К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының типтері



Pdf көрінісі
бет11/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

1.4. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының типтері 
Кәіпорын типін анықтау кезінде келесі факторлар ескеріледі: 
өткізілетін өнім ассортименті, даярлау түрлілігі мен күрделілігі; 
 техникалық жабдықталуы (материалды база, инженерлі-техникалық 
жабдықталуы және жабдықтары, бөлмелер құрамы, архитектуралық -
жоспарлық шешімдер және т.б.); 
 қызмет көрсету әдісі; 
 тұтынушыларға қызмет көрсету уақыты (күту уақыты, қызмет көрсету 
уақыты); 
 персоналдың жіктелуі; 
 қызмет көрсету сапасы (ыңғайлылық, сөйлесу этикасы, эстетика және 
т.б.).
Мейрамхана - күрделі даярланатын, соның ішінде тапсырыстық және 
фирмалық тағамдар, алкогольді сусындар, темекі және кондитерлік өнімдердің 
кең ассортиментімен, демалысты ұйымдастырумен қатар (музыкалық - ойын 
сауық - бағдарлама, би, шоу балет және т.б.) тұтынушыларға қызмет көрсетудің 
жоғарғы деңгейіменен ерекшеленетін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны. 
Өткізілетін өнім ассортименті бойынша мейрамханалар балық, сыра, ұлттық 
немесе шетел аспаздығымен болып ажыратылады. 
Мейрамханалар төмендегідей ажыратылады: 
 өткізілетін өнім ассортименті бойынша – маманданбаған және 
маманданған (балық, сыра, ірімшік және т.б.; ұлттық және шетел 
аспаздықтарымен мейрамханалар); 
 орналасу жері бойынша- тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, соның 
ішінде жеке тұрған ғимараттарда, қонақ үй, вокзал ғимараттарында, 
мәдени ойын-сауық және спорт нысандарында, демалыс аймақтарында, 
көлікте (вагон-мейрамхана және т.б.); 
 тұтынушылар мүддесі бойынша (клубтық мейрамхана, спорт-мейрамхана, 
мейрамхана-түргі клуб, мейрамхана-салон); 
 қызмет көрсету әдістері мен түрлері бойынша – даяшылар қызмет 
көрсететін мейрмахана, «швед үстелі» жүйесі бойынша қызмет көрсететін 
мейрамхана, жүріп қызмет көрсететін мейрамхана; 
 бөлме құрамы мен тағайындалуы бойынша – стационарлы және 
жылжымалы (кемеде, пойызда); 
 өнім өндіруді ұйымдастыру бойынша – шикізатта, жартылай фабрикатта 
жұмыс істейтін (алдын-ала даярлау), аралас типті асханалар, тарату 
асханалары. 


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет