Көтерме сауда базалары тауарларды өндіруші- кәсіпорындардан сатып
алып, оларды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен саудалық
кәсіпорындарға сатады.
Шығару базалары ірі кәсіпорындарда орналастырылады. Оның басты
функциясы- өндіру пунктінен тұтынушы пунктіне дейін тауар қозғалысы
үрдісін ұйымдастыру. Олар тауарлардың ірі партияларымен көтерме сауда және
жекелендірілген кәсіпорындарға сатылуын ұйымдастырады.
Саудалық-сатып алу базалары тұтуну жерінде тауарларды сату үшін
жинақтайтын көп өндіруші-кәсіпорындар орналасқан аудандарда болады.
Саудалық базалар тұтыну жерлерде орналасады. Олар тауарларды
дайындаушы, шығарушы және сауда-сатып алынатын базарлардан және басқа
да делдалдардан сатып алып, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен
жекелеп сатылатын кәсіпорындарға сатады.
Дайындаушы мен тұтынушының арасындағы делдалдар ретінде брокерлер, сауда агенттері бола алады.
Бұл делдалдардың қызметі көтерме сауда базарларының функцияларынан
келесідей ерекшелінеді:
олар өзіне тауар меншігі құқығын алмайды;
шектелген функциялардың санын орындайды.
Олардың басты функциясы- сату және сатып алуға көмектесу. Өздерінің
қызметтері үшін комиссиялық сияқылар алады; негізі міндеті- сатып алушы
мен сатушыны тауып, оларды кездестіріп сату және сатып алу жағдайындағы
келісімшарттарға көмектесу, жеткізу.
2.3. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын тауармен жабдықтау Меншік түріне тәуелсіз қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындағы ірі
фирмаларда жабдықтау бөлімдері құрылады, кішігірім кәсіпорындарда
жабдықтауда жабдықтауды ұйымдастыруға жауапты жұмысшы тағайындалады.
Жабдықтау бөлімі өзінің белгілі бір қызметтерін атқарып өздігінен жұмыс
істейді. Жабдықтау бөлімі жабдықтау-өндіріс-өткізу тізбегінде материалды
ағынды қамтамасыз ететін белгілі-бір функцияларды орындайды.