ұяңдап естілуі әдетте оғыз тілдерінің, ал біршама қатаң естілуі қыпшақ тілдерінің белгісі деп қаралады. Ал осы екі топ белгіле- рінің бір тіл құрамында ұшырасуы этникалық араластықтың се- бебінен диалектілік араластықтың нәтижесі екені айқын. Сондық- тан да қазақ тілінде қалыптасқан заңдылық т, қ дыбыстарының айтылуы бола тұрып, сол позицияда д дыбысы да ұшырасады. ! Д м и т р и е в Н. К. Грамматика кумыкского языка, М.— Л., 1940 г., стр. 14. 55
Соңғы вариант (д ), көбіне диалектілік, периферийлік тілдік кұ- рамдар қатарына жатады. Қазіргі қазақ тілінде в, ф, ц, х, ч дыбыстары бар, олар вагон , фабрика, халық, цех тәрізді сөздер құрамында сөз басында айты- лады да, бару, сегіз, балық, пісу тәрізді сөздер құрамында айтыд- майды. Алдыңғы топтағы сөздер басқа тілдерден енгендігі белгілі. Бұлар фонемалық мән тұрғысынан да оқшау тұрды. Егер байырғы дауыссыздардың фонемалығы кез келген сөздер құрамынан көрін- се, бұл дыбыстардың фонемалығы тек өздері айтылатын сөздер құрамында ғана. Ал ондай сөздер біздің тілімізде соншалықты көп еместігі белгілі. Сонымен, байырғы фонемалар мен кейін енген фонемалар ара- сында қолданылу сферасы тұрғысынан айырмашылық бар. ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР Ж ҮЙЕСІНДЕГІ ТАРИХИ ӨЗГЕРІСТЕР Қазіргі тілдің фонетикалық жұйесін тарихи тұрғыдан барлаған- да, тілдің даму барысында конвергенция проңесі, яғни, өзгерістер нәтижесінде фонетикалық бірыңғайлану орын алғандығы көрінеді: байла, киім, жай, тайа тәрізді қазақ сөздерінің й дыбысымен айты-