Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім, жалын атқан сөз дайында
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да.
Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
Көрінер көлеңкесі көл бетінде.
Қай жерде үзіледі қайран сапар,
Түйін боп өмірімнің бір шетінде.
Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы,
Көруші ең құбылысты қай-қайдағы.
Япырм-ау, сен де бір күн сөнермісің,
Қап-қара түнек болып маңайдағы.
Сол жерге қаласың ба мәңгі тоқтап,
Жоғалып жер бетінен сүрлеу соқпақ.
180
181
Немесе бастармын ба екінші өмір,
Жалынды жыр-жолымда қызыл шоқ қап.
Бір күні от өмірім қалса өшіп,
Қайран ел туған жерден кетпес көшіп.
Торқадай жамылып ап топырағын,
Жатармын өз жерімде бір төмпешік.
Тоқтамас өмірімнің сағатындай,
Жүрегім енді қанша соғар тынбай.
Тыншыр ма ақтық рет бір талпынып,
Мерт болған балапанның қанатындай.
Түсірген ой сәулесін шартарапқа,
Ақылдың алтын оты сөнген шақта.
Бұл күнде саңқылдаған сұңқар даусым,
Кетерсің судай сіңіп табиғатқа.
Сондықтан әпкел бері домбырамды,
Кеудеме күй қанаты қондыр әнді.
Берейін өмірімнен өлең жасап,
Шашайын оңды-солды мол мұрамды.
Жүсекең осы әнді айтып күні-түні толғаныс кешетін болды. Олар
Қарағандыға жетуін жеткенмен, туған жері Қойтасқа бара алмады.
Қарағандыда Жүсекеңнің халі, тіпті, ауырлап кетті. Амалсыз кейін
қайтуларына тура келген. Келісімен Жүсіпбек ауруханаға жатқызылды.
Күн санап төмендеген аяулы әншінің көңілін сұрауға көңіл жетер адам-
дар келіп кіріп-шығып жатты. Бірде Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден
Мұстафин келіп көңілін сұраған. Құрдастар өздерімен бірге құрбылық
әзіл-қалжыңдарын ала келіпті. Жүсіпбек сол жолы соңғы рет серпіл-
гендей, күлімдеп, әзілге қалжыңмен жауап беруге тырысқан. Содан кейін
күрт түсіп, сөзден қалды. Енді әншіні балалары, жақындары күні-
түні күзетісетін болды. Сондай күндердің бірінде Жүсіпбек ымдап
Хабибаны шақырған. Елп етіп жанына барған Хабибасының қолын
ерніне басып: «Қош, қош бол!» – деген. Осылайша ол төрт баласының –
бір қыз, үш ұлының анасы, қырық екі жыл отасқан адал жары Хаби-
басымен қоштасқан.
Сол күндер есіне түскенде Хабиба әжеміздің әжімді жүзін жас жуып
кетеді: – Жүсекең қабағыма қатты қараушы еді. Әлі есімде 1935 жылдың
тамызында Жүсекең мен Қалибек мені Қарқаралыдан Алматыға алып
келді. Өстіп Жүсекеңе жар болып, оның үй толы туыстарына келін-
жеңге болып дегендей, туған елімнен шалғай, бұрын көрмеген, білмеген
бейтаныс қалада жаңа өмірім басталды. Бірақ бір үйдегі он сегіз жан-
нан жалғыз қалған менің қайғым теңіздей терең еді. Қай-қайдағы есіме
түсіп, жылай беретінмін. Сондай қабағыма кірбің түскен сәттерде қайран
Жүсекем: «Мойныма мінші, арқалайын» деп, тап әкемдей еркелетуші
еді. Жүсекең маған әке орнына әке, аяулы жар, балаларымның қамқор
әкесі, халқының сүйікті өнерпазы болып өтті өмірден. «Тіршілікте
сенің көңіліңе қаяу түсірмесем екен деп тілеймін», – деуші еді. Өмірден
өтерден аз бұрын, ұмытпасам, тамыз айының он екісі күні радиодан түскі
демалыс концертін берді. Бірер әннен соң Тәттімбеттің күйі тартылды.
Сол-ақ екен, көзі жұмулы, қимылсыз, сұлқ жатқан Жүсекең қозғалақтап
кетті. Бір қолы домбыраның шанағын қағып, саусақтары пернесін
басқандай тынымсыз жүйткіді. Бұл есіл әншінің «Қанатталды»,
«Сұржекей», «Ардақ», «Қарқаралы», «Ғазиздің әні», «Сарымойын»,
«Ғалия», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» сияқты сүйікті әндерін соңғы
рет айтып, қоштасып жатқаны еді. Осылайша Жүсекең өзінің жетпіс
жыл жан серігі болған аяулы өнері – әншілікпен бақұлдасты.
Жүсіпбек Елебеков 1977 жылы 25 тамыз күні, тура 73 жасында
дүниеден өтті. Ұлы әншіге топырақ жер жаннаты Жетісудан бұйырды.
Оның сүйегі сол кездері еліміздің мемлекет пен қоғам және өнер
қайраткелері жерленетін Кеңсай зиратына қойылды.
182
183
Достарыңызбен бөлісу: |