К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 ҚОЙМА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет29/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

3. ҚОЙМА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
3.1. Қойма бөлмелерінің тағайындалуы
Қоғамдық 
тамақтандыру 
кәсіпорындарының 
қойма 
бөлмелері 
жабдықтаушылардан түсетін өнімдер, шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды 
қабылдау, оларды қысқа мерзімді сақтау және жібері үшін қолданылады.
Қойма жұмыстарын ұйымдастыру – еңбек және уақытты аз шығындап, 
қоймада орнатылған уақытта барлық жұмыстарды сапалы орындауды 
қарастыратын шаралар жүйесі.
Қойма шаруашылығы келесі қызметтерді атқарады: 
 шикізат, материалдар, отын қорларын құру және белгілі-бір деңгейде 
ұстау; 
 жабдықтаушылардан тауарларды саны мен сапасы бойынша мұқият 
қабылдау; 
 шикізаттар мен сатып алынатын тауарларды ұсынылатын тәртіптерге 
сәйкес сақтау жағдайларын құру;
 қойма бөлмелерін және қойма ішілік жабдықтарды рационалды қолдану; 
 орнатылған график бойынша шикізатты және тауарларды жинақтау, 
таңдау және жөнелту. 
Қойма бөлмелері жеке бөлмелерде, сондай-ақ бірінші, цоколь және подвал 
қабаттарында орналасуы мүмкін. Олар өндірістік бөлмелермен байланысы 
ыңғайлы болу керек. Қойма бөлмелерін жинақтау қойма операциялары мен 
тиеу-түсіру жұмыстарын рационалды ұйымдастыру кезінде шикізат пен 
өнімдердің қозғалысы бағыты бойында жүргізіледі. Бірнеше кәсіпорындарды 
біріктіретін ірі фирмаларда (акционерлік қоғамдар) орталықтандырылған 
қоймалары болады, одан осы қоғам құрамына кіретін қоғамдық тамақтандыру 
кәсіпорындарының қойма бөлмелерін өнімдер жабдықталады. Бұндай қойма бір 
фирма тауарларын сақтау үшін (жеке қолданыстағы қойма) арналуы мүмкін, 
лизинг шарттарында физикалық және заңды тұлғаларға жалға берілу мүмкін 
(коллективтік қолданыстағы қойма). Қойма бөлмелері цехтық та болуы мүмкін, 
олар сол цехта орналасады (кондитерлік цехтың тәуліктік қор қоймасы). 
Әртүрлі қоймаларда орындалатын жұмыстар жиынтығы бірдей. Кез-келген 
қойма аз дегенде үш материалды ағын түрін өңдейді: кіру, шығу және ішкі. 
Кіру ағынының болуы көліктен жүк түсіру, келген тауардың мөлшері мен 
сапасын тексеру қажеттілігін білдіреді. Шығу ағыны көлікке тиеу немесе 
өндіріске жіберуді, ішкі – қойма ішінде жүктің орын ауыстыру қажеттілігін 
негіздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет