Г.Ə. Шауенова
68
Вестник Карагандинского университета
өкілдеріне қарсы репрессиялық шараларды кең түрде қолданған еді. Міне, осы арыздарға байланысты
Мəскеуден телеграф арқылы келіссөзге шақырылдық. Бұл кезде Бөкейханов қуғыннан Семейде
жасырынып жүргендіктен, оған көзге түсуге болмайтын болды. Сондықтан Қазақ комитеті
(Бөкейханов та қатысты) келіссөздер жүргізуді маған тапсырды. Келіссөз барысында Сталинге
жергілікті Кеңестердің қызметін айыптаған мəліметтерді растап, Кеңес өкіметінің ұлттардың өзін-өзі
билеуі туралы декларациясына сəйкес тез арада сол идеяны жүзеге асыруын талап еттім.
Мен 14 пункттен тұратын талаптарды жеткіздім. Олар негізінен Совдеп таратқан қазақ
мекемелерін қайта қалпына келтіру, Кеңес өкіметінің шеңберінде ұлттық автономия жариялау,
тұтқындалған қазақ азаматтарын босату т.б.
Сталиннің жауабы бізден Кеңес өкіметін мойындауымыз қажет деген арнада болды. Егер біздің
талаптарымыз мойындалса, автономия жариялау үшін Құрылтай жиналысын
даярлауға кірісу керек
деп ескертті. Одан əрі ол Орынборда өткен ІІ Жалпықазақ съезінің шешімдері Кеңес өкіметінің
ұлттық саясатының шеңберіне толық сəйкес келеді деген пікірін білдірді. Сонымен бірге жолдас
Сталин облыстық Кеңеске Құрылтай съезін даярлауға жəне тұтқындалған азаматтарды босатуға
бұйрық беруге уəде етті.
Осы келіссөзден кейін Сталинге Кеңес өкіметін мойындайтынымызды білдіріп, ал Халел мен
Жаһанша Досмұхамедовтерге Орталық үкіметте біздің өкіліміз болатыны жөнінде телеграф арқылы
хабар жолдадық. Бұл телеграммалар
Бөкейханов, Омаров, Мəрсеков, Ермеков, Сəрсенов жəне мен,
Ғаббасов, қатысқан Кеңестен кейін жолданған еді. Бұл келіссөздерді
Алашорда кеңесінің іс-
шараларының бірі ретінде қарастыру керек», — деген жауабы көп нəрсені аңғартса керек [5].
Жалпы, Алашорда үкіметінің дүниеге келуіне, оның баянды болашағына түрлі басшылық
қызмет атқарған Х. Ғаббасовтың сіңірген еңбегі зор. Осынау еңбегі үшін қуғын-сүргінді де бастан
кешірді. Елбасына күн туған аласапыран, патшалық империяның ресми мұрагеріне айналған кеңестік
Орталық биліктің шовинистік пиғылы, қазақ қауымының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып,
тығыз бірлікте болмауы – бəрі де небір сойқан сұрапылдың, жаппай репрессияның мықтап орын
алуына алғышарттар жасаған еді. Жəне осынау бір жанталасқа толы кезең кімнің дос, кімнің қас
екенін айыруға мүмкіндік берді. Қалыптасқан ауыр хал туралы Х. Ғаббасов төмендегіше жазған-ды.
«27
февральдан бері, сырттағы 4 жылға айналған сұрапыл соғыстың, іштегі саяси партиялар
тартысының зардабынан мемлекет толқындағы қайықтай қалтылдап, жан мұрынның ұшына келерлік
төңкерілме неше күйге ұшырады» [6]. Сондай-ақ «Мемлекет күйі» атты осы мақаласында автор:
«Бостандық күнінен бері саясат ауасы əр түрлі құбылып өзгеруде болды: кешегі бүгін жоқ, бүгінгі
ертең болмасқа айналды. Сол өзгерістің ыңғайына қарап, мемлекет арбасы да теңселіп, өмір жүзінде
неше түрлі шимай салды» [6] деген тұжырым жасайды. Абай ұлылығын қараңыз. Ол: «Сократ
хакімге у іштірген, Иван Густі отқа өртеген, Иса ғ.с. дарға асқан, Пайғамбарымызды түйенің
жемтігіне көмген, ол кім? Ол – көп. Ендеше, көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал» дегені баршаға
мəлім. Абай көрегеннің «Единица
кеткенде, не болады өңкей нөл» дегені де мəлім. Абай рухымен
қанаттанған арыстар ел болашағына сенді, болашағынан күдер үзбеді, мына зұлым кеңестік
империяның ерте ме, кеш пе тарих сахнасынан таятынына сенімді еді. Сол көп, ессіз тобыр өз соңына
еруі үшін В.И. Лениннің бай мен кедей теңестіріледі, өктемдікке ұрынып, қаналғандар теңдікке қол
жеткізеді деген ұранмен «Жер туралы декрет», «Бейбітшілік туралы декрет» сияқты құжаттарды
əзірлеп, қол қойғаны мəлім. Сөйтіп, көптің сеніміне ие болды. Большевик көсемдерінен алаш
қайраткерлерінің зияткерлік өре-деңгейі əлдеқайда жоғары еді. Олардан қауіптенген кеңестік билік
иелері алашордашыларға əу
басында рахымшылық жасады, оларды түрлі салаларды дамыту үшін
ұтымды пайдалана білді. Ал көптің сеніміне кіріп, соңына ерте алатын халге жеткен соң Алашорда
қайраткерлерін де, тіпті коммунистік идеяға жан-тəнімен берілгендердің көбін де құртып тынды.
Жетпіс жылдан астам дəурен сүрген сол кеңестік империя, Абай жəне Алаш тұлғалары айтқандай, бір
оқ атылмай-ақ жер жастанды. Көкірегі даңғыл, ғылыми-танымдық əлеуеті жоғары оқырман «Серке»,
«Қазақ», «Сарыарқа» сияқты газеттердің БАҚ құралы болуымен қатар, Алаш қайраткерлерінің
күрескерлік, саяси мінбесі болғанын да аңғарады. Жəне көбіміз жетпіс жыл бойы табынған кеңестік
билік, Коммунистік партияның түпкі мақсат-мүддесін сол зобалаң уақыттың аясында ғұмыр кешкен
алашшыл тұлғалардың дөп басып айтқанына таң қаласың. Х. Ғаббасовтың «Сарыарқада»
жарияланған «Мемлекет күйі», «Большевик бүлігі», «Күш бірлікте», «Алаш автономиясы», тағы
басқа көлемді де терең тағылымды мақалалары газет бетінде жарияланған Алаштың басқа да ірі
қайраткерлерінің еңбектерімен үндес болғанын баса айту керек. Екі жылдай ғана шығып тұрған газет
қазақ санасында саясат, экономика, əдет-ғұрып, құқық, тарих, философия, мəдениет пен өнер, тағы
Абай жəне сол тұстағы қазақ…
Серия «Филология». № 2(86)/2017
69
басқа салалар бойынша өшпес із қалдырды. 1918 ж. өктемдік саясаты «Сарыарқа» мен «Абайды»
жапты. Сəл кейінірек «Сарыарқа» «Қазақ тілі» деген атпен шыға бастады. Х. Ғаббасов, Ə. Ермеков,
тағы басқа алаш қайраткерлеріне С.Торайғыров «Таныстыру» атты поэмасын арнаса, М. Жұмабаев
«Эпиграммалар» атты өлең жазды. С. Торайғыров шығармасында:
Онан соң Ғаббасұлы Халел мырза,
Түрі емес, көрген адам сөзіне ырза.
Тап басар, əдісі көп артты ойлайтын,
Не аңқау, не болмаса емес қызба.
Жас жігіт университеттен оқып шыққан,
Халыққа қызмет парыз деп миына ұққан.
Алданбас, алыс болжар, алдан көрер,
Болса да оған мəлім жерге тыққан.
Айлаға қарай біліп айла құрғыш,
Табады қайдан болса, содан ілгіш.
Бір іске тура илан құруына
Деуге болар Семейде осы білгіш, —
деген
жолдар бар [7; 302]. Бұл Х. Ғаббасовтай ұлт ардагерінің, Абайдың тəуелсіздік аңсаған ұлы
идеясынан сусындаған, ірі саяси қайраткер, мықты публицист, қарымды ұйымдастырушы тұлғаға
берілген шынайы баға еді. Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Ғаббасов (1930 ж. атылды),
Ə. Ермеков, М. Дулатов жəне тағы басқа ұлы тұлғалар саяси репрессияның құрбанына айналса да,
олардың ең ұлы қызметі халқының шынайы ұлы ғана емес, шын мəнінде құлы бола білген
патриоттығында, ұлтшылдығында еді.
Əдебиеттер тізімі
1 Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы. — 1-т. — Алматы: Жазушы, 2004. — 296 б.
2 Россия и Центральная Азия. 1905–1925 гг.: сб. документов / Авт.-сост. Д.Аманжолова. — Караганда: Изд-во КарГУ,
2005. — 598 с.
3 Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда / К. Нұрпейісов. — Алматы: Ататек, 1995. — 243 б.
4 Ғаббасұлы Х. Алаш автономиясы / Х. Ғаббасұлы // Сарыарқа. — 1918. — 28 қаңт.
5 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағаты. — 1494-іс. — 315–316-п.
6 Ғаббасов Х. Мемлекет күйі / Х. Ғаббасов // Сарыарқа. — 1917. — 25 қараша.
7 Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. — 1-т. / С. Торайғыров. — Алматы: Алаш, 1993. — 280 б.
Г.Ə. Шауенова
Достарыңызбен бөлісу: