Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет5/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

ПАЙҒАМБАР өНЕГЕСІ

Аллаһ  Елшісі  өмір  бойы  Құран  оқып,  ондағы 

жәһаннамға  қатысты  аяттарды  оқығанда  көз  жаста-

рын тия алмаған. Сонда қырық жасына дейін бір ауыз 

өтірік айтпаған адамның қырықтың қырқасынан кейін 

халқының  бақыты  деп  Ұлы  Жаратушының  атынан 

жалған сөз сөйлеп, өмір бақи, тіпті жалғыз қалғанда да 

өтірік жылап, елді алдап екі жүзділікпен өтуі мүмкін бе? 

Әрі одан кейін қаншама ақиқатты аңсаған кемеңгерлер 

оның өмірін тұтастай зерттегенде де оның жалпы бол-

мысынан ақиқаттан өзге еш нәрсе көре алмаған. 

Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.с.)  пайғамбарлықтан 

бұрын  және  кейінгі  барлық  үлгілі  ғұмыры  Құранның 

Ұлы  Жаратушының  кітабы  екендігіне  бұлтартпас 

дәлел.  Ол  пайғамбарлықтан  бұрын  қырық  жасына 

дейін меккеліктер арасында «әл-Әмин» (сенімді) деген 

атқа  ие  болған.  Барлық  меккеліктер  оны  осылай  та-

нып, қалтықсыз сенді.  Оның бір куәсі Қағбаның қайта 

жөнделіп, қара тасты орнына қою туралы рулар арасын-

да туған даудың үстіне түскен шақтағы меккеліктердің 

қатты қуанулары еді. Меккеліктер арасында қара тасты 

қай ру қою керектігіне қарар бере алмай, ақыр соңында 

Қағбаға  алғаш  келген  адамның  үкіміне  көнуге  келіс-

кенде  көп  ұзамай  есіктен  Абдулмутталибтің  немересі 

көрінген.  Барлық  меккеліктер  «Мұхаммед  әл-Әмин» 

деп  қуана  қарсы  алып,  бірауыздан  беретін  үкіміне 



69

Құран кімнің сөзі?

ризалық  білдірген

93

.  Хазіреті  әл-Әмин  (с.а.с.)  ел  ара-



сында осындай лауазымға ие болып, иненің жасуындай 

да жалған сөйлеп көрмесе, қырықтан кейін аяқ астынан 

Ұлы Жаратушының атынан жалған сөйлеуі лайық па? 

Ендеше, оның ұлы дағуаның атынан халыққа маңызды 

нәрселерді  толық  сеніммен  аптықпай,  асықпай  нық 

сөйлеуі – ақиқаттың айғағы. 

Дін 

дұшпандары 



оның 

сенімділігін 

пайғамбарлықтан кейін де жоққа шығармаған. Хазіреті 

Мұхаммед (с.а.с.) көрші елдің патшаларын хат арқылы 

Ислам  дініне  шақырды.  Соның  бірі  Рим  императоры 

еді. Ол хатты оқыған соң Шамда жүрген Әбу Суфиян-

ды шақырып, ол жайлы сұрады:

– Оған ең көп қосылып жатқан кімдер, байлар ма, 

кедейлер ме?

– Кедейлер.

– Оған иман еткендердің арасынан бас тартқандар 

болды ма?

– Қазірге дейін бола қойған жоқ.

– Сандары артып жатыр ма, әлде кеміп жатыр ма?

– Күн сайын артуда.

–  Ғұмырында  жалған  сөйлегенін  естіп  көріп  пе 

едіңдер?

– Жоқ, ешқашан естімедік.

Хаттан  әсер  алып,  сол  кездегі  мұсылманның  қас 

дұшпаны Әбу Суфиянның жауабына тәнті болған Рим 

императоры: Осы уақытқа дейін жалған сөйлемеген ада-

мның енді келіп Ұлы Жаратушы атынан жалған сөйлеуі 

әсте мүмкін емес, – деп, байыпты ой тастаған

94

.



93

  Муснәд, 3/425; Ибн Һишам, 1/209.

94

  Бухари, Бәд´ул-Уахи, 6; Муслим, Жиһад, 74.



70

Мәңгі мұғжиза

Енді  сіз  хазіреті  Ахмедтің  (с.а.с.)  айналасындағы 

сахабалар  мен  одан  кейінгі  ғасырлардағы  мыңдаған 

ғалымдар  мен  әулиелерге,  тақуа  жандарға  көз  салып 

көріңізші!  Жылдар  бойы  жанында  жүрген  сахаба-

лар,  ғұмырын  діннің  ақиқаттығына  арнаған  кейінгі 

ғұламалар, ақиқатты аңсап өзге діннен Исламға кіріп

95



шөлін басқан қаншама көзі ашық жандардың жалғанды 

жарық  шындықтай  көріп,  бәрі  бірауыздан  алданып 

қалулары  ақылға сия ма? Бәрі де ақылға салып, қисынға 

тартып, ақырында бірауыздан Құранның ақиқаттығын 

қабыл еткен.

Аллаһ  Елшісі  кейбір  жағдайларға  байланысты 

қатты қиналатын да, бірақ оның шешімін Құран аяты-

нан таба алмайтын. Егер өзінің жазғаны болса, мәселені 

ушықтырмай  шеше  салмас  па  еді?  Мысалы  «ифқ»

96

 



оқиғасына қарап көрейік. Бірде Мәдинада мұнафықтар 

хазіреті Айшаның абыройына кір келтіріп, жала жап-

ты.  Бірақ  оның  пәктігіне  қатысты  уахи  келмегендік-

95

  Қазіргі  дейін  Исламды  зерттеген  өз  дініне  берік  көкірек 



көзі  ашық  жандар  арасында  мұсылман  болмағандар  өте  аз 

кездескен.  Ал  өз  дінін  жақсы  танып,  өзге  дінді  зерттеген 

көкірек  көзі  ашық  мұсылмандардың  арасында  өзге  дінге 

өткен ешкім болмаған. 

96

  Ифқ оқиғасы: Хазіреті Айша бір сапардан қайтып келе жатып, 



жолда түйесінен түсіп, түзге кетеді. Бірақ бұл түйесіне қайта 

келгенде керуеннің кетіп қалғанын көреді. Керуеншілер түйе 

үстіне  құрылған  жабық  шатырдың  ішінде  отыр  деп  ойлап, 

түйесін  жетектеп  кете  барған.  Осылайша  ол  жолда  қалып 

қояды.  Бірақ  керуеннен  қалып  қойғандарды  түгендеп  артта 

келе жатқан керуен түгендеушісі сахаба мұны байқап қалып, 

ләм-мим  демей  түйесіне  мінгізіп,  үйіне  жеткізіп  салады. 

Бірақ Мәдинаның мұнафықтары (сырттай мұсылман, іштей 

кәпір) осыны пайдаланып, оған зина жасаған деп жала жауып, 

жаһанға жар салады.



71

Құран кімнің сөзі?

тен  ел  арасында  өсек  отша  лаулады.  Пайғамбарымыз 

болса  сабыр  сақтап:  «Мен  оның  жақсы  халінен  басқа 

ешнәрсе білмеймін» дегеннен басқа еш нәрсе айта ал-

мады. Істің анық-қанығына жету үшін сахабаларымен 

ақылдасты. Осылайша бір ай өтті. Ақырында бәрі біра-

уыздан  «одан  күмәнданатындай  оғаш  пиғылы  болған 

емес»  деді.  Пайғамбарымыз  хазіреті  Айшаға  келіп: 



«Айша,  маған  жақсылап  құлақ  сал.  Мен  сен  жайын-

да пәлен-түген сөз есіттім. Егер кінәсіз болсаң, Аллаһ 

сені ақтайды. Ал егер күнә жасаған болсаң Аллаһтан 

кешірім  тіле»  дейді.  Мына  айтылған  сөздер  ғайыпты 

біле  алмайтын  адамның  сөзі.  Анық-қанығына  жетпей 

күмәнданбайтын  сенімді  достың  сөзі.  Бірақ  хазіреті 

Мұхаммед  (с.а.с.)  орнынан  тұрмай  жатып,  Аллаһ 

Тағаладан уахи түсіп, хазіреті Айшаның адалдығы мен 

пәктігін жария етті

97

. Егер Құран өз сөзі болса, мәселені 



тым созбай-ақ оның адалдығы жайында хабар бермес 

пе еді? Өмірінде пенденің атынан жалған сөйлемеген 

адам, Аллаһ Тағаланың атынан қалай жалған сөйлесін?! 

Задында, пайғамбарлар жоғарыдан келген бұйрықтарға 

ғана бағынады. Міне, хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) бір 

ай бойы өзінің отбасына кір келтірер жалаға да өздігінен 

үкім  айтпауы  –  оның  уахиға  ғана  бағынып,  әрекет 

ететіндігін  дәлелдейді.  Құранда  Аллаһ  Тағала:  «Ол 



(Мұхаммед) кей сөзді өзі айтып, Бізге таңса, әлбетте, 

оның оң жағынан қолға алар едік. Сосын оның күре та-

мырын кесер едік»

98

 дейді. 



Негізінде,  уахидің  бір  айдан  кейін  келуінде 

хикмет  бар.  Алдымен  өз  Елшісінің  (с.а.с.)  тек  қана 

бұйрықпен  жүретінін,  өздігінен  сөз  айтпайтындығын, 

97

  Бухари, 6 баб. «Нұр» сүресі бөлімінде.



98

  «Хаққа сүресі», 44:46.



72

Мәңгі мұғжиза

яғни пайғамбарлығы мен Оның толық құлы екендігін 

айғақтаса, басқа тұрғыдан оның Аллаһ Тағалаға деген 

мойынсұнғандығы  мен  беріктігін  һәм  сабырлылығын 

үмметіне өнеге етіп көрсеткен. Әрі үмбетінің Елшісіне 

деген адалдығы мен беріктігін анықтап, мұнафықтардың 

ішкі пиғылдарын жария еттіру үшін еді. 

ҚАЛАУ хИКМЕТІ

Құранның Пайғамбарымыздың өз сөзі еместігінің 

бір  дәлелі  –  уахидың  кейде  өз  қалауына  қайшы 

түрде  түсуі.  Құран  кейде  оның  көзқарастарындағы 

қателіктерінен хабар беріп, кейде қаламаған нәрсесіне 

рұқсат беретін. Кейде кейбір іс-әрекеттері үшін қатты 

ескертулер алатын. Мына аятқа қарайық. «Сол уақытта 

өзіне Аллаһ та бақ берген, сен де бақ берген Зәйтке: 

«Жұбайыңмен ажыраспа,, Аллаһтан қорық!» – деуде 

едің. Аллаһтың жариялайтын нәрсесін көңіліңде жа-

сыруда едің. Адамдардан корқасың. Негізінде қорқуға 

Аллаһ  лайық.  Сонда  одан  Зәйіт  ажырасқан  кезде 

оны саған некелендірдік. Бұл мұсылмандарға асыран-

ды  баласынан  ажырасқан  әйелдерге  үйленудің  кінәсі 

жоқтығын көрсету үшін. Аллаһ әмірі орындалады»

99



Зәйт  ибн  Харис  қара  нәсілді  адам  еді.  Хазіреті 

Мұхаммед (с.а.с.) оны құлдықтан азат етіп өзіне асы-

ранды  ұл  етіп  алған-ды.  Ондағы  мақсат  –  адамдар 

арасындағы  нәсілге  бөлінушілікті  жойып,  «Аллаһ  на-

зарында ең қадірлі болғандарың – Одан көп қорыққан-

дарың»


100

 деген аяттың мағынасын іске асыру еді. Әрі 

асыранды баланың өз баласындай бола алмайтындығын 

көрсету еді. Айтқандай-ақ кейіннен аят түсіп, асыранды 

99

  «Аһзаб» сүресі, 33:37.



100

 «Хұжырат» сүресі. 13.



73

Құран кімнің сөзі?

бала өз баласындай болмайтындығын баян етті. Осыдан 

кейін  Зәйт  «Мұхаммедтің  ұлы»  деп  емес,  «Харистың 

ұлы» деп атала бастаған. Кейіннен ол Зейнептің үйіне 

барып  оған  құда  түседі.  Сол  кезде  үйіндегілер  өзіне 

сұрап тұр екен деп қатты қуанады. Бірақ Зәйтке деген-

де олар не дерін білмей қатты дағдарып қалады. Бірақ 

Аллаһ Елшісінің сөзін жыға алмай келісіп, Зейнеп Зәйтке 

тұрмысқа шығады. Бірақ аралары жараспаған соң Зәйт 

хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) келіп ажырасатындығын ай-

тады. Бірақ ол аятта айтылғандай: «Жұбайыңмен ажы-

распа, Аллаһтан қорық!» деген еді. Алайда Зәйт кел-

мес бұрын, хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) жақында ажы-

расатын Зейнеппен үйлену қажеттілігі хақында Аллаһ 

Тағаладан хабар келіп қойған еді. Бірақ ол аят түскенге 

дейін жұртқа жария етпеген еді. Ол заманда асыранды 

баласын өз баласындай көргендіктен оның ажырасқан 

әйеліне үйлену туған баласының әйеліне яғни келініне 

үйленумен бірдей еді. Сондықтан бір жағынан хазіреті 

Мұхаммедтің  (с.а.с.)  өз  баласындай  жақсы  көретін 

Зәйттің  ажырасқан  әйеліне  үйленуі  оңайға  соқпаса, 

бір жағынан елге бұлай үйлену өз келініне үйленумен 

бірдей  саналатындығы  үшін  ерсі  көрінетін-діктен 

мұндай істі әу баста жариялау ауыр келді. Сондықтан 

да  аталмыш  аят:  «Аллаһтың  жариялайтын  нәрсесін 



көңіліңде  жасыруда  едің.  Адамдардан  корқасың.  Не-

гізінде  қорқуға  Аллаһ  лайық»  деп,  адамдардың  сана-

сында  қалыптасқан  өлшем  емес,  Аллаһтың  қойған 

өлшем-құндылықтары  аса  маңызды  екендігін  таныт-

ты.  Яғни,  сен  –  пайғамбарсың.  Сен  Менің  адамдарға 

жарлықтарымды жеткізіп, олардың өлшем-құндылық-

тарыммен  емес,  Менің  өлшем-құндылықтарымен 



74

Мәңгі мұғжиза

жүретін елшімсің. Пайғамбарға адамдардан ұялып, Хақ 

жарлығын жасыру жараспайтын іс-әрекет.

Аллаһ  Тағаланың  оны  Зейнеппен  үйлендірудегі 

мақсаты – адамдардың асыранды баласынан ажырасқан 

әйелге үйленудің болатындығын көрсету еді. Бірақ ел 

санасындағы ескі пенделік өлшемдер бойынша, ондай 

әйелмен тұрмыс құру – ар-ұят салты қатты қалыптасып 

қалғандықтан,  ешкімнің  үйленуге  батылдықтары 

бармаған.  Ал,  пайғамбарлар  әкелген  жарлығын  тек 

жеткізу  үшін  емес,  сонымен  қатар,  өздері  іске  асы-

рып  өнеге  болмаққа  келген.  Аталмыш  аяттан  кейін 

хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) дереу іске көшті. Міне, бұл 

– Құранның Аллаһ Тағаладан түскендігінің бір дәлелі. 

Егер Құран өз сөзі болса, ешқашан өз-өзін ел алдында 

мұндай жағдайға түсірмес еді. 

Кейбір  еуропаның  шығыстанушылары  Аллаһ 

Елшісінің  бір  күні  Зейнепке  көзі  түсіп,  оған  үйленді 

деген  шайтани  болжам  таратады.  Алайда  әуелі  Әз 

Пайғамбарымыздың  оған  көзі  түсетіндей  оны  кейін-

нен  көрген  жоқ.  Ол  Зейнепті  жастайынан  таныған. 

Ол  Аллаһ  Елшісінің  көз  алдында  өскен.  Екіншіден, 

Пайғамбарымыздың оған деген кішкене ойы болса, әу 

бастан-ақ Зәйтке емес, өзі құда түсіп алуға шамасы же-

тер еді. Үшіншіден, жоғарыда айтылғандай Зейнептің 

үй-іші түгелдей оны Аллаһ Елшісіне беруге ынтық еді. 

Сондықтан  сол  кезде-ақ  Зәйт  демей  өзіне  неге  құда 

түспеді?


Аллаһ Елшісінің оған үйленуі илаһи әмір еді. Осы 

жағдайдың  өзі  оның  пайғамбарлығына  толық  куәлік 

етеді.  Қалай  ғана  болмасын,  Аллаһ  Елшісі  Зәйтті 

құлдықтан азат етіп, өзіне бала етіп алған-ды. Ол оны 

туған баласындай қатты жақсы көретін. Осы жерде Зәйт 


75

Құран кімнің сөзі?

пен  оның  арасындағы  қарым-қатынасты  толығырақ 

айта кетелік:

Зәйт қара нәсіл жан еді. Ал Құраннан бұрын олар құл 

болып сатылып, адам ретінде қаралмайтын. Сондықтан 

Зәйт  те  балалық  дәуренінің  бал-шәрбатынына  тоя  ал-

май, сегіз жасынан бастан тауқымет тарта бастаған. Бір-

де  ол  анасымен  бірге  ата-әжесінің  мазарына  зияратқа 

барған-ды. Сол уақытта адамдар оны тұтқындап, Мек-

кеге  жақын  жердегі  Уқаз  жәрмеңкесінде  құлдыққа 

сатуға  апарады.  Сонда  Хаким  ибн  Хузам  деген  біреу 

оны төрт жүз дирхамға сатып алып, хазіреті Хадишаға 

береді. Бірақ Хадиша Аллаһ Елшісіне үйленгенде оған 

оны қызметші етіп береді. Аллаһ Елшісі оған құл деп 

қарамай  жанына  жақын  ұстады.  Ол  да  оның  мейірім-

шапағатына  бөленгені  соншалық  жанынан  кете  ал-

майтын.  Аз  уақыт  болсын  одан  бөлек  қалу  ол  үшін 

ең ауыр нәрсе еді. Кейіннен Зәйттің әкесі мен немере 

ағасы оны құлдықтан құтқару үшін көп жылдар бойы 

іздеп  ақыры  табады.  Аллаһ  Елшісі  сонда  баласының 

азаттығын жариялап, ақы-пұл сұрамайды. Сонда Рақым 

Пайғамбардың нұрына малынған Зәйт одан мүлде кету-

ге дәті жетпей, әкесіне: «Мен адамдардың ең жақсысы 

мен қасиетті мекенде жүргеніме разымын» деп, еліне 

қайтудан бас тартады. Осыдан кейін Аллаһ Елшісі оны 

өзіне бала етіп алады. Кейіннен Құран келген уақытта 

Зәйт  хазіреті  Хадиша  мен  Әлиден  кейін  үшінші    бо-

лып  мұсылмандықты  қабылдайды.  Осылайша,  Ислам 

бір  әйел,  бір  бала,  бір  құлмен  жол  ашқан.  Мұсылман 

болғанда да оның жанынан айрылмаған. Әсіресе, Аллаһ 

Елшісі жүрегі нұрлы, көкірек көздері ашық жандар із-

деп, Тайыпқа барып таспен қудаланғанда, оның денесі-

не тас тигізбеуге тырысып, қалқан болып, қанға боялған 


76

Мәңгі мұғжиза

да  осы  Зәйт  еді.  Пайғамбарымыз  да  оны  қадірлеп, 

Хамза  алғаш  мұсылман  болғанда  екеуін  туыс  еткен-

ді.  Зәйт  Пайғамбарымызбен  бірге  көптеген  соғыста 

бірге  болған.  Оның  соғыстағы  қаһармандығы  мен  ер-

лігі  сахабалар  арасында  дастан  еді.  Пайғамбарымыз 

бір  ғазауатқа  шығарда  оны  өзінің  орнына  Мәдинаға 

уәкіл  етіп  қалдырған.  Басқа  да  жерлерге  кішігірім 

әскер  жібергенде  оны  қолбасшы  етіп  жіберген.  Осы-

лайша  көпшілікке  ақ  пен  қара  адамдардың  арасында 

ешқандай айырмашылық жоқтығын білдіріп, бірте-бір-

те құлдықтың жойылуына шара жасаған. Аллаһ Елшісі 

ақырында Римдіктермен соғысуға үш мың қол дайын-

дап,  қолбасшы  ретінде  Зәйтті  жіберген.  Бірақ  осы 

соғыста Зәйт, аса қаһармандықпен шейіт болады. 

Сол  күндердің  бірінде  Аллаһ  Елшісі  Зәйттің 

Умми Айманнан туған қызын көріп қалады. Шейіттің 

қызы көз жанары мұңға толып, Рақым Пайғамбарына 

қарайды.  Оның  мұңайған  жүзін  көрген  ол  мейірім-

шапағаты тұла-бойын шарпып өтіп, соңында шыдай ал-

май жылай бастайды. Жанында тұрған Сад ибн Убәда: 

«Пайғамбарым! Не болды сізге?» – деп сұрайды. Аллаһ 

Елшісі сонда: «Бұл – жақсы көрушінің жақсы көргеніне 

деген сағыныш жасы», – деп жауап қатады

101


.

Міне, Аллаһ Елшісі мен Зәйттің арасындағы қарым-

қатынас осындай. Сондықтан оның ажырасқан әйелін 

алу ол үшін дүниедегі ең ауыр нәрсе еді. Бірақ Ұлы Жа-

ратушы пайғамбарға Зәйттің ажырасқан әйелін арнайы 

уахи  келтіріп  үйлендіру  арқылы  адамдарға  асыранды 

баланың әйелі ешуақытта келіні бола алмайтындығын 

көрсеткен. 

101

 Сахабилер ансиклопедиси, Ыстанбұл, 1993, 667-669 беттер.



77

Құран кімнің сөзі?

Қысқасы,  Құран  жалпы  адамзаттың  тәрбиешісі. 

Пайғамбар да соның алғашқы шәкірті болып, адамдарға 

өнеге болу үшін келген. Ендеше, оның әрбір іс-қимылы 

пайғамбарлықты көрсетеді.

АЛЛАһ ЕСКЕРТУЛЕРІ

Келесі бір аятта: «Ешбір пайғамбарға жер жүзінде 



жауға өктем келіп, жеңіске жеткенге дейін тұтқын 

ұстау  жараспайды.  Сендер  дүниенің  фәни  пайдасын 

ойлайсыңдар. Аллаһ (сендерге) ақыретті қалайды. Аллаһ 

өте үстем, аса хикмет иесі. Егер Аллаһтан алдын ала 

беріліп қойған үкім болмағанда, (тұтқындардан бодау) 

алғандарың үшін үлкен азапқа душар болар едіңдер»

102


Бұл екі аяттың түсуі былай еді. Бәдір соғысында жет-

піс  пұтқа  табынушы  қолға  түсті.  Хазіреті  Мұхаммед 

(с.а.с.) оларға қандай үкім беру жөнінде сахабалармен 

ақылдасты.  Әбу  Бәкір  тұтқындардан  бодау  алып  бо-

сатылуын, ал Омар оларды өлтіру қажеттілігі жайын-

да  пікір  білдірген.  Аллаһ  Елшісі  (с.а.с.)  Әбу  Бәкірдің 

көзқарасын дұрыс деп тапты. Әрі қарай Омардың сөзі: 

«Ертеңіне таңертең Аллаһ Елшісі мен Әбу Бәкірдің жа-

нына барсам екеуінің де жылап отырғанын көрдім. Сені 

мен досыңды жылатқан не нәрсе? Не үшін жылайсың 

айтшы? Болмаса сендердің жылағандарың үшін мен жы-

лаймын дедім. Аллаһ Елшісі: «Бодау алғанымыз үшін 

келетін  азаптан  қорқып  жылаймыз.  Келер  азаптың 

(ол қолымен жанындағы бір ағашты көрсетіп) мына 

тұрған  ағаштан  да  жақындығы  маған  білдірілді»,  – 

деді. Одан кейін сәл бұрын түскен осы аятты оқыды

103

.

Енді, осыған талдау жасап көрелік:



102

 «Әнфал»сүресі, 8:67-68.

103

 Муслим, Жиһад, 58; Муснәд,1:31-33.



78

Мәңгі мұғжиза

Құран өз сөзі болса, сахабалармен ақылдасып бір 

шешімге  келіп  алып,  артынша  оның  бұрыстығын  ай-

тып,  өз  шешіміне  өзі  қарсы  шығар  ма  еді.  Әрі  оның 

ағыл-тегіл жылағанына қараңыз. Қырық жасына дейін 

бір  ауыз  да  болсын  жалған  айтып  көрмеген  кісі,  елу-

ден  бел  асқан  шағында  осыншалық  көрер  көзге  жы-

лар ма еді? Задында ол бұл ғана емес, ғұмыр бойы көз 

жасын  төгіп  өткен  адамзаттың  дара  тұлғасы.  Оның 

осы  туралығы  мен  әділдігін  білетін  Бәдір  мен  Ухуд 

соғысында  шайқасқан  барлық  меккелік  пұтқа  табы-

нушылар оның сол баяғы әділ қалпынан таймағанынан 

ешбір  күмәндері  болмаса,  абзал  ниеттегі  зерттеуші 

ғалымдар да оның күллі өмірінен иненің жасуындай да 

жалғандық ізін таппаған

104


Негізінде,  хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.с.)  Аллаһ 

Тағаладан  ескертулер  алуына  себепкер  болған 

қателіктері  кәдімгі  қателік  пе  еді?!  Әлбетте,  жоқ.  Ол 

ғұмырында қателесіп те, кішкене күнә жасап та көрген 

емес.  Ол  кейде  күнәсіз  екі  көзқарастың  ортасын-

да  қалып,  біреуін  таңдауына  тура  келетін.  Ол  сонда 

үмбетіне  ең  жеңіл  келетінін  таңдайтын.  Яғни,  Аллаһ 

Тағала адамзатқа өнеге еткен Елшісіне «жақсы» және 

«өте жақсы» екі үкімнің біреуін таңдауын бұйыратын 

да, ол «жақсы» үкімін таңдаса артынан пайғамбарларға 

тек қана «өте жақсы» үкімін таңдау жарасатынын ай-

тып,  ескертулер  жасайтын.  «Жақсы»  үкім  де,  «өте 

жақсы»  үкім  де  үмбетіне  тең  болғанмен  «өте  жақсы» 

үкімі «жақсыдан» қарағанда аса пайдалылығын Құран 

көрсетіп, туралап отырған. Мысалы, Бәдір соғысынан 

кейін таңдалған «жақсы» үкімге қарағанда «өте жақсы» 

үкімінің таңдалу қажеттілігі Ухуд соғысында ғана анық 

104

 Қараңыз: Драз, Ен мүһим месаж Куран, 20 бет.



79

Құран кімнің сөзі?

айқындалған. Кешегі тұтқындар Ухуд соғысында қайта 

айналып келіп, мұсылмандардың кешірімділігіне сеніп, 

азу тістерін көрсете оларды қырып кеткен. Сол себепті 

Аллаһ Тағала алғашқы соғыста дұшпандарды тұтқынға 

алмауларын қалаған еді. Бірақ Аллаһ Тағала білдірмесе 

ертеңнің қандай боларын білмейтін Рақым Пайғамбары 

өз рақымына сай олардың өлтірілмеуін «өте жақсы» үкім 

деп қараған. Мінеки, оның болашақтағы жағдайды біле 

алмауы, ал Құранның алдын ала біліп, олардың үкімін 

жөн санамауы – Құранның шектеулі адами өлшем емес, 

ілгері заманды есеп алып қараған илаһи өлшем екендігі 

айқын байқалады.

Алайда  «жақсыны»  «өте  жақсы»  үкім  деп  ұққан 

Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) қателігі тек қана өз деңгейіндегі 

қателік. Үмбеті тұрғысынан болса ол қателік емес, дұрыс 

һәм сауапты нәрсе. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) осылай 

екеудің біреуін таңдаудағы хикметі – үмбетіне Құран 

мен  сүннеттен  үкім  шығарып  үйрету.  Ол  пайғамбар 

болғандықтан  сахабалармен  ақылдасуға  да  мұқтаж 

емес. Бірақ оларға өнегелік жағынан мұсылмандардың 

бір мәселе жайында әркім өз бетінше емес, бас қосып 

ақылдасып қана шешу қажеттілігін үлгі ету еді. Кейін-

нен ақиық Пайғамбар (с.а.с.) бұл ғұмырдан көшіп кет-

кеннен кейін «жақсы» мен «өте жақсыны» таңдау саха-

баларына, сондай-ақ кейінгі үмбетіне рухани мұра боп 

қалған. Өйткені, Аллаһ Тағала дінін пендесінің санасын 

сарғайту үшін емес, ой-өрісін әрі қарай дамытып, кәміл 

адам деңгейіне шығару мақсатымен жіберген. 

Бұдан  басқа  да  көптеген  аяттарға  көз  салсақ, 

Құранның  хазіреті  Мұхаммедке  (с.а.с.)  ескерту-

лер  жасағанын  көреміз.  «Аллаһ  сені  кешірсін.  Саған 



шын  айтқандар  анықталып,  өтірікшілерді  білмей-

80

Мәңгі мұғжиза

інше  оларға  неге  рұқсат  бердің?»  (Тәубе,  9:43), 

Мұнафықтардың басшысы Абдуллаһ ибн Убәй өлгенде, 

хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) оның жаназа намазын оқыған 

еді. Сонда мына аят түсті: «Олардан біреу өлсе, әсте 



жаназа намазын оқыма да қабірінің басында тұрма! 

Өйткені  олар  Аллаһқа,  елшісіне  қарсы  келіп,  жолдан 

тайған  күйінде  өлді»  (Тәубе,  9:  84),  «Туысқаны  бол-

са  да  жәһаннамдық  екендігі  білінгеннен  кейін  пұтқа 

табынушыларға  жарылқау  тілеу  Пайғамбарға  да 

мұсылмандарға  да  жарасатын  іс  емес»  (Тәубе,  9, 

113).  


Міне,  осы  аяттарға  терең  үңілсек,  хазіреті 

Мұхаммедтің  (с.а.с.)  Құран  алдында  тек  қана 

бұйрықтары  орындаумен  шектелген  бағынышты  құл 

екендігін  көреміз.  Әрі  Құраннан  берілген  әмірлерден 

адами үкімдердің күші жетпейтін әсерлі бір күш білі-

неді.  Бұл  қуаттан  адамдар  мейлі  қуансын,  мейлі  рен-

жісін, мейлі сенсін, мейлі теріске шығарсын бұлардың 

бәріне  қарамай  ақиқат  пен  жалғанды,  жақсы  мен  жа-

манды айырған нақты жарлықтарды аңғарамыз. Беріл-

ген  жарлықтар  адамның  көңіліне  қарап  берілмеген. 

Өйткені,  берілген  жарлықтарға  мойынсұнғандардың 

бағыныштылықтары  Оның  қадірін  арттырмайды  да, 

қарсы  шыққандар  да  Оның  қадірін  түсіре  алмайды. 

Яғни, Құран сөздерінен ешкімге мұқтаж емес ғаламат 

шексіз құдірет Иесін байқаймыз. 

Құрметті  оқырман,  дәлелдерімізді    әрі  қарай 

тереңдету  мақсатымен  қайта  Мекке  заманынына 

оралайық.  Ол  уақытта  мұсылмандардың  хал-ахуа-

лы қандай еді? Әлбетте, аз ғана иман еткендер қатты 

қиналып,  пұтқа  табынушылардың  қолынан  азап  ше-

гіп  жатқан.  Құранды  ашықтан-ашық  оқуға  екінің 


81

Құран кімнің сөзі?

бірінің  батылы  жете  бермеген.  Хазіреті  Мұхаммедтің 

(с.а.с.)  өзі  де  Қағбада  ғибадат  еткендігі  үшін  кейде 

сәждеге барғанда түйенің ішек-қарны койылып, кейде 

соққыға жығылып жатқанда Әбу Бәкір ара түсіп, оның 

өзі де қатты таяқ жеген. Бірен-саран Әбу Бәкір секіл-

ді  Меккенің  ауқаттылары  болмаса,  мұсылмандардың 

қатары  кедей,  жарлылардан  құралып,  Меккеге  үкімін 

жүргізген  беделді  кісілердің  бәрі  Құранға  дұшпан 

болған. Олардың негізгі мақсаты мұсылмандарды дін-

нен  тайдыру  емес,  Құранның  нұрын  сөндіру  болған. 

Сондықтан да оны «сиқыр», «өлең» деп пенденің сөзі 

ретінде  көрсетуге  тырысқан.  Міне,  осы  заманда  мы-

нандай аяттар түседі: «Расында, Құранды Біз түсірдік, 



әлбетте,  Біз  оны  сөзсіз  сақтаймыз»  (Хижр,  15:9). 

«Аллаһ  ақиқат  пен  жалғанға  былай  мысал  береді. 

Көбік  ұшып  кетер,  ал  адамдарға  пайдалысы  жерде 

қалар»  (Рағыд,  13:17).  «Аллаһтың  қандай  мысал  бер-

генін  көрмедің  бе?  Көркем  сөз  –  тамыры  тереңде, 

бұтақтары көкке жайылған ағаш тәрізді. Ол әрқашан 

Раббыңның рұқсатымен жеміс береді. Аллаһ ғибрат ал-

сын, ойлансын деп адамдарға мысал береді» (Ибраһим, 

14:24-25). Бұл жерде адамдарға пайдалы болып қалатын 

да,  әрқашан  мәңгілік  жеміс  салатын  да  Құран  екенін 

меңзеп  тұр.  Алайда  бұл  аяттар  түскенде  Меккенің 

мұсылмандарының көрген қорлығы бар, шеттетіліп үш 

жыл бойы аш-жалаңаш жатқаны бар, толассыз қардай 

бораған  қиын-қыстау  заманды  бастан  кешіруде  еді. 

Егер Құран пенденің идеясы болса, көп ұзамай жеңіске 

жететінін батыл айта алар ма еді?! Идеяшыл өзіне ер-

гендерді құрғақ сөзбен болса да, үміттендіруі мүмкін, 

бірақ  өзіне  нық  сенімді  түрде  жеңіске  жететінін  паш 

етуі мүмкін бе? Тарихқа көз салсаңыз, қаншама рефор-



82

Мәңгі мұғжиза

машылар шығып, өзі жер бетінен кетісімен көп кешік-

пей идеялары артынан қоса кетіп, құмға сіңген судай 

болған.  Христиан,  еврей,  будда  діндері  де  ғасырлар 

бойы  өмір  сүріп  келгенмен,  қаншама  өзгерістерге 

түсіп бұрмаланып жеткен. Яғни, негізгі қалпын сақтай 

алмаған. Тек Құран ғана ғасырлар өткенмен бір әрпін 

де жоғалтпай сақталып келген. Оны болашақ заманның 

сан қилы тосқауылдарына төтеп бере алатына кім кепіл-

дік бере алмақ? Әлбетте, күллі заман мен мекендердің 

тізгінін құдірет қолына ұстаған Ұлы Хақ қана кепілдік 

бере  алмақ.  Тарихқа  қарасаңыз,  Құранды  жоймақ  бо-

лып  жанталасқан  қаншама  дұшпандар  болған.  Бұған 

дәлел  ретінде  өз  елімізді  алайық.  Жетпіс  жыл  бойы 

елімізге ойран салып, мешіттерді жермен-жексен етіп, 

қолға түскен Құран кітаптардың бәрін жойған. Құранға 

жала  жауып  қаншама  кітаптар  жазып,  жылдар  бойы 

күн сайын басылымдар бетінде пенденің ертегісі етіп 

көрсетуге  тырысты.  Бірақ  сонда  да  Құран  кітаптар 

халқымыздың  төрінен  орын  алып,  қасиетті  аяттары 

жүректерде сақталды. Ақырында, дұшпандардың өздері 

жеңілді. Құранда: «Расында, кәпірлер дүние-мүлік пен 



қыруар  қаржыларын  адамдарды  Аллаһтың  жолынан 

тайдыру  үшін  жұмсайды.  Һәм  ілгері  замандарда  да 

жұмсайды.  Сосын  өздері  қайғы-қасіретке  ұшырап, 

ақырында жеңіледі де, жәһаннамға айдалады»

105


. Әлі 

күнге дейін оған жала жабылып, әлемнің көптеген жер-

лерінде қыруар қаржы бөлініп, ақпарат арқылы жалған 

хабар таратылып жатқанмен ол қайта жыл, күн өткен 

сайын жарқырай түсуде. Құран бейне бір күн, ал оны 

өшірмекке тырысқандар күнді құдды лаймен сыламақ 

болған  міскіндер..  Құранда:  «Олар  Аллаһтың  нұрын 

105


 «Әнфал» сүресі, 36 аят.

83

Құран кімнің сөзі?

ауыздарымен үрлеп өшіруге тырысады. Алайда Аллаһ 

кәпірлер  қаламаса  да  нұрын  толықтырады»  дейді

106


Мінекей, Пайғамбарымыздың хадисінде айтылғандай, 

мұсылмандардың  «шөп-шалам»

107


  секілді  болған 

ғасырларда да бір әрпін де өзгертпей, Құранды сақтап 

келе  жатқан  Хақ  тағаладан  өзге  кім  дей  аласыз?  Иә, 

Ұлы Жаратушы оны сақтайтындығы хаққында кепілдік 

берген. Егер Құран хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) өз сөзі 

болса,  қияметке  дейін  мәңгілік  бұзылмайтындығына 

кепілдік бере алар ма еді?

Әрі сіз ғасырлар бойғы Құран нұсқаларының бәрін 

компьютерге  салып  тексерсеңіз  де  арасынан  бір  «ха-

рака»,  «әріп»  өзгерісін  таба  алмайсыз.  Сонда,  оның 

мұншалық  беріктігінің  сыры  неде?  Таңғаларлық  осы 

жағдай сізге ешқандай ой салмай ма?! Бұл куәлер бәрі 

бір арнаға тоғысып келіп, «Оны, әлбетте, Біз сақтаймыз» 

аятына  айғақтық  танытып,  бірауыздан  куәлік  етуіне 

жетпей ме?! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет