15
аспаздық өнімдерді өндіру және өткізуді үйлестіретін кәсіпорындар (үйге
тағамдарды жіберу жөнінде кәсіпорындар);
жартылай фабрикаттарды, аспаздық және кондитерлік өнімдерді өткізетін
орындар (аспаздық дүкендері мен жартылай фабрикаттар бөлімі);
қонақ үй нөмірлерінде және басқа орналастыру орындарында
тұтынушыларға жеткізу және қызмет көрсетуді ұйымдастыратын
кәсіпорындар.
Шикізатты өңдеудің технологиялық кезеңіне байланысты (орындалатын
өндірістік функцияларға байланысты) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары
желісі алдын-ала даярлау және толық даярлау кәсіпорындары болып бөлінеді.
Алдын-ала даярлау кәсіпорындарының өндірістік-саудалық әрекетінің
функциясы дайындығы әртүрлі жартылай фабрикаттарды, аспаздық және
кондитерлік өнімдерді орталықтандырылған өндіру мен онымен жабық және
ашық типті қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жабдықтауға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: