шақтап кеткен. Сөйтіп бір кезгі фонетикалық дублеттер даму ба-
рысында мағыналық жіктеліске түскен.
Көне түркі тілінде сөз соңында айтылған ғ қазақ тілінде әр түр-
лі көрінеді: а) ғ буын құрамайтын у дыбысына ауысты, бұл — не-
гізгі көрінісі: бағ-бау, сағ-сау, тағ-тау, йағ — жау, йадағ — жаяу,
т. б; ә) кейбір сөздер құрамындағы ғ й-ге айналған: йығ — жый,
б а ғ ( л а ) - б а й (л а ). Дегенмен, бұл позиңиядағы — ғ-ның й-ге
ауьісуы сирек ұшырасады; б) бірқатар сөздерде сақталып, қазақ
тілінде (басқа да қыпшақ тілдерінде) болған процеске ыңғайла-
сып, қатаң /{-ға айналған: тақ, бақ, сақ (сақайу түбірінің құрамын-
д а ), пысық, алық-берік (әдеби норма алу-беру), қыстақ ( қыстау-
мен салыстыр), жайпақ, т. б. Бұл фактілер қазақ тіліндегі сөздің
абсолют соңындағы қ сөздің абсолют басындағы қ емес, көне түр-
кілік ғ-ның қатаң варианты екенін көрсетеді. Сөз соңында ғ-ның
қатаңдануы, соның нәтижесінде бір ғана түбірдің екі түрлі дыбыс-
талуы ортағасырлық ескерткіштер тілінде-ақ байқалады. Мысалы,
сол жазбалар тілінде йағ, йақ (соңғысы қазақ тілінің щақын сөзі-
нің құрамында сақталған), йоғ, йоқ
(қазақ тілінде соңғысы
сақталған), бағ, бақ (бақыла сөзінің құрамында, әдіптің артын
бақ, сөз бақты фразаларының құрамында сақталған) тәрізді па-
раллельдер кездеседі. Төртінші бір ыңғайда сөз соңындағы ғ-ның
түсіп қалуы бар: сарығ — сары, кічіг — кііиі, суғ — су (бұл сөздің
түрі де болған).
Ғ дыбысы көне түркі тілінде дауыстылармен бір тіркесте жұм-
салған. Кейінгі өзгерістер де бүкіл тіркесті қамтыған. Сол тіркес-
Достарыңызбен бөлісу: |