Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата19.02.2017
өлшемі6 Mb.
#4512
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

***

Шын  азаматтық  бақыт  пен  шын 

азаматтық  қасірет,  ең  алдымен, 

өмірлік 


проблеманың 

қалай 


шешілгеніне байланысты.

***


Арман қашан да ұзақ, ғұмыр қашан 

да қысқа.

***

Адам үшін өмірдің мән-маңызы – 



азаматтық жауапкершілік.

***


Әрбір  азаматтық  үлкен  мүдденің 

ең бірінші жауы – тоғышарлық.

***

Қатыгез қапас тоғышарлықтың ең 



алдымен  жүгірер  қаруы  –  қудалау, 

қорқыту, зорлық-зомбылық.

***

Күлкінің  де  күлкісі  бар.  Күлкі  – 



шабуын  білмесең,  өз  тірсегіңді  өзің 

қиып  түсіретін  нар  кескен  қылыш 

сияқты қатерлі қару.

***


Серке Қожамқұлов – өз заманының, 

өз  халқының  реалистік  келбетінің 

сахналық  кескінін  жасауда  орасан 

зор еңбек сіңірген сахна шебері.

***

Олжас поэзиясының басты қаһар-



маны – жасампаздық.

Тіл туралы ойлану – бәрі туралы ойлау

***


Жалпақ  әлемге  жан  дүниесін  жайып 

салу  –  ақын  адамның  өзге  жұмыр  басты 

пенделерден жалғыз-ақ айырмасы.

***


Ақындық  –  саф  алтындай  ілуде  бір 

кездесетін сирек талант.

***

Үлкен ақын – ел-ананың сан жылдап сарғая 



күтіп жүріп табатын сағынышты перзенті.

***


Хан  тәңіріндей  көкпен  таласқан  қайсар, 

қай жағынан қарасаң да, қапысын тапқызбас 

тәкаппар биіктердің бірі – Қасым.

***


Тапшы таланттан, таңқы дарыннан кемел 

суреткер шықпайды.

***

Өнерді өмірлі ететін – шындық.



***

Шындыққа адал шығарма ғана ұзақ өмір 

сүрмек.

***


Суреткерлік  –  дарынмен  қоса  азаматтық 

ерлікті де қажет етеді.

***

Биік бәйтеректің саясы да мол болады.



***

Ақиқат  алдында  адал  емес  суреткердің 

өнер алдында адал болуы еш мүмкін емес.

Әбіш Кекілбайдың қанатты сөздерін 

жинап дайындаған Закария Сисенғали

АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫННАН ХАТ


№ 3 ( 2 0 1 6 )

№ 3 ( 2 0 1 6 )

92

93

Ықылас Оразбайұлы 1983 жылы ҚХР Шынжаң өлкесі Көктоғай ауданы 



Дүре ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Іле педагогика институтын 

тамәмдаған. Шынжаң халық радиосынан «Сен мені алдамадың», «Ай 

мүсіні»  атты радио театрлары және басқа да мерзімдік басылымдардан 

сексеннен астам өлең, әңгіме, мақаласы жарық көрген танымал ақын.   

Кетем мен, кетем!   

Бағзы бір бабамнан қалған көш қой – бұл,   

Арқаның желі азынап түсімнен, сірә, кетпей жүр.  

Екі қолдың жұмысын егемен елімнен таба алам.  

Қамсыз болса да тұрмысым – болашағыма садағам.  

Аттай желген өмірде қақпай көргенше бөтеннен,   

Балақтан алған күдіктен аттаймын дағы кетем мен.  

Қалтаңдаған қарт болсам, қаламша қадауға жарармын,   

Қырпулы қыран Ер болсам, шаңыраққа уық қадармын.  

Өндірдей өрен жас болсам, кеудемді керіп өсермін,   

Көктемгі нұр мен нөсерге, көктегі күнге төсермін.  

Қабырына барып атамның қабырғаларымды бекіттім,   

Анамнан барып бата алдым, ана тіліме жетікпін.  

Асығым қалған белдер-ау, жасығың емес мен сенің,   

Ғашығым қалған туған жер – сағынышымсың еңселім.  

Алтын тұнған арнадан лайланған өзендер,   

Асығасың батысқа, ашынасың сезем мен.  

О, туған жер!   

Тұнығыңа пісірдің, тұғырыңнан ұшырдың,   

Қамыс құлақ тұлпардың қайыс ноқтасын сыпырдым.  

Жиғаным мен иманым, кісілігім де киеңнен,   

Сүйектен өтсе ызғарың, сүйегімменен сүйем мен.  

Бір түйір топырағыңа біртуар ерлер жазым боп,  

Атанын атам қомдаған атақты тауда жазық жоқ.  

Атын бір атағаныма қомданатұғын иығым,  

Қайырлы болсын өзгеге қадірі биік ұйығым.  

Елімнің ескі дәстүрі жойылмай тұрып аттанам,   

Қазан құлағы төртеуін мойындай тұрып, аттанам.  

Жанарым жанып жортамын, бөрімін, бірақ аш емес,   

Жатырқағандар – жау емес, мүсіркегендер – дос емес!   

Қақпанды басып кеткенде тірсегін шайнап қалдырған,   

Бөрідей ұлың барғанда құрметпен қара алдымнан.  

Өзге елдің озық үрдісін апару үшін кетем мен,   

«Оқтан қалған оралман» атану үшін кетем мен.  

Отанға жетсем ордалы, оттай жүрегім бұлқынар,   

Бетімнен қаққан бұл өмір бетімнен сүйер күн туар.  

«О,  байтақ Қазақстан!» – деп алшаңдай басып кеткенде,   

«Жауда қалған жерім» – деп жаутаңдай жасып кеткенде.  

Аппар көшіп жеткенде аппақ бір жаға, аппақ ар  

«Осыған да Алла шүкір!» деп отыратұғын шақ болар.  



Á¼ði æûðû

Шек бар ма екен құдіреттің ісінде,   

Мен далама айналыппын түсімде.  

Маңайларым мәрт, асқақ  

Айналыпты жалама құз-жартасқа.  

Жанарымда жайын тулап,  ай түнеп,   

Қабағымда қайың, талдар бой түзеп.  

Кеңсірігімді жұпарлы жұмбақ ән кеулеп,   

Миығымда миллион гүлдер сәнге өрлеп.  

Ерінімде ақша бұлттар дамылдап,   

Иегімде аққу,  қаздар мамырлап.  

Тауға айналған танауымды күн өбіп,   

Мұрттарымның арасынан бұғы өріп.  

Сол құлағым бөрілерге апан боп,   

Оң құлағыма дұға оқыпты апам кеп.  

Оң қолымда қойшы жігіт ысқырып,   

Сол қолымда сұлу қыздар іс тігіп.  

Көбелерімнің көк кіреуке мұзы еріп,   

Алақанымда ару атандар күзеліп.  

Аяғымда көш керуені бақытты   

Жыл құстарын ертіп келе жатыпты.  

Екпінімен теңселтіп жер бесікті,   

Дәл кеудемнен миллион жылқы өтіпті.  

Жалы жалын,  от орнындай тұяқты   

Тұлпарлардан дауыл тұрған сияқты.  

Дауыл ғажап бір аунатып өлкені,   

Шырын түстің жыртылыпты желкені.  

Түс түңлігі жыртылғанда орасан,   

Ояна сап жан-жағыма қарасам,  

Төсқалтамнан телефоным тепкілеп,   

Безектейді: «Бір сигнал кепті», – деп.  

Телефонымды дір-дір еткен, дір еткен   

Қолыма алдым тұлпар боп 

 

 



шапқан жүрекпен.  

Әлім жетпестен дауысымды да түзеуге,   

Дірілдеп кетті саусағым, 

Дірілдеп кетті тізем де.  

Батылданар да езбелеп,   

«Мақұлдан»  арыға сөз де жоқ.  

Тұтыға бердім әшейін,   

Тұқыра бердім әшейін,   

Аяғымменен жер қасып,   

ʼêòåì

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ

Шықшытты шылқа тер басып.  

О,  дариға-ай...  

Түсімде тау боп кетсем де,   

Өмірде дәу боп өтсем де,   

Бекер екен ғой,  бекер ғой,   

Уыздай жап-жас бір қыздың  

Уысында ғана екем ғой.  

 

Áiç æèûðìà¹à 

êåëãåíäå

 

Жер-әлемді адамзат уыстаған шағында,   



Көк темірге жан салып, құл ұстаған шағында.  

Көңілдерде көп есеп,   

Әкесі бір ағайын жуыспаған шағында.  

 

Жаны жұтаң жігіттен ұждан кеткен бұл күнде,   



Үлбіреген ұяңдық қыздан кеткен бұл күнде.  

Тоңып жүріп есейдік,  

Жүректегі салқындық мұздан да өткен бұл күнде.  

 

Тораптасқан тамаша,  тұрмыс тәтті көзге гүл,   



Табиғатқа жасаған қылмыс қатты кезде бұл.  

Жерден жеріп адамзат,  

Іздегенде ғарыштан гүл-қыстақты өзге өңір.  

 

Бота көздің мөлдірі лайланған заманда,   



Дала – аңның өлігі... құмай қанған заманда.  

Жиырмаға біз жетіппіз,   

Олай емес дүние,  былай маңған заманда.  

 

    



    ²ûçûë ã¾ë

 

 

– Апа,  тамақ істессем, бола ма?    



– Сабағыңды қара,  жүгір,  жолама!   

Есейгенде аспаз болайын деп пе едің?   

Тапсырмаңды жазып бітір, бол ана...   

 

– Апа,  үйді сыпырыссам, қайтеді?    



– Қойшы болды,  қара жұмыс қай теңің?   

Тапжылмастан кітабыңды оқышы,   

Миыңа түк кірмейді ғой,  әй,  сенің!   

 

– Айтшы әке, мен демдеген шай қандай?    



– Тұзды уыстап салғансың-ау ойланбай.  

Сабағыңды қарасаңшы,  бар, жүгір!   

Бұл сияқты мәнсіз іске айланбай.  

 – Әке,  менің ән айтқым кеп тұрады.     

– Әнші болып, не жарисың, шырағым?  

Бұл әулеттен  «әу»  дейтін жан шыққан жоқ,   

«Өспес бала өнбес істі қуады».   

 

Одан да ана кітабыңды жақсы үйрен,   



Сабағыңды қара,  шықпа әсте үйден.  

«Білімдінің шамы жарық», – деген ел   

«Білімісіздің күні ғарып», – деп түйген.  

 

Сүйте-сүйте ол үйренуді жек көрді.  



Тіпті әке-шешесіне кектенді.  

Өйткені олар балаусаны созғылап:    

«Тек қызыл боп гүл ашасың!» – деп төнді.  

 

Әр балаға әке арманы – мұрат па?!   



Жұмақ болып көрінбес-ау жұмақ та!   

Кемпірқосақ жеті реңде болмаса,   

Шөптің бәрі тек қызыл боп гүл ашса.  

 

Ал адамның гүлден асқан сыры көп.    



Әлгі бала еш жұмысқа қыры жоқ.  

Еш нәрсеге қызықпайтын жандардың  

Жүрер еді бірі боп.  

 

Он бір жылғы оқудан соң нән сынақ    



Келген кезде басы-көзден қамшылап.  

Әке-шеше айдауымен сабақты  

Жақсы қарап еді жанын жаншылап.  

 

Бірақ,  бірақ нәтижесі мәз болмай,   



Одан шыққан ұрыс-керіс аз болмай.  

Оңашада күретамырын кесті қыз,   

Сартап сабақ үстелінен қозғалмай.  

 

Қызы өлді,  әке-шеше морт сынды,   



Өкініші ормандағы өрт сынды.  

Мың зарланып жылағанмен не қайыр,   

Қатал уақыт тыңдаған ба дерт-мұңды?   

 

«Қар-мұздаққа құстың нағыз сетері   



Жұмыртқасын басады екен», – деседі.  

Бірақ біздің кей отбасы ұя емес,   

Парниктерге ұқсап кетеді.  

 

Содан біздің өспірімдер былайғы  



Үп еткен бір қиындыққа құлайды.  

Он жасында дүниеден түңіліп,   

Шақай бауын байлай алмай, жылайды...  

 

Өмірдегі әр солған гүл – әр сұрау,   



Бұған, бәлкім, бастайсыз ба қарсы дау?   

Бір-ақ уыс бостандықтың қадірі   

Бір-ақ тұтам ғұмырыңнан артық-ау!   

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ


№ 3 ( 2 0 1 6 )

№ 3 ( 2 0 1 6 )

94

95

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

А

ла шабырандап қар 



кет кені мен, көктем 

шыққалы күн көзінен 

ызғарлы бұлт арылғанды қойды. 

Алдымен, бөктерді бүркеген 

дым қыл тұман анда-санда 

құлай жортып, қалың қара отты 

ұсақ бүрген, үшқат, сарыағаш, 

итмұрын аралас бадамша 

жазықшаны сілекейлеп, жиі-

жиі ылғалдап тынады, артынан 

алыс бозалаң көкжиек іргесін 

түрді, болды, – күн райы тағы 

да суқылдай бастайды. Со-

нан соң тағы да мажаураған 

мамырдың жып-жылы шуағы, 

қара сірігі аткөпір қоңыр 

жабағы текшені бір сәтке мау-

жырата жөнеледі. Бетін ұсақ ақ 

сөңке көпірткен көлбеу жазық 

бусанып терлеп сала береді 

де алдымен, бұта басы бөрте 

қалады. Тобылғы ұсақ гүл аша 

бастайды, жауқазын жарылып 

алақан жазады, әр жерден жұп-

жұмыр ырғай істіктің ұшы 

секілді тебеншелеген сары 

қурайдың ұштары күреңіткен 

телшесі қылтияды. Буазыған 

қараған түбінен көгершін 

бөрікшесін дөңгелетіп жайып 

жіберіп атқұлақ көрінеді, шәйір 

шашады, қатты жұқа қабыршақ 

қошқар мүйіз ішінен іріңшелеп 

торсия қалған ұлу жандана-

ды, жерге тиген, дымқыл беті 

қара шіріктенген етік басы 

көмілердей ұсақ шабыра арасы-

нан қанатын таралғылап торғай 

ұшып шығады. Осылайша, 

ұзақ күндер бойы бетін ақ қар 

бүркеп, астын тоң қарыған жер 

қыртысы көпсіген тұста анау 

бір ескі ақшылтым сыбағызған, 

бүршелері бүріскен бір түп 

ұзынша, ақ шөп түбінен бармақ 

басы сиярлық үңірейген көлбеу 

қуысқа іншелеген бір шоғыр 

ұсақ қара құмырсқа үйірінен 

бөлініп шықты. 

Қиыршық қатқыл топырақ 

аралас азық-түлігі мол өзгеше 

үлкен қарасын ыңғайланып 

бөлініп шыққан сарбаз-

дар тобының хабарын күтіп 

үнсіз қалды, ал алдыңғы 

шыққандар аралығын қарсы 

тастам қалдырып құйындата 

жөнеліпті. Соның ішінде 

алдыңғы мұрттарын айқыш-

ұйқыш қайшылап жіберіп 

қарауыл тастаған жалғыз дара 

төре құмырсқа топсалы кетпен-

ше мойындарын оң мен солға 

кезек тастап, маңайды, әуелі 

алысты шолады, кейі көлбеу, 

кейі сорайған өсімдік арасынан, 

қалың жықпыл жым ішінен 

жүрер жол таңдайды, дыбыр 

атаулыға зейін жұмсайды, бола 

қояр қауіпке назар тастайды, 

сонан соң ығы-жығы артқы 

топ шұбырып жете бергенде, 

тұмсығы тірелген ескі қара 

құмақ жылқы тезегін, қабыршақ 

қатты тасты, яки көлденең 

кезіккен қысқа сырықшаны 

әрі иінтек қол-аяғы соншалық 

тез қимыл байқатқан бүкіл 

шеміршек дене ме, иә болмаса 

сезімталдыққа жаралған анау бір 

тістеуік пішінді доға тұмсығы 

ма, басқаша құдіретті мырыш 

талша ма, осындағы әйтеуір ұлы 

мүше үйір шақырады, қайнаған 

қалың дүбірді аңсайды. Өткен 

жазда осы топты жұмыртқалап 

тастап кеткен, содан соң бұлар 

– топырақ шіркіннің шырынын 

сорып жанданған, жәндік болған 

жан иелері. Жыл бұрын ғайыпқа 

кеткен ана құмырсқаның арты-

нан, ізі болмаса да, жаздайғы 

сарнаған жел, қыстайғы ұлыған 

боран, сабалаған жаңбыр, 

қапалақтаған қар, тіпті жер 

үстін жуып өткен тасқын суда 

сол өзіне таныс есіл иісті шай-

ып кетіре алмаған таныс со-

раппен сонылап кетіп барады. 

Бет алысы – сонау бір ескі қу 

мошқасы сылдыраған қалың 

бітік бүрген арасы, қураған 

қымыздығы мен саудыраған қу 

сөңке саумалдығы ұсақ сайғақ 

саранасы сұлаған ескі айыр 

өлең, жұмсақ қойбүлдіргенінің 

қысқа қуараң сабағы жапқан 

тоқымдай ғана ашық алаң.

Жаралмышында жан азығын 

жанталасып жүріп іздеп таба-

тын, әлі толық есейе қоймаған 

осы ұсақ құмшаның жуан 

ортасындағы құнаншаға құба 

топырақ арасында арбаңдап 

жүрген, құйрығы торсиған 

қара қоңыз кезіге кетті. Өзіне 

қарағанда, әлдеқайда үлкен, 

денесі де салмақты мақұлыққа 

құнанша құйылып келіп сап ете 

түсті. Сонан соң арттағы қалың 

қарамықшалар да атойлап 

қаптап кетті. Алқын-жұлқын бір 

сәттік қана арпалыс соңынан 

торсиған салыңқы жер соғардан, 

көлденең қанат астынан, тіпті 

анау бір жүрек жұтқан біреуі 

жанталау үстіндегі қоңыздың 

алдыңғы аяқтарымен қағып 

жібергеніне қарамастан, тұп-

тура шошқа тұмсықтың өзіне 

тістеуікше қадалды. Жан-

ды жері сол екен бәлемнің, 

құнжыңдаған қоңыздың мысы 

мүлдемге құрыды. Сол-ақ екен,  

өңкей дүлейлер өлі денені ау-

натып алды. Тұс-тұстан ащы 

сілекейді төгіп жіберіп серейт-

кен қалпынша баяғы бағдарына 

қарай сүйрелей жөнелісті.

Ей, жәндік атаулының 

әулиесі, алал асыңа сүйіндім.

Жұмабай Біләлұлы 

1941 жылы Қытай Халық Республикасы ШҰАР Тарбағатай аймағы 

Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. 1962 жылы Шыңжаң университетінің 

Қытай тіл-әдебиет факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын ұстаздықтан 

бастаған жазушы 1979 жылдан бастап Тарбағатай аймақтық 

«Тарбағатай» әдеби журналының редакторы қызметіне ауысады. Содан 

бастап шығармашылықпен толықтай айналысады. 

«Жондағы жорықтар», «Дала торғайлары», «Арулар», «Бозжігіттер» 

романдарымен қатар ондаған әңгіме, повесть, очерктер жинағы жарық 

көрді. Қазіргі уақытта Қытай Жазушылар одағының, Мемлекеттік ұсақ ұлт 

жазушылары қоғамының, Шыңжаң әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің 

алқа мүшесі, Шыңжаң Жазушылар қоғамының тұрақты алқа мүшесі. 

Мемлекеттік бірінші дәрежелі жазушы. 


№ 3 ( 2 0 1 6 )

№ 3 ( 2 0 1 6 )

96

97

***



Бір жағын ала ирек ұсақ 

тау, енді бір тұсын соңы 

балыққұйрық тартқан жіңішке 

жон, ал тағы бір тұсындағы 

көлденең біткен долана-

лы жыныс орманның өкпе 

тұсын өкірген өзен тосқан 

беті безеу көлбеу жазықтың 

бір бұрышынан дәл со-

лайша қатар түзеген, кейде 

ұйлығып топтанғанымен, кейде 

бытыраған ерекше үлкен шоғыр 

көрінді.

Ойдағы өзенге құлама қолқат 

түбінде, жан-жағын дымқыл 

топырақ көмкерген белдеуше 

жер деңгейімен қарайлас аласа 

ғана көкшұбар жарықша тас 

жатқан. Құдіреттің әмірімен дәл 

ортасы ырсиып қаққа тілінген 

сол жер безінің үстін басып 

жақында сел жүрген. Айналасы 

қаспақталып қынаға толы сол 

өзекшедегі ұяға тоғайрақ қара 

батпақ тұнды, құмырсқалардың 

мекені бітелді, үлкен шығынға 

жолықты: алды тас жарығының 

түбінде тұншықты, кейбірі 

сербегін созған қалпы сұр көбік 

су бетінде қалқыды. 

Сеңнің жүруі былай болды: 

жон үстіне өткен қыс қардың 

қалың түскені соншалық, ұлы 

күнгейдің елігі мен арқары 

желсіз, үрлеусіз үсті-үстіне ақ 

мамығын көпіртіп тастай бер-

ген ұлы таудан азық таппай, 

лағып ойға құлаған, қуынды із 

аңду көріп, ит пен құстың, екі 

аяқты жемірдің азығы болған, 

ал жаз шыға бере қыс бойы 

сартап тартып, сіресіп жатқан 

сүрі қарды соңғы жауған 

сілбі жаңбыр жаппай езгілеп, 

жан-жаққа жалшаланған сең 

жүргізді. Әуелі әлгі ағардағы 

тағанша да жоны көрініп қана 

сұлап жатқан заманғы көкшұбар 

тастың айналасындағы бір түп 

шаңкішпен, қабығы қарадай 

сойылған қиқы-шойқы екі 

шоғыр қызыл талды да долы 

тасқын қопара жөнелген.

 Міне, сол апат арты-

нан ін ауыстырған, мекен-

тұрақ іздеуге, ұзақ күнкөріс 

тыныштық көруге ниетін берген, 

бастапқы ұсақ қара құмықтан 

түрі басқаша, өңкей шұйқұйрық 

жирен құмырсқалар да анау бір 

тоқымдай ғана ашық алаңға 

аяқ тастаған болатын. Бұратана 

босқыны көрген осынау өңкей 

ірі жиреннің сәулеті мен сесі 

алдыңғыдан өзгеше болатын: 

құмдақтың қызыл топырағының 

нілі бүкіл денесіне сіңген, өздері 

ылғи денелі «түйе секілді» ұзын 

сирақ бұл қатардың ең алдында, 

ол дағы талай шабынды көрген, 

тіпті бөтен бір әлуетті, дененің 

қасақана мыжып-жаншуына 

жолықса да, жұмсақ топырақ 

арасында талықсырап аман 

қалған. Сонан соң жаны кете 

жаздаған, қол-аяғын ұзақ уақыт 

оңды-солды ескектеп жанып 

шақырып барып, әлгі үйелеген 

шұңқыршадан сүйретіліп 

шыққан соң қасындағы жалғыз 

тал биік кекіренің басына 

өрмелеп барып, есін жиған, 

қарауыл тастап, қараң-құраң 

үйіріне қосылған анау бір аду-

ын ата құмырсқа жайымен ғана 

жебей жортады, аяқ алысы 

орнықты, өйткені бұл өзгеше 

үйірдің көбінің аузында, өзі 

яки індес ілік-шатысының 

күні былтыр ғана ін түбіне 

тоғанақтап тастаған, алды 

қомақты бейне бөрткен бидай 

секілді, бір-ақ сырты ақшылтым 

жұмыртқаларын көлденең 

тістеген, босқын көрген бұл 

үйірде барған жеріне тұқым 

тастауға, бір аумақты тұрақты 

иелік етуге, ұлы дүниенің 

қызығын жалғасты көруге осы-

лай қамыққан қалың қосын 

артынып-тартынып біржола 

көшкен болатын.

 Күн маңдайшаға тік шығып, 

қызу шашқан тұста алды-

мен арты арқан тастам ұзақ 

шұбырған сондай ретті ұзақ 

керуен талай төбе сүрейді, 

дөңес қағырды шола келіп, 

өз иісінің ендігі ұзақ тұрағы 

болуға лайық манағы жан-жағы 

бұта, ортасы саудыраған ұсақ 

шөмшекті тоқымдай жазыққа 

бәрінен бұрын жетті. Сөйтті 

де ауыздарындағы сопақша 

жұмыртқаларды, өзге жол 

азығын топырағы босаң сол 

дөңеске, құрғақ борпылдаққа 

көме салып, сол іргенің өзінен 

ылғи шар ұнтақ сама секілді 

жеңіл, шіріген, ішкі өзекшесін 

кеміруге де, ашыққанда азық 

көруге де ыңғайлы ұсақ 

шөмшектерді тұс-тұстап тере 

бастады. Әліне қарағанда, 

өз бойынан мелжемді, тіпті 

кейбір бөрене тектес ұзын 

сырықшаларды, әлгі ұрық 

тастаған үйінді борбастың 

үстіне маялап айқастырған беті 

арсалап жатты. Әйтсе де олар 

бір Жаратушының өзі ғана, 

бөгдеге емес, құмырсқаға нәсіп 

еткен аса шеберлік істетті. 

Астыңғы бор топырақ, үстіңгі 

сағдар сама, денеден шыққан 

болымсыз дымқыл леп пен ауыз-

дан жұққан сілекейге араласып 

қомағын көтере бастаған шағын 

үйіндінің бүкіл өн бойы бір-

бірімен сіресіп желімдесе түсті 

де ара-тұра өздері ғана кіріп 

шығатын санап тауысқысыз 

өңкей ұсақ жолды тесіктер-

саңылаулар жасалды.

 Дәл осы тұста ол дағы 

ұзақ жүріс көріп, сол игілікті 

күткен. Түрі басқа болғанымен,  

тегі бір өзгеше, порым, жер 

үстін жортып қана емес, кезі 

келгенде, асатынан ұшыраған 

айбарға кезіксе, ұша жөнелетін, 

шылауыштанған ылғи айқаспа 

қанаттылар, тағы бір түрлі 

құмырсқалар әлдеқайдан ұшып 

келіп, әлгі қалың шоғырдың 

үстіне боран шығарып қонып 

жатты. Олар әуелде бойында 

жаны бар үлкенді-кішілі бөтен 

иістілерге ұқсас арбасып аз 

тұрды, шалғыларымен саба-

ласып тіресіп те көрді. Тіпті 

мінезі тентек анау бір кіршең 

қанаты жонын бүркеген біреуі 

алдыңғы қанатсыз қызыл 

құмырсқаның қайдағы бір 

қыңғысымен қырқыса жөнелді, 

ит жығыс түсті, ерсілі-қарсылы 

тістеуіктерін сойдитып шай-

насты. Осылай кезек түскен 

жұлқыныс үстінде біреуінің 

ұсақ түк қаптаған кедір-бұдыр 

бауырына әлдебір саларман 

тентектің қос мүйізді пышағы 

қадала түсті, сол-ақ екен, – 

әлгі әлжуаз серең етіп сұлай 

кетті. У үстіне у құйылса, 

қайдан оңдырсын? Өзге оспа-

дар сілекейді бойына дарытып 

көрмеген шетен сорлы өліп тын-

ды, қалың қимылды бүкіл иле-

ушеде жалғыз серейіп жатқан 

жемтікті тағы да өз иесі келіп, 

сүйрелей жөнелді де  отаушасы 

енді қалқия бастаған қарасыны 

молаң түпкі қуысқа, өңкей ұсақ 

жұмыртқаның арасына апарып 

көміп тастады.

 Жер кіндігінен өзіммен бірге 

жаралған мақұлығым, өлігіңді 

өзгеге бермейтін дініңнің 

қаттылығын сұрадым, қияр ма 

едің азынды көрген пендеге?

  ***

 Алыс пен жуықтан дәм 



үйірген, өздерінше керемет ұлы 

қимыл үстіне ойдан шұбырып 

шыққан әуелгі бір түп ақ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет