К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Қамсыздау мақсаттары мен көздері



Pdf көрінісі
бет18/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

2.2. Қамсыздау мақсаттары мен көздері 
Қоғамдық 
тамақтандыру 
кәсіпорындарын 
шикізатпен, 
жартылай 
фабрикаттармен, өнімдерен және материалды-техникалық құралдармен 
жабдықтауды рационалды ұйымдастыру өндірістің ырғақты жәни тиімді жұмыс 
істеуінің маңызды алғы шарты болып табылады. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамсыздаудың келесі түрлерін 
ажыратады: азық-түлік және материалды-техникалық. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын азық-түлікпен қамсыздауды 
ұйымдастыруға келесі талаптар қойылады: 
 жыл бойы жеткілікті мөлшерде және қажетті сапада тауарлардың кең 
ассортиментін қамтамасыз ету; 
 жабдықтау графигін қадағалап тауарларды уақытылы және ырғақты 
жабдықтау; 
 тауар қозғалысының звенолығын қысқарту; 
 жабдықтаушыларды оңтайлы таңдау және тауар жабдықтауға олармен 
келісім шарт құру. 
Қоғамдық 
тамақтандыру 
кәсіпорнының 
тауармен 
жабдықтауды 
ұйымдастырудан тауар қорының ассортименті, олардың айналымы, 
жабдықтауды ұйымдастырумен байланысты шығындар тәуелді. Азық-түлікпен 
жабдықтауды дұрыс ұйымдастыру – қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 
өнімдеріне халық сұранысының қанағаттандырудың маңызды шарты. 
Кәсіпорындардың қалыпты жұмысы материалды-техникалық құралдармен, 
жабдықтармен, инвентарьмен, арнайы киімен, ас ыдыстармен және т.б. үздіксіз 
жабдықтауды талап етеді. Материалды-техникалық жабдықтауды рационалды 
ұйымдастырудан кәсіпорынның өндірістік бағдарламаны орындауы, тағам 
сапасы, тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениеті байланысты.
Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі үшін тауарларды әртүрлі көздерден 
жабдықтауды ұйымдастыру керек.
Әртүрлі меншікті азық-түлік тауарларын өндіруші-кәсіпорындар: тамақ 
өндірісінің мемлекеттік кәсіпорындары, акционерлік қоғамдар, ұйымдар, жеке 
фирмалар. Жабдықтауды ұйымдастыруға ауыл шаруашылық өнімдерін 
өндірушілер: фермерлік шаруашылықтар, ауыл шаруашылық өнімдерінің 
артығын ұсынатын жеке тұлғалар үлкен үлес қосады. Қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындары өнімдерді базарлардан, көтерме базарлардан, дүкендерден және 
кәсіпкерлерден сатып ала алады; көкөністер мен жемістердің маусымында 
көптеген кәсіпорындар өндірілетін өнімдердің ассортиментін кеңейту үшін 
өздері дайындайды, (тұздау, консервілеу және т.б.) Ірі фирмалар, кәсіпорындар, 
зауыттар қосалқы шаруашылықтар ұйымдастыру мүмкін.
Көптеген өнімдердің түрлері кәсіпорынға делдарлар-көтерме базалар 
арқылы келіп түседі: 
 ет, май, балық және гастрономиялық өнімдермен жабдықтайтын 
көтерме сауда базарлары және тоңазытқыштар; 
 бакалеялық өнімдермен жабдықтайтын көтерме сауда базарлары; 


30 
 көтерме жеміс-көкөніс базалары. 
Делдалдардың қызметіне деген қажеттілік кәсіпорында өнімдерді жинау 
және сақтау жағдайлары болған кезінде туындайды. Бұндай жағдайда 
делдалдар өзіне тауардың дайындаушыдан тұтынушыға дейінгі қозғалысына 
байланысты функцияларына жауап беруі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет