74
негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, олардың коммуникативтік, тілдік,
креативтік тұлғасы дамуының тиімді жүзеге асуын қамтамасыздандырады.
Диагностикалық кезеңде – болашақ бастауыш
сынып мұғалімдерінің
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруда эмпирикалық, авторлық және
нәтижелерді статистикалық ӛңдеу әдістері қарастырылады.
Технологиялық кезеңде –
оқу және электронды оқу құралдары, элективті
курс бағдарламасы, оқу модулдері, құpaлдapы: цифрлық білім беру құралдары
(ЦБР), дербес компьютерлер, интерактивті тақта, әдicтepi: тренинг
технологиясы, жобалық оқыту,
іскерлік ойындар арқылы оқыту, интербелсенді
оқыту, фopмaлapы: проблемалық-дәpic, семинар-тренинг, конкурстар, CӚЖ,
COӚЖ жәнe т. б.
Процессуалдық кезеңде - анықтау, қалыптастыру, қорытындылау
қарастырылады. Әдістеме қалыптастыру кезеңдерінен,
қалыптастырудың
педагогикалық міндеттерінен және қалыптастыру нәтижесінен тұрады.
Білім алушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру
деңгейін анықтауға арналған сауалнама, коммуникативтік креативтілігінің
маңызды екендігін ұғыну үшін және ӛздерінің коммуникативтік креативтілігін
қалыптастыруға деген дұрыс катынас болғандығын; коммуникативтік
креативтілік саласынан білімі мен коммуникативтік креативтілік феномен
жағынан ұғынуын зерттеу үшін бағытталған; коммуникативтік
креативтілікті
қалыптастыра
алуы, ӛзінің бойындағы коммуникативтік креативтілік сапаларын
толық ұғынуы мен ӛз бетінше бағалай білуі деңгейлерін анықтау үшін
бағытталады.
Білім алушылардың коммуникативтік креативтілікті қалыптастыруға деген
оң пікірін анықтау барысы бойынша «Білім алушылар және коммуникативтік
креативтілік»
атты
сауалнамадағы
«Коммуникативтік
креативтілікті
қалыптастырғыңыз келеді ме?» деген сұраққа қатысушылардың 89 % –
қалыптастырғысы келетіндігін, 30 % – сабақ үстінде, 22,9 % - элективтік
курстарды оқу барысында; 21,3 % - аудиториядан тыс іс-шараларда, 17,6 % –
арнайы ұйымдастырылған іс-шараларда қалыптастырғысы келетіндігін айтқан.
Сонымен қатар білім алушылардың 10 % коммуникативтік креативтілікті
қалыптастырғы келмейтіндерін айтқан.
Білім алушылардан алынған
сауалнамада
коммуникативтік
креативтілікті
қалыптастыруға
деген
қызығушылықтары тӛмен, тіпті жоқ екендігін кӛрсетті.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін
қалыптастыру барысын анықтауға байланысты жүргізілген сауалнаманың бірі –
білім алушылардың коммуникативтік креативтілік білімінің толықтығы.
Жоғары оқу орнында алынған педагогикалық сараптамада білім алушылардың
коммуникативтік креативтілік деңгейінің тӛмен екендігі анықталды. Білім
алушылардың коммуникативтік креативтілікті қалыптастыру жӛніндегі
түсініктері болғанымен, білім алушылардың кӛпшілігі бастауыш сынып
мұғалімінің коммуникативтік креативті болуының маңыздылығын аса
түсінбегендігін,
атқаратын
қызметтерін,
мұғалімнің
коммуникативтік
75
креативтіліктегі атқаратын рӛлін, оның ерекшеліктерін түсінуге деген
ынталарының жоқтығын кӛрсеткен болатын.
Білім алушылардың коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру
түсініктері мен оның түрлерін айыра білетіндіктерін анықтау үшін
құрастырылған
коммуникативтік
креативтілікті
қалыптастыру
үшін
мүмкіндігінше түсінікті болатын коммуникативтік креативтілікті ұйымдас-
тыруда қандай сапалары маңызды және маңызды
емес екендігін таңдап
жазулары керек екендігі ескертілді.
Нәтиже бойынша білім алушылардың кӛбі коммуникативтік креативтілікті
қалыптастыруды тәжірибеге ұмтылушылық, жаңа мәселерге икемділік,
мәселені шешуге бейімділік, талкылауға икемділік, тапсырманың шегіне шыға
алуы, ой ұшқырлығы, тез әрі кенеттен шешім шығару тәсілдерін ӛзгерте алуға
қабілеттілік, ойлау ерекшелігінің болуы, ӛзбеттілігі, даралық ерекшелігі,
ерекше шешім шығарулары керек деген сапаларды атап кӛрсеткен.
Келесі кезекте, білім алушылардан қазіргі замандағы бастауыш сынып
мұғалімінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру үшін мұғалім
қандай болу керек деген ұсынылған сауалнама барысында,
сұрақтың
жауаптарын талдап отырып, білім алушылардың басым бӛлігі үшін: «болашақ
бастауыш сынып мұғалімі жан-жақты шығармашыл болу керек» деп – 90 %
білім алушы (100) кӛрсетті; «болашақ бастауыш сынып мұғалімі жаңа
мәселелерге тез бейімделуі керек деп» – 80,3% білім алушы (89) кӛрсетсе;
«болашақ бастауыш сынып мұғалімі ӛзіне сенімді болу керек деп» – 69,7 %
білім алушы (70) кӛрсетті; «болашақ бастауыш сынып мұғалімі тез әрі кенеттен
шешім шығару тәсілдерін ӛзгерте алуға қабілетті болу керек деп» – бұл 65%
(61) білім алушы таңдаса; «болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ойлау
ерекшелігінің болуы» керек деп - 62 % (58) білім алушы таңдады.
Экспериментке
қатысушылардың
коммуникативтік
креативтілігін
қалыптастыру деңгейін анықтау үшін әр түрлі оқу барысындағы, аудиториядан
тыс іс-әркеттерінде, ғылыми және басқа да білім алушының қызметтеріндегі
белсенділіктерінде
бақылау
жасалды.
Бақылау
нәтижесі
барысы
коммуникативтік креативтілікті қалыптастыруда орта және тӛмен деңгейлердің
басым екендігі айқындалды.
Сонымен, диагностикалық тәсілдер арқылы кӛптеген білім алушыларда
коммуникативтік креативтілігін қалыптастыруда орта және тӛмен деңгейі
басымырақ екендігін анықтадық. Сонымен
бірге оқытушылар мен топ
тәлімгерлері тарапынан білім алушылармен қарым-қатынас орнатуда тұлғалық-
бағдарлық қарым-қатынас принципі негізінде құрастырғысы келетіндігі
анықталды және бұл кезде коммуникативтік креативтіліктің қалыптастыру
процесі кезінде білім алушы мен оқытушының арасындағы бірлескен қызметтің
оң әсері пайда болғандығы анықталып отыр.
Жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша, бір жағынан, білім
алушылардың коммуникативтік креативтілікті қалыптастыруға талаптануы
айқындалды, ал екінші жағынан олардың коммуникативтік креативтілікті
76
қалыптастыруда білімдерінің аздығы мен кӛрсете
алуы және бағалай алу
деңгейлерінің тӛмендігі айқындалды.
Жоғарыда айтылғандар барлығы 5B010200 – бастауыш оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша жалпыға міндетті
мемлекеттік стандартқа сәйкес
гуманитарлық пәндердің типтік оқу
Достарыңызбен бөлісу: