К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет23/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

екіншісі – кәсіпорынның типі мен классына байланысты бір орынға 
шаққанда асханалық ыдыстар мен құралдармен жабдықтау бойынша; 
Арнайы киімдер мен аяқ-киімдер олардың киілу мерзімінің ескерілуімен
нормативтер қойылған. Жұмысшының кәсібі мен атқаратын қызметіне қарай 
киім және аяқ киім жинағына кіретін заттар саны орнатылған.
Бір реттік қолданыстағы заттардың саны (жуу құралдары, қағаз 
майлықтар және т.б.) шығындар нормасы негізінде анықталынады.
Эксплуатациялық нормалар тозу мерзімін (сыну, бұзылу), жүктелу және 
қолдану шарттарына байланысты құрал-жабдықтардың алгоритмизациялау 
нормасын анықтау үшін орнатылады.
Өнімдердің қажетті ассортименті мен материалды-техникалық құралдарды 
анықтап болған соң, сатып алу әрекетінің маңызды кезеңі жабдықтаушыларды 
таңдау болып табылады, олармен шаруашылық қатынастар орнатылу тиіс.
Құрылған жабдықтаушылар тізімі арнайы критерийлер бойынша 
талданады. Көбінесе жабдықтаушыны таңдау кезінде жабдықталатын өнім 
бағасы мен сапасымен, сонымен қатар жабдықтау сенімділігімен шектеледі. 
Ықтимал жабдықтаушыларды іздеу. 
Бұл кезде келесідей әдіс-тәсілдер қолданылуы мүмкін: 
 байқауды хабарлау; 
 жарнамалық материалдарды зерттеу: фирмалық каталогтар, жалпыға 
ақпарат беру арқылы хабарламалар және т.б.; 
 көрмелер мен жәрмеңкелерге бару; 
 мүмкін болатын тасымалдаушылармен хат алысу және жеке байланыстар 
орнату. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда ықтимал жабдықтаушылар тізімі 
құрастырылады, ол толықтырылып жаңарып отырады. 
Ықтимал жабдықтаушыларды талдау.  
Құрылған ықтимал жабдықтаушылардың тізімі арнайы критерийлер 
негізінде (2.1-кесте) сатып алу жөнінде менеджермен талданады.
Жабдықтаушылармен жұмыс істеу кезіндегі ең маңызды мәселе 
альтернативті шешім қабылдау болып табылады: тікелей ұзақ ерзімді 
өндірістік-шаруашылық байланыстар негізінде бір жабдықтаушының болуы
материалды-техникалық қорлардың бірнеше көзімен байланыс орнату. Бұл екі 
нұсқаның да оң жақтары және бірқатар артықшылықтары бар (2.2- кесте).


35 
2.1-кесте
Ықтимал жабдықтаушыларды бағалау критерийі 
Топ 
Критерии 
Техникалық 
Өнімдердің бәсекелестікке қабілеттілігі 
Тасымалдаушының техникалық жабдықталу деңгейі 
Тасымалдау технологиясының прогрессивтігі 
Жеткізілу жинақтылығы 
Жалпы қабылданған стандарттарға сәйкестігі 
Инфрақұрылымның дамуы 
Тасымалданатын өнімдерде ақаулардың болуы 
Кепілдемеден кейінгі техникалық қызмет көрсету 
Өнімдердің ассортименті 
Үнемі буып-түю 
Ұйымдастыру-
экономикалық 
Өнімнің қолжетімділігі 
Өнім сапасы 
Жеткізілу шарты 
Жеткізілу мерзімі 
Баға деңгейі, жеңілдік көлемі 
Тасымалдаушыны алып тастау 
Тасымалдаушының қаржылық жағдайы, оның кредит төлей алуы 
Ұйымдастыру және басқару 
Логистиканы ұйымдастыру 
Психологиялық 
Тасымалдаушының сенімділігі 
Компанияняң алдыңғы тарихы 
Беделі 
Серіктестік дәрежесі 
Еңбек қатынасы 
Орналасу жері 
Копетенттік деңгейі 
Келісім шарт тәртібі 
өзара қарым-қатынас деңгейі 
2.2- кесте
Жабдықтаушылардың саны туралы шешім нұсқалары 
Бір жабдықтаушы 
Бірнеше жабдықтаушылар 
Ұзақ 
уақытқа 
келісім 
шарт 
құру 
тапсырыстың бөліну мүмкіндігін жояды 
Тұтынушыда 
шұғыл 
және 
көлемді 
тапсырыс шыққан кезде мәселелерді шешу 
Тасымалдаушы 
нақты 
эксклюзивті 
патенттің иегері болып табылады 
Бірнеше көзді қолдану есебінен жабдықтау 
кепілдемесінің жоғарылауы 
Тасымалдаушы өнім сапасы, қызмет немесе 
бағасы 
бойынша 
критериилерді 
қанағаттандырады 
Нақты тасымалдаушы мен тұтынушыға 
деген бағыныштылықтың белгілі бір 
мөлшерде төмендеуі 
Тапсырыс 
көлемі 
аз 
және 
басқа 
тасымалдаушылардың арасында бөліске 
салу ыңғайлы емес 
Тұтынушы 
өзінің 
істерін 
бірнеше 
тасымалдаушылармен жүргізе алады 
Сатып алу концентрациясы жеңілдіктерге 
немесе тариф бағасының төмендеуіне әкелі 
мүмкін 
Қосымша қызметті және соған сәйкес 
қызмет көрсету жағдайларын ұсыну 
мүмкіндігі
Тұтынушының 
барлық 
тапсырысы 
тасымалдаушыда 
бар 
кезде 
өзара 
қызығушылықтың болуы
Жабдықтау ыңғайлығы және өнімдерді 
тасымалдау кезінде уақытылы жеткізбеу 
қаупінің төмендеуі 


36 
Тәжірибе көрсеткендей тасымалдаушы мен қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындарының арасындағы байланыста әдетте кәсіпорында аса көлемді 
тұрақты тапсырыс бойынша жабдықтауды жүзеге асыратын бір тұрақты 
жабдықтаушысы болады. Сонымен бірге екі-үші жабдықтаушылармен 
келісімге отырып, периодты түрде өнімге тапсырыс береді (бір реттік тапсырыс 
жасау).
Бұндай жүйенің «тасымалдаушы-тұтынушы» қатынасы жабдықтауда 
максималды ыңғайлылықты береді және жабдықтауға кепілдеме береді, себебі, 
тасымалдаушылар біруақытта тұтынушылардың көп мөлшерімен байланыста 
бола алады.
Жабдықтаушылармен жұмыс істеу қорытындысын бағалау. Жабдықтаушыны 
таңдауға келісімшартқа отырған жұмыстардың қорытындысы маңызды әсер 
етеді. Бұл үшін жабдықтаушылардың рейтингісін есептеуге мүмкіндік беретін 
арнайы бағалау шкаласы құрылады. Рейтинг, әсіресе, жекеленген 
жабдықтаушылардың сенімділігін бағалау кезінде бағалау шкаласын құруға 
негіз болып табылуы мүмкін. Жабдықтаушыны таңдауда және жабдықтаушыны 
бағалауға қатысты маңызды фактор тапсырыс берілетін тауардың сипаты
болып табылады.
Құрал-жабдықты 
жабдықтаушыларды 
таңдау 
кезінде 
келесідей 
сипаттамалар аса маңызды: 
 баға және сервис (шетелдік құрал-жабдықтар барлық кедендік 
процедуралардан өтуі керек); 
 қаржылық қызмет көрсету: есептесуді кейінге қалдыру немесе лизинг 
қызметі; 
 стандартты құрал-жабдықтың барлық тізімі бойынша резервтік тауар 
қалдықтарының болуы; 
 техникалық сервисті жүргізу: құру/инсталляция,
қосу, тексеріп іске қосу; 
сатып алушыға акт арқылы беру; 
 кепілді жөндеуге мүмкіндік; 
 эксплуатация үрдісінде қажет болатын бөлшектердің болуы; 
 тамақтану кәсіпорындарының персоналдарына эксплуатация ережелерін 
оқыту. 
Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптардың арасында кең жайылғаны 
мәзірдегі өзгеріс жағдайында бір техниканы ауыстыру, эксплуатациялау кезінде 
шудың болмауы, жақсы жарықтандырылған, жеткілікті көлемдегі өндірістің 
болуын атап өтуге болады.
 ас ыдыстар мен аспаптар жабдықтаушыларын таңдай отырып, 
төмендегілерге көңіл аудару керек: 
 өнім сапасы; 
 бағасы мен сапасының қатынасы; 
 сауатты кеңес беруші қызметкерлердің болуы; 
 стилі, түрі, пішіні, өлшемі, түсі бойынша жинақтардың алуан түрлілігі, 
сонымен қатар жеке тапсырыс бойынша заттар дайындау мүмкіндігі; 
 ассортимент тұрақтылығы. 


37 
Жабдықтаушыны таңдау туралы шешім қабылданған соң, олармен 
жұмыстар жүзеге асады: 
 сөйлесулерді дайындау және жоспарлау; 
 өнім жабдықтаушылармен келісім шартқа отыру
 жабдықтаушының саудалық өкілімен танысу және ұсынылатын 
шарттарды талдау; 
 өнімдерді жабдықтау шарттарын, тапсырысты орындау орны мен 
уақытын, қызмет көрсету шарттары мен кепілдік міндеттемелерін 
қарастыру. 
Әдетте жабдықтаушылармен жұмыс істеп бастағанда сынамалық 
тапсырыстар жасалады, оның нәтижесі бойынша қысқа мерзімді және ұзақ 
мерзімді 
перспективада 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыру 
бойынша 
жабдықтаушы қабілеттілігі бағаланады. Ары қарай жабдықтаушылармен 
белсенді жұмыстар жүргізіледі.
Сатып алу операцияларын сауатты жүргізу келісім шарт орнату, 
тауарларды жабдықтау және оларға төлем жүргізуге қатысты білімдерді қажет 
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет