Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет75/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

(«Әміре ашаубай"лы» кітабынан
А. «Арда», 2006 ж.)
Серік АСЫМБЕКОВ
АУ*А ӘН ОСАН
Әмірені қаршадай күнінен бастап, өнерге қызықтырып 
үйреткен алдымен өз халқының, сахараның «Алқоңырдай» 
бал қоңыр әні еді. Болашақ әнші айналасына көз сала, ес біле 
бастасымен-ақ халық өнерінің дәмін, дән-шырынын тұшына, 
құмарлана татты. Сөйтіп, апта өткізіп, ай өткізіп, жыл сайын 
әнді сүйе жүріп өсті. 
Сонымен бірге бұл арада Қазақстанға келген түрлі өзгеріс, 
әлеуметтік жағдайдың, Абай, Ыбырай, Шоқандар арқылы 
тараған дұрыс үлгілердің ықпалын аңдамасқа болмайды. 
«Ойлы жас жігіттер үлгі алсын» деп, «тіл ұстартып өнер 
шашпақты мақсат» еткен ұлы ақын Абай көркемөнерді, 
оның халықтың қоғамдық өміріндегі орнын дұрыс түсіндірді. 
Ол өзінің нәтижесін де көрсетті. Абайдың әнді сүю, өлеңді 
құрметтеу, оны тәрбие құралы деп түсіну үшін үйреткен 
ойлары сол кездің адамдарының көкейіне қонды. Феодалдық 
көзқарас тәрізді көркемөнер еріккеннің ермегі емес, үлгі, 
өнеге беретін құрал деп таныла бастады. 
Әміренің ақын-әнші, әрі күйші немере ағасы Серік деген 
болған. Серік Тергеубайұлы (Әміренің әкесі Қашаубай мен 
Тергеубай бірге туысады) өлеңді «өнер емес, жын қуғандық» 
деп санағандарға Абай сөзімен жауап айтушылардың бірі 
болған: 


271
Абай сөзі мағұрып, машұрықта,
Ол сабаз сөзін ұрлап жасырып па,
Өнер емес, өлеңді жын деп білген, 
Ол үлкен, такаббарлық асылық та.
Абай үлгісімен өлең, ән өнерін өмірдегі өрісті, өнегелі 
құрал деп түсінген Серік ақын Әмірені әншілікке осы үлгіде 
баулыған. Өзі Абайдың өлеңдерін, әндерін ел арасына 
таратушылардың бірі болған. Баянауыл, Кереку, Қараөткел
Қарқаралы, Абыралы, Дегелең, Семей өңіріндегі қазақтар, 
әсіресе олардың өлең, әнге бейімі, пейілі бар жастары енді 
Абай әндерін, өлеңдерін, сөздерін осылай түсіне тыңдайтын 
болған.
Мұны Абайтанудың революциядан бұрынғы алғашқы 
адымдары деп түсінуге де болар еді. Бұл жерде Абайды 
зерттеуші ірі ғалым М.Әуезовтың былай деп айтқаны ойға 
түседі:
Революциядан бұрын және революцияның алғашқы 
жылдарында Абайдың халыққа тарауы тек баспа жүзінде 
ғана болған жоқ... Оның өлеңі әнші-ақындардың, жас-
кәрінің жаттауымен және оқушы жастардың жадына алып, 
әнге салып, өз елдеріне жаңалық, үлгі-тәлім есебінде таратып 
жүрген көп әнші, ақын өнерпаздар болған.
Осында біз байқайтын айрықша жай бар. Әуелі Әміренің 
алғаш өнерге әуестенген, бет бұра бастаған жас кезінде ел 
арасында шамасынша поэзияға, өлең, әнге Абай көрсеткен 
көзқарастың тұрғысында байсалдылықпен қарау болған. 
Сонда Әміренің немере ағасы Серік Тергеубайұлы, М.Әуезов 
айтқандай, Абайдың мұраларын «жадына алып, өз елдеріне 
жаңалық үлгі-тәлім есебінде таратып жүрген көп әнші-ақын 
өнерпаздардың» бірі болған.
Қазақтың әдебиеті мен өнерінің қашаннан бері алтын 
бесігіндей болған Семей болашақ ұлы әнші үшін «үлгі алар, 
тәлім көрер жер» болды. Алдағы жолын аша түсті. Сол кездегі 
ат айдаушы бала салтанатты байлардың жеңіл арбасында 
отырып та ән салады. Күнге талас суыған қос кер торыны 
Ертіске әкеліп суарып жүріп, бала жігіт Әміре өзі де әнмен 
сусындайтын болды.
Қуатты да, құдіретті де дауыс, әннің сазы мен мәнерін 
қапысыз жеткізетін өнер Әміре секілді туа біткен таланттың 


272
бойынан сол кездің өзінде-ақ «мен мұндалап» атой беріп 
тұрады. Өнерімен ерте танылып, елге сүйікті болған Әміре 
Совет өкіметі орнаған соң бұрынғысынан да шабыттана 
шырқады. Себебі, ол оның әнінің заманы, өкіметі, халқы 
тарапынан толық қолдау тапты. Ертістің арғы, бергі жағында, 
кейде «Бұзау арал» деп аталатын орталық аралда, көпшілік 
демалған жиындар мен ойын-тойларда Әміре Қашаубаев 
Қараөткелдегі Ғазиз ақынның әніне салса, тағы бір жерде өзі 
иесінен ауызба-ауыз үйренген Жаяу Мұсаның «Хаулауын» 
жұрттың қалауымен орындап беріп отырды.
....Сөйтіп жүргенде бір күні Әміренің есімін атап
Мәскеуден соған арнайы жолдаған бір жедел хат келді.
«Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын 
дүниежүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке 
қатынасуға келісім бере ме екен. Мерзімі маусым, шілде 
айлары ...»
... Аздан соң екінші жедел хат тағы келіп қалды:
«Әнші Әміре Қашаубаев туралы менің берген жедел хаты-
ма жауапты тездетулеріңізді сұраймын. Парижде болатын 
біздің концерт мәселесінің мемлекеттік маңызы бар.
РСФСР халық ағарту комиссары – Луначарский».
Осыдан соң көп ұзамады. Әміре Мәскеу театрында болған 
байқау концертте, кейіннен Париждегі дүниежүзілік 
көрмеде қойылатын этнографиялық концертте қазақтың 
әндерін қос ішекті домбыраға қосып орындады. Сол жолда 
берілген он бір концертке қатарынан үзбей қатынасқан ол 
өнер дегенде өр екпіні бар қазақ халқының дарын, талантын 
армансыз танытып шықты. Аспандағы аққуға ән қосқан, 
«Сандалтып Орта жүзді әнмен қырған» сал Біржандар елінің 
ұлы Әміре «Ағашаяқ», «Үш дос», «Екі жирен», «Дударай», 
«Қос барабан», «Қызыл бидай» сияқты әндермен Француз 
театрының күмбезін күңірентіп, даусына жиналғандарды 
таңғалдырды. Күміс көмей әншіге, оның елінің осынша тасқын 
өнер талантына жүздеген жылдардан бері қарай әдебиеті 
мен мәдениетінің тарихы бар Францияның тыңдаушылары, 
маман-зерттеушілері сонда алғаш ғажаптана ден қойды. 
Үздік ғалым, академик марқұм Ахмет Жұбанов осы 
сапарды жырдай етіп, баяндай келіп: «Әміренің аты тек 
Қазақстан емес, бүкіл Одаққа, бүкіл Еуропаға әйгілі болды. 


273
Әміре арқылы қазақтың әншілік өнері мемлекеттік шекараны 
сонау жиырмасыншы жылдардың ортасында-ақ аттап 
өтті, орыстың, батыстың ұлы мәдениет қайраткерлерінің 
ауыздарына түсті. Әміре, қалай мақтаса да, қалай мақтанса 
да бола беретін, сыя беретін асқан өнерпаз... Қазақ халқының 
ән байлығын шетке көрсетуде өнер қайраткерлерінің ішіндегі 
пионері Әміре болды», - дейді.
Даусымен Еуропаны таңғалдырған Әміре осыдан бастап 
тасқынды әрі табысты шығармашылық ән сапарын 
кешеді. 1927 жылы тағы да Мәскеуге барып, Советтер 
съезінде қойылған концертке қатысады. Сол жылғы жазда 
Германияның Франкфурт қаласында болған жержүзілік 
музыкалық көрмеде болып, 9 концерт көрсетеді. 
Жазушы Сәбит Мұқановтың «Есею жылдары» деп 
аталатын өмірбаян хикаясында былай деп айтқанын көреміз. 
«Әміре ертемен шапса, кешке озған, ылдидан шапса, төске 
озған» дегендей, ертеден қара кешке дейін үздіксіз ән 
шырқаса да, айнымай, әрбір әнді жаңа ғана бастағандай 
мүлтіксіз орындайтын... 
... Әміре шырқап жібергенде, құлақтың қоңырауы сынып 
кететіндей болатын. Оның тұстастарынан да, кейінгілерінен 
де дауысының жоғарылығы, тазалық, өрнектілік жағынан 
оған таласатын қазақ әншісін мен өзім көргем жоқ».
Қыр елінің музыкасын жете зерттеген маман ғалым 
А.Затаевич «Қазақтың 500 әні» деген еңбегінде Әміре 
Қашаубаевтың өнеріне мейлінше бас ие мадақтап жазады:
«... Қарқаралының атақты әншісі... Қашаубаев - әзірге 
қазақ әншілерінің ішінен шетелге шыққандарының біріншісі 
... Қашаубаевтың көркем күшті нық дауысы (тенор) бар, демі 
кең, қоры үлкен».
1928 жылы театрмен Алматыға келген, онан 1933 жылы 
музыкалық студияға ауысып, ақыры 1934 жылы қаза 
тапқан қапысыз өнер иесі талай маман білгірлер тарапынан 
осылай баға алған көрінеді. Қазақтың тұңғыш режиссеры, 
халық әртісі, үлкен өнер қайраткері Жұмат Шанин ел 
ішінде Әміренің әншілік, орындаушылық өнерінің тарап, 
қалыптасуына күш салған.
Әміре Қашаубаев – асқан өнер иесі, ұлы әнші. Қазақ 
даласында әншілік дәстүрдің алғаш туын көтерген Біржан 


274
сал, Ақан серілерден кейінгі ән өнерін дамытуда, оны жер 
жүзі халықтарына танытуда зор еңбек көрсеткен ерекше 
дарынды өкіл. Оның есіміне, өнері мен өміріне ойлы талапты 
жастарымыз, бүкіл өнерсүйгіш жұртшылық айрықша 
құрмет ниетпен қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет