287
Назым НИЯЗИ
ДАЛА Б6ЛБ6ЛЫ
Советтік аза'станны 60 жылды' тор'алы тойы –
міт-тілегі, ма'сат-мддесі бір арнаа тоыс'ан байта'
Отанымыздаы халы'тарды да орта' тойы. Содан да
болар, осынау мереке шеруі басталан кндері елімізді
жер-жерінен небір жрек тебірентер 'тты'таулар,
досты' ниеттер, тіптен өткен өмір жолдарыны өнегелі
шежірелері редакция поштасына толассыз келіп тсуде.
Төменде назарларыыза сынылып отыран ма'алада
СССР халы' әртісі Тамара-ханум Әміре ашаубаев туралы
естелік сыр шертеді. Әгіме-схбат жргізіп, ма'аланы
әзірлеген ”Правда Востока“ газетіні тілшісі, белгілі
журналист Назым Ниязи.
Совет заманында қайта түлеген туысқан қазақ елінің
құшағы кең, даласы дархан, халқы мейірбан. Байтақ
Отанымыздың сәулетті бір отауы сияқты Қазақстанның 60
жылдық торқалы тойы бізді де қуанышқа бөлейді.
Осындай ұлыстың ұлы күнінде ел мерейін асырған, байтақ
Отанымыздың перзенті бола білген
аяулы азаматтарды еске
алу, олар туралы көз көрген адамдардың асыл естеліктерін
сұрастырып, тере жүру игілікті іс болса керек. Осы орайда
қазақтың жез таңдай әншісі Әміре Қашаубаев пен өзбектің
буынсыз бишісі Тамара-ханумның шығармашылық достықта
болғаны, Париж сапарында бірге концерт қойғаны - бүгінгі
буын үшін қызықты дерек қана емес, бауырлас қазақ-өзбек
халықтарының әріден басталатын туысқандығының жарқын
бір сәтіндей.
Тума талант, кенен дарын
иесі Әміре туралы айрықша
ілтипатпен әңгіме айтып отыратын Тамара-ханумның
лебізіне құлақ түрелік.
– Бәрі есімде, бәрі көз алдымда, - дейді Тамара-ханум, –
1925 жыл. Маусым айы. Парижде болатын дүниежүзілік
көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға
жолдама алдық.
Парижге барған соң, совет павильонына орналастық.
Біздің павильон біршама жұпыны екен. Басқалардікі болса
мәрмәрдан, хрустальдан, қымбат
бағалы жақұт тастармен
безенген.
Бірақ, біздің рухымыз биік, көңіліміз бай еді. Жуырда
288
ғана азаттық алған елімізге деген зор мақтаныш бар еді
жүрегімізде. Біздің топқа мұндағылар қатты аңсары ауа,
жапырыла қарайды.
Тіпті әдейі тоқтап, мойын бұрып, таңырқай қарайтындар
да бар. Париждегі комедия залында
Совет еліндегі көп ұлтты
халықтардың этнографиялық өнерін көрсетуге РСФСР-дің
еңбек сіңірген әртісі Г. Любимов, жез таңдай әнші Ольга
Ковалева, О. Федоровская, А. Деливо, Әзірбайжан сандуғашы
Шевхет-ханым Мамедова, қазақ әншісі
Әміре Қашаубаев,
башқұрт қурайшысы Исенбаев,
өзбек әншісі Қани Якубов
пен әнші-биші ретінде мен рұқсат алдық.
Залда құмырсқадай құжынаған көп халық. Концерт жүріп
жатыр.
Кезек Әміреге келді. Қарап отырмыз, ол өзін-өзі аспай-
саспай жақсы ұстаса дейміз. Әміре сахнаға дәл өз ауылында
жүргендей қутың қаға, жайраңдап шыға келді. Шыға келді де
қолтығына елеусіз қыса салған домбырасын оң қолына алды.
Күні бұрын қойылған орындықты өзінше қайта оңдап қойып,
артқы тағанын басты да, жайлап отырды.
Қимылы ширақ,
әрі сыпайы, ешқандай артық қимылы жоқ. Салған жерден
“Ағашаяқтың” жоғарғы нотасынан бастап асқақтата шырқап
жіберді. Оның микрофонсыз-ақ тым биік шыққан даусына
алдыңғы қатарда отырған көрермендер ғана емес, залдың
түкпір-түкпіріне жиналған тыңдаушылар да екі құлағын
басып, ауыздарын ашып қалыпты. Ән аяқтала бергенде:
– Не деген дауыс!
– Ғаламат!
– Па, шіркін, міне, керемет, өнер! - деген сөздер тұс-тұстан
саңқ-саңқ естіле бастады. «Мынау ғажап құбылыс. Кім бұл?!»
– дегендер де болды.
– Әміре Қашаубаев, қазақ, - деп жатты біреулер. – Сондай
ұлт бар ма?
– Демек, болғаны да. Бұл жігіт Парижден өте алыстағы
қазақ даласынан дейді ғой. Әміре әрі қарай көсілді. Жұрт
тағы да аңырып, Әміре сазына ұйыған. Ән біткен соң олардың
одан сайын таңырқап қыза сөйлеп кеткенін естідім. Сол үшін
Әміре жайындағы осындай көріністі қазақ ағайындарға
айтып отырмын.
Бұл күні париждіктердің жұп-жұмсақ алақандары қызыл
шақасы шыққанша соғылған шығар. Бұл жалған қошемет
емес, ән құдіретінің табындырмай қоймас күші еді.
289
Әміре салған әндер тұла бойға шымырлап тарап жатты.
“Дудар-айға” “Үш дос” қосылды. “Екі жирен”
жорғалап, “Қос
барабан” соғылды. “Қызыл бидай” тербеліп, “Қараторғай”
Париж аспанында қалықтады, – дейді Тамара-ханум апай.
Тамара-ханым Әмірені өзіне ұстаз санайды. Әміре мен Тамара-
ханымның достығы 1923 жылдан басталады. «Дудар-ай»
мен «Қараторғай» әнін биімен сахнаға шығарып, оны сонда
көрген, естіген халық көпке дейін қол соғып жібермейтін.
– Осы әндер арқылы мен де үлкен абыройға кенеліп,
даңққа бөлендім,- дейді Тамара-ханым. Осы екі әнді 86 елге
көрсеттім. Әсіресе, “Қараторғай” әні билеуге де, айтуға
да жеңіл, халықты өзіңе тез үйіріп аласың. ...Сол біздің
Парижде қойған концертіміз менменсіген Батысты да,
шұғылалы Шығысты да бас идірді.
Достарыңызбен бөлісу: