Талғат сайрамбаев


Шылаулы сөз тіркестері туралы



Pdf көрінісі
бет29/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

3. Шылаулы сөз тіркестері туралы. Сөз тіркесінің байла-
нысу формасының бірі – меңгеру. Меңгеруде бағыныңқы сыңары 
барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауы арқылы келсе, 
екіншіден, ондай тұлғалы сөздер шылаулар арқылы да түйдекті 
тіркес күйінде етістікті сөз тіркесін құрайтындығы белгілі. Міне, 
сондықтан да меңгерудің есімді меңгеру, етістікті меңгеру, 
ортақ меңгеру жəне сол етістікті меңгерудің негізінде шылаулы 
меңгеру деп төртке бөлінеді.
Бұл жерде солардың ішіндегі бір тобы шылауларға назар 
аударылады. Жалпы шылаулар морфологиялық жағынан сөз тір-
кесі тұрғысынан да сөз болып жүр.
Алайда шылаулар сөз тіркесі аясында қарастырылды деге-
німізбен, олардың өзінше қызметі мен өзінше ерекшеліктері сөз 
болып қозғалған емес. Шылаулар қатысты сөз тіркесі сөз бол-
ғанда мына септікті мына шылаулар меңгереді деген тəрізді 
мəселеден асып кете алған жоқ. 
Тілімізде шылаулар деп аталатын топқа мыналар жатады: 
дейін, шейін, қарай, əрі, бері, таман, шамалы, мен, гөpi, басқа, 
үшiн, туралы, арқылы, шақты, сайын, се бептi, қаралы, да, неме-
се, я болмаса, бiрақ, өйткенi, сондықтан, ал, əлде, мейлi, бiресе, 
кейде, ғана, ой, сол жайында, бекер, егер, онда, сияқты, бойы, 
ғұрлы, бетер, салым, тарта, жуық, таяу, я, яки, құй, -ау, -ай, -ақ, 
демек, -мыс, -мic, тұрсын, т.б. 
Бұлардың сөйлемде атқаратын қызметi бiрдей емес, сондық-
тан сол қызметтерiне қарай үш топқа бөлiнедi: 
1. Жалғаулықтар. 
2. Демеулiктер. 
3. Септеулiктер [65, 365]. 
Профессор М. Балақаев шылауларға көмекшi eciм дердi де 
жатқызады [16, 68]. Шылаулардың осы түрлерiнiң сөй лемде 
өзiндiк орны бар. Жоғарыда көрсетiлгендей демеу лiктер, жалғау-
лықтар сөйлемнiң iшiнде көп қолданылғанмен, олардың мүшелiк 


67
Күрделі сөз тіркестері
қызметiне немесе байланысу формасына ешқандай əсер етпейдi. 
Бipaқ сөйлемде мұн дай қызметi болмағанымен де, өзiндiк стиль-
дiк қызметтерiнiң барлығы айқын.
Шылаулардың iшiнде сөз бен сөздi, яғни сөздердi бiр-бiрi-
мен тіркестіруге немесе олардың синтаксистiк қызметінe өзiндiк 
əcepi болатын ерекше табы – септеулiк шылаулар. 
Жалпы септеулiк шылаулардың рөлi бiркелкi, яғни өзi қа-
тысты сөздiң мағынасын толықтырушы деген пiкiр орынды. 
Mысалы, Бiздiң шахталардың жайын Алматыға дeйiн жазып 
жiберген кім? (Ə.Ə.). Жалт қарасам, Шұға үйiнe қарай бара 
жатыр екен (Б.М.) деген сөйлемдердегi қарай, дейiн шылау-
ларының қызметiн талдай келiп, про фессор А. Ысқақов Aлма-
тыға, үйінe сөздерiнен шылауларды түсiрiп айтуға болатын-
дығын, бiрақ оны түсiрiп айтуда кейде ойды тиянақтандыра 
түсу жағы əлсiрейтiндiгiн дəлелдейдi [65, 375]. Бiздiң ойымыз-
ша, ойдың тиянақтылығы емес, ойдың толық берiлуi əлсiрейдi. 
Мысалы, сол сөйлемдердiң «Бiздiң шахталардың жайын Алма-
тыға жазып жiберген кiм? Жалт қарасам, Шұға үйiнe кeтin 
бара жатыр екен деп те айта беруге болады. Бұл сөйлемдер дегi 
негiзгi қарастырып отырған Алматыға дeйiн жазып жiберген
үйінe қарай кeтin бара жатыр екен – меңгерiле байланысқан 
пысықтауыштық қатынастардағы сөз тipкecтepiн құраса, сол 
сияқты кейiнгi сөйлемдердегi Алма тыға жазып жiберген, үйi-
нe кeтin бара жатыр дегенде де меңгерiле байланысқан пысық-
тауыштық қатынастар жасалады. Бұл жерде олардың не байла-
нысу формасында, не синтаксистiк қызметiнде ешбiр өзгешелiк 
жоқ. Сонда бiрiншi сөйлемде шылаулар қатысуы арқылы, екiншi 
сөй лемде шылаусыз жасалған. Бұл арадағы айырмашылық тек 
олардың мағыналық реңктерiнде ғана демекпiз. Өйткeнi бiрiншi 
сөйлемдегi сөз тiркестерiнде екiншi сөйлемдегiлерге қарағанда 
мағыналық ерекшелiктер, яғни ме кендiк жағы айқын. Жоғары-
дағы мысалдарда шылаулар өзi қатысты сөздiң мағынасын 
толықтыра түceдi деген қағиданы дəлелдей түседi. 
Осы күнгi əдебиеттерде шылау қатысты не сөйлем мү шесi 
немесе сөз тipкeciнeн шылауды алып тастағаннан сөйлем мағы-
насы онша өзгерicке ұшырамайды деген қағида басым. Сонда 
шылау өзi тiркескен сөздiң мағынасын тек толықтыра түсумен 


68
Күрделі сөз тіркестері
ғана шектелетiн сияқты. Де генмен мына сөйлемдер құрамын-
дағы шылаулардың қа лай жұмсалатындығын талдап көрейiк. 
а) Күлбаршын жайына Сəмет арқылы қанықпын (С. Омаров). 
Eндi Ысқақ жайында мұндай əңгiмелер көп (Б. Соқпақбаев). 
ə) Оған дейiн Баршын мен Бөбек қолшанада буынып-түйiнiп 
жолға əзiр тұрған жүктi бұзып, ыдыс-аяқ, ас- суды кемеге қайта 
шығарды (Ə. Сəрсенбаев). Eкeyi түнгi сағат үшке дейiн сөй-
лестi (Л. Толстой). 
б) Содан берi ақ жаңбыр толассыз сорғалап, малды да, жанды 
да мезi қыла бастаған едi (Ə. Əбішев). 
Осы сөйлемдерде шылау қатысты мынадай сөз тipкecтepi бар: 
1. Сəмет арқылы қанықпын. 
2. Ысқақ жайында көп. 
3. Оған дейiн бұзып. 
4. Сағат үшке дeйiн сөйлесейiк. 
5. Содан берi сорғалап. 
Екiншi топтағы сөз тiркестерiндегi жағдай алдыңғы топқа 
қа-рағанда керiciнше. Қарастыра келгенде, шылау лардың өзi қа-
тысты сөздiң мағынасын толықтыра, дəлел дей түсетiндiгi бай-
қалады (екiншi топтағы шылаулы тiркестерден ендi шылау 
сөздердi алып тастап, шылау сыз етiп, төмендегiдей құрап кө-
релiк). 
1. Сəмет қанығу. 
2. Ысқақ көn. 
3. Оғaн бұзыn. 
4. Сағат үшке сөйлесейiк. 
5. Содан сорғалаn. 
Бұдан мыналарды байқауға болады: бiрiншiден, бағыныңқы 
сөз бен басыңқы сөздердiң арасында синтаксистік мағыналық 
байланыс жоқ, осы себептен де олардың арасындағы байла-
нысуда синтаксистiк қатынаста жоғарыдағы формада толық 
тұрақтамаған бейберекет сөздер тобы шығады. Сөйтiп өзара 
түсiнуге қажеттi синтаксистік заңдылықтары сақталған айқын сөз 
тipкeстepiнeн арқылы, жөнiнде, дейiн, берi, бұрын (қайталап 
келген) шылауларының түсiп қалуынан мағыналық айқындығы 
жоқ топтардың келiп шыққанын көремiз.
Бұған қарағанда, шылаулар өзi қатысты сөздердiң мағына-
сын айқындаушы деген пiкiрмен бiрге ендi кейде ондай қасиет-


69
Күрделі сөз тіркестері
терiне қоса шылаулар өзi қатысты сөздi синтаксистiк қызметi 
мен байланысу формасын айқындаудағы басты фактор дейтiн 
қосымша пiкiр айту керек. 
Шылау, шылаулы меңгеру туралы морфологиялық, синтаксис-
тiк жағынан зерттеген А. Ысқақов, М. Балақаев, Т. Қордабаев
Ə. Ибатов, В.А. Исенғалиева еңбектеpiнің барлығында да тек 
етістіктi сөз тiркесiнде жұмсалатындығын сөз етумен шектелген.
Шындап келгенде шылаулы етістіктi меңгеру сөз тipкесте-
рiнің ішінде табыс септiкті шылаулар мен шылаулы есiмдi 
меңгерудiң əрқайсысының өзiндiк ерекшеліктері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет