УТКЕЛЬБАЕВА Ж.А.
«Атамекен» Қазақстан Картасы»
этно-мемориалдық кешені МКҚК
ғылыми қызметкері
МҰРАЖАЙ ПЕДАГОГИКАСЫ САЛАСЫНЫҢ
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ АППАРАТЫ
215
лексиканың жаңа қарқынымен игерілуі терминдердің жалпы қолданысқа көшуі,
бұрыннан бар сөздердің жаңа мағынада қолданылуы сияқты көптеген жаңалықтар
тілдің демократиялануынан хабардар етсе керек.
Сан алуан ғылым салалары өзіндік ерекшеліктеріне қарай жүйелі ұғымдардан
тұрады. Ұғымдардың атауға ие болуы, белгілі бір термин ретінде қалыптасуы
терминдену заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Түрлі лексемалардың
семантикалық өрісте қолданылуы сияқты, терминдер де терминологиялық өрісте пайда
болып, оның ішкі заңдылықтарына бағынады.
Бүгінгі тақырыбымызды негізге ала отырып, мұражай саласындағы термин қоры
жайлы сөз еткелі отырмыз.
«Мұражай тілі бір жағынан шынайы тіл құралдарының, екінші жағынан
мұражайлық коммуникация құралдарының қолданылуымен үрдістің ұқсастылығына
негізделген метафора. Мұражай тілінің мəнерлілігі түрлі белгілік жүйелер жəне
мəдениетпен
жетілдірілген
(коллекциялар,
тарихи рəміздер,
көркемөнер,
жаратылыстану тілі, технологиялар жəне т.б.) жəне мұражайдың əлеуметтік қызметі
мен мұражайлық түсіндірілуді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де тетіктер арқылы
жетілдіреді. Осындай түсініктеме мұражай жиыны тіл тезаурусына (сөздігіне)
ұқсатылады, ал көрмеге қою ережелері мағыналарды құрауға мүмкіндік беретін кодқа
ұқсатылады. Сөйлем құрамындағы сөз сияқты жеке мұражайлық зат басқа
жəдігерлердің қатарында немесе коллекциялар бірлігі арасында мағынаға ие болады, ал
мұражайлық экспозиция мəтін белгілеріне ие болады. Шынайы тілдегідей мұражай
тілінде де коммуникация екі ұдай əрекеттің нəтижесінде жүзеге асырылады селекция
жəне комбинация, бұл орада белгілік иерархия қолданылмайды, ал белгі мағынасы
басқа белгілердің бірізділігіндегі орнына байланысты.[1, 357]
Ғылымға осындай салалық өзгерістер енгенде, көптеген жаңа атаулар, соны
ұғымдар пайда болып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары
көбейеді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туады. Осындай жолмен туындайтын,
халық тұрмысына өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін
терминология саласының бірі мұражай терминдері. 2012 жылы жарық көрген Ү.Д.
Мұңалбаеваның «Мұражай педагогикасы. Тарихы, теориясы, тəжірибесі» атты
еңбегінде мұражайға қатысты атауларға толық түсініктер беріліп өткен.
Мұражай аудиториясы - мұражайдың əсерлік күші бағытталған адамдар
қауымдастығы. Өзіне тəн əлеуметтік-демографиялық өлшемдерге сəйкес сипатталады
(жынысы, жасы, білімі, тұратын мекен-жайы). Мұражай аудиториясы шынайы жəне
ықтималды, тұрақты жəне тұрақсыз, дəстүрлі жəне жаңа (мүмкіндіктері шектеулілер,
босқындар, жұмыссыздар, мұражайға енжар қараушы жастар) болып бөлінеді.
Мұражай аудиториясының бөлшектеп сегментациялануы, түрлі санаттағы келу
шілердің ерекшеліктерін есептеу, оның кеңеюіне бағытталу мұражайдың мəдени-білім
беру қызметінің сапалы көрсеткіштерінің қайнар көзі саналады. Мұражай аудиториясы
мұражайлық əлеуметтенудің жəне мұражай психологиясының зерттеу нысаны
саналады.
