Көтермесаудаға мамандандырылған кәсіпорындар тауарға деген жеке
меншік құқығының көтерме звеноға өтуімен, толықтай сатып алу-өткізу
операцияларының жиынтығын жүргізеді. Қызмет көрсетудің территориялық
масштабына байланысты жалпы ұлттық, аймақ аралық және аймақтық; жүзеге
асырылатын тауар ассортиментінің кеңдігіне байланысты - әмбебап және
мамандандырылған; көрсетілетін қызметі бойынша алынған – кең немесе аз
көлемде қызмет көрсету болып бөлінеді. Олардың негізгі мақсаты нарыққа
шығу үшін қажетті тауармен жабдықталатын орташа звеноны ірі тауар
өндіруші және бөлшектеп сатушылардың қатарына қосу болып табылады.
Берілген топтағы көтерме кәсіпорындардың құрамынан кіші көтерме
дүкендер - «кэш энд кэрри» (аударғанда «ақшасын төле және алып кет»)
типіндегі қоймалар, ең алдымен кіші көтерме тауарлар партиясын алатын
тұтынушыларға қызмет көрсету кезінде динамикалығы және перспективалы
дамуы арқылы ерекшеленеді. Бұндай кәсіпорындар өз-өзіне қызмет көрсету
және тауарларға қолма-қол есеп айырысу принципімен жұмыс істейді,
заттардың жоғары айналымымен, сонымен қатар шығындар айналымының
және саудалық үстеменің төменгі деңгейімен ерекшеленеді.
Көтерме делдалдар көтерме кәсіпорындарға қарағанда сатып алу-өткізу
операцияларын ереже бойынша орындамайды. Олардың көтерме-делдалдық
қызмет көрсету нарығындағы тиімділігі нарықтың конъюнктурасы жайлы
жоғарғы деңгейде ақпараттарды жинақтауы болып табылады. Көтерме
делдалдардың негізгі типі – комиссионерлер, сауда агенттері, кәсіпорындар –
брокерлер, дистрибьюторлар, дилерлер, тәуелсіз көтермешілер- сатып
алушылар және т.б.
Көтерме айналымды ұйымдастырушыларкөтерме кәсіпорындар мен
делдалдарға қарағанда тауарлар және олар жайлы ақпараттарды иемденуші
болып
табылмайды.
Олардың
негізгі
мақсаты
көтерме-делдалдық
операцияларды жүргізу үшін қажетті жағдайларды құру: аукцион, көтерме
жәрмеңке, тауарлық биржаларды, көтерме азық-түлік нарығын және т.б.