Сөздің абсолют басындағы қатаң дауыссыздардың ұяңдауы орта ғасырларда-ақ орныққан құбылыс. Оған дәлел — Махмуд Қашқари сөздігінде де кездеседі. Қашқари батысқа қарай орна- ласқан тайпа тілдерінде ұяң дауыссыздардың қолданысын көрсе- теді. Мұның бәрі де қазақ тілінің дербес халық тілі болып қалып- тасуына дейін болған өзгерістер. Алайда, қазақ тілінде, жоғарыда айтылғандай, оңтүстік-батыс тілдерімен салыстырғанда, қатаң дауыссыздардың қолданылуы басым. Әрине, қиыр шығысқа орна- ласқан түркі халықтары тілдерімен салыстырғанда, қазақ тілінде кейбір қатаңдардың ұяңдауы байқалады. Мысалы, қазақ тілінде бау ,бақ, балық, бес, балта сөздері хақас, шор тілдерінде қатаң п дыбысымен айтылады. Дегенмен, қазақ тілінде көне түркі сөздері- нің кейбірінің қатаңдауы да бар: пыш (а қ ) — көне түркі тіліндегі түбір быч; піс, пісір, пісіру — көне түркі тіліндегі түбір быш. Сон- дай-ақ піл сөзі қатаңмен айтылады да, осы түбірден жасалған сын есім б ұяң дыбысымен қолданылады: білдей. Н. Қ. Дмитриев қазіргі түркі тілдерін сөз басында дауыссыз- дардың қай тобы жиі де біршама тұрақты қолданылуына қарай екі топқа жіктегені белгілі *. Олар: 1) сөз басында дауыссыздар- дың қай тобы да (қатаң-ұяң) біршама еркін қолданылатын тілдер. 2) Сөз басында дауыссыздардың бір тобы біршама тұрақты қолда- нылатын тілдер. Бірінші топқа азербайжан, түрікмен, гагауз, қы- рым татарлары тілінің оңтүстік диалектісі, екінші топқа қазақ, қырғыз, ноғай, қарақалпақ, өзбек тілдері жатқызылады. Бірінші топтағы тілдер сөз басында д, г дыбыстарын, екінші топтағы тілдер сол позицияда т, қ дыбыстарын жиі айтады. Сөз басының біршама