луы тіл дамуының барысында о баста әр түрлі дыбыстар,л,ың өзге- ріске түсу нәтижесі. Екінші сөзбен, көне түркі дәуіріндегі,' одан да ежелгі кезеңдегі түркі тілінің бірсыпыра дыбыстары қазақ тілінде й дыбысына айналған. Сөйтіп бірнеше фонемаңың бір фонема ар- қылы берілуі орын тепкен. У, з дыбыстары жайында да осыны ай- туға болады. Екінші жағынан, жоғарғы дыбыстардың қалыптасуы бірсыпа- ра сөздердің фонетикалық дивергенцияға ұшырауына да себеп бол- ған. Оны қазақ тілінде жаз — жай, бақ — бау, семір — семіз, тіз — тер, сый (етістік)— сық, қыз-қырқын, т. б. сөздер құрамындағы з — й, қ — у, р — з, қ — й дыбыс сәйкестіктерінен көруге болады. Фонетикалық конвергенция процесі тілдің сөздік қорын егжей-тег- жей түгел қамтымаған. Әр жаңа құбылыстың жаңа екені ескінің ізі қалғанда ғана байқалатыны тәрізді, конвергенция процесінің өтуі де дивергендік құбылыстар арқылы байқалады. Түбірлердің бірсыпырасы өздерінің бұрынғы дыбыстық құрамын сақтап қалды да, жаңа дыбыстар негізінде жаңа варианттар қалыптасты. Бірақ даму процесінде тіл элементтерінің қолданылу мәні түрғысынан жіктелуінің нәтижесінде «ескі» мен «жаңа» варианттар дербес мәнге ие болды да, орнығып қалды. Кейбір варианттар бір-бірінен жіктеліп, алшақтағаны соншалық, қазір олардың түбірлес екенін салыстырма материалдар ғана анықтайды. Мысалы, қат, қатай, қатулан естістіктері мен қатты сын есімінің о баста бір ғана түбір- ден тарап осылай қалыптасуы ең алдымен дыбыс өзгерістерінің нәтижесі, мұны тек қана салыстырма материалдар келтіре отырып байқауға болады. Көне түркі тілінде қаттысын есімі қатығды, қа-