26
болып табылады. Көтерме сауда өзіміздің өндірушілер
нарықтағы өз орнын
жеңіп алуы үшін отандық тауарлардың сапасын көтеруіне итермелейді.
Саудада көтерме звеноны қолданудың қажеттілігі, сонымен қатар кейбір
азық–түлік тауарларының (жемістер, көкөністер және т.б) маусымдық
өндірісіне байланысты. Тауар өндірушілер ұзақ уақыт өздерінің қоймаларында
өндірілген өнімдерді сақтай алмайды, ал көптеген бөлшектеп сату
кәсіпорындары мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында үлкен қоймалар
болмайды. Көтерме сауда кәсіпорындары сұраныстың шығуы бойынша жүзеге
асырылатындай етіп, тауарларды сақтауға қажетті жағдайларды құра алады.
Көтерме сауда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын күрделі
ассортиметті тауарлармен жабдықтау кезінде маңызды орын алады.
Көтерме сауданың шешетін маңызды мәселелерінің ішінде келесі жоспар
бірінші орында тұрады:
өндірістік-техникалық тағайындалған және
халық тұтынатын тауарларға
сұраныс пен ұсыныстың ағымды және перспектиті болжамдарымен
нарықты зерттеу конъюктурасының мәліметтер банкін жинау және құру;
ассортимент, саны және сапасы бойынша тұтынушылардың сұранысына
қарай өндіріс тауарларын тура сәйкестендіріп орналастыру;
алынған тапсырыстарға, келісім шарттарға сәйкес тұтынушыларды өз
уақытында, ырғақты және
сапалы қамтамасыздандыру;
тапсырыс берушілердің ағымды және болжанбаған қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін тауарлық қорлар құру және қоймалық сақтауды
ұйымдастыру;
әрқайсысына коммерциялық табыс үлесін сақтай отырып, жабдықтаушы,
делдал және сатып алушылар арасындағы көтерме сауда үрдісіндегі
барлық жүйелердің өзара қарым– қатынасын экономикалық басқару және
ынталандыру тәсілдерін қолдану;
мобильді көліктің жоғары механикаландырылған тиеу-түсіру құралдарын,
жоғары тиімді көп рет қолданылатын қаптама түрлерін қолданып,
көтерме сауданың прогрессивті түрлері мен әдістерін қолдану;
көтерме сауда үрдісін жүзеге асыруда барлық этаптағы айналым
шығындарының деңгейін төмендету нәтижесінде максималды үнемдеу
жиынтығын алу.
Тауарайналым жүйесіндегі көтерме кәсіпорындардың ыңғайлы жағдайы
өндірісте, транспортта және бөлшек сауда да прогрессивті өзгерістерге
негізделген, сонымен қатар көтерме-делдалды қызмет нарығында бәсекелестік
өскен сайын, оларды үнемі технологиялық және
ұйымдастыру-экономикалық
қайта құру нысандарына айналдырады.
Көтерме-делдалдық құрылымның әр түрлілігі нақты формадағы тауармен
жабдықтауда тауар айналымға қатынасатын қатынасушылардың таңдау
мотивіне байланысты анықталады және келесідей негізгі түрлерін қарастырады
(2.1- сурет).
27
2.1- сурет. Көтерме-делдалдық құрылымның негізгі түрлері
Достарыңызбен бөлісу: