Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата19.02.2017
өлшемі6 Mb.
#4512
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

- Жазушылыққа қалай 

келдіңіз, енді сол жөнінде рет-

ретімен айтып өтсеңіз.

- Ол  кезде жазушы болғысы 

келген адам міндетті түрде 

университеттің журналистика 

факультетін бітіру керек деген 

түсінік бар еді. Ал бұл факуль-

тетке түсу үшін міндетті түрде 

екі жыл еңбек өтілі қажет бо-

латын. Соған орай, мен мектеп 

бітірген соң ешқайда бармай, 

әкем Базарбайдың таяғын ұстап, 

ауылда екі жыл қойшы болдым. 

Қой бағып жүріп, өлең жазу-

ымды жалғастыра бердім. Бұл 

кезеңдегі шығармашылық ең 

үлкен табысым жас ақындардың 

республикалық фестиваліне 

қатысып, үшінші   орын алу-

ым болды.  Сөйтіп екі жыл қой 

бағып еңбек өтілін жинап, әрі 

ақын ретінде танылып,  1966 

жылы КазГУ-дың журналистика 

факультетіне түстім.

- Университетті бітірген 

соң не істедіңіз? Алматыда 

қалып, бірден қаламгерлік, 

жазушылыққа жолға қадам 

бастыңыз ба?

-

 Солай десем де бола-

ды. Бірақ  мұның да біраз 

қызықты жағдайлары болды. 

Ол кезде жоғарғы оқу орында-

рын бітіргендерді жан-жаққа, 

негізінен облыстарға жібереді. 

Және ол үшін көтермелеу ақша 

төлейді. Барған жеріңде  екі жыл  

міндетті түрде жұмыс істеуің 

керек. Ол кезде тәртіп қатал. 

Әсіресе біздің журналистика-

ны бітірген жас мамандарды 

Орталық партия комитетінің 

үгіт-насихат бөлімі тікелей 

бақылап отырады. Осылай мені 

де оқу бітіретін жылы алдын ала 

Көкшетау облысына бөліп қойды. 

Ол облысты өмірі көрмегенмін, 

бірақ сырттай жақсы жер екенін 

білемін, барсам барайын дедім. 

Сөйтіп жүргенде бірге оқитын 

Баққожа Мұқаи досым «Білім 

және еңбек» дейтін журналға 

орналасты. Сосын көп ұзамай 

мені де журналдың бас редакторы 

Қалдарбек Найманбаевқа апарып 

қызметке тұрғызды. Сөйтіп оқу 

бітірмей жатып жұмысқа орнала-

стым. Ал сол жолы Баққожа мені 

Қалдарбек Найманбаевқа ертіп 

апарып жұмысқа орналастырма-

са, мен басқа жаққа кетсем, онда 

бүгінгідей жазушы болып отырар 

ма едім, жоқ па, кім білсін?

- Сөйтіп оқу бітірдіңіз,  

журналист болып қызметке 

орналастыңыз. Бұл сіздің 

шығармашылық жолыңызға 

қандай пайда әкелді?

- Пайдасы үлкен болды деп 

ай та аламын. Мен «Білім және 

еңбек» журналында бес жыл қыз-

мет істедім. Бұл кезеңде шығар-

машылық мүмкіндіктерім мен 

бағыт-бағдарымды айқындап,  

жазушылыққа нақты бет бұрдым. 

Қарасөзде, яғни деректі прозада 

жарық көрген «Жұлдызың жан-

сын» атты алғашқы кітабым осы 

«Білім және еңбек» журналында 

жарияланған  шығармаларымның 

негізінде дайындалған еді.



- Ал сонда шынайы про-

зашы ретінде қашан, қалай 

қалыптастым деп есептейсіз?

- Жетпісінші жылдардың 

ортасында Алматыда жаңадан 

жастарға арналған «Жалын» 

атты баспа ашылды.  Ол  кезде 

қазіргідей кез келген адамның 

баспа ашып, кітап шығара 

беруі ешкімнің өңі түгілі 

түсіне де кірмейтін, сондықтан 

«Жалынның» ашылуы бүкіл ре-

спубликамыз үшін үлкен оқиға 

болды. Жаңа баспаның дирек-

торы болып қазақтың белгілі 

ақыны Қабдікәрім Ыдырысов, 

бас редакторы болып Қалдарбек 

Найманбаев бекітілді. Сөйтіп екі 

асыл азамат бірлесіп, жаңа ба-

спада қызмет істеуге жан-жақтан 

әдебиеттің танымал тұлғалары 

мен қабілетті жастарды жинай 

бастады. Бір күні кезек маған да 

келді, Қалекең шақырып алып, 

маған баспаға ауысу туралы 

ұсыныс жасады. 

Міне, осы баспада істеген 

жылдарым мені проза жанрының 

қаламгері ретінде біржолата 

қалыптастырды. 



- Қазіргі кезде сіз қазақ-

тың алдыңғы қатарлы драма-

тургтерінің бірісіз. Оның үстіне 

ұзақ жыл театрда қызмет 

істедіңіз. Ендігі әңгімені осыған 

қарай бұрсақ. Пьеса жазуға 

қашан, қалай келдіңіз? 

- Жоғарыда айттым ғой, мен 

кішкене күнімнен ақын боламын 

деп ойлағанмын, бірақ кейін про-

за жанрына алдын ала дайында-

лып, заңды түрде ауыстым. Ал 

пьеса жазып, драматург атануды 

отыздың ортасынан асқанша 

мүлдем ойлаған емес едім. 

Сексенінші жылдардың басында 

қазіргі Ғ. Мүсірепов атындағы 

балалар мен жасөспірімдер театр-

ында белгілі қаламгер Төлен 

Әбдіковтың «Біз үшеу едік» де-

ген жаңа пьесасы қойылды. Бұл 

спектакль маған керемет ұнады. 

Сөйтіп сол күннен бастап өзім 

де пьеса жазуға бекіндім. Бұл 

жанрдағы алғашқы шығармам 

«Қыз жиырмаға толғанда» 

деп аталды.  Бұл пьесамды 

жоғарыда айтылған балалар мен 

жасөспірімдер театрының сол 

кездегі басшысы Райымбек Сейт-

метов  қабылдап, репертуарға 

қосты. Пьесаны ол уақыттағы жас 

режиссер, қазір Қазақстанның 

еңбек сіңірген қайраткері болған 

Нұрқанат Жақыпбаев сахнаға 

шығарды. Және бір қызығы, осы 

пьеса сахнаға дайындала бастаған 

кезде Райымбек Сейтметов, мені 

күтпеген жерден сол театрға 

әдебиет бөлімінің меңгерушісі 

қызметіне шақырды. Сөйтіп бұл 

театрда да біраз жыл жұмыс 

істедім. Бұл қызмет маған дра-

матургия жанрының қыр-сырын 

меңгеруге үлкен мүмкіндік берді. 

Сөйтіп бұдан кейін «Қазақша 

күрес», «Ең әдемі келіншек», «Біз 

де ғашық болғанбыз», «Әйелдер 

әлемі»,  «Тойдан қайтқан 

қазақтар», «Ғашықсыз ғасыр», 

«Сағыныш пен елес»,  «Өтірік 

айтпайтын адам», «Бостандық 

алар күн туса», «Мәңгілік махаб-

бат әні», «Жұлдызың жансын, 

жаным!», «Мико, Жымбала 

және қасқыр», «Менің әжем - 

сиқыршы», «Айпадтан шыққан 

алтын сақа», атты пьесалар жаз-

дым. Бұл шығармаларымның 

басым көпшілігі өз еліміз бен 

көршілес республикалардың те-

атрларында сахналанды. Және 



СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ – 70 ЖАС

СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ – 70 ЖАС

№ 3 ( 2 0 1 6 )

№ 3 ( 2 0 1 6 )

70

71

осы пьесаларым кейін «Ең әде-



мі келіншек», «Біз де ғашық 

болғанбыз» деген  атпен  екі рет 

жеке кітап болып жарық көрді.

- Сіз Т. Жүргенов атындағы 

Қазақ Ұлттық Өнер академи-

ясында ұстаздық етесіз, про-

фессорсыз. Енді осы ұстаздық 

қызметіңіз туралы айта 

отырсаңыз.

- Иә, мен бұл Академияда 

біраз жылдан бері кинотеледра-

матургия мамандығы бойынша 

курс жетекшісі болып қызмет 

істеймін. Жалпы, ұстаз болып, 

шәкірт тәрбиелеймін деу де менің 

ешқашан қаперіме кірмеген. 

Тіпті, бұл жөнінде мүлдем ойлап 

көрмеппін. Ұстаз болып, бала 

оқыту менің қолымнан мүлдем 

келмейтін сияқтанатын. Бірақ 

мені бұл жұмысқа алып келген  

өнер зерттеуші Құдайберген Бо-

латбаев деген асыл азамат еді. 

Өкінішке қарай, ол дүниеден 

тым ерте кетті. Ал мен әлі күнге 

ұстаз болып жүрмін. Шынымды 

айтсам, бұл жұмысым өзіме өте 

ұнайды. Мен күнделікті өмір 

мен шығармашылық жолымдағы 

көрген білгендерім мен көңілге 

түйген ой-тәжірибелерімді өз 

шәкірттерімнің жүректеріне 

жеткізіп, ақыл-саналарына 

сіңіріп, айтып, түсіндіріп кет-

сем деймін. Менің жете алмаған 

арман-мақсаттарымды солар 

жүзеге асырса екен деймін.

- Сіз 25 жылға жуық 

Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығында қызмет 

істейсіз. Бұл жұмысқа қалай 

келдіңіз - ендігі әңгімемізді осы-

лай қарай бұрсақ.

- Жоғарыда айттым ғой, 

мен осы өмірімде ешуақытта  

жұмыс іздеп көрген емеспін. 

Барлық қызмет маған күтпеген 

жерден, аяқастынан кездесе 

кетеді. Қауымдастыққа келуім 

де осылай болды. Әйтпесе,  ше-

тел қазақтарымен байланыс 

жасайтын жұмыста істеймін 

дегенді мен ешқашан ойлаған 

емес едім. Өткен ғасырдың  

сексенінші жылдарында те-

атрда жүріп, Қазақстанның 

облыстары мен көршілес 

республикаларға гастрольдік 

сапармен жиі шығатын едік. 

Сондай сапарлардың бірінде  

1989 жылы Қарақалпақстанға 

бардық. Бұл автономиялы ре-

спубликада қазақтардың көп 

тұратыны баршаға мәлім. Мен 

осы ағайындарды біраз аралап, 

Алматыға келген соң «Қазақ 

әдебиеті» газетіне «Еншіміз 

бөлінбеген ел едік» атты көлемді 

мақала жаздым. Мақалада 

Қарақалпақстанда тұратын 

қазақтардың мәдени-рухани, оқу-

білім жөніндегі мәселелерін ша-

мам жеткенше жан-жақты айтқан 

едім. Бұл - Кеңес үкіметінің 

аман, партияның күшті кезі. 

Соған орай, Өзбекстан жағы 

бұл мақала ұлтаралық араздық 

тудырады  деген әңгіме көтеріп, 

соған орай, Қазақстан Орталық 

партия комитетінің  идеология 

бөлімі осы жөнінде арнайы 

талқылау өткізді. Бір жақсы 

жері, талқылауға қатысқандар 

менің жазғандарымның орын-

ды екендігіне көз жеткізіп, 

соған орай Қазақстан мен 

Қарақалпақстан арасындағы 

мәдени-рухани байланысты 

күшейту керек деген тоқтам 

жасады. Сөйтіп көп ұзамай 

Қарақалпақстанның сол кездегі 

басшыларының бірі Шараф Ус-

наддинов бастаған  делегация 

Алматығы келіп, арнайы кездесу 

өткізді. Бұл жағдай мені  сырт 

жерлердегі қазақтар мәселесін 

жазатын қаламгер ретінде  

кәдімгідей танымал етті. Со-

дан арада бір-екі жыл өткенде, 

1991 жылдың  соңына таман 

бір күні жолым түсіп, жақында 

ғана Қазақстан Жазушылар 

Одағының бірінші хатшысы 

болып сайланған Қалдарбек 

Найманбаевтың кеңсесіне бара 

қалдым. Қалекең менің сәлемімді 

алды да, бір күтпеген әңгіменің 

шетін шығарды. «Сен шетел 

қазақтарының мәселесін зерттеп, 

жазып жүрсің ғой, соған орай 

саған бір жұмыс тапсырсам» 

деп мән-жайды түсіндіре ба-

стады. Сөйтсем Қазақстанның 

Тұңғыш Президенті Н. Назар-

баев жақында ғана Түркияға 

барған іссапарында Стамбулдағы 

ағайындармен кездесіп отырып, 

дүниежүзі қазақтарының тұңғыш 

құрылтайын өткізу туралы 

шешім қабылдаған екен. Және 

бұл басқосуды ұйымдастыруды 

Жазушылар одағына тапсырған. 

Қалекең енді менің осы жұмысқа 

атсалысуымды өтінді. Бір сөзбен 

айтқанда, менің Қауымдастыққа 

келуім қалам герлігіммен тікелей 

байланысты болды.

- Сонымен бұл жаңа 

жұмысқа бірден кірістіңіз бе?

Шынымды айтсам, алғашқы 

кезде бұл іске араласқым келмеді. 

Өйткені, театрдағы жұмысым 

тыныш, шығармашылықпен 

айналысуға өте қолайлы. Бірақ 

талай жылдан бері қолдауы мен 

қамқорлығын көріп келе жатқан 

Қалекеңнің  көңілін қимадым. 

Содан амал жоқ, келісімімді 

беріп, Қазақстан Жазушылар 

одағына қызметке келдім.. 

Негізгі міндетім – 1992 жылдың 

күзінде өтуге белгіленген 

Дүниежүзі қазақтарының 

тұңғыш құрылтайын (алғашқы 

кезде ол конгрес деп аталды) 

дайындау. Бұл үшін ең алдымен 

Жазушылар одағы жанынан 

Құрылтайды өткізу жөнінде 

Ұйымдастыру комитеті құрылды. 

Оның төрағасы болып Қалдарбек 

Найманбаев, орынбасарлығына   

Одақтың екінші хатшысы 

Төлен Әбдіков бекітілді. Маған 

Ұйымдастыру комитетінің жа-

уапты хатшысы деген міндет 

жүктелді. Жауапты хатшылықтың 

қандай жұмыс екені, немен ай-

наласатыны айтпаса да түсінікті 

– әлем қазақтарының алғашқы 

Құрылтайын   дайындаудың  

бүкіл   құжаттары   мен   

қағаздарын   жазу менің  мойны-

ма түсті. 



- Құрылтайға дайындық ба-

рысында қандай қиындықтар 

кездесті?

-Әрине, ол кезде соншама 

үлкен қиындықтарға кездестік 

деп мүлдем ойламаппыз. Әйтеуір, 

іске белсеніп, қызу кірісіп 

кеткеніміз анық. Ал бүгінгі таңда 

ойланып отырсам, қиындықтар 

аз болмаған екен. Ол  кезде  

қазіргідей барлық мемлекеттер-

мен  қарым-қатынасымыз жоқ. 

Қай шетелде қанша қазақ бар 

екенін де білмейміз. Шетелдер-

де  қазақ мәдени орталықтары 

мүлдем құрылмаған. Сондықтан 

тұңғыш Құрылтайға кімдерді 

шақырамыз, оларды қалай күтіп 

аламыз деген сияқты сұрақтар 

өте көп болды.

Құрылтайды өткізу жұмысы 

күн өткен сайын қыза түсті. 

Құрылтайға бүкіл еліміз ерекше 

ынта-ықыласпен ат салысты. 

Республикамыздың барлық 

өңірінен ұсыныстар, көмектесуге 

құлшыныс білдірген хаттар тола-

сыз түсіп жатты. Құрылтайдың 

хабары шетелдерге де жетіп, 

алыста  жүрген ағайындардан 

бұл жиынға қатыссақ деген 

өтініш-тілектер қардай жауды. 

Құрылтайды ойдағыдай өткізуге 

Елбасы да үнемі назар аударып 

отырды.

Алматы  қаласы мен Алма-



ты  облысы, Оңтүстік Қазақ стан 

мен Қарағанды облыс тарының 

әкімшіліктері де Құрыл тай ды 

ел өміріндегі ең елеу лі уақи ға-

лардың бірі ретінде баға лап, аса 

жауап кершілікпен  қызу дайын-

далды.

Сондай-ақ,  Құрылтайға сол  



кездегі Жазушылар одағының 

бүкіл ұжымы бір кісідей күні-

түні қызмет етті, шетелдегі от-

андастармен байланыс жасайтын 

«Қазақстан» қоғамының да көп 

көмегі болды. 

Міне, осындай дайындық 

жұмыстарымыз бір жылға жуық 

уақытқа созылды.

- Сонымен Құрылтайды 

өткізетін күнге де жеттік дейсіз 

ғой?

- Иә, солай десек те болады. 

Бірақ, осы жерде бір мәселені 

ерекше атап айта кеткеніміз жөн. 

Құрылтайға дайындық бары-

сында бұл мәселеге үкіметтің 

міндетті түрде араласуы өте 

қажет екендігі күн өткен сайын 

анық байқала бастады. Яғни, ар-

найы қаржы бөлініп, мемлекеттік 

комиссия құрылып, қолға алынба-

са әлемнің әр түкпірінен келетін 

төрт жүзден астам құрылтай де-

легаттары мен ресми қонақтарды 

күтіп алып, бір аптадай уақытқа 

созылатын іс-шараларды 

толық атқарып шығу қоғамдық 

ұйымның қолынан келмейтіні 

анық болды.  Соған орай 1992 

жылдың көктемінен бастап бұл 

жөнінде үкіметке бірнеше рет 

арнайы мәселе қойылды. Мыса-

лы 11 маусым күні Жазушылар 

одағында өткен баспасөз конфе-

ренциясында осы мәселе ашық 

айтылды. Бірақ алғашқы кезде 

бұған ешкім де назар аудармады. 

Тек Қалдарбек Найманбаевтың 

жоғары  орындарға қайта-қайта 

барып, жағдайды түсіндіруінің 

нәтижесінде, 1992 жылың 27 

тамызында, яғни құрылтайға 

бар болғаны бір айдай ғана 

уақыт қалғанда Құрылтайды 

өткізу жөнінде үкіметтің 

қаулысы шығып, ҚР Премьер-

министрінің орынбасары Мыр-

затай Жолдасбеков басқарған 

ұйымдастыру комитеті құрылды. 

Біз енді осы штабтың құрамында 

жұмысымызды одан әрі жалғас-

тырдық.


- Бір ай деген тым аз уақыт 

емес пе? Құрылтай өткізетін  

мемлекеттік ұйымдастыру 

СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ – 70 ЖАС

СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ – 70 ЖАС

№ 3 ( 2 0 1 6 )

№ 3 ( 2 0 1 6 )

72

73

комитетін   неге бұдан ертерек 



құруға болмады?

-Құрылтай өткізуді алғаш 

қолға алған уақыт тәуелсіздікке 

әлі толық қол жеткізбеген, түрлі 

қиыншылыққа толы өтпелі 

кезең еді ғой. Комиссияның 

дер кезінде құрылмауына осы 

жағдай да өз әсерін тигізген 

шығар. Әйтсе де, ең басты-

сы бұл жөніндегі тәжірибенің 

жеткіліксіз болғаны анық. Соған 

орай, бұдан кейінгі Түркістан 

мен Астана қалаларында 

өткізілген үш құрылтайда да 

мұндай кемшілікке жол берілген 

жоқ. Яғни, бұл құрылтайлардың 

бәрінде де бес-алты ай бұрын 

үкімет тарапынан арнайы комитет 

құрылып, қажетті қаржы бөлініп, 

алдын ала бекітілген нақты 

іс-шаралар жоспары бойынша 

жұмыс істедік.



-  Бірінші құрылтай қалай 

өтті - енді осы туралы кеңірек 

айтсаңыз.

- Құрылтай қазақ халқы-

ның тарихындағы айтулы 

оқиғалардың бірі ретінде 

үлкен табыспен өтті. Шетелдік 

ағайындар Ұлытау, Түркістан 

сияқты тарихи жерлерді аралады. 

Алматы қаласында үлкен мереке, 

Дегерес жайлауында той, бәйге 

өтті. Құрылтайдың ұйымдастыру 

жиналысы Абай атындағы опе-

ра және балет театрында, сал-

танатты мәжілісі Республика 

сарайында болды. Салтанатты 

мәжілісте Елбасы халқымыздың 

бүгіні мен болашағы туралы 

тебіреніп тамаша баяндама жа-

сады. Ұйымдастыру жиналы-

сында Дүниежүзі қазақтарының 

қауымдастығын құру туралы 

мәселе көтеріліп, Төралқа 

Төрағасы болып Президентіміз 

Нұрсұлтан Назарбаев бір ауыздан 

сайланды. Төрағаның бірінші 

орынбасарлығына Қалдарбек 

Найманбаев бекітілді.

Сөтіп құрылтай ілезде өте 

шықты. Қонақтар шат көңілмен, 

риза болып елдеріне қайтты. Мен 

де театрдағы жаным тыныш, 

жақсы көретін жұмысыма қайта 

кірістім.



- Құрылтайда құрылған 

Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының одан арғы 

жағдайы қалай болды?

- Өзім де соны айтайын 

деп келе жатырмын. Құрылтай 

өткен соң көп ұзамай бір күні 

мені Қалекең қайта шақырды. 

«Құрылтайды жақсы өткіздік, 

енді сен Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығын құруың керек», 

– деді.

«Қауымдастық құрылған жоқ 



па?» деймін мен.

«Құрылуын құрылды ғой... 

бірақ әлі толық емес. Сондықтан 

да, оның бұдан арғы жұмысын 

саған тапсырамын. Ар жағын 

Әділет министрлігіне барсаң, 

түсінесің»,– деді Қалекең. 

Сонымен аяңдап Әділет 

министрлігіне келдім. Ондағылар 

қолыма Қауымдастықты құрып, 

тіркеуден өткізу үшін керек 

құжаттардың тізімін ұстатты. 

Толып жатқан қағаз. Ең басында 

Құрылтайдың Қауымдастықты 

құру жөніндегі хаттамасы мен 

шешімі керек деген талап тұр. 

Оған қоса кемінде 15 адамнан 

тұратын құрылтайшы, ынталы 

топ қажет.  Сұрастырып көрсем, 

қағазға түскен хаттама да, шешім 

де жоқ. Жиналыстың өткені 

анық (өзім де қатысқанмын), 

«Қауымдастық құрылсын» деп 

сөз сөйленіп, қол көтерілгені де 

анық. (Өзім де қол көтергенмін). 

Бірақ оның бәрі ешқандай 

қағазға түспеген. Себебін 

ешкім білмейді. Ал ынталы 

топ дегенді қайдан табаты-

ным, тіптен, түсініксіз. Енді не 

істеу керек? Сөйтіп тұйыққа 

тіреліп жүргенде Қазақ радиосы 

Құрылтайдың барлық мәжілісін  

үнтаспаға жазып алғанын естідім. 

Қаламгер болғанымның бір пай-

дасы сол жолы тиді. Радиодағы 

әріптестерім Құрылтайдың жина-

лысы жазылған үнтаспаны тауып 

берді. Үнтаспадан жиналысты 

жүргізген Мырзатай Жолдасбеков 

ағамыздың сөзін қайта тыңдап, 

қағазға түсіріп, өзімше хаттама 

жасадым. Соңына хатшы ретінде 

тәуекел деп өзім қол қойдым.

 Ынталы топтың да мәселесі 

де осылай сарсылып жүріп 

шешілді. Сөйтіп екі-үш айда 

Қауымдастықты тіркеуден 

өткізуге қажетті құжаттарды 

жинап болдым. Сол жылдың 

қараша айының аяғында Әділет 

министрлігінен Қауымдастықтың 

Тіркеу туралы куәлігін алдық. 

Мөрін жасаттық. Банктен есеп-

шотын аштық. Бірақ бұған қарап 

Қауымдастықты толық құрылды 

деп айтуға да болмайтын. Есеп-

шотында бір тиын қаржысы жоқ, 

басында баспанасы жоқ, тіпті, бір 

үстел, орындығы да жоқ ұйымды 

құрылды деп айтудың өзі қиын 

шығар... Бірақ бірте-бірте бәрі де 

шешілді ғой. 

- Қазіргі кезде Қауымдас-

тықтың жекеменшік төрт 

қабатты ғимараты бар. Бұл 

ғимарат қалай салынды – осы 

туралы да айта аласыз ба?

- Әрине!  Құрылтайға 

дайындық кезінде қолға 

алынған негізгі шаруалардың 

бірі – болашақта құрылатын 

Қауымдастыққа Алматы 

қаласының орталығынан 

ғимарат тұрғызу үшін жер 

алу мәселесі еді. Ол кезде 

Алматыда бос жатқан жер 

баршылық. Қауымдастықтың 

болашақ ғимаратын салуға 

Абай көшесінің бойындағы 

цирк үйінің сырт жағындағы 

бос жатқан жер берілсе деген 

ұсыныс жасадық.  Бірақ қалалық 

әкімшілік «Алмагүл» мөлтек 

ауданындағы жерді дұрыс деп 

есептеді. Соған, орай тез арада 

бұл мәселе де шешілді.  Көлемі 

2 гектардай, қазіргі жағдаймен 

есептегенде өте көп, жақсы жер 

бөлінді.    Құрылтай кезінде ол 

жерге «Дүниежүзі қазақтарының 

орталығы салынады» деген 

жазуы бар белгітас қойылды. 

Белгітасты қоюға Құрылтай 

қонақтарының біразы салтанатты 

түрде қатысты. Бірақ ол жер кейін 

Қауымдастыққа бұйырмады. 

Оның себептері әр түрлі. Ең 

алдымен бұл жерде қазақтың 

бүкіл салт-дәстүрін көрсететін 

этно-ауыл салу керек деген орын-

далуы қиын, қияли ертегі сияқты  

ұсыныс шығып, кәдімгідей 

жоғары деңгейде айтыла  ба-

стады. Тіпті, оның жобасы да 

жасалынды. Бірақ бұл жобаға өте 

көп мөлшерде   қаржы керек еді; 

90- жылдардың басында елімізде  

ондай қаржының болмағаны 

айтпасақ та түсінікті. Өкінішке 

қарай, кезінде осыны түсіндіру 

қиынға соқты; тіпті, «этноауыл 

салуға қарсылық білдіресіңдер, 

қазаққа жандарың ашымайды», 

деп ренжігендер де табылды. 

Сөйтіп әрі-сәрі жүргенде 

«уақытында игермедіңдер» деп 

ол жерді қалалық әкімшілік 

кері қайтарып алды. (Бірақ, 

«Дүниежүзі қазақтарының 

орталығы салынады»  деген жа-

зуы бар белгітас  ол жерде әлі 

аман тұр). 

Енді не істеу керек?! Қауым-

дастық бұл кезде Зенков 

көшесінде, бұрынғы «Қазақстан» 

қоғамының орнында отырған. 4-5 

бөлмесі ғана бар бұл кеңсенің 

Қауымдастыққа тарлық ететіні 

анық еді. Қалдарбек Найманбаев 

Қауымдастыққа жеке баспана 

сұрап жоғарғы жаққа әлденеше 

хат жазды. 

Соның нәтижесінде, 

көп ұзамай Ш. Уәлиханов 

көшесіндегі бұрынғы газет-

журнал таратумен айналысатын 

«Союзпечать» деген мекеменің 

үйін ұсынды. Келіп көрдік. Екі 

қабатты каркастан салынған 

ғимарат екен. «Союзпечать» 

мекемесі тарап, енді ол үйді 

Украинаның Қазақстандағы 

елшілігі алмақ болған. Соған 

орай, жөндеу жұмыстарын 

бастап, айналасын темір 

шарбақпен жартылай қоршап 

та қойыпты. Бірақ бұл кезде 

ел астанасы Ақмолаға көшеді 

деген мәселе көтерілген соң 

Украина елшілігі үйге иелік ету-

ден бас тартқан. Сөйтіп, бұл үй 

Қауымдастыққа берілетін болды. 

Бірақ сұрықсыз екі қабат ескі үй 

Қауымдастыққа тарлық ететіні 

анық еді. Қалдарбек Найманбаев 

Қауымдастықтың атынан Елбасы-

на арнайы хат жазып, үйді қайта 

салуға қаржы бөлу жөнінде көмек 

сұрады. Елбасы бұл мәселеге 

шынайы жанашырлық танытып, 

көп ұзамай Қауымдастыққа жаңа 

ғимарат тұрғызатын қаржы да 

бөлінді. Сөйтіп бірер жылда 

Қауымдастықтың төрт қабатты 

жаңа үйі де бой көтерді.

 Қазір Қауымдастықтың 

төрт қабатты әдемі үйі ше-

телден келетін ағайындарға 

есігі әрқашан да ашық, құтты  

шаңыраққа айналған...  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет