Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет32/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56
Байланысты:
diss.jum.29.12.2018

нәтижелік 
бӛлігіндегі 
болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің коммуникативтік-креативтілігі қалыптасуының компоненттері
ӛлшемдері мен кӛрсеткіштерін, деңгейлерін 1.2. бӛлімінде жан-жақты 
сипаттағанбыз.
Осы модельді жүзеге асыру белгілі педагогикалық шарттарды ұстанғанда 
ғана тиімді жүзеге асырылады. Сондықтан зерттеу барысында модельді жүзеге 
асыруға қажет педагогикалық шарттарды анықтаймыз.
ЖОО маман даярлау педагогикалық жүйе құраушылары тұрғысынан 
жүзеге асырылады және олар дидактикалық, әдістемелік жүйе, шарттар 
тұрғысынан ерекшеленеді. Даярлық бағытын немесе оның құраушы 
элементтерін күшейту үшін және жетілдіруде педагогикалық, дидактикалық 
шарттар анықталады [177, б. 65]. 
Ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда оқытушы оқу үдерісін сабақ беру 
логикасына бағындырмайды, керісінше, білім алушының білімді ӛздігінен 
игеру логикасына бағыттайды. Тәжірибеде жобалай оқыту технологиясы 
арқылы ұйымдастырылатын ӛзіндік жұмыстарында оқытушы мынадай 


69 
педагогикалық шарттарды ұстанса, табысты нәтижеге қол жеткізілетіні 
анықталды: 
а) білім алушыларға коммуникативтік креативті және ӛзекті тақырыпты 
таңдау мүмкіндігін беру;
ә) білім алушыларға жобаны іске асыруға қажетті әдістерді ӛз еркімен 
пайдалануын жүзеге асыру; 
б) топтық жұмыста рӛлдерді ӛздеріне таңдату; 
в) білім алушылардың зерттеу қызметінде олардың ізденісін қолдау, демеу 
жасау; 
г) сағаттар кестесін қатаң сақтай отырып кеңес беру; 
ғ) кезеңаралық жұмыстарды қорытындылауды ұйымдастыру; 
д) білім алушылардың жасаған жоба жұмыстарын ӛзара, ӛзін-ӛзі бағалау 
жүйесін енгізу; 
е) жобаның тұсаукесерін салтанатты түрде ұйымдастыру. 
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің коммуникативтік креативтілігін 
қалыптастыруды күшейту үшін түрлі шарттар орындалуы тиіс. Олардың ең 
бастысы педагогикалық шарттар.
Философиялық зерттеулерде шарт түсінігі - философиялық категория. 
Заттың оны қоршаған ортамен тығыз байланысы, олсыз ол ӛмір сүре алмайды. 
Затты ӛзі бір бағынбайтын бейне ретінде, ал шартты ӛмірдің обьективті кӛп 
түрлі кӛрінісі ретінде қарастырады. Яғни, шарт, заттар бар жерде ӛмір сүріп 
дами алады. [187].
С.И. Ожеговтың кӛзқарасы бойынша, «шарт» түсінігін «одан бір нәрсенің 
тәуелділігін кӛрсететін жағдай ретінде, сонымен қатар жағдаят ретінде, бір 
нәрсенің жүзеге асуы, орындалуы». [188].
Педагогикалық зерттеулерде шарт келесідей анықталады: «педагогикалық 
қызметтің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған шаралар жиынтығы»; 
«зерттеуде қойылған тапсырмаларды, педагогикалық әдістерді және 
материалдық-құндылықтар аясының жетістіктерін, мазмұнын, нысанын, 
әдістерін шешуге бағытталған жиынтық»; нәтиже, «мақсаттарға жету үшін 
мақсатты түрде іріктеу, контентті, әдістерді (әдістемелерді), сондай-ақ 
оқытудың ұйымдық нысандарын, элементтерді жобалау және қолдану». 
«Педагогикалық шарттар» ұғымы монолог мазмұнын есептемегенде, кӛп 
деңгейлі және кӛп факторлық тұрғыдан қаралуы және қарастырылуы керек, 
сондай-ақ дәлелді, ӛзара әрекеттесетін және қосымша мақсаттарға негізделген 
шаралар жиынтығын білдіреді. 
Біздің ойымызша мұндай кӛзқарас, таңдаулы құзіреттерді қалыптастыру 
және дамыту үшін оң факторлар туғызады, олар факторлардың қалаған 
тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал етпейтін кездейсоқ факторлардың 
инфильтрациясын қоспайды. 
Сонымен қатар, кӛптеген зерттеушілер барлық педагогикалық шарттарды 
үш негізгі логикалық топ ретінде жіктеуді ұсынады. Біріншісі, білім беру 
мазмұны және бүкіл педагогикалық үдерістің білім мәні анықталған ақпарат 
болып табылады. Екіншісіне, ұйымдық нысандардың, құралдардың, әдістердің, 
сатылар-дың 
сипаттамаларын 
қамтитын 
технологиялық 
нысандар 


70 
қарастырылады.Үшінші топқа кӛбінесе жеке, яғни оқу үрдісінің барлық 
субъектілерінің жеке қасиеттері, мысалы, қызметтің мотивациялық негізі, 
құндылық бағдарлары, қарым-қатынас стилі және мінез-құлқы жатады.
Осы білімді пайдалана отырып, біз зерттеу тақырыбына қатысты келесі 
педагогикалық шарттарды анықтадық. 
1. Тұлғалық-дамытушылық шарттар.
Оның құраушылары:
- дивергенттік - болашақ бастауыш сынып мұғалімінің коммуникативтік 
креативтілік әрекеті, мұғалім ӛз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы 
ӛз тәжірибесін, еңбегін ӛзгерте алуы. Коммуникативтік креативті мұғалім үшін 
ӛзгенің тәжірибесін қайталау емес, ӛз жаңалықтарын, білгендері мен 
түйгендерін басқаларға ұсына алуы, шығармашылық бағыттылықтың болуы.
- ақпараттық және ойлау қоры - кең кӛлемде қабылдай алуға, қайта құруға, 
қайта анықтауға қабілеттілік; 
- анықталмағандыққа ашықтық пен толеранттылық;
- мақсаттары мен мотивтері. Қарым-қатынасқа қажеттілік әрбір адамның 
жетекші рухани қажеттіліктерінің бірі болғандықтан бастауыш сынып 
мұғалімінің коммуникативтік креативтілікті қалыптастыруға мотива-ция 
табысты әрі ықпалды қарым-қатынас құруға тілек білдіруде, кәсіби және кез-
келген тұлғааралық ӛзара әрекеттестікте мақсат болады. Кез-келген 
дағдыларды оқу үдерісінде қалыптастыру ықпалдырақ іске асырылады. 
Сондықтан білімгер осы дағдылардың құндылығын сезінетін болса, оларды 
қалыптастыру бойынша жұмыстар білімгерлер тарапынан мақсатты іске 
асырылуы тиіс.
- қарым-қатынас бойынша арнайы білімдер мен ерекшеленген іскерліктер - 
коммуникация мен ӛзара әрекеттесудің, әлеуметтік қабылдаудың негізгі 
механизмдерін, нақты жолдарын, техникаларын, деңгейлерін, стилдерін, 
қарым-қатынас жасау жолдарын білуі. 
- міндеттерді орындауға бағдарлану. 
2.Ұйымдастыру шарттары: Олар: 
- Оқу ғимаратының материалдық-техникалық жабдықталуы. Коммуника-
тивті креативтілікті мақсатына жетуге оң ықпал ететін аудиториялық және 
аудиториядан тыс оқу-тәрбие ісінің іске асырылуы. Оқу-тәрбие үдерісінде 
коммуникативтік креативтіліктің маңызды сипаттарын қалыптастыру тек сабақ 
уақытында ғана емес аудиториядан тыс іс-әрекеттерде де орындалады.
3. Дидактикалық шарт.

Дидактикалық 
ұстанымдарды 
сақтау. 
Білім 
алушылардың 
коммуникативтік креативтілік қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктеріне 
сәйкес оқу материалын ұсынудың ішкі логикасын дидактикалық ұстанымдар 
анықтаса, ал оқытудың мақсаттық тұғырларын анықтауға классикалық 
дидактикалық ұстанымдар кӛмектеседі, сонымен қатар нақты жағдайларда 
мұғалім үшін жетекші рӛл атқарады.
- Таңдау әдістері мен оқыту формалары мақсатқа сәйкес бағытталуы. 
Мұндай таңдау оқыту мазмұны мен мақсаттарының ерекшеліктерімен 
анықталады. Болашақ бастуыш сынып мұғалімнің коммуникативтік 


71 
креативтілігін қалыптастыру үшін тиімді оқыту әдістерін талдау келесі 
әдістердің тиімділігін кӛрсетті: коммуникативтік әдіс, тест әдісі, тренинг 
технологиясы, жобалар, іскерлік ойыны, сауалнамалар, миға шабуыл әдісі, 
пікірталас және т.б. Оқытудың ұйымдастыру формалары бойынша ең 
ыңғайлысы пайдалану шарты білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен 
психологиялық сыймдылықтарын ескеру арқылы микротоп құру болып 
табылатын топтық оқыту формасы болады.
Қазіргі таңдағы ғылым мен техниканың, ақпараттық сонымен бірге 
инновациялық технологиялардың ӛте тез дамуы арқылы болашақ бастауыш 
сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру бойынша 
педагогикалық пәндерді кәсіби бағытта меңгертудің қажеттілігі ӛте үлкен. 
Бұғaн 
бoлaшaқ 
бастауыш 
сынып 
мұғaлiмдepiнің 
коммуникативтік 
креативтілігін қалыптастыруды дамытуға әсер ететін пәндep циклiн 2.1 
тармақшасында кеңінен қарастыратын боламыз 


72 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет