Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


Әміре туралы француз газеттері суретімен мада-



Pdf көрінісі
бет80/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

Әміре туралы француз газеттері суретімен мада-
тап, ”Сахара б"лб"лы“ деп жатты. 
Француздың әйгілі жазушысы Роман Роллан келіп, 
Әмірені құттықтап, ән салғызды. 
Парижде он бір рет концерт бердік. А. В. Луначарский 
мен совет елшісі Л. Красин, композитор С. Рахманинов, 
профессор Г. Любимов басшылығымен әр концерт алдында 
дамылсыз репетиция болып тұрды.
Сондайда Әміре сыннан сүрінбей оп-оңай өтіп кететін. 
Соңғы концертті қоятын күн еді. Шынында да, соңғы түйенің 
жүгі ауыр демекші, бұл сәт сондай ауыр болды. Түс мезгілі, 
Әміре мені жанына шақырды. “Келші бермен, Тамара, 
шаршаған шығарсың, қарның да ашқан болар” деп жүзіме 
мейірлене қарады. Жанына тізе бүктім. 
Өзімен бірге тастамай ала жүретін қобдишасын ашты. Онда 
сап-сары таба нан, құрт пен ірімшік жатыр екен. Уыстап-
уыстап ірімшік пен құрт берді. ”Ұялма, қарындасым, наннан 
жеші”, - деп қояды. Мен қазақ елінің дәм-тұзын алғаш рет 
осылайша Парижде таттым. 
“Қараторғайды” ұмытып қалған жоқсың ба?- деп сұрап та 
қояды.
Талап пен талантты үнемі шыңдап, өнерді тот бастырмау 
жағын да ескертті. Мен «Қараторғай» әуенін ыңылдап салып 
бердім. Сеземін, кей жерлері Әміре салғаннан ауытқып 
кетеді, ол отырып сабырмен тыңдайды. 
Тыңдап болып, әнді өзі асықпай қайталайды. Ән ырғағымен 
буын-буынға бөліп, қолға ұстатқандай етіп түсіндірді. Міне, 


290
сөйтіп, сол сапарда осындай аяулы адамды кездестіріп, 
сырлас та, дәмдес те болдым.
Ол сол кезде өзінің Семейден екенін, Абайдай ұлы ақынның, 
Еңлік-Кебектей, Қозы-Көрпеш-Баян сұлудай ғашықтардың 
елі екенін мақтанышпен айтатын.
Ол сол Париждегі байқауда жүлделі орынға ие болды. 
Үлкен абыройға бөленді. Дүние жүзіндегі таңдаулы әншілер 
арасында екінші орынға шығып, күміс медальді Парижден 
тағып қайтып еді. 
Біздің қазақ халқымен достығымыз әріде жатыр. 
Өзбек қыздары Қазан таңы атқанша пәренжесін тастаған 
емес, қазақ қыздары бай манаптың құлдығында жүрді. 
Қайғымызға қайғысы, мұңымызға мұңы үндесіп жатты. 
Қазан революциясынан кейін елімізге ырыс-береке кірді. 
Өзбек пен қазақ ауылы аралас, қойы қоралас отырды. Қыз 
беріп, қыз алысып, құда-жекжат, нағашы-жиен болып 
қатысып отырған ел.
Өздеріңізге мәлім, атақты генерал Рахимовтың әкесі 
қазақ, анасы өзбек қызы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін 
нағашыларының қолында тәрбие көрген адам.
Айта кетуіміз керек, қазақ әдебиеті мен өзбек әдебиетінің 
достығы да ғажап. Қазақ халқының дарынды перзенті ақын 
Абай Науаиды ұстаз санаған. Мұхтар Әуезов пен Мұса 
Айбектің, Сәбит Мұқанов пен Ғафур Ғұламның достықтары 
аңызға айналды. Ол адамдар бұл күнде жоқ, бірақ олар мына 
біздер мен сіздердің жүрегімізде, олар жылдар өткен сайын 
кейінгі ұрпақпен бірге жасайды. 
Қазақ елі – жырға да, сырға да толы мекен. Көп ұлт бір 
отбасында достасқан Қазақстан – құт мекен, мақтаныш 
ордасы. Өз халқының даңқын бүкіл әлемге танытқан, 
осындай перзенттері бар халық - әлбетте бақытты, қашанда 
мерейлі, еңсесі жоғары. Қазақ Республикасы мен Қазақстан 
Компартиясын 60 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, 
қарақалпақтың халық ақын Ыбрайым Юсуповтың сөзімен 
айтқанда: «Егер менің көңілім дария болса, көңілдеріңізге 
ағар едім, жұлдыз болса, мен оны жарқыратып жолдарыңызға 
жағар едім, менің мынау сіздерді сүйген жүрегім, кеудемнен 
жұлып алып, көкіректеріңізге тағар едім»,- дегендей, 
тойларыңыз тойға ұлассын демекпін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет