К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Тауарайналым түрлері мен әдістері. Тауарайналымдағы көлік, оған



Pdf көрінісі
бет25/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

2.5. Тауарайналым түрлері мен әдістері. Тауарайналымдағы көлік, оған 
қойылатын талаптар 
 
Тауарайналым - тауарларды өндіру жерінен бастап тұтыну жеріне дейін 
жеткізу. Тауарайналымның технологиялық үрдісі – тауарлық, жүк және арнайы 
өңдеуді қажет ететін өндірушіден тұтынушыға дейін тауарлардың материалды-
техникалық ағыны.
Тауарайналымның негізгі принциптері: 
 тауарайналымның оңтайлы тізбегі; 
 көлік құралдарын тиімді қолдану
 саудалық- технологиялық жабдықтарды тиімді қолдану; 
 тауармен орындалатын операциялар санын қысқарту. 
Тауарайналым үрдісіне әртүрлі факторлар әсер етеді, оларды үш топқа 
біріктіруге болады: өндірістік, тасымалдау және тауарлық. 
Өндірістік факторларға: өндірістік кәсіпорындарды тұтыну орындарына 
қатысты орналастыру, жеке тауарлар өндірісінің мамандануы және 
маусымдылығы жатады.
Тасымалдау 
факторларға
өндіріс 
пен 
тұтыну 
орындарын 
байланыстыратын көлік жолдарының күйі, тасымалдау құралдарыныі
контейнерлік алаңдардың болуы жатады.
Саудалық факторларға: тауар партиясының көлемі, минималды тиеу 
нормалары, 
тауарлардың 
физико-химиялық 
қасиеттері, 
ассортимент 
күрделілігі, кәсіпорын өлшемі жатады.
Тауармен орындалатын операциялар саны тауар айналым сызбасына 
байланысты (2.2-сурет). 
Тауарайналым белгілі бір каналдар бойынша жүзеге асады. Қоғамдық 
тамақтандыру кәсіпорнына дейін тауар айналымына өндіруші-кәсіпорындар
әртүрлі делдалдар, бөлшек сауда желісі, көлік кәсіпорындары қатысуы мүмкін. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына тауарлардың түсу көзіне 
байланысты тауарайналымның транзитті немесе қоймалық түрін қолданады.
 


39 
Тауарайналымның технологиялық үрдісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет