- Сіз біраз жылдан бері ше-
тел қазақтарына арналған «Ал-
тын бесік» журналын шығарып
келесіз. Сөз реті келгенде
осы басылым туралы да айта
кетсеңіз.
- Иә, бұл басылымның да
біраз әңгімесі бар. «Алтын
бесік» 2002 жылы өткен Әлем
қазақтарының II құрылтайына
арналып жарық көрген болатын.
Қауымдастықтың сол кездегі
басшысы Қалдарбек Найманбев-
пен о бастағы келісім бойынша,
мен бұл журналдың бір санын
ғана шығарумен шектелуге тиіс
едім. Бірақ Құрылтай өткен соң
көп ұзамай сол кезде Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім
министрі болып тұрған Мұхтар
Құл-Мұхаммедтен «Алтын бесік»
журналының шығуын одан әрі
жалғастырып, қажетті қаржы
алу үшін тендерге қатысу керек
деген ұсыныс-тапсырма түсті.
Мен, шынымды айтсам, ол кез-
де тендер дегеннің не екенін де
білмейтін едім. Бірақ жоғары
жақ қолдап тұрған соң, бұл
іске тәуекел деп кірісіп кеттім.
Соның нәтижесінде он жылдан
астам журналды үзбей шығарып,
ҚР Сыртқы істер министрлігі
мен қазақ мәдени орталықтары
арқылы шетелдегі ағайындарға
тегін тараттық. (Тегін бола-
тын себебі – алыс-жақындағы
ағайындар Қазақстанның газет-
журналын жаздырып ала алмай-
ды). Соған орай, «Алтын бесік»
сырт жерлердегі ағайындарға
жақсы таныс болып, атажұрттың
сәлемі ретінде ризашылыққа
бөленген еді. Бірақ соңғы кезде
Ақпарат министрлінің сан түрлі
өзгерістерге душар болуына
байланысты, шетел қазақтарына
арналған лот жасап, тендер
жариялау назардан тыс қалды.
Соған орай, бұл басылымның
болашағы күмәнді болып тұр.
- Қауымдастықтың алдағы
уақыттағы жұмысының бары-
сы, бағыт-бағдары, болашағы
туралы не айтар едіңіз?
-Қауымдастық қазіргі кез-
де Қазақстанның өз ішінде де,
алыс-жақындағы ағайындар ара-
сында кеңінен танымал. Қазір ол
мәртебесі – республикалық, ал
дәрежесі жағынан халықаралық
деңгейдегі қоғамдық ұйым.
Жұмысы да жемісті, абырой-
беделі де жоғары. Қауымдастық
аз қызметкерлермен үлкен
жұмыстар тындырып келеді.
Әрине, бұған Қауымдастықтың
Төралқа Төрағасы Елбасы
екендігі үлкен ықпал етіп отыр.
Сондай-ақ, Қауымдастықтың
мұндай дәрежеге жетуіне марқұм
Қалдарбек Найманбаевтың да
өте зор еңбек сіңіргенін ерек ше
ілтипатпен атап өтуге тиіс тіміз.
Ол кісі дүниеден өткен соң орны-
на Елбасының таң дауымен Талғат
Мамашев келді. Талғат Асылұлы
ше тел дегі ағайындарымыз бен
жалпы жұртшылыққа Мәжіліс
депутаты, Мәдениет министрі
болған кезінен жақсы таныс.
Алматы облысының бас шы-
лары ның бірі болып тұр ған да
Әлем қазақтарының тұң ғыш
құрылтайын өткізуге де айтар-
лықтай үлес қосқан. Мі не, осы
іс-тәжірибелері Т. Мама шев тың
Қауымдастық жұмы сын жаңа
деңгейге көтеруге өз ықпалын
тигізді. Осының нәтижесінде
Қауымдастықтың мемлекеттік
мекемелермен де байланысы
барынша жақсарды. Соған орай,
Қауымдастықтың алдағы уақытта
да жаңа табыстарға жете береріне
сенімдімін.
- Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Жанар МҰҚАШЕВА
СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ – 70 ЖАС
СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ – 70 ЖАС
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
74
75
ҚР Ұлттық академиялық
кітапханасында 5 қыргүйекте «Қазақ
тілінің ғаламтордағы жаңа кеңістігі»
атты тұсаукесер рәсімі өтті. Онда
«Tilalemi.kz» порталы және «Atau.
kz» ономастикалық, «Termincom.
kz» терминологиялық, «Emle.kz»
орфографиялық электрондық ба-
залары көпшілікке таныстырыл-
ды. Жиында алғашқы болып сөз
сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт
министрлігі Тілдерді дамыту және
қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің
төрағасы Қуаныш Асылов: «ҚР
Тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында»
мемлекеттік тілді үйрету процесіне
жаңа ақпаратттық технологияларды
енгізу мақсат етіп қойылған. Осы
мақсатқа жету үшін ҚР Мәдениет
және спорт министрлігінің Тілдерді
дамыту және қоғамдық-саяси
жұмыс комитеті кешенді шара-
ларды жүзеге асырып жатыр. «Тіл
әлемі» интернет-порталы, «Atau.
kz» ономастикалық, «Termincom.
kz» терминологиялық, «Emle.kz»
орфографиялық электрондық ба-
заларын назарларыңызға ұсынып
отырмыз. Бұл жобалар мемлекеттік
тілді меңгеруге, жаңа терминдерді
үйренуге, онлайн және оффлайн
режімдерінде сабақтарға қатысуға
мүмкіндік береді. Жобалар тек қазақ
тілін ғана емес, орыс, ағылшын
тілдерін де үйренуге бағытталған.
Сондықтан олар интернет
қолданушылары арасындағы тілдік
біліктілікті арттыруға септігін тигізеді
деп ойлаймын» деді.
Ал Шаяхметов атындағы Тілдерді
дамытудың республикалық үйлестіру-
әдістемелік орталығының дирек-
торы Ербол Тілешов
ендігі мақсат
сайттардағы сөздер қорын көбейту
екендігін айтты.
– Бұған дейін терминологияға
қатысты, орфографияға байла-
нысты кітаптар аз таралыммен
жарық көрген кезде оқырмандар
тарапынан «таралымы аз» дегендей
наразы пікірлер айтылатын. Со-
нымен қатар ономастикалық және
терминологиялық атаулардың халыққа
қолжетімділігі туралы әңгіме қазірге
дейін жиі айтылып келді. Енді біз осы
олқылықтардың орнын жаңа сайттар-
мен толтырғалы отырмыз.
«Тіл әлемі» порталында мыңға
жуық кітап, 200-ден астам аудио және
видеосабақ жинақталды. Ал «Atau.
kz» сайтына Қазақстанның 14 облы-
сы мен 2 қаласында орналасқан елді
мекендер мен көшелердің атаулары
енгізілді. «Termincom.kz» сайтын-
да 1971 жылдан күні бүгінге дейін
бекітілген 13 мыңнан астам термин
салалық және хронологиялық ретпен
жарияланды. Сонымен бірге аталған
комитеттің тарапынан шығарылған 30
томдық сөздік те кіргізілді.
Тағы бір айта кетерлігі – бұл
сайттардың қай-қайсысына да
«Фейсбук», «Твиттер», «В контакте»
әлеуметтік желілері арқылы кіруге
болады. Сайттың мобильді нұсқасын
ұялы телефондарыңызға жүктеп
алып, өз парақшаларыңызды ашып
қоюға болады. Сонда сіздерге жаңа
хабарламалар тұрақты түрде келіп
тұрады. Оффлайн аймақта да жүктеп
алған 30 томдық сөздік қорын оқи
беруге мүмкіндігіңіз бар, – деді Ербол
Ердембекұлы.
«Тіл әлемі» порталын оның редак-
торы Мөлдір Бақытқызы таныстыр-
ды. Порталға тіркелген оқырмандар
ғалымдар мен әдіскерлерге көкей-
лерінде жүрген сұрақтарын қойып,
аудио, бейнесабақтар арқылы жаңа
сөздер үйрене алады. Порталдың
«Тіл райы» атты бөліміне кез келген
оқырманның көшеден, қоғамдық
орындардан ұшырастырған жарнама
және көрнекі ақпараттардағы өрескел
қателерді жолдауына болады. Соны-
мен қатар интернет қолданушылары
сайтқа тіркеліп, «Толғаныс» айдарын-
да жазба жаза алады. «Тіл әлемінің»
«Тарту» айдарында түрлі сөздіктер
мен кітаптар, журналдар жарияланған.
Уақыт өткен сайын олардың қатары
толықтырылып отырады.
Порталдың қолданылу аясын
кеңейту мақсатында мұндағы жаңа-
лық тар алдағы уақытта үш графикада
берілмекші (кирилл, латын, араб).
Бұл әдіс оқырмандардың санын арт-
тырып, Қытайда, Түрікменстанда,
Өзбекстанда, Түркия мен Еуропада
тұратын қазақтардың порталдағы ма-
териалдармен танысуына мүмкіндік
береді.
Мемлекеттік тілді насихаттау
мақсатында ұйымдастырылған
тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері,
тілші ғалымдар, тіл жанашыр-
лары және бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері қатысты.
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
76
77
Б
аласын орыс мектебінде оқытқан ата-
ананың, орыс мектебінде оқып, тәрбие-
ленген баланың көпшілігінің (бәрі емес)
ана тілі туралы ұғымы толық емес. Бұл
тәжірибеде дәлелденген жағдай: оның айғағы
– бүгінде жоғарғы деңгейдегі жиналыстардың
орыс тілінде өтуі. Мысалы, Жер комиссиясының
екінші отырысында 75 адамның 67-сі қазақтар
отырғанда 78 жастағы «ақсақал»: «Орысша
сөйлеу керек!» – деп жар салды. Бұл сөзін «ұят»
деп отырған «ақсақалымыз» жоқ. Өз пікірін
дұрысқа санаған. Міне, біздің тіл мәселесіне
жеткен жеріміз. Ол «ақсақалдың» уәжі мәселе
тілде емес, мәселе жиналыстың мазмұнында. Иә,
бәлкім бұ да дұрыс па екен?! Ойланып көрейік.
* * *
Осындай түсінік бар және оны өзгерту мүмкін
болмай тұр. «Мәселенің мәнін ұқсақ болды, тілде
тұрған не бар, тәйірі?!» – дейді өзге тілде оқып,
тәрбиеленгендер. Бұл мәселеге бүгінде орыс
жұртының қатысы шамалы. Үрей бойларын,
сана-сезімдерін билеп алған ата, аға ұрпақ орыс-
шадан кетсе, суға кетердей безектейді. Сөйтіп,
безектеп балаларын орысша оқытып-тәрбиеледі,
келесі сатыда оның балалары өз балаларын
(атаның немерелерін) сол дәстүрмен оқытып
тәрбиелеуде. Және олар айтады: «Міне, көріп
отырсыңдар ғой, қазақ тілін білмей-ақ министр
болдым, әкім болдым, академик болдым, бизнес-
мен болдым». Иә, болды, толды. Олар: «Қазақ
тілінің айтарлықтай қажеттілігін аңғармадық»,
– деседі. Шындық. «Қазақ тілінсіз-ақ үйленіп, үй
болып, болып-толып отырмыз. Қазақстан шега-
расынан аттасақ болды, қазақ тілі ешкімге керегі
жоқ», – дейді тағы да олар. Бұларды қостап,
тіптен шетке шықпай-ақ: «Қазақстанда қазақ
тілінің қажетін сезініп жүргеніміз жоқ», – деп
те келте қайыратындар жеткілікті. Рас. Барлық
жерде орысша. Жағдай солай! Қазақ тілінсіз-ақ
той-тойлап жүрген жайымыз бар.
* * *
Тәуелсіздікке жиырма бес жыл толды, ұлық
мейрамды тойлауға кірісіп кеттік. Тәуелсіздік
деген – ұлттық идея. Бірақ тіл тәуелсіздігі ту-
ралы сөз айту қиын. Қазақ тілінің халі осыдан
жиыр ма жыл бұрынғы қалпынан өзгерген жоқ,
қайта біршама төмендеп кеткенге ұқсайды.
Бүгінде ресми кеңселерде, бас қосуларда тілге
қатысты бір дерт пайда болды. Ол – қазақ тілін
«аяушылық», «мүсіркеушілік» дерті. Оның
мәнісін айтып берейін. Шенеунік сөзінің бес-алты
жолын қазақша бастайды да әрі қарай орысшаға
түсіп, «рақаттанып» сала береді-ау дейсің.
Соңында қазақ тіліне тағы «аяушылық» дерті
ұстап, тағы да бір-екі сөз қазақша айтқан бола-
ды. Сөйтіп, тіліміз ана тілі емес, «мазақ тіліне»
айналуда. «Мұнымыз ұят емес па екен?» деп ой-
ланып жатқан ешкім жоқ. Себебі «сөзімді бәрі
түсініп алсын» дейді. Бұл да рас. Жиналғандар
оның қазақша екі-үш ауыз сөзін емес,
«жорғалап» кететін орысшасын тосып отырады.
Бұдан қандай қорытынды шығаруға болмақ.
Ағайындардың бір парасы қазақ тілінсіз қазақ
болу ниетінде.
* * *
Иә, байқаймын, жұрттың бір парасы ана
тілінсіз-ақ қазақ болғысы келеді. Ол қалай
болмақ? Солай болар да еді, егер француздар
француз тілінен бас тартса, немістер неміс тілінен
бас тартса, жапондар: «Жапон тілінсіз-ақ өмір
сүреміз», – десе, түріктер: «Түрік тілінсіз ел бола-
мыз», – десе немесе үнемі үлгі тұтатын көршіміз
орыс халқы орыс тілінен бас тартып, «ғылым
тілі» деп ағылшынға өтсе. Жоғарыда айтылған
халықтардың ондай ойлары мүлдем жоқ.
Ана тілінсіз орыс болуға орыс халқы көне
ме? Жоқ. Қазіргі Ресейде тіл саясаты жанып
тұр. «Орыс тілінің Ресейде ғана емес, Укра-
инада, Қазақстанда т.б. елдердегі халі қалай,
оны біз қадағалауымыз қажет!» деп ашықтан-
ашық жар салуда. Ал біз қазақ тілінсіз қазақ
болғымыз келеді, мұны қалай түсінуге болады?
Мемлекеттік тіл мәселесін шешіп алмай, енді
ағылшын тілін үйрену керек екен. Ағылшын
тілін меңгеруге ешкімнің қарсылығы жоқ. Қажет
болса, кім болсын меңгеріп алады, даяшыға,
шоферге қажеттісі – 200 сөз. Үш мыңдай сөз
білген жан сайрап-ақ кетеді. Оның не қиындығы
бар? Тілдегі демократия – сол: кім қандай тілді
білгісі келсе, қазіргі жағдайда оны білудің еш
қиындығы жоқ. Мәселе – мемлекеттік тілді
Қазақстан азаматтарының бәрі тегіс білуінде.
Қазақстан Республикасы азаматы сың ба,
мемлекеттік тілді білу – азаматтық борышың!
Мәселе неге талқыға түсуі керек? Орыс тілін
білудің бұрынғы замандағыдай қажеті шамалы.
Бүгінде орыс тілі ағылшын тілімен бәсекеге түсті.
Мұндай жағдайлар әр заманда болған. Бір кезде
Рим империясы аса қуатты болғанда латын енді,
одан Еуразия өңірінде қыпшақ тілі, Араб хали-
фаты қуатына енгенде әлем араб тілінде сөйлей
бастады. Еуропа ғалымдары Р.Бэкон (1214-1294)
сияқтылар араб тілін әбден меңгерді, Черны-
шевский, Жуковский сияқты орыс зиялылары
араб тілін жетік білген. Кеңес империясы кезінде
орыс тілі негізгі тіл болды, енді ол бұрынғы
қызметін әлсіретті, бұл – табиғи жағдай. Ресейдің
әсіреұлтшылдарының: «Қай елде (посткеңестік)
орыс тілінің саяси, қоғамдық қызметтері
әлсіреді?» – деп, шу шығарып, сол елдерге көз
аларта бастауы – ескі империялық түсінік.
Әр заманның өз санасы бар, онымен санасу ке-
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
Ғарифолла ЕСІМ,
академик, жазушы
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
78
79
рек. «Қазақстандықтар үш тіл білуі керек» де-
генде саны миллиардтан асқан Қытай елінің
тілін, еуропалық деңгейге көтерілген ағайын
түрік тілін, әлемдік экономикалық дағдарыстың
бір құлағында ойнап отырған араб елдерінің
тілін қайда қоясың? Және бұған қоса айта-
рым ислам діні, тілі, теологиясы қазақ дала-
сына әбден сіңген, олай болса, «Құран» түскен
тілді неге оқып үйренбеске? Мұның бәрін бы-
лай қойғанда, кейінгі кезде қарқынды түрде
өріс алып келе жатқан Латын Америкасының
тілі – испан тілі де қажет. Еуропа елдеріне,
әсіресе Францияға бар сақ, ағылшын тілін
құптамайтын психология ның күннен-күнге
күшейіп бара жатқанын аңғара сың. Тіл ту-
ралы Германияда сондай үрдіс жүруде.
Бүгінде тілдер бәсекесі қауырт жағдайда.
Сондықтан тіл мәселесінде бәрін ағылшын
тіліне тіреп қою дұрыс болар ма екен?!
Ақпараттық технология жетілген сайын тілден
тілге ақпарат аудару кәдімгі іске айналуда.
Бізге ақпараттық технологияны жетілдіріп,
бір ағылшын емес, көп тілден ақпарат алуды
дәстүрге айналдыруымыз – заман талабы.
* * *
Жарар, ірі халықтар – неміс, ағылшын, орыс
сияқты халықтар мұндай дертке түспеген,
керісін ше, өз тілдерін «мемлекеттің басты
құндылығы» деп бағалап, азаматтық берудегі ба-
сты талап етіп, тілдерін меңгеруді қойған. Ал өз
ағайынымызға келсек: өзбектер өзбек тілінен, та-
тарлар татар тілінен, әзірбайжандар әзірбайжан
тілдерінен, біз сияқты бас тартып: «Ана тілінсіз
өзбек, татар, әзірбайжан боламыз!» – деп отыр ма?
Сан жағынан үшеуін қосқанда, қазақ халқына
жетпейтін Балтық жағалауында елдер: эстон-
дықтар, литвалықтар, латвиялықтар өздерінің
ана тілдерінен бас тартып отыр ма? – Жоқ. Тіл
мәселе сінде олардың тұғыры берік. Сонда бізге
не болған? Бұл болғанның себебі бар. Қазақ халқы
үш жүз жылға жақын Ресей бодандығында бо-
лып келеді. Патша саясаты қазақтың тұтастығын
жоюды көздеп, осы мақсатта қазақ елін губер-
нияларға, уездерге бөлшектеді, «орыстандыру»
саясатын жүргізді. Ильминский Николай Ивано-
вич (1822-1891): «Қырғыз-қайсақтарды орыстан-
дыру үшін діні мен тілін өзгерту қажет», – деп,
өзінше отаршылдық идеологияға негізделген
«педагогикалық жүйе» қолданған. Осы мақсатқа
лайық сая сат ғасырлар бойы жүргізіліп, нәти-
желерін берді. Кеңес заманында осы саясат
жаңа қарқынға өтті. Ислам діні жойылды (ол
ел есінде дәстүр ретінде ғана сақталды), қазақ
тілі қосымша тілге, анығын айтқанда, «ауылдық
деңгейдегі тіл» мәртебесіне ие болды. Бұл сая-
сат та нәтиже берді. Қазақ тілін біл мейтін, тіптен
білгісі келмейтін, ниеттері өзгерген қазақтар
өсіп шықты. Бұлардың саны біршама, оларды
ендігі жерде немерелері түзетпесе, басқа қайран
жоқ. Олар қазақ тілінсіз өмір сүре береді, оларға
Абай, Махамбеттердің, қазақ тарихының қажеті
шамалы.
Ең бастысы – бұлар қазақ тілін: «Ауыл-
шаруашылығының (малшаруа шылығы) тілі, де-
мек, ғылымға қатысы жоқ», – десуде. Мұндай
мәнсіз түсінікке тоқталудың қажеті шамалы,
бірақ соны айтып жүрген, өзге этнос өкілдерінің
аузына сөз салып жүргендер – өздерін «қазақпыз»
деп санайтындар, оқыған қаратаяқтар, профес-
сорлар, академиктер, қаламгерлер (орыстілді
бәрі емес, ішінара), сондықтан жұрт бұл сөзге
құлақ түріп қалған. Астана қаласында орыс
тілді мектептерде қазақ балаларының білім
алып, тәрбиеленуі – осы психологиялық халдің
көрінісі.
* * *
Ойланайық: тілсіз халық бола ма? Мен
халықтың ана тіліне қатысты айтып отыр-
мын. Жұрттың бір парасы ана тіліне жат-
бауыр психологияға ұшыраған. Ана тілді
қажетсінбейді, өзге елдің тілдерін меңгеріп ала-
ды. Ондайларға не уәж айтуға болады? Айтсаң
да тыңдамайды, тыңдағысы да келмейді. Мұндай
жағдайға қайғырудың реті бар ма? – Жоқ. Де-
мократия, адам құқығы жағынан әркімнің өз
шаруасы, бірақ қоғамдық қатынастарда бұл
мәселеден коллизиялар туындайтыны анық. Тіл
деген – ұлтшылдықтың өзегі, сондықтан қазақ
қауымында тіл мәселесі саяси дертке айналуда.
Сақтық қажет. «Тәуелсіздік құрдастары» деп ата-
латын жас ұрпақ – жасы 20 мен 30 аралығындағы
жастар. Олар қоғамға «дін толқынын» әкелді,
енді «тіл толқынын» әкелсе, не болмақ. Бұл – ел
бірлігіне сын. Сондықтан өркениеттік, құқықтық
шешімдер іздеу қажет.
* * *
Ұлттық экономика министрлігі статистика
комитетінің хабарлауынша, Қазақстан халқының
саны мамыр айының басында (2016 ж.) 17 мил-
лион 733,1 мыңға жеткен. «Енді жылма-жыл
250 мыңға көбейтіп отырса, 2025 жылы-ақ 20
миллионға жетіп қалармыз» деген сәулелі үміт
бар. Егер Құдай қалап, осы өсім сақталса, қазақ
халқының үлесі артып, саны 15 миллионға жетпек.
Бұл – қазақтардың бұрын болып көрмеген жағ-
дайы. Шетелдік бауырларды қоссақ, 20 мил-
лионға жақындауымыз ықтимал. Мұндай
жағ дайда тіл ғана емес, көп жағдайымыз са-
палы өзгерістерге түседі. Халықтың дарынды,
талаптыларының үлесі өсіп, ел еңсесі көтеріліп,
тың брендттер орын алмақ.
* * *
Тіл сол тілде сөйлейтін елдегі үлес сал мағына
тікелей қатысты. Амангелді Айталы осы мәселеге
мынандай деректер келтірген: 1887 жылы Ресей
им перия сы санақ жүргізгенде (Түркістан өлке-
сін есепке алмағанда) қазақтар 71,9 пайыз, оры-
стар 10,5 пайыз болған. Ал 1913 жылы Ахмет
Байтұрсынұлы: «Елімізде 6 миллион қазақ бар»,
– деп еді. 1959 жылға дейін Ахмет Байтұрсынұлы
атап көрсеткен қазақтардың саны кеми берді:
1920ж. – 58,5 %, 1939 ж. – 37,8, 1950ж. – 30% 1950
жылдары қазақ саны 3 миллионға жетер-жетпес
халде болды. Отыз жеті жылда (өсімді былай
қойғанда) қазақ халқы 3 миллионға кеміді. Не бол-
ды? Айтып тауыспас сұмдықтың бәрі болды. Бұл
– қызыл империяның (коммунистердің) геноциді.
1970 жылдан бастап аз-аздап елімізде қазақ-
тардың үлесі (өсімі) біліне бастады. 1970ж. –
32,6%, 1979ж. – 36,8%, 1989ж. – 40%, 1999ж. – 53,4%,
2009 – 63,7%, 2013ж. – 65%.
Қазақстан Республикасында 11 миллионнан
астам қазақ бар, бірақ тіл мәселесіне келсек,
мәселе басқаша. 2009 жылғы санаққа сүйенсек,
«95,4% қазақ еркін оқиды, 63,2% еркін жазады»
деген статистика шындықтан алыс. Анығын білу
– қиын іс. Білетінім: қазақ тілінсіз қазақ болып
жүргендер пайызы айтарлықтай. Тілсіз қазақтар
легі азаяр емес. Қазақтарға бөгде тіл ана тілінің
орнын басып бара жатқаны қауіпті.
* * *
Иә делік, қазақ тілінсіз қазақ бола қоялық.
Сонда бізді кім құшағына алмақ? Кім болмақпыз?
Жеке адамдар маргинал болып жатыр, ол –
бар үдеріс, ал халықтың маргинал болғанын
кім көрген? Ассимиляцияға сан жағынан
қазақтардан әлдеқайда аз Эстония (1,325 мил-
лион), Латвия (2,013 миллион), Литва (2,956
миллион) елдері түспегенде, бізге не болды?
Жұрттың алдына түсіп, не көрінді? Ана тілінен
ада болуды қазақ: «Өз қағынан жеріген», – дейді.
Оны ғылымда «ұлттық нигилизм» деп те атауда.
Мәселе, тіптен атауда ғана емес. Сөз ана тілінен
безінген қазақтар туралы.
* * *
Қазақстан жағдайында қазақ басылымда-
рын, кітаптарын т.б. оқымаған қазақтар және
қазақстандықтарды «сауатты жандар» деп айту
қиын. Қазақтық туралы ғылыми еңбекті негі-
зінен қазақ басылымдары айтып, жазуда. Өзге
тілдегілерде: алгоритм басқа, үндестік өзге,
түсіну таяз, халықты жете білуге ынта саяз. Бұл –
орыс тілінде ғана сөйлеп- жазатындарға қатысты
айтылған уәждер.
* * *
Мен орыс, қазақ тілдерін қатар меңгерген
қазақпын. Көптеген әріптестерім, замандаста-
рым неге бір-ақ тілде, орыс тілінде ғана сөйлейді,
тыңдайды, оқиды, білім алады, білім және тәрбие
береді? Неге? Олар екі тілді қатар меңгермеген
осындай жағдайда, қайдағы үштілділік?!
* * *
Орыс тіліне келсек, ол тілде өктемдік бар.
Түсінікті. Кезінде Ресей империясының тілі
болды. Оқыдық, үйрендік. Ауылдағы Абайдың
өзі Александр Пушкин мен Михаил Лермонтов
шығармаларын аударды. Ол рухани қажеттілік
және қазақ поэзиясының өрлеуі болды. Абай
қара сөзінде: «Орыс тілін үйренсек дүние арзанға
түседі», – деді. Бірақ оның «орысша оқыған
адамдардан кісілікті адамдар шықпай жүр»
дегені бар емес пе? Орыс тілі Кеңес империя-
сының, оның идеологиясы ның тілі, саясат тілі
болды. Оқыдық, үйрендік, білім алдық, пай-
дасын көрдік. Қазір жағдай басқа. Егемендік
бар. Ендігі жерде тіл мәселесінде өктемдіктің
қажеті жоқ. Өзге тілді меңгеру үшін, алдымен,
қазақ болып алайық, өз ана тілімізді аялап,
құрметтеп, төрге шығарып, мәртебесін өсіріп,
құндылықтар жүйесіндегі орнын анықтап,
өткен ата-бабаларымызбен сұхбат жасай ала-
тындай етіп (олар ағылшын, орыс тілін білмей
өтті емес пе?), ұрпақтарға қазына, мұра бола-
тындай дәрежеге көтеру мәселесі күн тәртібінде.
Мұндай жағдайдан жалғыз біз ғана емес, өзге
халықтар да өтіп келеді, әуелі ана тілінде білім
алып барып, көптілділікке өткен жөн. Ол үшін
(біз көптен бері айтып жүрген ұсыныс) бір ел,
бір мектеп бағдарламасына өту қажет. Орта мек-
теп стандарты бір болса, бүгінгідей орыс, ұйғыр,
татар мектептеріне бөлінбей, 1-4-сыныпқа дейін-
гі барша этностың балалары мемлекеттік тіл де
ғана білім алып, тәрбиеленсе, еліміздегі «орыс-
тілділер» және «қазақтілділер» деген мә селе түп-
кілікті шешілер еді. Осы мәселені менің көтер-
геніме он жылдан аса уақыт өтті. Бастауыш сы-
ныптарынан кейін көптілділікті мамандармен
ақылдасып жүргізсе, құба-құп. «Мен білемге»
са лыну жақсылыққа бастамайды, жұртпен ке-
ңес кен жөн. Тіл болашағын талқылауға түс-
кен азаматтар дұрыс айтып жатыр: «Физи ка,
химия, биология т.б. жаратылыстану пән де-
рін ағылшын тілінде оқыту қазақ тілінің қол-
даныс аясын тарылту» деген сөз – шындық.
Тіл – терең тамырлы құбылыс, ол – халықтың
тари хи рухани қазынасы, дүниетанымдық субстан-
циясы.
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
80
81
ﺎﺗﺍ ﻥﺎﻘﺘﯩﻗﻭ ﻩﺪﻨﯩﺑﻪﺘﻛﻪﻣ ﺲﯨﺭﻭ ﻦﯩﺳﻻﺎﺑ
-
ﯔﯩﻨﯩﮕﯩﻠﯩﺸﭘﻮﻛ ﯔﯩﻧﻻﺎﺑ ﻥﻪﮕﻧﻪﻟﻪﻴﺑﺭﺎﺗ ،ﭗﯩﻗﻭ ﻩﺪﻨﯩﺑﻪﺘﻛﻪﻣ ﺲﯨﺭﻭ ،ﯔﯩﻧﺎﻧﺍ
)
ﺱﻪﻣﻩ ﻯﺭﺎﺑء
(
ﺱﻪﻣﻩ ﻖﯩﻟﻮﺗ ﻰﻤﯩﻋﯗ ﻰﻟﺍﺭﯟﺗ ﻰﻠﯩﺗء ﺎﻧﺍ
.
ﻩﺩﻪﺒﻳﺮﯩﺟﺎﺗ ﻝﯘﺑ
ﻱﺍﺪﻋﺎﺟ ﻥﻪﮕﻧﻩﺪﻟﻪﻟﺍﺩ
:
ﻰﻋﺎﻌﻳﺍ ﯔﯩﻧﻭ
–
ﻩﺪﻨﯩﮔﯘﺑ
ﯔﯨﺩﺭﺎﺘﺴﯩﻟﺎﻨﻴﺟ ﻰﮔﻩﺪﻳﻪﮕﯕﻩﺩ ﻰﻋﺭﺎﻋﻮﺟ
ﻯﯟﺗﻭء ﻩﺪﻨﯩﻠﯩﺗ ﺲﯨﺭﻭ
.
ﺍﺪﻨﯩﺴﯨﺮﯩﺗﻭ ﻰﺸﻨﯩﻛﻩ ﯔﯩﻨﯩﺳﺎﻴﺴﺴﻴﻣﻮﻛ ﺭﻪﺟ ،ﻰﻟﺎﺴﯩﻣ
75
ﯔﯩﻨﻣﺍﺩﺍ
67
-
ﺍﺪﻧﺎﻋﺮﯩﺗﻭ ﺭﺎﺘﻗﺍﺯﺎﻗ ﻰﺳء
78
ﻰﻋﺎﺘﺳﺎﺟ
»
ﻝﺎﻗﺎﺴﻗﺍ
«
:
»
ﻙﻩﺭﻪﻛ ﯞﻪﻠﻳﻮﺳ ﺎﺸﺴﯨﺭﻭ
!
«
–
ﻯﺪﻟﺎﺳ ﺭﺎﺟ ﭖﻩﺩ
.
ﻝﯘﺑ
ﻦﯨﺯﻮﺳء
»
ﺕﺎﻳﯗ
«
ﻥﺎﻋﺮﯩﺗﻭ ﭖﻩﺩ
»
ﺰﯩﻤﯩﻟﺎﻗﺎﺴﻗﺍ
«
ﻕﻮﺟ
.
ﻥﺎﻋﺎﻧﺎﺳ ﺎﻘﺴﯨﺭﯗﺩ ﻦﯨﺮﯩﻜﯩﭘ ﺯﻭء
.
ﯨﺩﺰﯩﺑء ،ﻪﻨﯩﻣ
ﻪﻨﯩﺳﻪﻟﻪﺳﺎﻣ ﻞﯩﺗء ﯔ
ﺰﯩﻤﯨﺭﻪﺟ ﻥﻪﻜﺗﻪﺟ
.
ﻝﻭ
»
ﯔﯨﺪﻟﺎﻗﺎﺴﻗﺍ
«
ﺍﺪﻨﯩﻧﯘﻣﺯﺎﻣ ﯔﯩﺘﺴﯩﻟﺎﻨﻴﺟ ﻪﻟﻪﺳﺎﻣ ،ﺱﻪﻣﻩ ﻩﺪﻠﯩﺗ ﻪﻟﻪﺳﺎﻣ ﻰﺟﺍﯞء
.
ﺍﺩ ﯘﺑ ﻢﯩﻜﻟﺎﺑ ،ﺎﻳء
؟ﻥﻪﻛﻩ ﺎﭘ ﺲﯨﺭﯗﺩ
!
ﻚﯩﻳﻩﺭﻮﻛ ﭗﯩﻧﻼﻳﻭ
.
***
ﺭﯘﺗ ﻱﺎﻤﻟﻮﺑ ﻦﯩﻜﻣﯘﻣ ﯟﺗﺭﻪﮔﺯﻭ ﻰﻧﻭ ﻪﻧﺎﺟ ﺭﺎﺑ ﻚﯩﻨﯩﺳﯘﺗ ﻱﺍﺪﻨﯩﺳﻭ
.
»
ﯘﺗ ﻩﺪﻠﯩﺗ ،ﻯﺪﻟﻮﺑ ﻕﺎﺴﻗﯗ ﻦﯩﻧﺎﻣء ﯔﯩﻧﻪﻟﻪﺳﺎﻣ
ﻥﺎﻋﺭ
؟ﻯﺮﯩﻳﺎﺗء ،ﺭﺎﺑ ﻪﻧ
!
«
–
ﺭﻩﺪﻧﻪﮕﻧﻪﻟﻪﻴﺑﺭﺎﺗ ،ﭗﯩﻗﻭ ﻩﺪﻠﯩﺗ ﻪﮔﺯﻭ ﻯﺪﻳﻩﺩ
.
ﻰﻟﺎﻣﺎﺷ ﻰﺴﯩﺗﺎﻗ ﯔﯩﻨﯩﺗﺭﯘﺟ ﺲﯨﺭﻭ ﻩﺪﻨﯩﮔﯘﺑ ﻪﮔﻪﻟﻪﺳﺎﻣ ﻝﯘﺑ
.
ﺎﻧﺎﺳ ،ﻦﯨﺭﻼﻳﻮﺑ ﻱﻩﺭﯗ
-
ﺎﻋﺍ ،ﺎﺗﺍ ﻥﺎﻌﻟﺍ ﭖﻪﻠﻴﺑ ﻦﯨﺭﻩﺪﻤﯨﺯﻪﺳ
ﻯﺪﻳﻪﺘﻛﻩﺯﻪﺑ ﻱﻩﺩﺭﻪﺗﻪﻛ ﺎﻋﯟﺳ ،ﻪﺴﺗﻪﻛ ﻥﺍﺩﺎﺸﺴﯨﺭﻭ ﻕﺎﭘﺭﯗ
.
ﭗﯩﺘﯩﻗﻭ ﺎﺸﺴﯨﺭﻭ ﻦﯨﺭﻻﻻﺎﺑ ﭖﻪﺘﻛﻩﺯﻪﺑ ،ﭗﯩﺘﻳﻮﺳء
-
ﻰﺳﻪﻟﻪﻛ ،ﻯﺩﻪﻟﻪﻴﺑﺭﺎﺗ
ﻦﯨﺭﻻﻻﺎﺑ ﺯﻭء ﻯﺭﻻﻻﺎﺑ ﯔﯩﻧﻭ ﺍﺪﯩﺗﺎﺳ
)
ﯔﯩﻧﺎﺗﺍ
ﻦﯨﺭﻪﻟﻩﺭﻪﻣﻪﻧ
(
ﻩﺩﯞﻪﻟﻪﻴﺑﺭﺎﺗ ﭗﯩﺘﯩﻗﻭ ﻥﻪﻣﺭﯘﺘﺳﺍﺩ ﻝﻮﺳ
.
ﻯﺩﺎﺘﻳﺍ ﺭﻻﻭ ﻪﻧﺎﺟ
:
»
،ﻪﻨﯩﻣ
ﻱﻪﻤﻠﯩﺑ ﻦﯩﻠﯩﺗء ﻕﺍﺯﺎﻗ ،ﻱﻮﻋ ﺭﺍﺪﯖﯩﺳﺮﯩﺗﻭ ﭗﯨﺭﻮﻛ
-
ﻥﻪﻤﺳﻪﻧﺰﻴﺑ ،ﻢﯨﺪﻟﻮﺑ ﻚﻴﻣﻩﺩﺎﻛﺍ ،ﻢﯨﺪﻟﻮﺑ ﻢﯩﻛﺍ ،ﻢﯨﺪﻟﻮﺑ ﺮﺘﺴﻴﻨﻴﻣ ﻕﺍ
ﻢﯨﺪﻟﻮﺑ
«
.
ﻯﺪﻟﻮﺗ ،ﻯﺪﻟﻮﺑ ،ﺎﻳء
.
ﺭﻻﻭ
:
»
ﺩﺎﻣﺭﺎﻌﯕﺍ ﻦﯩﮕﯩﻠﯩﺘﺗﻪﺟﺎﻗ ﻱﺎﺘﻘﯩﻟﺭﺎﺘﻳﺍ ﯔﯩﻨﯩﻠﯩﺗء ﻕﺍﺯﺎﻗ
ﻖﯨ
«
،
–
ﻯﺩﻪﺳﻩﺩ
.
ﻖﯨﺪﻨﯩﺷ
.
»
ﺰﯩﺴﻨﯩﻠﯩﺗء ﻕﺍﺯﺎﻗ
-
ﭗﯩﻟﻮﺑ ،ﭗﯩﻟﻮﺑ ﻱﯗء ،ﭗﯩﻧﻪﻠﻳﯗ ﻕﺍ
-
ﺰﯩﻣﺮﯩﺗﻭ ﭗﯩﻟﻮﺗ
.
ﻕﺍﺯﺎﻗ ،ﻯﺪﻟﻮﺑ ﻕﺎﺳﺎﺘﺗﺍ ﻥﺎﻨﯩﺳﺍﺭﺎﮔﻪﺷ ﻥﺎﺘﺴﻗﺍﺯﺎﻗ
ﻕﻮﺟ ﻰﮔﻩﺭﻪﻛ ﻪﮕﻤﯩﻜﺷﻩ ﻰﻠﯩﺗء
«
،
–
ﺭﻻﻭ ﺍﺩ ﻰﻋﺎﺗ ﻯﺪﻳﻩﺩ
.
ﻱﺎﭙﻘﯩﺷ ﻪﻜﺗﻪﺷ ﻥﻪﺘﭙﯩﺗ ،ﭖﺎﺘﺳﻮﻗ ﻯﺩﺭﻻﯘﺑ
-
ﻕﺍ
:
»
ﻕﺍﺯﺎﻗ ﺍﺪﻧﺎﺘﺴﻗﺍﺯﺎﻗ
ﻦﯩﺗﻪﺟﺎﻗ ﯔﯩﻨﯩﻠﯩﺗء
ﻕﻮﺟ ﺰﯩﻤﯩﻧﻪﮔﺭﯘﺟ ﭗﯩﻨﯨﺯﻪﺳ
«
،
–
ﻰﺘﻜﯩﻠﯩﻜﺗﻪﺟ ﺭﺍﺪﻨﯩﺗﺍﺮﯩﻳﺎﻗ ﻪﺘﻟﻪﻛ ﻪﺗ ﭖﻩﺩ
.
ﺱﺍﺭ
.
ﻩﺩﺭﻪﺟ ﻖﯩﻟﺭﺎﺑ
ﺎﺸﺴﯨﺭﻭ
.
ﻱﻻﻮﺳ ﻱﺍﺪﻋﺎﺟ
!
ﺰﯩﺴﻨﯩﻠﯩﺗء ﻕﺍﺯﺎﻗ
-
ﻱﻮﺗ ﻕﺍ
-
ﺭﺎﺑ ﺰﯩﻤﯩﻳﺎﺟ ﻥﻪﮔﺭﯘﺟ ﭖﻼﻳﻮﺗ
.
***
ﻚﯩﺘﺗﻪﻛ ﭗﯩﺴﯨﺮﯩﻛ ﺎﻋﯞﻼﻳﻮﺗ ﻯﺪﻣﺍﺮﻳﻪﻣ ﻖﯩﻟﯗ ،ﻯﺪﻟﻮﺗ ﻞﯩﺟ ﺱﻪﺑ ﺎﻣﺮﯩﻴﺟ ﻪﻜﻜﯨﺩﺰﯩﺴﻟﻩﯞﺎﺗ
.
ﻥﻪﮔﻩﺩ ﻚﯨﺩﺰﯩﺴﻟﻩﯞﺎﺗ
–
ﺎﻳﻩﺪﻳ ﻖﯩﺘﺘﻟﯗ
.
ﻦﯩﻴﻗ ﯟﺘﻳﺍ ﺯﻮﺳء ﻰﻟﺍﺭﯟﺗ ﻰﮕﯨﺩﺰﯩﺴﻟﻩﯞﺎﺗ ﻞﯩﺗء ﻕﺍﺮﯩﺑء
.
ﻰﻌﻨﯨﺭﯘﺑ ﻞﯩﺟ ﺎﻣﺮﯩﻴﺟ ﻥﺍﺪﯩﺳﻭ ﻰﻟﺎﺣء ﯔﯩﻨﯩﻠﯩﺗء ﻕﺍﺯﺎﻗ
ﻯﺪﻳﺎﺴﻗﯗ ﻪﮕﻧﻪﻜﺗﻪﻛ ﭖﻩﺪﻧﻪﻣﻮﺗ ﺎﻣﺎﺷﺮﯩﺑء ﺎﺘﻳﺎﻗ ،ﻕﻮﺟ ﻥﻪﮔﺭﻪﮔﺯﻭ ﻥﺎﻨﯩﭙﻟﺎﻗ
.
ﻯﺪﻟﻮﺑ ﺍﺪﻳﺎﭘ ﺕﺭﻩﺩ ﺮﯩﺑء ﻰﺘﺴﯩﺗﺎﻗ ﻪﮕﻠﯩﺗ ﺍﺩﺭﻻﯟﺳﻮﻘﺳﺎﺑ ،ﻩﺩﺭﻪﻟﻪﺴﯕﻪﻛ ﻲﻤﺳﻩﺭ ﻩﺪﻨﯩﮔﯘﺑ
.
ﻝﻭ
–
ﻦﯩﻠﯩﺗء ﻕﺍﺯﺎﻗ
»
ﻖﯩﻠﯩﺷﯞﺎﻳﺍ
«
،
»
ﻚﯩﻠﯩﺷﯞﻪﻛﺮﯩﺳﯘﻣ
«
ﻰﺗﺭﻩﺩ
.
ﻦﯩﻳﻩﺭﻪﺑ ﭗﯩﺘﻳﺍ ﻦﯩﺴﯩﻧﺎﻣء ﯔﯩﻧﻭ
.
ﯔﯩﻨﯨﺯﻮﺳء ﻚﯩﻧﯞﻪﻧﻪﺷ
ﺱﻪﺑ
-
ﻦﯩﻟﻮﺟ ﻰﺘﻟﺍ
،ﭗﯩﺳﯘﺗء ﺎﻋﺎﺸﺴﯨﺭﻭ ﻱﺍﺭﺎﻗ ﻯﺭﺍء ﺍﺩ ﻯﺪﻳﺎﺘﺳﺎﺑ ﺎﺸﻗﺍﺯﺎﻗ
»
ﭗﯩﻧﺎﺘﺗﺎﻗﺍﺭ
«
ﻯﺩﻩﺭﻪﺑ ﻻﺎﺳ
-
ﯔﯩﺴﻳﻩﺩ ﯞﺍ
.
ﻰﻋﺎﺗ ﻪﻨﯩﻠﯩﺗ ﻕﺍﺯﺎﻗ ﺍﺪﻨﯩﯕﻮﺳ
»
ﻖﯩﻠﯩﺷﯞﺎﻳﺍ
«
ﻰﻋﺎﺗ ،ﭖﺎﺘﺳﯗ ﻰﺗﺭﻩﺩ
ﺮﯩﺑ ﺍﺩ
-
ﻯﺩﻻﻮﺑ ﻥﺎﻘﺘﻳﺍ ﺎﺸﻗﺍﺯﺎﻗ ﺯﻮﺳء ﻰﻛﻩ
.
،ﺱﻪﻣﻩ ﻰﻠﯩﺗء ﺎﻧﺍ ﺰﯩﻤﯩﻠﯩﺗء ،ﭗﯩﺘﻳﻮﺳء
»
ﻕﺍﺯﺎﻣ
ﻪﻨﯩﻠﯩﺗ
«
ﺍﺩﯟﻟﺎﻨﻳﺍ
.
»
؟ﻥﻪﻛﻩ ﺎﭘ ﺱﻪﻣﻩ ﺕﺎﻳﯗ ﺰﯩﻤﯩﻧﯘﻣ
«
ﻕﻮﺟ ﻢﯩﻜﺷﻩ ﻥﺎﻘﺗﺎﺟ ﭗﯩﻧﻼﻳﻭ ﭖﻩﺩ
.
ﻰﺑﻪﺑﻪﺳ
»
ﻯﺭﺎﺑء ﻯﺪﻤﯨﺯﻮﺳء
ﻦﯩﺴﻟﺍ ﭗﯩﻨﯩﺳﯘﺗء
«
ﻯﺪﻳﻩﺩ
.
ﺱﺍﺭ ﺍﺩ ﻝﯘﺑ
.
ﻰﻛﻩ ﺎﺸﻗﺍﺯﺎﻗ ﯔﯩﻧﻭ ﺭﺍﺪﻧﺎﻌﻟﺎﻨﻴﺟ
-
ﺯﻮﺳء ﺰﯨﯞﺍ ﺵﯗ
،ﺱﻪﻣﻩ ﻦﯨ
»
ﭖﻻﺎﻋﺭﻮﺟ
«
ﻦﯩﺗﻪﺗﻪﻛ
ﻯﺩﺍﺮﯩﺗﻭ ﭗﯩﺳﻮﺗ ﻦﯩﺳﺎﺸﺴﯨﺭﻭ
.
ﻕﺎﻤﻟﻮﺑ ﺎﻋﯞﺭﺎﻌﯩﺷ ﻯﺪﻨﯩﺘﯨﺭﻮﻗ ﻱﺍﺪﻧﺎﻗ ﻥﺍﺩﯘﺑ
.
ﻕﺍﺯﺎﻗ ﻰﺳﺍﺭﺎﭘ ﺮﯩﺑء ﯔﯨﺩﺭﺍﺪﻨﯩﻳﺎﻋﺍ
ﻩﺪﻨﯩﺗﻪﻴﻧ ﯟﻟﻮﺑ ﻕﺍﺯﺎﻗ ﺰﯩﺴﻨﯩﻠﯩﺗء
.
***
ﺰﯩﺴﻨﯩﻠﯩﺗء ﺎﻧﺍ ﻰﺳﺍﺭﺎﭘ ﺮﯩﺑء ﯔﯩﺘﺗﺭﯘﺟ ،ﻦﯩﻤﻳﺎﻘﻳﺎﺑ ،ﺎﻳء
-
ﻯﺩﻪﻟﻪﻛ ﻰﺴﯩﻌﻟﻮﺑ ﻕﺍﺯﺎﻗ ﻕﺍ
.
ﺍﺩ ﺭﻻﻮﺑ ﻱﻻﻮﺳ ؟ﻕﺎﻤﻟﻮﺑ ﻱﻻﺎﻗ ﻝﻭ
ﺭﺍﺪﻧﻮﭘﺎﺟ ،ﺎﺴﺗﺭﺎﺗ ﺱﺎﺑ ﻥﻪﻨﯩﻠﯩﺗ ﺲﯩﻣﻪﻧ ﺭﻪﺘﺴﯩﻣﻪﻧ ،ﺎﺴﺗﺭﺎﺗ ﺱﺎﺑ ﻥﻪﻨﯩﻠﯩﺗ ﺯﯟﺴﺘﻧﺍﺮﻓ ﺭﺍﺩﺯﯟﺴﺘﻧﺍﺮﻓ ﺭﻪﮔﻩ ،ﻯﺩﻩ
:
»
ﻥﻮﭘﺎﺟ
ﺰﯩﺴﻨﯩﻠﯩﺗء
-
ﺰﯩﻣﻩﺭﯘﺳ ﺮﯩﻣﻭء ﻕﺍ
«
،
–
ﻪﺘﻜﯨﺭﯘﺗ ،ﻪﺳﻩﺩ
ﺭ
:
»
ﺰﯩﻣﻻﻮﺑ ﻝﻩ ﺰﯩﺴﻨﯩﻠﯩﺗء ﻚﯨﺭﯘﺗ
«
،
–
ﻰﮕﻟﯗ ﻰﻣﻪﻧﯗ ﻪﺳﻪﻣﻪﻧ ﻪﺳﻩﺩ
،ﭗﯩﺗﺭﺎﺗ ﺱﺎﺑ ﻥﻪﻨﯩﻠﯩﺗ ﺲﯨﺭﻭ ﻰﻘﻟﺎﺣ ﺲﯨﺭﻭ ﺰﯩﻤﯩﺷﺭﻮﻛ ﻦﯩﺗﺎﺗﯘﺗ
»
ﻰﻠﯩﺗء ﻢﯩﻠﯩﻋ
«
ﻪﺴﺗﻭ ﺎﻌﻨﯩﺸﻠﯩﻋﺍ ﭖﻩﺩ
.
ﻥﺎﻌﻠﯩﺘﻳﺍ ﺍﺪﯨﺭﺎﻋﻮﺟ
ﻕﻮﺟ ﻡﻩﺪﻟﯘﻣ ﻯﺭﻼﻳﻭ ﻱﺍﺪﻧﻭ ﯔﯨﺩﺭﺎﺘﻘﯩﻟﺎﺣ
.
ﻞﯩﺗء
Достарыңызбен бөлісу: |