1. Көркем мәтін.
а) «Надо было иметь большую, чем Кристоф, привычку к этим глазам, из
глубины которых смотрела скорее раса, чем индивидуум, чтобы разглядеть
под их влажной и пламенной дымкой истинную душу находившейся перед
ним женщины» (139).
Аудармасы: «Алдында тұрған әйелдің шыны кім екенін көзінің буы мен
жалыны аралас түтінінен айырып тану үшін, бұл аржағынан (түбінен) бір
адам емес, бүтін ұрулы ел қарап тұрған екі көзге Кристофшыламай әбден
үйреніп алу керек еді».
б) «Эта была душа всего еврейского народа».
Аудармасы: «Бұл бүтін жәбрей халқының жан үрейі еді».
в) «Это он смотрел на Кристофа из этих горевших мрачным огнем очей,
не знавших и сами, что они в себе таили».
Аудармасы: «Өзінің ішінде не бар екенін өзі де білмей, оттай жанып,
түнерген ол екі көзбен Кристофқа қарап отырған сол бүтін халық еді».
288
2. Ғылыми мәтін.
«Если в равнобедренном прямоугольном треугольнике один катет
находится на плоскости М, а другой катет образует с ней угол в 45 градусов,
то гипотенуза образует с плоскостью М угол в 30 градусов» (140).
Аудармасы: «Тең бүйірлі тік бұрышты үшкілдің бір катеті М
жазықтығында да, екіншісінің ол жазықтықпен арасы 45 градус болса, онда
гипотенуздың жазықтықпен арасы 30 градус болады».
3. Публицистикалық мәтін (газеттен).
а) «Настоящим доказательством в этом и подобных вопросах может быть
только «практика» (141).
Аудармасы: «Бұл мәселеде, бұл сияқты мәселелерде нағыз «ыспат» тек
тәжірибеде ғана бола алады».
Немесе, «Бұл мәселеде, бұл сияқты мәселелердің бәріне де нағыз «сыпат»
бола алатын тек қана практика».
Немесе, «Бұл мәселеде, бұл сияқты мәселелердің бәрінде де дәлел болуға
практика ғана жарайды».
б) «Не мешает поэтому рассмотреть коротко те планы организации
войны, которые вынашиваются теперь в кругах буржуазных политиков»
(141).
Аудармасы: « Сондықтан буржуа саясатшыларының қазіргі жасап
жатқан соғысты ұйымдастыру жоспарларын қысқаша қарап өтуге
болмайды».
Немесе, «Сондықтан соғысты болдырудың буржуа саясатшылары
кәзірде жасап жатқан жоспарларын қысқаша қарап өтуіміз артық емес».
Немесе, «Сондықтан соғысты болдырудың жоспарын қысқаша шолып
өтуіміз артық болмас; ол жоспарларды кәзір де буржуа саясатшылар
жасап жатыр».
Немесе: «Соғысты болдырудың жоспарларын кәзірде буржуа
саясатшылар жасап жатыр; ол жоспарларды біздің қысқаша шолып
өтуіміз артық болмас».
Немесе, «Сондықтан соғысты болдырудың жоспарларын, – буржуа
саясатшылардың кәзірде жасап жатқан жоспарларын, – шолып өтуіміз
артық та болмас» (71, 532-534).
Мұнда Қ.Қ.Жұбанов көркем шығарма, публицистикалық стиль және
ғылыми стильде жазылған үш мәтінді мысалға ала отырып, олардың
әрқайсысын аударудың өзіндік ерекшеліктері бар екендігін атап көрсетеді
және аударманы кезінде белгілі бір ретпен орындау қажеттігін ескертеді.
Жоғарыда аталған жайттар Қ.Жұбановтың қазақ аударма теориясын
лингвистикалық тұрғыдан алғаш қарастырған ғалым екендігін дәлелдейді.
Ғалым аударманың лингвистикалық проблемаларын шешуде, әсіресе,
фразеологизмдерді аудару, аударма дәлдігіне жету, мәнмәтін және
мәнмәтіндік эквиваленттер, лексика-семантикалық және грамматикалық
трансформацияларды орынды пайдалану сияқты өзекті мәселелерді шешуге
тырысады.
289
Қорыта айтқанда, Қ.Жұбановтың қазақ аударма теориясы жайындағы
пайымдаулары әлі түбегейлі тексеруді талап ететін және зерттеушінің зерделі
ізденістерінің қатарында бағаланатын қазынамыз болып саналады. Оның
бұлтартпас логикаға негізделген ойлары мен нәрлі де әрлі тілі, өзінің сөз
саптауына тән стилі, заманынан озып, ғылым болашағын ойлайтын асқан
білімдарлығы әлі талай ізденістерге үлгі бола берері анық.
«Құдай берсе, құлай береді»
3
(Қ.Жұбановтың драматургтік, ақындық, суретшілік өнері жайында)
«Қазақта «біртуар» деген сөз бар, ал ғылым тілінде өте сирек кездесетін
құбылысты немесе аса көрнекті, елден ерекше туған адамды феномен дейді.
Қазақтың «біртуары» – сол феномен! Құдайберген Жұбанов өзінің табиғат
берген бітімімен, білім-парасатымен елден ерек тұрған біртуар жан болған.
Ең алдымен оның үлкен талант иесі болғанын айту керек. Жақсы ғалым болу
үшін де тынымсыз еңбекпен қоса, табиғи қабілет те қажет-ау,
Құдайбергеннің бар-жоғы екі-үш жыл орыс кластарында тиіп қашып оқып,
ғылыми еңбектерін таза орыс тілінде жазатын дәрежеде болуы, небары екі-
үш жыл Ленинградта оқып, неміс, моңғол, грузин, чуваш, коми тілдерін
едәуір меңгеріп алуы, ұзын-ырғасы екі жылдай медреседе оқып, араб, парсы,
шағатай, түрік, татар, башқұрт тілдерін игеріп кетуі, тіпті жапон тілін үйрене
бастауы осы қабілеттің күші болар.
...Біртуар Құдайбергенге құдай берген қасиеттің және бірі – оның өнер
иесі де болғандығы: ол өлең, әңгіме, пьесалар жазған, режиссерлік етіп, 1926
жылы Ақтөбеде Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегін» қойған. «Құдай берсе,
құлай береді» дегендей, табиғат оған суреткерлік өнерін де, ою-өрнекке
шеберлікті де беріпті... Демек, Құдекең сияқты алдымызда өткен алыптар
бүгінгі және келешек ұрпақтарға қалдырған мұраларымен және халқына
еткен зор еңбегімен ғана емес, жеке бастарының адамдық қасиеттерімен де
үлгі-идеал екендігін баса айтамыз», – деп ой толғайды академик Р.Сыздық
(4).
Академик Рабиға Сыздықованың ғалым туралы жазғандарын әрі қарай
парақтай отырып, мына пікіріне ден қоймасқа хақымыз жоқ: «Қ.Жұбановтың
ақындық, журналистік қабілеті болғандығын, математика, физика, химиядан
орта мектептерде сабақ бергендігін, психология, логика, философия,
физиологияны тесіле зерттегенін, араб, парсы, неміс, ағылшын, француз,
3
Академик Р.Сыздықтың «Ғалым-азамат» (2004) және К.Кенжебаев пен Ә.Оралбайдың«Құдайберген
Жұбанов» атты (2000) еңбектері негізінде дайындағын – филол.ғ.к., доцент С.Құлманов.
290
көне түркі тілдерін жақсы меңгергенін, әжептәуір суретші болғандығын,
театр, музыка жайларын жақсы түсініп, талдағанын еске алсақ, оны нағыз
«сегіз қырлы, бір сырлы» асқан білімдар ғалым деп мақтаныш ете аламыз»
(4).
Белгілі ғалым Төлеутай Ақшолақов «Ірі педагог, методист ғалым» деген
Құдайберген Жұбановқа арналған мақаласында ол туралы былайша
толғанады: «...бес аспап дарын иелерінің бірі – профессор Қ.Жұбанов. Тіл
ғылымының білімдары, түркі төркіндес халықтардың ғана емес, Европа мен
Азияның басқа халықтарының тілдерін бойына дарытқан полиглот болумен
қатар, ол музыка зерттеушісі де, психолог та, педагог та, социолог та, халық
ағарту ісінің ұйымдастырушысы да» (131).
Сардар сыншы, көрнекті ғалым Мұқаметжан Қаратаев өз естелігінде
былайша еске алады: «...имандай бір сырым – жақсы адамның жарығы мен
жылылығы жарасқан жерде-ақ ол жүрекке кіріп бойды алады екен.
Профессор Құдайберген Жұбанов сондай адам еді. ...Ол көп тіл білетін
полиглот, көп тоқыған ғұлама, көп қырлы талант иесі – универсал болатын»
(105).
Ендеше, ғалымдығымен, қайраткерлігімен, әдіскерлігімен танылған
Құдайберген Қуанұлының жоғарыда айтылған драматургтік, ақындық,
суретшілік өнерлері жайлы аз-кем ой тарқатсақ...
Құдайберген Жұбанов жастардың басқосу жиындарын жай ғана ойын-
күлкіден мәдени шараларға айналдыруды көздеді. Оған айғақ – сол кездегі
Темірдегі ойын-сауық кештерінің ұйымдастырушысы Құдайберген мен
Жиенғали болғандығы. Алдымен екі дос бірігіп, «Еңбекші қазақ» газетінде
жарияланған фельетонды негізге алып, «Кек» деген пьеса жазады. Оны татар
саудагерінің жүн-тері жинайтын үлкен сарайында ел-жұртқа көрсетеді.
Пьесаның қысқаша фабуласы мынадай: Бір бай 12 жыл есігінде жүрген
жалшысын әбден басынып, «саған беретін тышқақ лағым да жоқ» деп қуып
жібереді. Осыған ерегіскен жалшы «қап, бәлем» деп тістеніп, байдың
тоқалын алып қашады. Уездік сот, милицияның көмегімен ғана бостандыққа
қолы жеткен тоқал сүйген жігітіне қосылып, мұратына жетеді. Аталмыш
пьеса бойынша қойылған спектакльде байдың рөлінде Жиенғали, тоқалы
болып Әбдіхалық Отарбаев ойнайды. Олар ойнаған кезде қажет киімдерді
пәтерші қазақ үйлерінен сұрап алатын (5). Бұл, бір жағынан, жастардың бос
уақытын мәдени түрде өткізіп, елдегі жағдайларға қатысты көзқарасын оятса,
екіншіден, қойылымда ойнаған «әртістердің» өнерін елге паш ету, сол өнерді
жетілдіруге ынталандыру жолындағы қадам еді.
Қ.Жұбанов 1925 жылы «Сегіз бен Мақпал» атты халық поэмасының
негізінде екі актілі өлеңді пьеса жазады да, оны Ақтөбе қаласындағы кеңес-
партия мектебінің, педтехникумнің оқушыларының күшімен, өзінің
режиссерлығымен сахнаға қояды. Сондай-ақ Қ.Жұбанов Темір, Ақтөбе
қалаларында қызмет істеген жылдарында Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек»
пьесасын қояды. Пьеса 1926 жылы қаңтардың 4 күні қойылады. Еңлік рөлін
Баймағамбет келіні Шайзада деген, Кебекті Жиенғали Тілепбергенов, Жапал
291
рөлін Сегізбайұлы дегендер ойнайды. Спектакль жақсы шығады, залға халық
сыймай, билет жетпей қалады. Көріп отырғанымыздай, мұнда қойылымды
сахналауға қатысқандардың саны мен сапасы артып отыр, автордың да
шеберлігі шыңдалып, кәсіпқойлық қабілеті күшейе түскен. Әрине
көрермендер аудиториясы да ұлғая түскені күмәнсіз.
Құдайберген Жұбанов өскен орта да – қазақ елінің басқа да жерлері
сияқты халық ауыз әдебиетіне бай өлке екендігі шындық. Қазақстанның
түкпір-түкпіріне кең тараған әйгілі эпостық полотналардан басқа, осы өлкеге
ғана белгілі жергілікті дастандар, айтыстар мұнда да болғаны даусыз.
Қ.Жұбанов осыларды тыңдап білу, тіпті хатқа түсіріп жазып алумен
айналысады. Шалқар ақын мен Таразы деген қыздың айтысын 1932 жылы
елден жазып алғанын айтады. Осыған қарағанда, Қ.Жұбанов, 20-жылдардағы
басқа да қазақ зиялыларының көпшілігі сияқты, туған халқының мәдени
мұрасы – ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялау дегенге қатты көңіл
бөлгені байқалады.
Құдайберген Жұбановтың екінші бір табиғат сыйлаған қасиеті – оның
ақындық дарынының болғандығы. Тете өскен інісі, академик Ахмет
Жұбановтың айтуына қарағанда, Құдайбергенде жас бала жігіт кезінің
өзінде-ақ өлең шығару, ел аузындағы жақсы толғау-жырларды, жеке
адамдардың өлеңдерін қағып алып, жадында сақтау қабілеті күшті болады.
Ауылдағы қазақ жастарының салтымен өзінің құрбы-құрдастарына,
жеңгелеріне бір-екі ауыз әзіл өлең шығаруды Құдайберген де машықтайды.
Жасөспірім шағындағы осындай әуесқойлық өнері жігіт бола келе, белгілі бір
мақсатқа – жаңа өмірге үн қосуға жұмсалады. Оның өлеңдері енді облыстық,
республикалық газеттерде жарияланады. Солардан табылғаны бір-екеу ғана.
Оның біреуі – «Жаңа рамазан батасы» деп аталатын саяси тақырыпқа
жазылған пародия. Ол «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы 14 сәуірдегі
санында, кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің 1957 жылы 5 желтоқсандағы
нөмірінде жарияланды. Бұл сол кезең үшін саяси қоғамдық мәні зор әрі аса
қажет әдебиет түріне жататын шығарма саналады.
Екіншісі – «Айға» деп аталады. «Ай» деп отырғаны – Ақтөбе
облысының Темір атты кішкене қаласындағы бір топ оқушы, оқытушылар,
партия-кеңес мекемелері мен редакция қызметкерлері ұйымдастырған «Ай»
атты қолжазба журнал. Өлең мәтінін I.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев «Жұлдыз»
журналының 1958 жылғы 6-нөмірінде жариялаған.
Қ.Жұбановтың өлең жазу машығына тағы бір дәлел – Есет Жұбановтың
мұрағатында парақтардың шеті жемірілген, сарғайған торкөз дәптер. Мұнда
ғалымның көңіл-күйі, ішкі сезімі айшықталған:
...Қапа боп, қайғы шекпе, қайран анам.
Елдегі қатар-құрбы болсын аман.
Мал ұрлап, кісі өлтірген жазығым жоқ,
Тағдырдың зорлығына бар ма шарам?
292
Мұңайған сәттердің күңгірт көлеңкесі былайша суреттеледі:
...Бір басты, екі аяқты болсаң адам,
Кез келмек бірде жақсы, бірде жаман.
Бұл күнде тозған-озып, толған-солып,
Түсіп тұр басымызға қыңыр заман.
Енді бірде, шаттық сәулесі сығыраяды, алдан үміт күтіп, өзін ширата
түседі:
...Ойлама «су түбіне кетті енді» деп,
«Қайтпайтын сағатына жетті енді» деп.
Тәңірім өміріме саулық берсе,
Жақсылық Күн барына етпеймін шек.
Бұл өлең жолдарынан рухы күшті азаматтың өзіне тән нәзік лиризм
мен өршілдік қасиеті, оптимизмге құштарлығы аңғарылады.
Зерттеуші Ә.Ұлықпанованың пайымдауынша, Қ.Жұбановтың махаббат
лирикасына жататын «Сәлем хат» түріндегі бірер ғана өлең шумағында екі
жастың сүйгеніне деген ыстық ықыласы, жүрегін өртеген сағынышы,
ардақтау сезімі қатар астасады (142).
Қ.Жұбановтың баспа бетінде толық нұсқасында жарияланбаған
өлеңдерінің бірі – «Жайлауда». Аталмыш өлеңнің жазылуы туралы кезінде
ғалымның інісі Ахмет Жұбанов Есет Құдайбергенұлына: «Өмірінің қиын сәті
басына тап келіп, ауыл-елі бір үлкен жұтқа ұшырап, жаз жайлауға көше
алмай қалғанда тарығып жүрген кезінде жазғаны еді», – деп сыр ақтарады.
Қ.Жұбанов бұл өлеңде ел көшінің керемет суретін табиғатпен
ұштастыра былайша бейнелейді:
Жаздың айы келгенде,
Қызғалдақ, түрлі жапырақ,
Көрінбей жерден топырақ,
Өсіп, көрік бергенде.
Көшуші еді тамам ел,
Түрлі жайлау жерлерге.
Көз алдындағы көш лирик ақынның балалық шағының сағынышты
сәттерін де еске салады:
Тоғыз-оннан түйе артып,
Түйеге өңшең үй артып.
Асушы еді белдерге
Жас балалар тай мініп,
Нені ойласын қайғырып,
293
Жұмыртқа іздеп тергенде.
Өлең бойынан қазақ өмірінің дәстүрлі этнографиялық суреттері – көш
басындағы ақсақалдардың қарекеті, құрығын шаншып қонысты бейнелеуі
т.с.с. айқын көрінеді:
Ақсақалдар ілгері,
Қоныс іздеп озады.
Көш келгенде жақындап
Құрығын шаншып тұрғаны.
«Бағлан сойып, бас салып, ерулік беру», қонақ күту, «табағын кұр
қайтармай, сақина-жүзік салу» сияқты салт-дәстүр де қазақ өмірінің осы бір
шат-шадыман сәні ретінде өлеңмен өріледі:
Бұрын қонған ауылдан
Қыз-келіншек киініп.
Үй тігісе келеді,
Бағылан сойып, бас салып,
Ерулік берер сүйініп,
Қонағын күткен бәйбіше
Сақина-жүзік салады,
Табағын құр қайтармай,
Құрметті біліп түйініп...
Көшке байланысты, жайлау өміріне қатысты сән-салтанат, мереке-
думан жыр бойында қалтқысыз үйлесім тапқан:
Қыз-бозбала жиналып,
Көтеріп көңіл, сергіп ой.
Той десе қу бас домалап,
Көңілденіп, өсіп ой.
Палуан түсіп күресіп,
Мереке сәні айқай ғой.
Келіншек, кемпір, жігіт, қыз
Қалушы еді бір жасап,
Әңгіме шертіп тынымсыз.
Жүректің қылын шеткен сөз құдіреті жайлаудағы кешкі сауық-
сайранның шаттығын былайша өрнектейді:
Кешкітұрым болғанда,
Жел басылып тынғанда,
Қыбырлаған адамзат,
294
Сауық-сайран құрады.
Қырдың арғы жағынан
Дауысы шешен сыбызғы.
Үндеріне қосылып,
Малшының үні шығады,
Тамылжыған бұлақ ауасы,
Кім-кімге де ұнады...
Иә, өзінің ой-сезімін өлеңмен өрген Қ.Жұбановтың ақындық ізденістері
де қаламгер қуатының молдығын дәлелдейтіндігінің айғағындай бұл (5).
Сондай-ақ құдыреттің Қ.Жұбановқа суретшілік пен оюшылық өнерін
де нәсіп еткендігі төмендегі деректерден байқалады. «Құдайберген сурет
өнеріне өте шебер болды. Ол майлы бояумен, қарындашпен, тіпті көмірмен
де әдемі суреттер сала беретін. Суретпен қатар ою өнерімен де айналысатын.
Ағашқа, тасқа небір тамаша оюлар салатын», – деп Абдолла Беркінов еске
алса (7, 301), ағасы туралы шағын мақаласында Ахмет Жұбанов та оның
суретті майлы бояумен де сала бастағанын, бұл өнерде әуесқой болғанмен, өз
бетімен шимайламай, маман суретшілерден консультация алып та жүргенін,
Құдайберген ойған құлпытастар Темір, Жұрын аудандарының бейіттерінде
осы күнге дейін ұшырасатынын айтады (9). Елдің айтуына қарағанда, әкесі
Қуанның басындағы құлпытасқа Құдайберген өз қолымен ойып жазған.
Қ.Жұбановтың суретшілік өнері туралы Ә.Ермеков айтқан сөздің де
жөні бөлек: «Орхоншаның түпнұсқасында «аяғы» сорайған қиқа-шиқа
таңбалар біздің профессордың қолынан мүсінді болып шыға келеді:
Құдайберген аға керемет сұлу жазатын. Оның қолымен жазылған харіптер
жібекке тізген лағыл моншақтай төгіліп тұратын. Ал оның суреткерлігі
профессионал-суретшіден бір де кем емес еді: жалпы тіл білімінен, мәселен,
жазу тарихын сөйлеп тұрып, торғайдың, қаптесердің, қару-жарақтың суретін
тақта бетіне бормен мінсіз түсіретін. Сонда жаңағы нәрселердің суреттерін
ол қынап-мінеп жатпайды, бір-ақ тартады. Профессордың бұл өнерінің де
өз шәкірттеріне игі әсері болып еді. Мәселен, Ошан Сатыбалдин, Абдол
Медетов ұстазымыздың ықпалымен сурет өнеріне әбден жетіліп алып
еді» (143).
Тіл зерттеушілері үшін Қ.Жұбановтың үлгі боларлық тағы бір қасиеті –
оның полиглог болғандығы жайлы жоғарыда да сөз еткенбіз. Әсіресе неміс
тілі мен көне түркі тілдерін жақсы білсе керек. Немісше цитатаны ойша
келтіруіне, неміс авторларына көбірек сілтеме жасауына қарағанда, немісше
еркін оқи алғаны байқалады. Ғалымның араб, парсы, неміс, ағылшын,
француз, көне түркі, монғол тілдерін, қазіргі өзге түркі тілдерін әжептәуір
меңгергені, тіпті қытай тілін меңгеріп, сол тілде жазылған мұралармен
танысу үшін жапон тілін зерттей бастағаны белгілі. Алайда бұл мақсатына
ғалым, өкінішке қарай, жете алмады.
Десек те, халқымыздағы «Орнында бар – оңалар» деген терең мағыналы
бір ауыз сөздің өмір тәжірибесінен алынғандығына көзіміз тағы бір жетіп
295
отыр. Құдайберген Қуанұлының кенже ұлы Асқар Құдайбергенұлының 11
жасар кенже қызы – Еңлік Асқарқызы атасының жете алмаған арманын
аманаттай арқалап, жапон тілін үйренуді бастап кетті. Ұрпақ жалғастығы
деген осы болар!
Сонымен қатар ғалымның «ұйғыр халқының республикалық мәдениет
съезінде қаралған емле, термин мәселелеріне аянбай ат салысқанын, талай
ғылыми түйіндерді (әрине, ұйғыр тіліне қатысты) шешіп бергенін; сол жылы
ұйғыр тілі грамматикасын жазып беруге кіріскендігін» айта келе, Ғ.Орманов
«ол дунган халқының тіл маманын әзірлеуге ат салысып жүр» деп жазады
(144). Демек, бұл да ғалымның қазіргі түркі тілдерін жақсы меңгергенін
дәлелдейді. Осының бәрі, әрине, лингвист үшін аса қажет те, қызығарлық та
қасиет.
Көз көрген замандастары мен шәкірттерінің айтуларына қарағанда,
Құдайберген Қуанұлы күнделікті тұрмыста, жолдас-жораларымен қарым-
қатынаста аса бір кішіпейіл, ақкөңіл, әңгімешіл адам болған. Қ.Жұбановтың
«кескін-келбеті, түр-тұлғасы қандай сұлу болса, жүрегі де сондай кіршіксіз
таза, мінезі жұмсақ, сабырлы, кішіпейіл жан болды» дейді ол туралы
көзкөргендер. Жайымен сөйлегенімен, әрбір сөзін, ой-пікірін тұжырымды,
нақты дәлелді айтатын болған. Елдің сыртынан сөз айтып, ойланбай
сөйлейтіндерді жақтырмай, ондай жерлерде қабағын сәл шытып, үндемей
орнынан тұрып, кетіп қалады екен. Ғылым-білімге байланысты сұраған
адамға оны әбден толық жауап бермейінше, оның түсінгеніне өз көзі
жетпейінше қанағаттанбаған. Ғылыми әңгімелер кейде сағаттап созылып,
одан басқа көптеген жайлардың мән-сырын ашуға алып келеді екен. Ұсақ-
түйек күнделікті күйкі нәрселерге бола ешкіммен ұрсыспаған, өтірік-айлаға
жаны қас, турашыл, бірақ сол туралықтың өзін сыпайы жеткізе білген ғалым-
азамат көз көргендердің жүрегіне жылы ұялаған және келешек ұрпақтың
жадында осы мінезімен сақталмақ.
296
Достарыңызбен бөлісу: |