К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Қойма бөлмелерінің құрамы



Pdf көрінісі
бет30/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

 
3.2. Қойма бөлмелерінің құрамы
Әртүрлі типті қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін қойма 
бөлмелерінің құрамы мен ауданы кәсіпорын типі мен қуатына байланысты 
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын жобалау ережелері мен құрылыс 


44 
нормалары бойынша орнатылады. Қойма бөлмелері ауданын 1 м

еден 
ауданының жүктеме нормасы мен ауданды қолдану коэффиценті бойынша 
мына формулалармен есептейді: 
 арнайы қойма үшін: 
 әмбебап қойма үшін: 
мұндағы S
жалпы 
– қойманың жалпы ауданы, м
2

Р- өнім массасы, кг;
N- жүктеу нормасы, кг/м
2

К
с.п.
– бос өтетін жолдарды ескеретін коэффициент, % . 
Қойма қондырғылары төмендегілерді қамтамасыз ету керек: 
 материалды құндылықтардың толық сандық және сапалық сақталуын; 
 қажетті сақтау тәртібін; 
 қойма операцияларының орындалуын рационалды ұйымдастыруды;
 қалыпты еңбек жағдайын. 
Тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, сүт өнімдері, майлар мен 
гастрономдық 
өнімдер) 
сақтау 
үшін 
кәсіпорындарды 
тоңазытқыш 
камераларымен жабдықтайды. Қойма бөлмелерінің саны кәсіпорын қуатына 
байланысты. Кішігірім қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына екі камерадан 
аз емес жоспарланады: біреуі – ет, балық, фабрикаттарын, сүт қышқылды 
өнімдер, гастрономдық өнімдер және т.б. қысқа мерзім сақтау үшін арналған 
ортақ тоңазытқыш камера (немесе тоңазыту жабдығына арналған бөлме); 
екіншісі – тез бұзылмайтын өнімдерге арналған тоңазытылмайтын камера. 150 
және одан жоғары орынға арналған ірі кәсіпорындарда ет, балық, сүт және 
гастрономдық өнімдерді бөлек сақтайды. Егер кәсіпорында арақ-шарап 
өнімдерін өткізуге лицензиясы болса, онда олар жеке камерада сақталу керек. 
Тауарларды қабылдау, көліктік және ілестірмелі құжаттарды рәсімдеу 
кезінде қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін қойма бөлмелері 
тобында шикізат пен өнімдерді қабылдауға арналған арнайы бөлме (түсіру) 
жабдықталады. 
Қойма бөлмелерінің жабдықталуы кәсіпорын типі мен қуатына, тауарлық 
қорлар нормативіне байланысты. Қойма бөлмелері жабдықтарына өнімдерді 
орналастыру мен сақтауға арналған сөрелер мен жүкқоймалар, ет 
камераларында – ілме ілмектер, салмақ өлшеу, тиеу-түсіру және тоңазыту 
жабдықтары жатады. 
Қойма бөлмелері қажетті инвентарьмен, шикізатты қабылдауға, оларды 
сақтау мен жіберуге арналған құралдармен жабдықталу керек (3.1- сурет). Бұл 


45 
өнімдерді сақтау мен тасымалдауға арналған инвентарь, қаптаманы ашуға 
арналған инвентарь, қойма бөлмелеріне арналған тасымалдау құралдары –жүк 
арбалары және т.б.
 
3.1-сурет. Қоймада қолданылатын құралдар мен инвентарь: 1-овоскоп; 2-металл ұшы бар 
термометр; 3-ареометр; 4-психрометр; 5,6,7- май, ірімші, ұн, жармалардан үлгі алғыштар; 
8-лупа; 9-майды кесуге арналған сым; 10- қалақшалар; 11- өсімдік майына арналған 
насос; 12- картопқа арналған ағаш және торлы қалақшалар; 13- бөшкелерді орын 
ауыстыруға арналған құрылғы; 14- кондитерлік қысқыштар; 15-кондитерлік қалақша; 16-
сүт өлшегіш; 17-қаймаққа арналған қасық; 18- воронка; 19-майшабаққа арналған 
шанышқы; 20- сүзбеге, тоң майға, уылдырыққы, тосапқа, бөшкелерді тазартуға арналған 
қалақшалар; 21-пломбир; 22- етке арналған ілмектер (гастрономдық): а-сегіздік, в –
«вертлюг».


46 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет