Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет73/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

ӘМIРЕНI? ӘНШIЛIК ТА*ЫЛЫМЫ
Терең тамырлы мәдени өмірімізде әншілер мен күйшілер, 
жыршы-термешілер, шашасына шаң жұқпаған небір 
ақындар өткені белгілі. Сол халық өнерпаздары ішінен 
бір де бірегейі ретінде әнші Әміре Қашаубайұлының есімі 
ерекше аталынады. Әміренің әншілік тұлғасын оның 
шығармашылығына көз жүгірту арқылы екі бағытта зерттеп, 
тұжырымдауға болады.
Біріншісі: Ол айтқан әндердің әуендік сипаты және 
айналасына әсері.
Екіншісі: Қазақ әншілік дәстүріндегі Әміре тұлғасы.
Жалпы ХХ ғасыр басындағы әншілер репертуарында 
негізінен Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Естай, 
Үкілі Ыбырай, Мәди тәрізді халық композиторларының 
әндері орын алғаны белгілі. Мұны Затаевичке ән айтып, 
нотаға түсірген Ғаббас Айтпаев, Қали Байжанов, Манарбек 
Ержанов, Майра Уәлиқызы, Қайып Айнабеков, Елубай 
Өмірзақов, Ерғали Алдоңғаров, Әлкей Өтекин, Шәріп 
Медетов, Үрия Тұрдықұлова тәрізді басқадай да әншілер 
орындаған әндерден байқауға болады. Әміренің әншілігі де, 
соқпақ жолы, бел-белесі де осы дәстүрлі жол болды.
Затаевич жоғары баға берген Ғаббас Айтпаев, Қали 
Байжанов, Майра Уәлиқызы, Ерғали Алдоңғаров тәрізді, 
Әміре де жоғарыда аталған халық композиторларының 
әндерімен қанаттанды және халыққа жеткізушісі, 
насихатшысы болды.
* * *
Әміренің жүрген ортасына, айналасына әнші ретіндегі 
әсерін және қазақ өнеріндегі тұлғасын айшықтауда 
замандастары әділ баға берген. 


259
...Осындай терең тұжырымды ойлардан соң Әміренің 
жүрген ортасына, айналасына әнші ретіндегі әсерін түйіндеуге 
де болады. Әміре – Кеңестік жүйе мәдени құрылысының 
жол бастаушыларының бірі. Ол – терең тамырлы әншілік 
дәстүрімізді дамытушы, ұрпағына жеткізуші қайраткер. 
Айтар ойымызды тобықтай түйіндегенде, Әміренің 
замандасы Сапарғали Бегалиннің айтқан толғау сөзімен 
аяқтасақ деймін.
“Әміренің асқақ әнінің жан-жүйені балқытар лебін 
ұрпақтан ұрпақ алтын мұра етіп, әлі де сүйсіне тыңдай берер. 
Ән асқары аталарын келер ұрпақ мақтана мадақтар, жыр 
етер. Өнер өшпейді. Талантты тат жасыра алмайды. Әміре әні 
аспан әлемінде шарықтай бермек”.
***
Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерінің көшбасшысы - Әміре
жайлы кім жазса да, қашан және қанша жазса да аздық 
етпейді. Әлі де зерттеледі, әлі де жазылады.
Бүгін де осы әдетімізбен оқушы көкейіне мысқалдай 
да болса жете берсін деген тiлекпен ұлы әнші жайлы 
айтқандарымызды келесi қырынан, тағы бір көктей шолып, 
қорытсақ дейміз.
Әуелі оның өмір жолы мен әншілік өрлеу кезеңін үшке 
бөлелік. Әуелгісі, ол дүниеге келген 1888 жылдан – 1917
жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі аралық. Екінші, 1917 – 1925 
жылдар аралығындағы Семей қаласындағы өнерге қалыптасу 
кезеңдері. Үшіншісі – 1925 жылдан Әміренің дүниеден өткен 
1934 жылдар аралығындағы өмір кезеңдері. Осы аталған үш 
кезеңіндегі бар өмірінде оның бойында айнымас екі қасиеті 
сақталған екен.
Алғашқысы – бойына біткен әншілік өнерінің күннен-
күнге, жылдан-жылға өрлеу үстінде қалықтап ұшуы. 
Тоқтаусыз шырқау биікке көтерілгені.
Екіншісі – оның мінезінің мейлiнше қарапайымдылығы.
– Әміре қай әнді айтса да, өзінше кестелеп, қошқар мүйіз 
салып, үкі маржан тағып алады. Осы бағыты дұрыс, жақсы 
бағыт дейміз, – деп жазған Мұхтар Әуезовтың пікірін, немесе 
«Өңге өнер білімнен осыншама мақұрым боп туған Әміреге 
табиғаттың тамаша биік, тамаша таза, тамаша өрнекті 


260
өлшеусіз бере салуы - адам қайран қаларлық көрініс», –
деген Сәбит Мұқановтың жазғанын еске түсiрiңiздершi.
Әміре 6 жаста ауыл аймағын, 12 жаста Семей қаласы 
жұртшылығын таңдандырып, 30 жасында «Ес аймақ» 
қоғамында орындаушылық, актерлік өнер жолын бастап, 37 
жасында Орынбор мен Қызылордада, Мәскеу мен Парижде ән 
салып, 39 жасында Германия жұртшылығын таңдандырды.
Сәбит Мұқанов Әміре жайлы басында айтып кеткенiмiздей, 
«ертеден шапса – кешке озған, ылдидан шапса – төске 
озған дегендей, ертеден қара кешке дейін үздіксіз ән 
шырқаса да айнымай, әрбір әні әнді жаңа ғана бастағандай 
мүлтіксіз естіледі», – деп жазғаны да Әншiнiң әншiлiгiне 
деген қасиеттiлiгiн танытатын пiкiрдi ұштай түседi. Сол 
айтылғандай Әміренің дауысы өмірінің соңына дейін күмістей 
тазалығымен, мұқалмас күштілігімен тыңдаушысын 
таңдандырып өтті. Тоқ етерін айтқанда, Әміре 46 жасында 
бұл дүниеден жұлдыздай ағып өтті. 
Әміренің ұлылығы сол – сонау ХІХ ғасырдағы Ақ патша 
заманынан ХХ ғасырдың отызыншы жылдарына дейін опера, 
симфония, хор өнерінің қалыптасудағы кезеңіне аман-сау 
жеткен жалғыз әнші болып, сол тұста қаулап өсіп келе жатқан 
Манарбек, Жүсіпбек, Темірболат, Қуан бастаған сол кездегі 
басқадай да жас әншілерге Біржан, Ақан, Жарылғапберді, 
Мәди тәрізді халық композиторларының әншілік дәстүрін 
өз қолымен жеткізіп берді. Әміренің қазақ музыкасындағы 
алатын орны жайындағы осы ойымды мен «Алтын орда» 
газетіне берген жауабымда да айтқан болатынмын. 
Әлем жұртшылығы Әміренің әншілігін ғана бағалап 
қойған жоқ, Әмірені тыңдай отырып, жалпы қазақ әндеріне 
деген ерекше сүйіспеншілікті тудырды. Сондықтан болар 
Әмірені алғаш тыңдаған соң Парижге апаруға дайындаған 
концерттердің көркемдік жетекшісі әрі оркестр дирижері 
Любимов: «Парижге Әміресіз бару мүмкін емес», – депті 
оның әншілігіне таңданып. Затаевич пен Любимов Әміреге
әндер айтқыза отырып, Ирма Яунзем, Анатолий Доливо 
тәрізді Ресей әншілеріне орыс оркестрінің сүйемелдеуімен 
қазақтың бірталай әндерін орындатыпты.
«Әміренің жеңіл де еркін айтқан әндері үй қабырғасынан 
өтіп, даланың самал желін әкелді... Әміре әні мөлдiр суда 


261
көрінген алмас жарқылындай халық әндерін ұлттық 
нақышында әлемге танытады», – деп жазды музыка зерттеуші 
Ирина Левицкая сол бір сәттер туралы ой толғағанда.
Сонымен Әміре алдында атап өткеніміздей, социалистік 
өмірге қаулап өсіп келе жатқан ізбасар өнерпаздарға ғана 
жолбасы әрі ұстаз болып қойған жоқ, ол сонымен қатар Ресей 
әншілері арқылы қазақ әндерінің Еуропа жеріне таралуына 
үлес қосушы да болды. Бұған, әрине, шет ел сапарларына 
баруға себепші болған А.Затаевич еңбегін атап өту парыз.
Затаевич Әміремен 1925 жылы Орынборда танысып, әндерін 
тыңдап, содан Қызылордада өтетін Қазақстан Советтерінің
V съезіне екеуі де делегат болып, бір вагонда сапар шеккен 
ғой. Сонда Затаевич Әміренің өнерін ғана емес, сондай-ақ 
оның орыс, татар тілдерінде небір әндер айтып, еркін сөйлей 
алатынына риза болып, сондай-ақ Қазан төңкерісіне дейінгі 
жастық шағында жалшы да, малшы да, қара жұмысшы да 
болғаны ұнаса керек. Ол Әміре бойынан өмір тепкісінен өткен 
көнтерілікті, алдағы өмірге деген көрегенділікті, сөйлегендегі 
ой көркемділігін, сондай-ақ жаңа өмірге құлшынған 
ұмтылысын көре білген. Осындай алабөтен қасиеттері 
арқылы ол Кеңес Халық ағарту комиссары Луначарскийге
шет елге баратын қазақ деп тек Әмірені ұсынған. Затаевичтің 
қойын кітапшасында үміткерлер арасында 1925 жылы 
әлi дүниеден өте қоймаған Майра Уәлиқызының, Ғаббас 
Айтбаевтың және Қали Байжановтың, тағы басқалардың 
есімдері болғаны анық. 
Осыдан бастап Әміре шығармашылығының бағы жанды.
Тіпті, ол есімі дүние жүзіне белгілі палуан Қажымұқан, 
алашты аузына қаратқан ақын Иса тәрізді, мұның да есімі 
аңызға айнала бастайды. Газет беттерінде ол туралы сансыз 
мақалалар жарық көрді. Тіпті, көркем шығармалардың 
тууына да себепкер болды. Мәселен, Жүсіпбек Аймауытовтың
«Әмірқан» атты әңгімесіндегі әншіні суреттеудегі көріністер
жазушының әншіге деген құрметі мен бас июі арқылы 
ізденістен дүниеге келгенін танимыз. Ал, әңгіме желісіндегі 
бейнелерді әдеби үлгімен өрбіту тәсілі автордың көзқарасы 
арқылы өз жанынан қосқандағы көркемдік ойының жемісі 
деп түсінгеніміз орынды. Осындай бір әңгіме көрнекті кеңес 
жазушысы Максим Горькийдің айналасында да өрбіген 


262
тәрізді. Ол Әміре жөнінде көркем шығарма жазуды Николай 
Ановқа өтініш етіп тапсырыпты. Николай Анов болса 
Горькийдің өтінішін екі етпей, Әміре жөнінде пьеса жазып, 
оның есімін Серке деп өзгертіп, Франция емес, Америкаға 
апарыпты. Содан көркем шығармасы шындықтан алабөтен 
аулақ кеткен соң, Горький Ановтың бұл пьесасын қатты 
сынайды. Содан көп жылдар өткен соң Николай Анов Иса 
мен Әміре туралы көркем шығарма жазуға қайта оралған 
екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет