Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Бұйым жасауға керекті затты материал дейміз», –деп бір  түйеді  де,  «үй»  деген  бұйымды



Pdf көрінісі
бет26/43
Дата15.02.2017
өлшемі3,08 Mb.
#4165
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43

Бұйым жасауға керекті затты материал дейміз», –деп бір 

түйеді  де,  «үй»  деген  бұйымды  жасау  үшін  қажетті  материалдарды  санап 

береді.  Одан  кейін  әрбір  бұйым  шикізаттан  ғана  жасалып  қоймай,  бір 

бұйымның  екінші  бұйымға  материал  да  болатынын  айтады.  Жүн,  жібек, 

мақта,кендірден  жіп  жасалатынын,  жіп  деген  материалдан  өрмек 

тоқылатынын,  өрмектен  шыққан  матадан  киім  тігілетінін  тәптіштеп, 

біртіндеп  түсіндіреді.  Мақсаты  –  салыстыру  арқылы  сөз  бөлшектерінің 

«шикізат  емес»,  «бұйым»  екенін  түсіндіру.  Сөйтіп,  ол  «сөз  бұйымдарының 

бірі  біріне  материал  болады.  Сөз  бөлшектерінің  әрбір  ірісі  –өзіне  тете 

ұсағынан  жасалған  бұйым,  әрбір  ұсағы  –  өзіне  тете  ірісін  жасайтын 


280 

 

материал», – деп бірде талдап, бірде жинақтап ойын қорыту жолымен сөздің, 



сөйлемнің, сөйлеудің ішкі құрылысын, бірінен-бірі жасалатынын тұрмыстан 

алынған  нақты  мысалдармен  салыстыра  түсіндіреді.  Бұдан  әрі  ғалым-ұстаз 



сөзді, сөйлемді т.б. дұрыс құрай білу үшін шәкірттерге олардың сыр-сипатын 

білгізу шарт дейді. Осыған орай ол оқулықта тағы бір салыстыру береді. Бұл 

жолы  да  автор  грамматикалық  құбылыстарды  білгізуді  өмірдегі  еңбек 

үдерісімен салғастыра бақылатудан бастайды. «Бұйымды дұрыс жасап шығу 



үшін  оның  қалай  жасалатынын,  оның  қандай  материалдан  жасалатынын, 

ол  материалдың  сыр-сипатын  білу  керек.  Темірден  құрап  жасайтын  да, 

ағаштан құрап жасайтын да бұйымдар бола береді. Темірді пісіріп, ағашты 

желімдеп  ұстатамыз.  Темірді  ағашша  желімдеп;  ағашты  темірше  пісіріп 

ұстататын болсақ, материалдардың сыр-сипатын, қалай құрастыру әдісін 

білмегеніміз  болады»,  –дейді  профессор  Қ.Жұбанов.  Айқын  да  көрнекі 

мысал.  Оқушыларды  ойландырып,  олардың  санасында  із  қалдырарлықтай! 

Материалдың сыр-сипатын білмеген адам «темірді желімдеп, ағашты пісіріп 

дегендей»  теріс  әрекет  жасайтыны  оқушыларды  ойлантып,  қолындағы 

материалдың  тегіне  үңіле  қарауға  мәжбүр  етеді.  Сайып  келгенде,  бұндай 

салыстыру  оларды  сөздің  сыр-сипатына  баса  назар  аударуға  жетелейді. 

Ғалым-педагог:  «Сөз  бұйымын  дұрыс  жасап  шығу  үшін  де,  оның  жасалу 

жолын  материалының  сыр-сипатын  білу  керек.  Білмесе,  мұнда  да  темірді 

желімдеп, ағашты пісіргендей нәтиже шыға береді», – деп, түпкі мақсатын 

салыстыру  арқылы  жеткізеді.  Осылайша  тілдің  зандылықтарын  өмірмен 

өзектестіре  ойланып  түсінген  оқушылар  грамматиканың  фонетика, 

морфология,  синтаксис  салаларындағы  материалдарын  оңай  меңгереді  деп 

есептеген  автор.  Салыстыру  әдісі  тек  бірінші  бөліммен  ғана  шектелмейді. 

Автор  қажет  деп  тапқан  жерде  үйлесіміне  қарай  салыстыру  әдісін 

грамматиканың  басқа  бөлімдеріне  де  пайдаланады.  Мысалы,  сөйлем 

мүшелерін  өтіп  жатқанда  барлық  (тұрлаулы,  тұрлаусыз)  мүшелері  түгел 

сөйлемді  басы,  аяғы,  қолы,  дене  мүшелері  түгел  адаммен  салыстырады.  Ал 

бір  ғана  сөзден  тұратын  сөйлемді  қол-аяғы  жоқ,  домалақ  денемен 

салыстырады. Грамматиканың фонетика бөлімінде тіл дыбыстарының пайда 

болуын әр түрлі музыкалық аспаптардың үн шығару қасиетімен қатар қойып, 

өзара ұқсастырады. Табиғаттағы  дыбыс деген ұғымды арбаның салдырымен 

және  т.б.  салыстыра  түсіндіреді.  Жоғарыда  айтылғандай,  салыстырудың 

мақсаты – оқушылардың ойына із қалдыру: көрінбейтін құбылысты көрнекі 

ету.  Демек,  оқулықта  келтірілген  бұл  салыстырулар  көрнекілік  әдістің  де 

қызметін атқарады.  

Адам өзін қоршаған дүниені  көру, есту, дәм мен иісті сезу, түйсіну  т.б. 

сыртқы  әсерлердің  көмегімен  таниды.  Бала  психикасының  заңдылықтарын 

жақсы білген ұстаз грамматиканың әр тақырыбын әсерлі баяндап, оқушының 

есту  сезімдеріне  әсер  етеді.  Өмірден  мысал  келтіріп,  оқушыларға  бұрыннан 

таныс  іс-тәжірибелерді  қайтадан  іске  қосады.  Дерексіз  ұғымды  деректі 

әрекеттермен  салыстыру  арқылы  баланың  ойын  жандандырады.  Сөйтіп, 

оқушы кітаптағы сөзбен бейнеленген әсерлі суреттерді ой-көзімен көреді.  



281 

 

Ұстаз-ғалым  Қ.Жұбанов    талдау      мен      жинақтауды      өз   



грамматикасында    сатылық  ұстаныммен  шебер  ұштастырады  да,  содан  әрі 

шәкірттерге қазақ тілін оқытуға қажетті басқа да әдіс-тәсілдерді іздестіреді. 

Педагог-әдіскер  Қ.Жұбановтың  «Жаңа  грамматика»  оқулығында  әдістің 

мынадай түрлері көрсетілген: 



1.Баяндау әдісі. 

2. Түйінді мәселеге көңіл аудара түсіндіру әдісі. 

3. Салыстыру әдісі. 

4.  Сөзбен суреттеп көрсету. 

5. Көрнекілік әдісі. 

 

6. Оқуды еңбек процесімен байланыстыру. 

7. Пәнаралық байланыс. 

8. Проблема қоя оқыту. 

9. Жүйелі ойға төселдіру. 

10. Өмірмен байланыстыру әдісі. 

Профессор  Қ.Жұбановтың  әдістемелік  еңбектерінің  қай-қайсысынан 

болса  да  заман  талабынан  туған  жаңалықтар  мен  ғылыми  дәлелденген 

пайымдауларды  аңғаруға  болады.  Мысалы,  ғалымның  «Ауыл  мектебінің» 

1934  жылғы  4-ші  санында  жарияланған  «II  жартыжылдықта  әдістемелік 

бірлестіктер  мен  үйірмелерде  қарастырылатын  әдістеме  және  бағдарлама 

проблемалары» қазір де өзекті болып табылады. Мұнда педагог әр деңгейлі 

мектептердің  оқу  бағдарламаларын  негізге  ала  отырып,  мұғалімдерге 

арналған курстар ашудың маңыздылығын айтады. Сөйтіп сабақтың апталық, 

айлық,  циклдік  т.б.  тақырыптарын  белгілеп,  конспектілерін,  жоспарларын 

және тезистік сызбаларын беру керектігін ескертеді. Сабақ үстінде оқулықты 

ғана  пайдаланып  қоймай,  дидактикалық  материалдарды,  оқу-әдістемелік 

құралдарын  қолданудың  тиімділігіне  басты  назар  аударады.  Сондай-ақ 

Қ.Жұбанов  сабақтарды  талдауды  дағдыға  айналдыру  қажеттілігін  айта 

отырып,  талдау  барысында  мұғалім  жетістіктерімен  қатар  кемшіліктері  де 

көрсетілуі  керек  дейді.  Бұл  өз  кезегінде  мұғалімнің  оқытудың  тиімді 

әдістерін  таңдап  алуына  мүмкіндік  береді.  Бұл  екі  мақсатты  көздейді, 

біріншіден,  мұғалім  күшін  нақты  тақырып  бойынша  белгілі  бір  сабақты 

ұйымдастыруға  қажетті  педагогикалық  тәсілдерді  іздеуге  жұмылдырса, 

екіншіден, 

жалпы 

бағдарламалық 



материалдар 

ішінен 


бірінші 

жартыжылдықта өткен сабақтардың ең таңдаулысын табуға көмектеседі. Бұл 

мұғалімге  баланың  бұған  дейінгі  және  осы  күнгі  білімі  арасындағы 

байланысын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Бірақ  әдіскер  бұл  жерде 

материалды  ірі  блок  түрінде  түсіндіруге  болмайтындығын,  себебі  оның 

тақырыпты  дұрыс  түсінуге  мүмкіндік  бермейтінін  атап  айтады.  Сөйтіп 

ғалым-ұстаз әр сабақта белгілі бір бөлімнің бөлшегін үйрету керек дейді. Бұл 

үшін алдын  ала бағдарлама  мен  оқулықтарға  сай кезекті сабақтың  мазмұны 

мен  құрылымы  анықталады,  тақырыпты  жеткізуге  оңтайлы  әдістер 

қарастырылады.  Мұнан  кейін  практикалық  жаттығу  түрлері  тыңдалады,  өз 



282 

 

бетімен  орындалатын  жұмыс  түрлері  қарастырылып,  сабақтың  әртүрлі 



элементтерінің өзара байланысты болуы көзделеді.  

Педагог  Қ.Жұбанов  әдістемелік  бірлестік  мәжілістерінің  күн  тәртібіне 

оқуға деген практикалық дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс түрлерін, 

қоршаған  ортаны  ауызша  суреттеп  беруге  үйрету  әдістемесін  жетілдіру 

мәселесін,  бала  тіліндегі  кемістіктерді  жою,  ана  тілі  дыбыстарын  дұрыс 

айтуға үйрету проблемасын, оқушының жазу қабілетін жетілдіруге арналған 

жұмыс түрлерін талдауды ұсынады және бұл жұмыстарды жүзеге асырудың 

нақты  жолдарын  меңзейді.  Мұның  бәрі  ғалым  ұсынған  проблемалардың 

соңғы  кездері  қолданысқа  енген  сөйлесім  әрекетінің  бес  түрі  арқылы 

(оқылым,  жазылым,  айтылым,  тыңдалым,  тілдесім)  тілдік  қатынасқа  қол 

жеткізу  проблемасымен  өзектес  екенін  көрсетеді.  Шынында  да,  бұдан 

ғалымның  сол  заманның  өзінде-ақ  қазақ  тілін  меңгеруде  грамматикалық 

ұғымдарды  түсіндірумен  қатар,  дұрыс  оқу,  оқығанның  мазмұнын  жеткізе 

білу,  көргенін  ауызша  айта  білу  және  жазу  қабілетін  жетілдіру  сияқты 

практикалық дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығын алдыңғы орынға 

қойғаны көрінеді. 

Әдіскер-ғалымның  мұғалімдер  мен  ағарту  саласы  қызметкерлеріне  жан-

жақты  әдістемелік  жол  сілтеуі  атақты  «Жанғазыға  хатында»  да  анық 

көрінеді. Сабақтың сәтті немесе сәтсіз өтуі мұғалім қолданған әдіс-тәсілдерге 

де байланысты екенін Қ.Жұбанов жақсы түсінген. Ғалым Ж.Жолаевқа жазған 

хатында: «Оңай болу мен қиын болу кітаптан болмай, мұғалімнен де болып 



қалады»,  –  деп,  бұл  пікірін  әрі  қарай  тереңдете  түседі.  Оқыту  кілті  – 

шеберлікте деген байлам жасайды. Ол: «Неден бастадың? Неден үлгі алдың? 



Қалай  аяқтадың?  Қалай  жаттықтырдың?»  деген  сұрақтар  қоя  отырып, 

мұғалім  қолданған  әдістерге  үлкен  мән  береді.  Ұстаздың  сабақ  барысында 

кездестірген  қиындықтарын  соған  сәйкес  анықтамақ  болады.  Егер  ұстаздың 

сабақ  түсіндірудегі  әдістері  дұрыс  болса,  онда  олқылықты  оқулықтан  іздеу 

керек дейді.  

Ғалым-ұстаз  ұсынған  амал-тәсілдер  мен  әдістемелік  ұғымдар  қазіргі 

оқыту үрдісінде орын алған ұғымдармен үндес келеді. Мәселен,  

-

 



қазіргі таным үдерісі– тілші айтқан өмірге үңілдіру;  

-

 



проблемалы оқыту – оқушы алдында проблема қоя оқыту;  

-

 



пәнаралық байланыс – бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал 

ету;  


-

 

дамыта оқыту – жүйелі ойға төселдіру;  

-

 

тіл дамыту – сөзбен суреттеп көрсетудің т.б. негізгі бағыт-бағдарымен 



сәйкес келеді.  

Қ.Жұбановтың  бұл  әдістемелік  көзқарастарында  қазіргі  таңда 

қолданылып  жүрген  танымдық  та,  коммуникативтік  те,  ақпараттық  та 

құзыреттіліктерді қалыптастырудың бастамасы жатқанын аңғару қиын емес. 

Олай  болса,  соңғы  кездері  айтылып,  жиі  қолданылып  жүрген  әдістемелік 

әдіс-тәсілдердің  тамыры  тереңде  екенін  профессор  Қ.Жұбановтың  ғылыми-

әдістемелік мұралары дәлелдеп отыр. Оқытудың алдыңғы қатарлы әдістерін 


283 

 

пайдалану қай кезде де оқу үдерісін ізгілендіру талаптарын жүзеге асыруға, 



оқушыларды  оқу  әрекетін  өз  бетімен  жоспарлауға,  өзін-өзі  бақылауға  және 

толықтыруға үйретеді.  

Құдайберген  Жұбанов  сынды  әмбебап  ғалымның,  алып  ойшылдың 

оқыту 


ісіне 

байланысты 

лингводидактикалық 

және 


әдістемелік 

тұжырымдарын  тиянақтап,  жүйелеу,  оның  еңбектеріндегі  өміршең 

идеяларды жаңа уақыт тұрғысынан зерделеп, таныту қазіргі заман талабына 

лайық  ұлт  зиялылары  қалыптастырған  қағидаларды  қайта  жаңғыртып 

қолдану бағытындағы ұтымды жол болып табылады. «Сүйер ұлың болса, сен 

сүй,  сүйінерге  жарар  ол»,  –  деп  Абай  айтқандай,  даналығымен  даралығын 

танытқан,  тереңдігімен  тұшымды  тұжырым  жасаған,  ұлтының  болашағын 

тәрбиелеуге  қатысты  қарымды  да  құнды  ой  қалдырған  Құдайберген 

Жұбановтың  педагогикалық  еңбектерін  зерделеу  нәтижесінде  ұлттық 

педагогика ғылымының қазынасы одан сайын толыға берері даусыз. 

 

 

Тәлімгер тілмаш 



(Қ.Жұбановтың аудармашылық өнері мен аударма туралы 

ой-пікірлері жайында) 

 

Профессор  Қ.Жұбановтың  ғылыми  жұртшылық  назарынан  тыс  қалып 



келе  жатқан  тағы  бір  қыры  –  оның  аудармашылық  өнері  мен  аударма 

жайындағы  ой-пікірлері.  Ол  бұл  саламен  табиғи  мұқтаждық  салдарынан 

айналысты.  Тілдерді  салыстыра  қарастыру  арқылы  бір  тілден  екінші  тілге 

аударуда оның асқан таланты байқалады. Ғалым құрылымы бөлек тілдердің 

семантикалық  айшықтарын  бірінен  екіншісіне  аударуда  өзінің  айрықша 

қабілетін  танытады.  Жоғарыда  сөз  болған  «Бюллетеньде»  жарияланған 

мақалалары  ұдайы  екі  тілде  жазылған.  Осының  өзінен-ақ  оның  аудару 

шеберлігін байқауға болады.  

Ғалымның  алғашқы  аудармасы  есебінде  К.К.Юдахиннің  1929  жылы 

Қызылордада  өткен қазақ тілі бойынша орфографияға байланысты ғылыми 

конференцияда сөйлеген сөзін аударуын айтуға болады.  

Қ.Жұбановтың аудармашылық қызметі жайлы белгілі әдебиет маманы, 

профессор  Б.Шалабаев  өзінің  30-шы  жылдары  В.Г.Короленконың  «Без 

языка»  деген  повесін  аударғанын,  оны  баспагерлер  ұнатпай,  аудармашыға 

қайтарғанын айтады. Мұны білген профессор баспамен өзі байланыс жасап, 

аударманы  әдеби  өңдеуді  өз  міндетіне  алатын  болып  келіседі.  Сөйтіп 

аударманы түгел қайта өңдеп, «Тілсіз» деген атпен баспадан шығартады.  

Зерттеуші  А.К.Бақытжанова  өзінің  «Қ.Жұбанов  және  аударманың 

лексика-семантикалық  проблемалары»  атты  мақаласында  ғалым-аудармашы 

Қ.Жұбановтың  бірқатар  аудармаларына  тоқталып  өтеді.  Ол  өз  кезегінде: 

«С.Аманжоловтың «О языке перевода классиков марксизма-ленинизма» атты 

мақаласына  берген  редакторлық  түзетулерінен,  «Головокружение  от 

успехов» 

атты 

Сталин 


мақаласының 

аудармасына 

қатысты 


284 

 

рецензияларындағы  аударманың  лингвистикалық  мәселелерін  сөз  етіп 



талқылағандығын  көреміз»  –  дейді  де,  «Қ.Жұбанов  С.Аманжоловтың 

жоғарыда 

аталған 

мақаласына 

берген 

түзетулерінде 



академик 

А.Н.Самойловичтің 

«Коммунистік 

манифест» 

аудармасына 

берген 


рецензияларына  мынадай  қарсы  пікір  айтады.  «Нельзя  считать 

справедливым  все  замечания  академика  А.Н.Самойловича  /.../.  В  1925  году, 

когда впервые был переведен «Коммунистический манифест», число казахов, 

изучающих  иностранные  языки  /русский  язык  для  казахов  не  есть 

иностранный/, по крайней мере из тех, на кого расчитан перевод, равнялось 

чуть  ли  не  нулю.  При  таком  положении  вещей  соблюдение  буквальной 

точности  в  отношении  слов  «иностранных  языков»  сделало  бы  перевод 

менее  понятным,  чем  при  наличной,  я  бы  сказал,  удачной  замене  этого 

примера», – дей келе, «Қ.Жұбановтың бұл пікірінен біз профессордың аудару 

барысында  буквализмге  (әріпқойлық)  ұшырамай,  ұтымды  жол  табуды 

нұсқағанын көре аламыз», – деген ойын білдіреді (138). 

Аудару барысында Қ.Жұбановтың тілдердің ұлттық табиғатына мұқият 

мән  бергені  байқалады.  Оның  тікелей  аудармаға  қатысы  жоқ  ізденістерінің 

өзінде де сөйлем құрау мәселесінде ылғи да өзге тілдердің материалдарымен 

салғастыра  қарап  отырғаны  қызық.  Әсіресе  оның  қазақ  тіліндегі  сөз 

тіркесімділігі жайында жасаған талдауы көңіл аударарлық. Әдетте қазақ тілі 

агглютинативті  тілдер  қатарына  жататындықтан,  ондағы  сөзжасам  түрлері 

жалғаулар көмегімен жасалады дейтін ұғым қалыптасқан ғой. Қ.Жұбановтың 

«Жалғамалы  тілдер  тек жалғамалылықпен  ғана  шектелмейді» деп  керісінше 

түйін  жасайды.  Оның  ойынша,  бұл  мәселеде  қазақ  тілінің  сөз  тіркесімділігі 

айрықша рөл атқарады. Оған мысал ретінде Сен көрген қымбат алпауыттан 

да қызыл құрт Ертай ұстаның Темірбайдан алған торы бесті аты жақсы 

деген  15  сөзден  тұратын  сөйлемді  талдап  көрсетеді.  Осындағы  15  сөздің 

үшеуінде ғана сөз тудырушы қосымша бар да, қалған 12-сі түбір сөз болып 

келеді.  Сөйлемдегі  сөздердің  орнын  ауыстыра  отырып,  түрлі  тіркесім 

жасауға болатынын, сол арқылы жаңа мағыналық өзгерістер туғызылатынын 

тәптіштеп талдайды. 

Қ.Жұбанов  аударма  барысында  әр  тілдің  өзіне  тән  ұлттық  табиғатын 

түсіне  білудің  маңызына  ерекше  назар  аударады.  Ол  аударма  барысында 

әріпқойлыққа жол бермей, балама аударма жасаудың ұтымды жолын табуға 

шақырады.  Сонымен  қатар  Қ.Жұбанов  қазіргі  аударма  теориясының 

лингвистикалық  саласында  маңызды  орын  алатын  фразеологизмдерді  қазақ 

тіліне  аудару  мәселесіне,  сондай-ақ  аудармадағы  мәнмәтіннің  орны  сияқты 

проблемаларға  өз  еңбектерінде  ерекше  тоқталып  кетеді. Мысалы,  жоғарыда 

айтылған 

С.Аманжолов 

мақаласына 

берген 

түзетулерінде 



ол 

фразеологизмдерді  аудару  барысында  олардың  құрамына  кіретін  жеке 

сөздердің  аудармасын  бермей,  тұтас  мағынасын  жеткізудің  маңыздылығын 

және  дұрыстығын  атап  көрсетеді.  Ғалымның  осы  еңбегінен  алынған  мына 

жолдарды  көрсете  кетуді  қажет  деп  есептейміз:  «Мы  считаем  совершенно 

непростительным  такиепереводы  на  русский  язык,  как  «заставить 


285 

 

жаворонка  нести  яйца  на  овце»  или  как  «ясно,  как  то,  что  на  жеребенка 



положили  тавро».  Дело  втом,  что  тут  мы  имеем  дело  сидиоматической 

фразеологией, с так называемыми «крылатыми словами», значения которых 

непередаваемы  переводом  отдельных  слов,  из  которых  они  состоят. 

Следовало  бы  объяснить  значения  фразеологии  в  целом».  Мақаланың 

соңында  ғалым  мынадай  теориялық  тұжырым  жасайды:  «Автор 



неоднократно  прибегает  к  обратному  переводу,  как  к  критерию.  Это 

может  дать  известный  эффект  в  полемике,  но  критерием  правильности 

перевода  не  может  служить,  потому  что  семантическая  емкость  слов  в 

различных  языках  бывает  различная,  что  может  вызвать  несовпадение 

обратного  перевода  с  первоначальным  текстом».  Бұл  жолдардан  біз 

профессор  Қ.Жұбановтың  аударма  барысында  кейбір  сөздердің  мағыналық 

жағынан  сәйкес  келуі  мәселесіне  де  ерекше  назар  аударғанын  көреміз. 

Ғалымның  көрсетуінше,  көптеген  аудармалардың  басты  кемшілігі  –  жеке 

сөздердің дұрыс аударылмауына, тілдердегі родтықжәне видтікұғымдардың 

ескерілмеуіне  және  сөзқолданудағы  грамматикалық  қателерге  байланысты 

ғалым  қазақ  тілінде  родкатегориясының  жоқтығын,  немесе  видтікұғымды 

білдіретін сөздердің екі тілде дәл баламасы болмайтындығын ескертіп кетеді. 

Мысалы:  орыс  тілінде  кездесетін  «пастух»  деген  родтық  ұғым  бар  да,  ал 

«қойшы»,  «жылқышы»  деген  видтік  ұғым  жоқ,  және,  керісінше,  «хлев», 

«конюшня» деген видтік ұғымдар бар да, ал жалпы  «қора» деген ұғым жоқ. 

Орыстың  «тетясы»  қазақшаға  «жеңеше»,  «апа»  деп  аударылады  да,  ал 

қазақтың  «апасы»  орыс  тілінде  «сестра»,  «тетя»  ұғымдарын  білдіруі 

мүмкін. 


Қ.Жұбанов  сондай-ақ  орыс  тіліндегі  «лощадь»,  «корова»,  «толстый», 

«мелкий»  сөздерін  қазақ  тіліндегі  ат,  сиыр,  жуан,  жіңішке  сөздерімен 

салғастыра  сөз  етіп,  ескермеуге  болмайтын  қызықты  тұстарға  мән  береді. 

Қараңыз, шынында «лощадь» дегенді қазақтар «ат» деп те, кейде «жылқы» 

деп  те  айта  береді.  Ал  қазақтың  ат-ынорыстар  кей  жағдайда  «мерин»  деп, 

екінші  бір  тұста  «конь»  деуі  мүмкін.  Сол  сияқты  «толстый»-дың  қазақта 

«жуан» (жуан сабақ), «қалың» (қалың қағаз) боп, «мелкийдің», «ұсақ» (ұсақ 

тастар),  тайыз  (тайыз  су  –  мелкая  вода)  болып  құбылатыны  жөнінде 

жасалған  талдамалар  –  аударматану  іліміне  қосылған  үлкен  үлес.  Мұны 

ғалым қалыптасқан табиғи заңдылық қатарында сөз етеді. Оның ойынша, сөз 

дегеніңіз  –  тек  зат,  нәрсе  атауы  ғана  емес,  сонымен  бірге  санаға  сіңген, 

қалыптанған заттардың да атауы. Қоғам дамуының ерекшелігіне сәйкес бұл 

танымдық құбылыс әр халық ұғымында әр алуан қалыптасуы ықтимал. 

Аудармашы-ғалым  тәржімалау  кезінде  тілдердің  ұлттық  табиғатына 

ерекше мән беруді маңызды деп санайды. Ол әрбір сөздің мәнмәтінге қарай 

құбылып отыратын қасиетіне аудармашылардың мән беріп отыру керектігін 

айтады. Мәселен, «Орыста қой сөзінің баламасы жоқ. Олардың овца дегені 



«саулық»,  баран  дегені  «қошқар».  Орысша  корова  –  сауын  сиыр; 

рогатыйскот – мүйізді мал; толстый дегені бірде –  жуан, бірде – қалың; 

лошадь  –  жылқы;  бірақ  ат,  байтал,  айғыр  емес...  ...Ал  біздің  ісек,  тұсақ, 

286 

 

құнан,  құнажын,  дөнен,  дөнежін  деген  сөздеріміз  басқаларда  жоқ.  Қазақ 



синий,  голубой,  зеленый  деген  түстердің  бәрін  көк  дейді.  Адайларда, 

арабтарда  түйе  түлігінің  аттары  көп.  Еділ,  Каспий  (Атырау)  бойының 

қазақтары  балық  түрлерінің  аттарын  көп  біледі.  Демек,  қолданылмаған 

затқа  ат  жоқ.  Халықтардың  тұрмыс  қалпы  түрлі-түрлі  болған  соң, 

олардың  әр  затқа  қоятын  аттары  да  түрліше.  Тіл  ұзақ  заман  жасалады, 

бірден  өзгермейді,  оның  өзгерісі  тұрмысқа  байланысты».  Ғалым  осылайша 

толып  жатқан  тілдік  деректерді  салыстыра,  салғастыра  келіп,  түркі 

халықтарының мал атауларына қатысты ұғымдарының кеңдігін көп жағдайда 

көшпелі  өмір  формасымен,  негізгі  кәсібі  –  мал  шаруашылығына  жетік 

болуымен  байланыстыра  қарайды.  Малдың  жасына,  түсіне,  жынысына, 

мінезіне, басқа да ерекшеліктеріне қатысты лексикаға бірден-бір бай халық – 

көшпелі  түркілер  екендігі  сөзсіз.  Мәселен,  бізде  бір  ғана  жылқы  малының 

түр-түсі  мен  жас  ерекшелігін  атайтын  лексемалардың  өзі  ұшан-теңіз  деуге 

болады (90, 53-58). 

Профессор  Қ.Жұбановтың  көрсетіп  кеткен  проблемаларының  бірі  – 

аудармадағы мәнмәтін (контекст) мәселесі мен мәнмәтіндік баламалар. Бұған 

Қ.Жұбановтың  «Головокружение  от  успехов»  атты  Сталин  мақаласының 

аудармасына берген рецензиясынан алынған мына бір үзіндіні мысал ретінде 

келтіреміз:  «Слово  «көңіл»  представляет  из  себя  совершенно  правильный 



перевод  русского  «настроение»  хотя  бы  втакой  фразе:  «У  больного  очень 

хорошее  настроение».  Но  оно  совершенно  не  годно  для  «настроения»  в 

предложении «Повести решительную борьбу с этими опасными и вредными 

для  дела  настроениями  и  изгнать  их  вон  из  партии»  /8  стр.,  строки  13-15 

оригинала/. Слово «борьба» в этой фразе также не может быть передано 

через  «kyres»  /цирковая  борьба/  /күрес/.  Точно  также  «вести»  –  gyrqizu  в 

отдельныхслучаях,  но  «вести  борьбу»  не  может  бытьпереведено  через 

«kyresgyrqizyu  /күрес  жүргізу/.  По-казахски  слово  «kyres»  требует  форму 

сприставкой  «menen»  и  никогда  –  формы  дательного  падежа  сслужебным 

словом  «qarsь»  /қарсы/.  Поэтому  нельзя  считать  правильным  перевод 

приведенного  предложения  в  редакции:  «bisdin  isterimis  ycin  qavьpt  cana 

zьjandь  kөңіlge  qarsь  batьl  kyres  cyrgizip,  mundajlardь  partьja  icinen  alastap 

cьgaruv»  /біздің  істеріміз  үшін  қауіпті  және  зиянды  көңілге  қарсы  батыл 

күрес жүргізіп, мұндайларды партия ішінен аластап шығару». 

Ғалымның  бұл  пайымдауларынан  мынадай  ой  түйеміз:  белгілі  бір 

мәнмәтінде ұтымды және дәл қолданылған сөз баламасы, келесі бір жағдайда 

керісінше,  ұтымсыз,  тиімсіз  болуы  мүмкін.  Бұдан  сөз  баламасын  таңдау 

барысында  мәнмәтіннің  шешуші  рөл  атқаратындығы  анық  көрінеді.  Сөз 

мағынасы  мәнмәтін  арқылы  айқындалып,  сол  мәнмәтін  көлемі  керек  ететін 

ұғымды толық жеткізу мақсатында қолданылуы қажет. 

Қ.Жұбанов  өз  тәжірибесінде  аудару  барысындағы  жеке  сөздер  мен  сөз 

тіркестерінің  сөзбе-сөз  аударылуына,  кейде  жуық  мағынамен  берілуіне, 

кейде  тіпті  сәйкес  келмейтін  баламалармен  аударылуына  үлкен  мән  беріп, 

аударма  практикасында  кездесетін  қиындықтар  қатарына  жатқызады. 


287 

 

Ғалымсөз  мағынасы  әр  уақытта  мәнмәтінмен  тығыз  байланыста  болатынын 



көрсетіп  берді.  Тұрақты  /заңды/  баламалармен  қатар  мәнмәтіндік 

баламаларды  қолдану  аударманың  сапалы  шығуына  тигізетін  әсері 

дәлелдеуді  қажет  етпес,  сірә.  Ғалымның  бұл  мәселе  төңірегінде  айтқан 

пікірлерінен тағы да бір үзінді келтіре кетейік: «Слово» «школа в фразе» эти 



районы имеют за собой двухлетнюю школу борьбы с кулачеством ...» /стр. 

9,  2-4/  переведено  через  «mektep»  /мектеп/, а  в  данном  случае  его  следовало 

бы перевести через «sabaq» /сабақ/...». 

Байқап  отырсақ,  Қ.Жұбанов  өз  тәжірибесінде  аудару  барысындағы 

жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  сөзбе-сөз  аударылуына,  кейде  жуық 

мағынамен  берілуіне,  кейде  тіпті  сәйкес  келмейтін  баламалармен 

аударылуына  үлкен  мән  беріп,  оларды  аударма  кемшіліктерінің  бір  себебі 

деп білген. 

Қазақстан  Республикасының  Орталық  Мемлекеттік  Архивінен 

профессор  Құдайберген  Жұбановтың  аударма  мәселесі  қамтылған 

қолжазбасы  табылды.  Аталмыш  қолжазбада  ғалым  көркем,  ғылыми  және 

публицистикалық  мәтіндерді  аудару  мәселесін  көтереді.  Көркем  стильдің 

мысалы  ретінде  Ромен  Ролланның  «Жан  Кристоф»  романынан  үзінді 

келтірілген. Ал ғылыми стильге Н.Рыбкиннің «Геометрия жөніндегі есептер 

жинағы» 

кітабынан 

аударылған 

сөйлемнің 

нұсқасы 

ұсынылған. 

Публицистикалық  стильдің  мысалы  ретінде  «Социалистік  Қазақстанның» 

1929  жылғы  нөмірлерінің  біріндегі  сөйлем  алынған.  Қ.Жұбанов  орысшадан 

аударылған  бұл  сөйлемдерге  сөздердің  байланысу  сұлбаларын  келтіре 

отырып, жан-жақты талдаған.  

Қ.Жұбановтың  аударма  саласына  қатысты  қарастырған  күрделі 

проблемаларының  енді  бірі  –  аударманың  лексика-стилистикалық  және 

грамматикалық  мәселелері.  Ғалым  аударманың  қателіктері  талдап  қана 

қоймай, 


дұрыс 

аудармаларын 

да 

көрсетеді. 



Бұл 

мәселелердің 

қарастырылуына төмендегідей мысалдар келтіруге болады:  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет