К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Жабдықты қолдану уақытын суретке түсіру



Pdf көрінісі
бет113/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

Жабдықты қолдану уақытын суретке түсіру жабдықтың жүктелу 
дәрежесін, рационалды қолданылуын, артық, қолданылмаған қуаттардың 
болуын орнату мақсатында машиналық, аппаратуралық, өндірістерде 
жүргізіледі. Бақылау тікелей өлшеу арқылы арқылы да, жұмыс орнын суретке 
түсіруде жүргізілгендей сәттік бақылау әдісімен де жүргізуге болады. Бірақ бұл 
жерде бақылау нысаны жабдық бірлігі немесе бірнеше жабдықтар бірлігі болып 
табылады. Бақылау нәтижелерін өңдеу жұмыс орнын суретке түсірудегі сияқты 
жүргізіледі: жабдықты қолдану уақытының балансы құрылады,оның 
жұмысының өнімді және өнімділігі жоқ шығындар, тұрып қалу және оның 
себептері айқындалады.
Жабдықты қолданудың пайдалы уақыты коэффициенті негізгі уақыттың 
барлық аусым уақытына қатынасымен анықталады.
Суретке түсіру мәліметтері бойынша жабдықты қолдану уақытының 
балансы құрылады (8.9-кесте) 
8.9-кесте 
Жабдықты қолдану уақытының балансы 
Жұмыс және үзілістер 
аталуы 
Уақыт шығыны 
Бақылау 
уақытына 
жобаланатын 
уақыт, % 
Жобаланатын 
уақытты 
қысқарту,% 
мин 
қорытындыға 
% есебімен 
1.Жұмыс 
369 
75 
88 

2. Ұйымдастыру-техникалық 
сипаттағы үзілістер: 
технология мен өндірісті 
ұйымдастыруға негізделген 
61 
12,4 
10 
2,4 
өндірістік үрдістің қалыпты 
жүрісінің 
бұзылуына 
негізделген 
36,9 
7,5 

7,5 
3.Жұмысшының 
демалыс 
пен жеке қажеттіліктерге 
үзілісі
12,3 
2,5 

0,5 
4.Еңбек тәртібін бұзудан 
туындаған үзіліс 
12,8 
2,6 

2,6 
БАРЛЫҒЫ: 
492 
100 
100 
13 
Өндірістік үрдісті суретке түсіру (екі жақты бақылау) технологиялық 
үрдіс жүрісін, жабдықты қолдану уақытын және осы жабдықта жұмыс істеп 
жатқан орындаушының жұмыс уақыты шығынын бір мезгілде анықтау үшін 
жүргізіледі. Көбінесе бұл суретке түсіру аппаратуралық өндірісте өткізіледі. 
Бақылау жұмыстың жеке элементтерін орындауға кететін уақыт шығынын 
тіркеуден тұрады: жұмысшының белсенді бақылауы, жүріп өтуі және басқа 
әрекеттері; жабдықтың жұмыс істеу уақыты мен үзілістері және т.б. Бақылау 
парағында жеке жұмысшының уақыт шығындары мен жабдықты қолдану 
уақыты көрсетіледі. Тікелей өлшеу әдісі немесе сәттік бақылау әдісі 


216 
қолданылуы мүмкін. Көбінесе бақылау бірнеше аусым бойы жүргізіледі, ал 
үздіксіз үрдіс кезінде - екі-үш тәулік бойы жүргізіледі. Әдетте бір бақылаушы 
орындаушының жұмыс уақыты шығындарын, ал екіншісі жабдықты қолдану 
уақытын белгілейді. Осыған байланысты «екі жақты бақылау» термині 
қолданылады.
Бақылау нәтижелері бойынша орындаушының жұмыс уақыты балансы 
және жабдық жұмысы уақытының балансы құрылады, жабдықта жұмыс 
істейтін әрбір жұмысшының жүктелуі, уақыт бойынша жабдықты қолдану 
дәрежесі, технологиялық тәртіп көрсеткіштері, шикізат, материал, энергия және 
т.б. шығыны бағаланады. 
Кеңістікте таралған көп қатысушылары бар күрделі өндірістік үрдістерді 
бақылаушылар тобы қолданылады. Жазба графиктік тәсілмен жүргізіледі, содан 
соң графиктер жинақталып, өңделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет