Сенсің! Бізге кәпірлерге қарсы жәрдем
бер!»
91
. Осыдан кейін олар жүректегі еріксіз жаман
ойларға жауапты болмайтынын білді. Егер, хазіреті
Мұхаммед (с.а.с.) әуелгі аяттың мағынасын білгенде,
сахабаларын күйзелтпей-ақ, дереу түсіндірер еді ғой
92
.
Өйткені, сахабалардың бәрі кімге іштей жаман ой кел-
мейді деп, ақыретте қатты есепке тартылатынын ой-
лап қайғырғандары сонша, тағаттары таусылуға шақ
қалған еді. Алайда хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) те аяттың
мағынасын түсінбегендіктен олармен бірге күтуіне
тура келді. Егер өзі жазған болса, достарын қинамай-ақ
айта салмас па еді? Әрі өзі жазған болса, Әбу Бәкір, Ос-
пан т.б. жақын достары бізді қатты қинама демейтін бе
еді? Һәм Құран Аллаһ Тағаланың сөзі болмай оның сөзі
болса, оны жанындағы достары білер еді. Сонда Әбу
Бәкірлер әдейі оның адамның сөзі екенін біле тұра, сол
сөздерді бейне бір Ұлы Жаратушыдан келгеніне өздерін
сендіріп, күні-түні шын беріле жылап, қатты күйзеліске
түсер ме еді? Елін жақсылыққа жеткізем деп, өздерін
осыншалық екіжүзділікке қия ма?
Сахабалардың да аятқа соншалық берілулері – оның
Құдай тағаладан келгендігінің айғағы. Ал, аятты түсіріп,
оларды қатты күйзелтіп сынаған Аллаһ Тағала еді. Не-
гізінде, батыстық шығыстанушылардың Құранды адам
жазды деген күдіктері де адамдар үшін Аллаһ Тағаланың
тағы бір сынағы. Бірақ кейбір бейбақтар Құранмен
таласпақ болып, қазіргі заманда ғалымдардың әлемді
91
«Бақара», 2:286.
92
Абдуллаһ Мухаммед Драз, Ен мүһим месаж Куран (ауд:Суат
Йылдырым), Анкара. 1985, 27 бет.
68
Мәңгі мұғжиза
енді ғана ежелеп оқи бастаған әріптері онда баяғыда
барлығын біле тұра күдіктендірушілердің құрған ауына
шырмалып жатса, ақыл-есі бар пенденің өз кінәсі. Атал-
мыш аятта айтылғандай «Әркімнің жасаған жамандығы
өзіне».
Достарыңызбен бөлісу: |