38
Келісім шартты құру кезінде қарастырылатын
жұмыстың басты
мәселелерін қарастыру керек, бұдан кейін жалпыдан жекеге өту арқылы
жұмыстың схемасын құрып, әр кезеңде қалай орындалатынын ойластырып, бұл
үшін
қандай жағдайлардың болуы, сонымен қатар қауіптің болу мүмкіндігін
қарастыру қажет.
Қарастырылатын келісім шарттың жобасын бұл жобаға қызыққан
ұжымның құруы қажет. Келісім шарт жағдайларын қарастыру үшін сол
профильдегі арнайы мамандарды шақыру керек. Келісім шартты құру ұсынысы
белгісіз кәсіпорындардан келіп түссе, олар туралы көптеген мөлшерде
ақпараттар жинау керек. Бұл үшін олардың құрылтай
құжаттары мен тіркеу
куәліктерімен танысу керек. Оның басқарушысы кім, қордың көлемі қандай,
ұжымның қаржылық жағдайы қандай екендігіне көңіл аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: