16
ас үйлер басқа алдын-ала даярлау кәсіпорындарынан олардың ғимаратында
асхана, мейрамхана, кафе немесе дәмхана орналасу мүмкіндігімен
ерекшеленеді. Фабрика-ас үйлер құрамына негізгі цехтардан басқа алкогольсіз
сусындарды, кондитерлік өнімдерді, балұздақты, тоңазытылған және тез
мұздатылған тағамдар өндіретін цехтар кіруі мүмкін. Фабрика-ас үйдің қуаты –
аусымына 10-15 мың тағамға дейін.
Аспаздық фабрика мен тез мұздатылған өнімдер фабрикасы –
индустриалды әдіспен дайын тағамдарды өлшеп және буып-түюмен
дайындайтын кәсіпорындар.
Жартылай фабрикаттарды өндіретін маманданған цехтар – әртүрлі
жартылай фабрикаттар ассортиментін өндіруге маманданған цехтар. Көбіне
олар тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары ішінде орналасады.
Маманданған аспаздық цехтар – ірі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны
құрамында ұйымдастырылатын цехтар. Олар аспаздық дүкендері мен басқа
өткізу каналдары бойынша өткізуге арналған ет, балық және т.б. аспаздық
өнімдерді дайындауға тағайындалған. Шикізатты
өңдеу желілері және
жартылай фабрикаттарды өндіру желілері қолданылады, ауыр тиеу-түсіру
жұмыстары механикаландырылады.
Борттық тамақтану цехы. Цех аэропортта самолетке жинақтау, қысқа
мерзім сақтау және өткізуге арналған тағамдарды дайындау үшін
ұйымдастырылады.
Мектеп аспаздық фабрикасы – мектеп асханалары мен буфеттеріне
аспаздық өнімдер өндіру мен жабдықтауға арналған алдын-ала даярлау
кәсіпорны.
Қоғамдық тамақтандыру комбинаты – бірыңғай тағам даярлау
технологиясы бар алдын-ала даярлау және толық даярлау кәсіпорындары,
аспаздық дүкені мен әртүрлі қосалқы қызметтерінен (зауытта) тұратын
өндірістік-шаруашылық кешен. Жоғары механикаландырылған жабдықтары
бола отырып, тамақтану комбинаты басқа қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындарына жартылай фабрикаттарды өндіру және жабдықтауды
қамтамасыз етеді. Тамақтану комбинатының бірыңғай өндірістік бағдарламасы,
бірыңғай
әкімшілік басқаруы, ортақ қойма шаруашылығы бар. Тамақтану
комбинаты әдетте өндірістік кәсіпорын территориясында оның контингентіне
қызмет көрсетуүшін құрылады, сонымен қатар жанындағы тұрған аймақтар
халқына, жақын орналасқан ұжым қызметкерлеріне қызмет көрсетуі мүмкін.
Тамақтану комбинаты сонымен қатар жалпы студенттер саны 5 мыңнан астам
ірі жоғары оқу орнында құрылуы мүмкін. Сонымен қатар мектеп тамақтандыру
комбинаттары болады.
Достарыңызбен бөлісу: