12
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жұмыс тәртібінің қызмет
көрсетілетін тұтынушылар контингентінің,
өндірістік кәсіпорындардың,
ұйымдардың, оқу орындарының жұмыс тәртібіне тәуелділігі. Бұл
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түскі уақытта, үзілістерде ең
үлкен ағындары уақытында қарқынды жұмыс істеуін талап етеді;
жыл мезгілі, апта күндері және тәулік сағаттары бойынша өнімге
сұраныстың өзгеруі. Жазғы уақытта көкөністерден даярланатын
тағамдарға,
салқын сусындарға, салқын көжелерге сұраныс артады.
Маркетинг көзқарасынан әрбір кәсіпорын өткізу нарығын талдау және
зерттеу қажет, одан өндірілетін өні ассортименті мен қызмет көрсету
әдістері тәуелді;
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорныны қуатының, типінің және орналасу
жерінің қызмет көрсетілетін
контингент сипатына, халық тығыздығына,
жақын арада басқа қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының, тамақ
өнеркәсібінің және т.б. болуына тәуелділігі;
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының
тамақтану қызметінен басқа
көптеген қызметтерді: салтанатты мерекелерде, отбасылық түскі астарда
қызмет көрсетуді ұйымдастыру, бос уақытты ұйымдастыру, ыдыстарды
жалға бері және т.б. ұсыну.
Аталған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары
жұмысының ерекшелігі
кәсіпорын желілерін рационалды ұйымдастыруда, олардың типін таңдауда,
жұмыс тәртібін анықтауда және ас мәзірін құруда ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: