Көтерме жәрмеңке – бұл отандық нарық үшін дәстүрлі ұйымдастырушы
құрылым, өндіруші және т.б. тасымалдаушылармен, екінші жақпен, және басқа
да көтерме сатып алушылар арасында коммерциялық келісімшарттарды құру
үшін жағдайларды жасау. Олардың негізгі қасиеті жәрмеңкелік сауда үрдісінде
болып табылады:
ірі кәсіпорындарда тауарларды сатып алу жүргізіледі;
Көтерме-делдалдық құрылымдар
Көтерме саудаға
маманданған
Көтерме
делдалдар
Көтерме айналымды
ұйымдастырушылар
28
кең ассортиментті тауарлардың құны және сапасы анықталынады;
бәсекелестер мен коммерциялық серіктестер анықталынады;
нарықтың ағынды конъюнктурасы бағаланады және тұтынушылық
сұранысы мен тауарларға ұсыныстың перспективалы даму тенденциясы
анықталынады.
Тауарлық биржалар стандарталған тауарлардың ірі көтерме айналымына
қызмет көрсетеді.
Аукциондар ең бастысы жекеленген тауар өндірушілерді ынталандыру
мақсатында қолданылуы керек.
Еркін ұйымдастырушы элемент тауар қозғалысы үрдісінде барлық
қатынасушылардың мүддесін жүзеге асыруға көмектесетін көтерме азық-түлік
нарықтары болып табылады.
Көтерме азық-түлік нарығы – бұл қалыптасқан ереже бойынша және
белгілі бір жерлерде азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылық
шикізаттарын сату-сатып алу оперцияларын ұйымдастыруды жүргізетін
коммерциялық шаруашылық құрылымы.
Көтерме азық-түлік нарығындағы негізгі функция болып табылады:
жыл бойы халықты үздіксіз сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету;
барлық тасымалдаушыларға ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынуда
бәсекелестік нарыққа шығу тұрақтылығына мүмкіндік беру;
ауыл шаруашылық өнімдерін және азық-түлікті сату-сатып алу бойынша
келіссөздер жүргізу үшін біртекті орнықтырылған орынды қамтамасыз
ету;
халықты азық-түлікпен жабдықтауды тиімді жоғарылату және оларды ірі
қалаларда, өнеркәсіптік орталықтарда және еліміздің жекеленген
аймақтарында орналастыру;
соңғы тұтынушыға тауар қозғалысы үрдісін қысқарту және жеңілдету;
өзара есептесу және төлемдерді, сонымен қатар салықтарды және
бюджетке төленетін басқа да төлемдерді қысқарту және жеңілдету;
сұраныс және тұтынушылық тауарларға ұсыныс жайлы толық
ақпараттарды алу және оларды сәйкес өндірушілер мен саудалық
құрылымдарға беру;
ауыл
шаруашылық
өнімдері
мен
малды
жүзеге
асыратын
стандартизацияны, сертификацияны және жұмыс атқаратын сапаның
санитарлық және ветеринарлық бақылауын қамтамасыз ету;
Мемлекеттік жеке меншіктің қатынасуымен біздің елімізде көтерме азық-
түлік нарығын қалыптастыру ұйымдаспаған көтерме-делдалдық қызметті алып
тастауға мүмкіндік береді, тауар айналымды, тауар спасын және нарықтағы
азық-түлік құнын орнықты ұстайды, тауар айналым және өндіріс сферасындағы
кіші және орта кәсіпкерлердің мүддесін қорғайды. Бұндай жүйенің тағы бір
мақсаты – қаржылық ағынның қозғалысын тәртіпке келтіру, есептесу мен
төлемдерді жеңілдету, оперативті ақпарат банкісін құру (сұраныстар мен
ұсыныстар жайлы, тауарлардың болуы жайлы, қалыптасатын құн туралы,
болжамдар жайлы).
|