Мұражай жағдайындағы тəрбие жұмысы - тұлғаның дүниетанымы мен ой-
өрісін дамытатын, білім беру ақпаратының негізінде жүзеге асыры латын, мұражай
келушілерінің адамгершілік сезімі мен қасиеттерінің тəр-биеленуіне бағытталған
мұражай-педагогикалық
үрдіс жағдайында мұражай педагогтарының
арнайы
ұйымдастырылған қызметі. Тəрбиелік тұлғаның əлеуметтік қарым-қатынастарының
бүкіл жиын
тығын айқындайтын, құндылық əлемінің тұрақты жүйесі түрінде
ұсынылған тəрбие нəтижесі.
Мұражай заттарының (нысанды) көшірмесі - жүзеге асыру мақсаттары үшін
маңызды мұражай затының негізгі сипаттамасы мен сыртқы кейпін мүмкіндігінше
216
нақты жеткізу мақсатымен құрылған зат. Мұражай зат тарының (нысанды) жүзеге
асырылуына көшірме, қайта жасалған өнім, үлгілер, макеттер, муляждар, көшірме
бедер, голограммалар, ғылыми қайта жаңғырту жатады. Мұражай заттарын (нысан)
пайдалану, оның түпнұсқасын сақтауға, қоршаған ортаның қолайсыз əсерлерінен
олимпиада ойындары жөніндегі комитет мұражайы олимпиада алауының тарихы
лондондағы құрылыс көрмесі Көркемдік галереясы қорғауға, оған қол жетуізу
мүмкіндігі болмағанда немесе қиын болған жағдай ол туралы түсініктеме алуға
мүмкіндік береді. Ғылыми-көмекші мағлұматтар тобына жататын мұражай зат
тарының көшірмесі ерекше жағдайларда мұра жайлық заттар қатарына жатқызылуы
мүмкін (уақыт өткен сайын түп нұсқаның жоғалуына немесе оған қол жетпеген
жағдайларда).
Қала мұражай - тарихи құрылысы сақталған жəне тұтас организм, көрсетілімнің
негізгі нысаны саналатын тарихи қала. Қала-мұражайды мұражайландыру жəне
мəдени туризмге бағытталудың жоғарғы деңгейі ерекшелейді.
Кешенді мұражайлар - екі немесе одан да көп бағдарлы топ сипаттамаларын
біріктіретін мұражайлар тобы. Кешенді мұражайлар коллекциялары мемлекеттің
немесе аймақтың мəдени жəне табиғи мұрасын едəуір толық жəне тұтас көрсете алады.
Кешенді мұражайлардың маңызды бөлігін саны жағынан басым болып отырған
өлкетану мұражайлары құ-райды. Қазіргі заманғы мұражай ісінде бірқатар
мұражайлар құрылымының күрделену жəне көп салалы түрге өзгеру үрдісі
жалғастырылуда (экомұражайлар, ансамбльдік мұражайлар, орта мұражайлар).
Мұражай қорларының жасақтауы - мұражай қызметінің негізгі бағыттарының
бірі, мұражайда мұражайлық зат мəртебесіне ие болатын мұражайлық мағынадағы
заттардың анықталу жəне жинау үрдісі. Мұражай қорларының жасақталуы мұражай
мақсаты мен мұражай жасақталуының ғылыми тұжырымдамасына сəйкес мақсатты
түрде жүзеге асырылады. Мұражайдың негізгі əлеуметтік қызметін жүзеге асырады
табиғат пен қоғамда өтіп жатқан құбылыстар мен үрдістерді құжаттау.
Консервация (лат. conservatio сақтау), қоршаған ортаның қолайсыз əсерлерінен
ұзақ мерзімді қорғаныс құру жəне физикалық жай-күйін тұ-рақтандыру арқылы
тарихи-мəдени жəне табиғи нысандардың ұзақ сақ-талуын қамтамасыз ететін шаралар
кешені. Консервация қайта өңдеудің бірден-бір маңызды кезеңі, сонымен қоса қайта
өңдеу əдістерінің едəуір қатаң жəне сақтаушы тəсілдерінің бірі.
Мұражай белсенділігі - мұражай кеңістігінің жетік қамтылуы үшін жеке
тəжірибені
игеру
мақсатында
мұражай
аудиториясының
мұражайлық
коммуникациялық үрдіске белсенді араласуын көздейтін технология. Ерекше белсенді
ортана құру арқылы жүзеге асырылады. Мəдени білім беру қызметінің түрлерінде
(белсенді сабақ, театрландырылған экскурсия, рөлдік ойындар), сонымен қатар
жолдама
мағлұматтарды
жетілдіруде
қолданылады
(белсенділік
беттері,
шығармашылық тапсырмалар, белсенді жолсеріктер). Балалар жəне ересектер
аудиториясымен байланыс барысында мұражай қызметінде маңыздылығы өсе түседі.
Мəдени туризм - белсенді демалыс түрі, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру,
сонымен қоса аймақтың, мемлекеттің мəдени мұрасы мен табиғатына қатыстыру
мақсатындағы саяхат. Физикалық қуатын қалпына келтіру жəне денін сауықтыру мен
тұлғаның рухани байытылуын үйлестіруге мүмкіндік беретін бос уақытты өткізу
тəсілдерінің бірі. Мұражай мəдени туризмнің нысаны ретінде (дербес мақсат, саяхатқа
қатысудың басты түрткісі немесе туристік бағыттың негізгі құраушылары тарихи-
мəдени жəне табиғи шынжы-рының бір түйіні) жəне туристік бағдарламаларды
жетілдіру мен іске асырудың бастаушысы субъектісі бола алады. Мəдени туризм халық
арасында жəне шетелде мұражайдың жəне оның коммуникациялық мүм-кіндіктерінің
дамуының факторы ретінде қызмет ете алады.
217
Мемориал (итал. memorualе, лат. me -morialis естелік), тарихи оқиға немесе
көрнекі тұлғаға арнап, естелік жерде орнатылатын сəулетшілік ансамбль. Мемориал
əдетте сəулет өнерінің, сонымен қатар бақшалық-саябақ, кіші сəулет өнерінің түрлері
мен монументті мүсін синтезі ретінде танылады; бейнелеу мен музыканы жəне т.б.
өзіне қоса алады. Мемориал түрлері ретінде мұражайлар, жеке басқа табынушылық
құрылыстар (ғиба датханалар, кіші шіркеулер) жəне жерлеу орындары бола алады.
Мұражайлық коммуникация аудиторияның «заттар тілін» түсіне алуы жəне
экспозиция құрушылардың жəдігерлер көмегімен ауызша емес кеңістіктік «пікір»
жасай алу қабілеті шарт ретінде есептелетін келушілердің «шынайы заттармен»
қарым-қатынас жасау үрдісі.
Мұражайлық зат (тұрмыс ортасы) мұражайлық жинаққа қосылған жəне ұзақ
уақыт бойында сақталу қабілеті бар, əлеуметтік маңызды ақпарат тасушы, білімнің,
көңіл-күйдің жəне т.б. дұрыс дереккөзі саналатын шынайы нақтылықтан бөлініп
алынған мұражайлық мағынадағы нысан. Бұл терминнің синоним сөздеріне «жəдігер»,
«сирек туындылар», «ескерткіш бұйымдар», «түпнұсқа», «ескерткіш», «құндылық»
(табиғи, тарихи, мəдени) сөздері жатады.
Мұражайлық жинақ
мұражайда сақталынып отырған мұражайлық заттар,
ғылыми-көмекші материалдар мен ғылыми ақпарат, қамтамасыз ету құралдарының
ғылыми ұйымдастырылған жиынтығы. Жинақ құрамына мұражай қорлары (негізгі,
айырбасталған, көшірмелі, ғылыми-көмекші) кітапхана жəне мұражай мұрағаты
кіреді. Едəуір тар мағынада мұражайлық коллекциялардың жиынтығы жатады.
Мұражай-мекен сəулет, ландшафтық жəне шаруашылық мекен кешендерінің
мұражайлануының негізіне құрылған ансамбльдік не месе орта мұражайларының
тобы. ХХ ғасырдың аяғында мекендердің тұтастай сол қалпында мұражайлануының
үрдісі белгіленді, бұл өз кезегінде мекен-мен тарихи байланысты қоршаған ортаның
қайта құруын, түрлі шаруашылық қызмет түрлерінің (ат қора, омарта, бақ жəне бау-
бақша, шөп шабу) қайта жаңғыруын,
кіші сəулет түрлерінің,
қора-қопсы
құрылыстарының, саябақтың қайта құрылуын көздейді. Бұл жағдай көптеген заманауи
мұражай-мекендерді орта мұражайларына жатқызуға жəне олардың ішінде едəуір
құнды саналатындарын мұражай-қорық мəртебесіне тағайындау мүмкіндігін береді.
Қазіргі заман мұражай-мекен
мемориалды мұражайлардың көбі тарих, ғылым,
мəдениеттің көрнекті қайраткерлерінің шығармашылығы мен өміріне бағышталған.
Мұражайтану мұражайлардың пайда болуын, оның əлеуметтік қызметін, мұра-
жай ісінің теория мен əдістеме сұрақ тарын зерттеуші ғылыми тəртіп.
Мұражай ісі жарақтау, есепке алу, сақтау, зерттеу жəне тарихи-мəдени мұраның
қол данылуы мен осы үрдістерді ойластыруды қосатын қоғамдық қызмет түрі.
Мұражай
саясаты
мұражай
заңнамасын,
мұражай
құрылысын
мұражайлардың жəне мұражай желісінің құрылуын, мұражайларды басқаруды ұйым
дастырудың
мұражай
менеджменті,
даярлау,
қайта даярлау,
мұражай
қызметкерлерінің кəсіби деңгейін көтеруді, сəйкес мекемелердің құрылуын өзіне
қосатын кешенді ұғым.
Мұражай тəжірибесі
ғылыми-қор, ғылыми-ағартушылық, рекреациялық,
экспозициялық, баспа қызметі, сонымен қатар мұражай көлемінде мұражай қызмет
керлерімен жүзеге асырылатын тəжірибелік қызмет.
Музеография мұражайлардың, олардың жинақтары мен коллекцияларының
анықтамаларда, тізімдерде, жол көрсеткіштерде суреттелуі. Шетелдік əдебиетте
мұражайтану мұражай теориясына қарағанда, музеография ұғымына мұражайлық
тəжірибені жатқызады.
Мұражайлық тəжірибе
тұлғаның көз қарастары мен қасиеттерінің,
құндылықтары ның, адамгершілік жəне инабаттылық ережелерінің қалыптасуы үшін
•
•
•
•
•
•
•
•
•
•
•
218
мұражайлық құралдар көмегімен жол ашар ұрпақтың əлеуметтік мəдени жəне тарихи
тəжірибелерінің мақсатты жеткізілу үрдісі.
Мұражайлық білім беру мұражай көлемінде жəне мұражай құралдары көме-
гімен қабілеттер мен дағдының, ғылыми білімдердің игерілуі мен жетілдіруінің, бұл
негізде ауқымды ой өрісі мен ғылыми дүниетанымның қалыптасуына бағытталған
адамның мақсатты танымдық əре-кетінің үрдісі мен нəтижесі.
Мұражайлық оқыту
мұражай келушілері мен мұражай аудиториясына
қабілеттер мен дағдыны, ғылыми білімдер жүйесін жеткізудің мұражайлық орта
жағдайында арнайы ұйымдастырылған екі жақты педагогикалық үрдіс.
Мұражайлық-педагогикалық қызмет
жол ашар ұрпақпен жинақталған
мəдениет пен тəжірибені жеткізуге, сонымен қатар келушілердің тұлғалық өсуіне
жағдай жасауға бағытталған мұражай қызметінің ерекше түрі.
Мұражайлық-педагогикалық үрдіс дамытушы жəне білім беру мəселелерінің
шешілуіне бағытталған мұражай қызметкерлері мен мұражай аудиториясының арнайы
ұйымдастырылған, мақсатты əрекеттесуі.
Мұражайлық мəдениет адаммен мұражайдың заттық ақпаратын қабылдауға
даярлық деңгейі (мұражай тілінің ерекшелігі мен түп нұсқа құндылығын түсіну), сонымен
қатар шынайы өмірде мұражайлық мағынадағы заттарды бағалай алу қабілеті мен
тарихты құрметтеуден көрініс табатын мұражайдың өмір шындығына қарым-қатынасы.
Мұражай желісі
белгілі территорияда қызмет етуші мақсатты ұйым-
дастырылатын мұражайлар жиынтығы немесе нақты мұражай топтарының (белгілі
бағдар,
түрдегі)
жиынтығы.
ХХ ғасыр көлемінде
мұражайлық
желінің
ұйымдастырушылық түрі мемлекет ішінде мұражайлардың біркелкі орналасу, мəдени
қорлардың ұтымды пайдалану мақсатында қалыптасқан. Мұражай желісінің
қалыптасу саясаты мен ұйымдасу түрі ұлттық мəдени жəне табиғи мұраны сақтау жəне
ұсыну ісінде мемлекеттің мəдени саясат бағыттарының бірі саналады.
....терминологиялық сөздіктер арнайы бір ғылым саласына қатысты терминдерді
барынша жинақтап, қамтып беруге тырысатын анықтағыш қызметін атқарады.
Сондықтан да оның жүгі ауыр болуы, əрі терминологиялық сөздікті шығару барысында
мамандардан үлкен сапа, сол сапаның жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ете
алатындай жауапкершілік талап етілуі тиіс» [2:75] деген сөз əлі де өзектілігін жойған
жоқ. Демек ғылымның ұғымдық-терминологиялық аппаратының қалпы оған қатысты
теорияның даму деңгейін айқындайды. Ұғымдарды қолдану теориялық модельдерді
зерделеудің жəне құрудың, зерттеу пəнін белгілеудің, ол туралы дəйекті тұжырымдама
жасаудың міндетті шарты.
•
•
•
•
•
•
Əдебиеттер
1. Ү.Д. Мұңалбаева. «Мұражай педагогикасы. Тарихы, теориясы, тəжірибесі» Астана:
«Профимакс» ЖШС, 2012. 400 бет.
2. Əбдірəсілов Е. Қазақ тіл білімі терминдерінің жайы // Салалық терминология: бүгіні
мен болашағы: Республикалық ғылыми-практикалық семинардың материалдары.
Астана, 2003.
3. Сүлеева Г.С. Халықаралық терминдердің салалық терминологияға қабылдануы мен
қолданысы (мəдениет жəне өнер терминологиясы негізінде) Астана, 2007
4. Б.Х. Галиева. Педагогика ғылымының кейбір терминологиялық мəселелері (идеалға
сəйкестік қағидасы тұрғысынан) // ПМУ Хабаршысы №1, 2010 42бет.
219
М
ұражай, музей, (грек тілінде museіon муза сарайы) тарихи-ғылыми дерек
ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мəдени құндылықтарды, т.б.
мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мұражай заттық жəне рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда
зерттеп, оның нəтижелерін насихаттауда, осы негізде тəлім-тəрбие беруде маңызды рөл
атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мəдениеттің қалыптасуына ықпал ететін
ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тəрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына
ықпал етеді.
Мұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мəдени жəдігерлерді
сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Əрбір мемлекетте мұражай түрліше
дамыды, өзіндік ерекшелігі мен тарихы қалыптасты. Ал, Қазақстанда мұражайлар
тарихы ХІХ ғасырдан басталады. Статистикалық деректерге көз жүгіртсек,
Қaзақстанда 1913 жылы 3, 1927 жылы 6, 1937 жылы 19, 1939 жылы 25, 1970 жылы 29
мұражай болса, қазіргі таңда мұражайлардың саны 154-ке жетті. Осы мұражайлардың
əрбірінің қызметі қоғамдық институт ретінде əлеуметтік қоғамдық-экономикалық
жағдайға сай жүргізілуде. Сонымен қатар, мұражайлар негізгі бaғыты тұрғысынан
бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи мұражай (жалпы тарих, археологиялық,
антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.), көркемөнер мұражайы
(көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. мұражай),
''жаратылыстану мұражайы'' (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық,
палеонтологиялық, т.б), техникалық мұражайлар (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-
кен ісі, өнеркəсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), ''кешенді мұражайлар'' (тарих, шаруашылық,
жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану
мұражайлары), мемориалдық мұражайлар (мемлекетке, өнерге, əдебиетке ғылымға
еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған мұражайлар),
сонымен қатар аспан астындағы этно-мемориалдық мұражай. ХХ ғасыр бойына
мұражайдың жаңа түрі ашық аспан астындағы мұражайлар кең тарады жəне
көпшіліктің ықыласына бөленді. Осыған байланысты мұражайтану ісінде жаңа бағыт
скансенология пайда болды.
ШОЙБЕКОВА А.С.
Гуманитарлық ғылымдар магистрі,
Гуманитарлы-экономикалық колледжінің оқытушысы,
Ө.А. Жолдасбеков атындағы Экономика жəне құқық
академиясының аға оқытушысы
XX ҒАСЫР МҰРАЖАЙЫ
220
Мұражайлардың кеңістіктегі белсенділігі институционалдық тар шеңберге
бағынбайды, əлеуметтік экспансиямен бірігіп кетеді де «ашық мұражай» феноменінде
айқын көрініс табады. Олардың қызметі жинақтау, зерттеу, қорларды консервациялау
жəне оларды көпшілікке көрсету шеңберінен шығып кеткен тəжірибе жүзіндегі
мұражайлық мекемелердің пайда болуы, дəстүрлі мұражайларды жаңарту жолдарын
іздеуден ғана емес, сондай-ақ, «мəдени мұра» түсінігінің күрделене түсуі жəне оның
уақытының ұзаруына бұрындары оларға байланысты қолданылмаған салалар мен
тарихи кезеңдерге тарауынан келіп шығады. Осыған орай, қазіргі заманғы
мұражайтануда мұражайға қаланы, аймақты, тұтас елді дамытудың маңызды ресурсы
ретіндегі мəдени мұра ретінде қарау кең тараған.
Еліміздің жүрегі Астана қаласында орналасқан «Атамекен» Қазақстан Картасы»
этно-мемориалдық кешені 1,7 га жерді алып жатыр. Кешен Қазақстанның байлығын,
тарихи жəдігерлерін, мəдени ескерткіштерін, мемлекеттің тыныс-тіршілігін əлемге
паш етіп, жас ұрпақты отаншылдық рухта тəрбиелеу мақсатында Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың бастамасымен 2001 жылдың 8
қыркүйегінде əлеуметтік-мəдени саласындағы маңызды орталықтардың бірі ретінде
ашылған болатын. «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің
негізгі бағыттары мұражайлық мұраларды (жəдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау,
қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу
нəтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, мұражайдың кадрлық жүйесін жетілдіру.
Кешен жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру,
тақырыптық дəрістер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, мұражайлық
басылымдар шығару, т.б. жатады. Мысалы, Қазақстандық мұражайларда кейінгі
жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дəрістер өткізілді.
Кешен
Қоғам мен мəдениетте болып жатқан
түбегейлі өзгерістерді көрсету арқылы, мұражай қазіргі кезде айтарлықтай өзгерістерді
бастарынан өткеруде. “Өзгеріске ұшырап жатқан əлемдегі мұражайлар” қазіргі кездегі
шындықтың көрінісі болып табылады. Шындығына келгенде мұражай қызметінің
қазіргі таңда əлеуметтік-мəдени маңызы арта түсуде, мұражайлардың мəдени
мұраларды сақтау əрі оларды көпшілікке түсіндірудегі, əлеуметтік бейімделу мен
мəдени
біртектілендірудің
күрделі
үрдісіндегі,
білім алу, бос уақытты
ұйымдастырудағы рөлі арта түсуде. Қазіргі заманғы мұражайлар білім, коммуникация,
мəдени ақпараттар алумен қатар шығармашылық иновациялардың орталығына
айналуда.
Қазіргі заманғы əлеуметтік-мəдени ахуалдар мұражайлардың өзіндік жол
іздеулерін, жаңа білімдерге ұмытуларын, жаңа ойлар, рухани құндылықтарды
пайдалануға итермелейді. Қоғамдық сананың қол жеткізген деңгейін есепке алатын
институттан мұражай сол сапаны алға бастыратын мəдениет көрінісіне айналады.
Соңғы кездерге дейін мұражай экспозицияларының сапасы мұражайға қойылған
заттар мен коллекцияларында көрсетілген дəстүрлі ғылыми үлгілерге сəйкестігіне орай
белгіленетін, ол қазір мұражайлар құндылықтарды жаңа тұрғыдан қарап, мұражайда
қойылған заттарға ерекше көзқарас қалыптастырады, жасалып жатқан экспозициялар
мен көрмелер, мəдени-білім беру жобалары ғылыми тұрғыдан зерттеу нəтижесін
көрсетсе, сонымен қатар жеке тұлғалардың шығармашылық ізенулеріне жол ашады.
Бұл көп жағдайларда мұражайлық қатынасты “декларация” жəне “монолог” саласынан
“диалог” немесе “полилог” саласына ауыстыратын қазіргі заманғы мəдениет жəне
мəдениетаралық қатынастардың əсерінен іске асырылды. Мұражайда жинақтанған
ақпаратты түсінірудің алуан түрлілігі, біржақты түсіндіруге қарағанда асқан маңызға ие
болды, ал ол өз кезегінде мұражай-педагогикалық белсенділікті арттыра түсті жəне
мұражайлық жобалаудың рөлін күшейтті. Заман ағымынан қалмаймаған этно-
мемориалдық кешен 3 D бейнелі фильмімен елордамыздың тарихын барынша айқын,
əрбір оқушы, студентке жəне республика тұрғындарына түсінікті жеткізе білетін
XXI ғасырға сай мұражайлардың бірі.
221
ерекше əдіс еді. Осылай, мұражайда жинақтанған ақпаратты түсінірудің алуан түрлілігі
мұражай көрермендерін қызықтырады.
«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені халқымыздың рухани
асыл қазыналарын жинақтап, тарихымыздың өткені мен бүгінін жалғап отырған
еліміздегі ғылыми-зерттеу, насихаттау жөніндегі мəдени орталықтарының бірі.
Қазақстанның «Атамекен» танымды-көркемдік кешені мемлекеттің тарихымен,
онда тұратын халықтардың мəдениетімен таныстырады. Сəнді таулар, қыраттар,
қырлар, ормандар, көлдер,
ірі қалалардың нышандық белгілері
осы мəдени
орталықтың өзіндік ансамблін құрайды. “Атамекен” Қазақстан Картасының” ерекше
бөлігі - Каспий теңізі. Картада 14 облыс жəне 2 қала - Астана жəне Алматы орналасқан.
Сонымен бірге, мұражай заттық жəне рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми
тұрғыда зерттеп, оның нəтижелерін насихаттауда, осы негізде тəлім-тəрбие беруде
маңызды рөл атқарады. Ол əлеуметтік маңызды құндылықты қалыптастыру жəне
дамытуды қарастырады. Тарих, мəдениет, саясат, ғылым айналасында елдің
жетістіктерін көрсеткен уақиғалар өнегелік идеялардың сапасын сақтаған. Сонымен
қатар, мұражай ғылымның, білімнің, мəдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми
мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тəрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал
етеді. Осы мақсатты көздей отырып, өскелең ұрпақтың бойына рұх, жүрегіне
«отансүйгіштік» сезімді қалыптастыру мақсатында «Атамекен патриоттары» клубы
жұмыс істеп жатыр. Астана қаласының барлық мектептерінің оқушылары осы клубтың
мүшелері.
Мұражай оқушылардың азаматтық-патриоттық
сапасын қалыптастыруға,
ойлауларын жəне тəрбиелеу танымдықтары мен қаблеттерін кеңейтуге, оқушылардың
зерттеу қызметтері мен іздену практикасын меңгеруге қосымша білім құралы арқылы
білім үрдісін жетілдіру мақсатында қызмет етеді. Кешеннің аса қадірлі қонағы
Елбасымызға да экскурсияны жүргізетін еліміздің жас буындары, яғни осы клубтың
патриоттары. Ғылым, білім, өнер жалпы тарих пен мəдениеттің тоғысқан жеріне
айналған «Атамекен» Қазақстан Картасы» ұрпақ тəрбиесіне жете мəн береді. Себебі,
ұлы өркениет иесі болған қазақ халқының болмыс-бітімін, асыл мұраларын, ұмыт
болған тарихын қазіргі ұрпақтың жадында жаңғыртатын, санасына сіңіретін, сонымен
қатар, ел тарихын барша əлемге паш ететін, шетелден келген қонақтарды өзінің
əсемдігі мен жүйелілігі арқылы таңқалдыратын кешен.
Өткен тарихымызды танып білмей, болашағымызға бастар жолды айқындау
мүмкін емес. Ал өткен тарихымызды бірден-бір баян ететін орын - «Атамекен»
Қазақстан Картасы». Анығын айтсақ, мұражайды теория емес, практика деп
қарауымыз қажет. Өмірдің сол күйіндегі жанды бір кесек бейнесі өз өлкесінің өткені
мен бүгінгісін көзімен көріп, қолымен ұстаған əрбір мұражай қонақтары ертеңге
ұмтылатыны анық. Жеріміздің байлығына тамсанары да анық.
Қоғам мен мəдениетте болып жатқан түбегейлі өзгерістерді көрсету арқылы,
мұражайлар қазіргі кезде айтарлықтай өзгерістерді бастарынан өткеруде. “Өзгеріске
ұшырап жатқан əлемдегі мұражайлар” қазіргі кездегі шындықтың көрінісі болып
табылады.
Шындығына келгенде мұражай қызметінің қазіргі таңда əлеуметтік-мəдени
маңызы арта түсуде, мұражайлардың мəдени мұраларды сақтау əрі оларды көпшілікке
түсіндірудегі, əлеуметтік бейімделу мен мəдени біртектілендірудің күрделі үрдісіндегі,
білім алу, бос уақытты ұйымдастырудағы рөлі арта түсуде. Қазіргі заманғы мұражайлар
білім,
коммуникация,
мəдени
ақпараттар
алумен
қатар шығармашылық
иновациялардың орталығына айналуда.
Бүгінде кешен қызметкерлері əлемдік дамыған, креативтік, жаңа бағыттта жұмыс
істейтін мұражайлардың қызметімен танысып, ерекше тұстарын қамтып, аса қажет
тəжірибелеріне жүгінуде. Заманына сай мұражайды күннен-күнге дамытуда. Себебі,
Достарыңызбен бөлісу: |