Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсыноватындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет28/75
Дата21.02.2017
өлшемі39,72 Mb.
#4618
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
146
отырды. 
 
Бұл  да  халықтың  тұрмыс  деңгейін  жақсартуға  бағытталып  жатқан  обьективті  шаралармен 
субьективті  үндестік  құрады.  Сондықтан  да,  халық  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып,  күн  көріс 
жағдайларын түзеуге ұмтылды және бұл үдеріс, кейде жағымсыз сипатта құрылып кеткенмен,  бүгінгі 
күнге  дейін  жалғасын  табуда.  Бұл  психологиялық  құбылыс,  жағымды  қырына  алғанда,  белсенділік 
болып  табылады.  Осы  құбылысты  жіті  байқаған  ғалымдарымыз  2000  жылдардан  бастап,  әлеуметтік 
белсенділік, саясатқа, одан экономикалық белсенділікке қарай ауысу үрдісі, әсіресе, жастар арасында 
байқала бастағандығын атап өтеді[4,25б.]. 
 
4.  Рухани  арнаға  кешірек  көңіл  бөлу. Тәуелсіздік  алған  жылдары  мемлекеттік    саясат  тек  қана 
экономиканы  өркндетуге  басымдық  берді.  Руханияттық  сала  тасада  қалды.  Осыған  орай,  еліміздің 
зиялы  қауымы  арасында  қобалжулар  туғандығы  да  жасырын  емес.  Ол  себебі,  біріншіден,  халықтың 
сұранысына  байланысты  құрылды,  яғни,  «сананы  болмыс  билейді»  деген  қағидаға  орай,  тұрмыс 
деңгейі төмен адамдардың өздері де руханилыққа, өнерге, ғылымға т.б. ұмтыла бермейтіндігі түсінікті 
жайт.  Екіншіден,  руханилық  салаға  бөлінбеген  көңіл,  экономикалық  арнада,  демек,  материалдық 
жағдайларын  жақсартуға  жұмсалып  отырылды.    Бұл  да  халықтың  тұрмыс  деңгейін  көтеруге 
ұмтылыстың  психологиялық-саяси  тетіктерінің  бірі  еді.  Келесі  бір  қырынан  алғанда,  мемлекеттің 
рухани саланы дамтыуға «мұршасы» да болған жоқ деп айтуымызға болады.
 
Сонымен  қатар,  халықтың  тұрмыс  жағдайын  көтермелеу,  нақты  айтқанда, мынадай  нәтижелер 
арқылы көз жеткізілді:
 
а) әлеуметтанудағы қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация туралы пі-
кірлердің  айтарлықтай  өзгеруі.  Мысалы,  бұрынғы  жоғары  тап  деңгейіндегі  өлшемдердің  орта  тапқа 
өтуі, ал жоғары тап деңгейінің жағдайларының көтермеленуі, кедей таптардың азаюы т.б. атап өтуіміз-
ге болады.
 
ә)  медицина  саласындағы  жетістіктер,  қазақстандық  денсаулық  сақтаудың  артуы.  100  мектеп 
пен  100  аурухана  бағдарламасының  нәтижесі  бойынша,  денсаулық  сақтаудың  артуы.  Трансплан-
тация, жасанды ұрықтандыру, өмір жасын ұзарту т.б. нақты іс-шаралардың атқарылуын айтуға бола-
ды.  Дегенмен,  бұл  салада  да,  бір  қырынан  алғанда  кемшіліктер  бар  деп  санайтын  көзқарастар  да 
кездеседі[5,20б.]. 
 
б)    халықтың  оптимистік  көңіл-күйінің  орнауы.  Бұл  –  Қазақстандық  азаматтардың  тұрмыс 
жағдайларын арттыруы үшін белсенді қызмет етті және өмірлік ұстанымдарын бағамдай түсуі арқылы 
анық байқалады. 
 
в)  Халықтың  көпшілігінің  орта  арнаулы  және  жоғары  білімге  қолжетімділігі.  Кеңес  үкіметі  және 
тәуелсіздік алған жылдары мектеп бітірушілердің шамамен тек 10-20 пайызы ғана жоғары білімге қол 
жеткізе алатын болса, ХХІ ғасырда шамамен 70-80 пайызы қол жеткізіп келеді десе де болады т.б.      
 
Міне  осындай  шаралар  арқылы,  бүгінгі  күнгі  тұрмыс  деңгейі  артып  келе  жатқан  халықтың 
климаты  қалыптасты.  Енді,  келесі  кезекте,  осы  тұрмыс  жағдайы,  бүгінгі  күні  өмір  сапасына  қарай 
ойысты десе де болады. Халықтың әл-ауқаты белгілі бір деңгейде көтеріле түсті және оны қоғамдық 
пікір де тәуелсіздік алған жылдармен салыстырып қарап мойындап отыр. 
 
Бұл  шындығында  да  осындай  жағдай  еді.  Мысалы:    «Еліміз  егемендік  алған  алғашқы 
жылдардағы  халықтың  тұрмыс  жағдайын  қазіргі  кезбен  салыстыруға  болмас.  Өйткені,  бұл  уақыттар 
әлі  де  болса  елдің  тұрмысы,  әл-ауқаты  арта  қоймаған  жылдар  еді.  Бұл  кезде  несие,  жинақтау  қоры 
деген  қаржылық  ұғымдар  халыққа  мүлдем  жат  болатын.  Қаржыгерлер  де  барлық  мемлекеттік, 
бюджеттік  саланың  қызметкерлері  секілді  мемлекет  тарапынан  көрсетілетін  қамқорлыққа  зәру  еді»,-
деген типтес көзқарастар арнасы[6] жалпыхалықтық сипат алды деуге де болады.
 
Халықтың  тұрмыс  жағдайының  артқандығын  статистикалық  мәліметтерден  алуымызға  болады 
және оларға сөзіміз дәлелді болу үшін азды-көпті сараптамалар жасап жасап өтуіміз қажет. 
 
Мысалы,  100  отбасына  шаққанда  халықтың  ұзақ  қолданылатын  заттармен  қамтамасыздығы 
етілуі бойынша берілген статистикалық мәліметтерге жүгінсек, оның ішінде теледидидарға ие болуды 
келтіре  кетсек,  1995  жылы  ол  116,  ал  1996  жылы  124,  сөйтіп,  2000  жылы  140-қа  жетсе,  кір  жуатын 
машиналар сәйкесінше,  97, 99, ал 2000 жылы 103-ке жектен. 
 
Халықтың  нақты  ақшалай  табыстары  2001  жылы  113,3  болса,  2006  жылы  117,5  пайыздық 
көрсеткішке  көтерілген.  Халықтың  ақшалай  шығыстары,  жылына  жан  басына  шаққанда  теңгенмен 
мынадай көрсеткіштерге көтерілген: 2001 жылы 4    918 теңге болса, 2002 жылы 5671 теңге жеткен, ал 
ол  көтеріле  келе,  2006  жылы  12602  теңге  болған.    2005  жылғы  номиналды  кіріспен  салыстырғанда, 
2011 жылы ол ай сайынғы жан басына шаққанда 42646 теңге болып, 2,7 есе өскен.  
 
Орта  есеппен  халықтың  жан  басына  шаққандағы  ең  төменгі  күнкөріс  деңгейі  теңгенмен:  2001 
жылы 5655 теңге, ал 2006 жылы 8410 теңге шамасына жеткен. 
 
Жалақының  ең  төменгі мөлшері  2001  жылы  3484  теңге  болса,  2002  жылы  4181  теңге,  ал  2003 
жылы 5 000 теңге, 2006 жылы 9 200 теңгеге көтерілген. 
 
Халықтың  10  000  адамына  шаққанда  жоғары  оқу  орындардағы  студенттердің  саны  2001  жылы 
347,  2002  жылы  402,  ал  2006  жылы  499  болған  екен.  Міне,  осындай  мысалдарды  статистикалық 
мәліметтер бойынша да көптеп келтіре беруге болады. 
 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
147
Келесі  кезекте,  2007  мен  2012  жылдар  аралығындағы  халықтың  тұрмыс  деңгейінің  көтеріл-
гендегі  туралы  ақпараттарға  орын  берсек;  халықтың  жан  басына  шаққандағы  тұтыну  шығындары: 
2007 жылы 418 теңге, 2008 жылы 502 теңге, ал 2011 жылы 13 329,9, 2012 жылы бұл көрсеткіш 15655, 
3-ке жеткен. 
 
Жалақының ең төменгі мөлшері 2007 жылы 9752 теңге, 2008 жылы 11270 теңге, ал 2012 жылы 
ол 17    439 теңге болған[11].   
 
«1995-2000 жж. арасында білімге бөлінген ақшаның екі есеге, 2001-2010 жылдары жеті еседен 
көп  ақша  бөлінгендігін  атап  өту  керек.  Салыстырмалы  түрде  қарағанда  соңғы  он  жылда  білімге 
бөлінген  қаржы  жалпы  ішкі  өнімнің  3-4  пайызын  құрайды.  Соңғы  он  жылда  оқытушылар  мен 
мұғалімдердің  жалақыларының  деңгейі  орта  есеппен  4  есеге  өсті»,-деп  көрсетілген  сараптамалық 
көзқарастар да [7,83б.] жалпы біздің көрсеткіштеріміз бен пікірлерімізді қуаттай түседі. 
 
  Біздің  мемлекеттік  саясат,  халықтың  тұрмыс  жағдайын  арттыру  бойынша  2000  жылдар 
шамасынан  бастап,  еңбек  қатынастарына  және  еліміздегі  кәсіпкерлікке  айтарлықтай  көңіл  бөлген 
болатын.    Мысалы,  Реформалар  жүргізілген  жылдар  ішінде  еңбек  қатынастарын  реттеуге  арналған 
актілер  заңды  түрде  бекітілді.  Ол  өнімді  еңбекпен  қамтуға  жәрдемдесуге,  азаматтардың  еңбек 
бостандығына  және  қауіпсіз  еңбек  жағдайларына    конституциялық  құқығын  қамтамсыз  етуге 
бағытталған. Қазіргі уақытта заң актілерінің тұтас пакеті қолданылуда, ол: 1996 жылы «Ұжымдық еңбек 
даулары  және  ереуілдер  туралы  заңнан  бастап»,  2000  жылы  «Қазақстан  Республикасындағы 
әлеуметтік әріптестік туралы заңы», 2013 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына» 
дейін ұласқан болатын. 
 
 Осы  заң  актілерін  қабылдаудың  нәтижесінде  еңбек  қатынастарын  бұрынғыдай  орталықтан 
басқарудың нормалары жойылды, еңбек қатынастарын шарттар арқылы реттеу кеңейтілді, әлеуметтік 
әріптестікті  дамытуға,  еңбек  қауіпсіздігін  және  еңбекті  қорғауды,  халықты  жұмыспен  қамтуды 
қамтамсыз  етуге  арналған  құқықтық  база  жасалды  да,  ол  өз  нәтижесінде  халықтың  өмір  сапасын 
арттыруға келіп тірелді. 
 
Сонымен  қатар  кәсіпкерлік  пен  шағын,  орта  бизнесті  дамыту  да  халықтың  тұрмыс  жағдайын 
артырудың бірден-бір кепілі болғандықтан, жоғарыды келтіріліген дүниежүзілік әр түрлі модельдердің 
түрлі нұсқаларын қалай пайдалану керек деген сауалдар туындаған болатын. 
 
Шындығында да, біздің еліміз де осы модельдердің қайсысын таңдау құқығына және еркіне ие. 
Дегенмен, оны қай кезде, қашан, қай жерде қолдану да өзіндік өзекті мәселелердің бірі. Мысалы, күні 
кешегі Елбасы Н. Назарбаевтың ұстанымында да, жеке кәсіпкерлік пен орта кәсіпкерлікті мемлекеттік 
тексерулерге уақытша мараторий жариялауы да, жоғарыда атап өткендей, Германияда қолданылған 
«Әлеуметтік  нарықтық  шаруашылық»  моделіне  келіп  сәйкестенеді.  Демек,  ол  өзінің  тиімділігі  мен 
ұтымдылығын,  пайдалалығы  мен  маңыздылығын  тәжірибеде  көрсететін  болса,  біз  үшін  тиімді  және 
қайталап өткізіп тұруға болатын модель болып саналады деген сөз. 
 
 Сондай-ақ, әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтуға бет бұру саясаты да, Еуропа елдеріндегі 
дағдарыстардан туған мемлекеттік бюджетті үнемдеуге алып келетін ұстаным болып табылады. Біздің 
еліміз  де,  бір  қарағанда  ол  халықтың  тұрмыс  деңгейін  төмендететін  шара  сияқты  болғанмен,  түптеп 
келгенде, мемлекет мүддесіне арналған саясат болатын. 
 
Ал банкттерді өсімсіз несие беру жүйесі мен ислам елдері банктік жүйесін біздің елемізге енгізу 
де, сол мемлекеттердегі несие жүйесіне негіздеген және бизнесті дамытудың барынша қолайлы тәсілі 
болып табылады. Осы орайда,  исламбанктерін біздің елімізге енгізу жүйесі қолға алынып отыр.  
 
Тұрғын үймен қамтамасыз етудің жалға берілетін түрлері, «Тұрғын үй жинақтаушы» қорларының 
құрылуы да шет елдік озық тәжірибелердің үлгісі болып табылады.
 
Қазақстандағы    болашақтағы    халықтың  тұрмыс  жағдайының  артуы  мен  өмір  сапасының 
көтерілуі туралы модельдер жасау, оны болжау, шындығында оңай іс емес және ол өмір шындығына 
сәйкес келмесе тіпті бос қиял болып қалатындығы да шындық. Осы орайда, біз алдымен, Елбасының  
жолдауына  және  болашақ  туралы  стратегияларына  шолу  жасап,  одан  соң,  алдағы  уақыттағы 
еліміздегі  халықтың  тұрмыс  жағдайына  тиімді  және  тиімсіз  ықпал  ететін  күштерге  талдаулар  жасап 
өтеміз. 
 
Еліміздегі  халықтың  тұрмыс  жағдайы  мен  өмір  сапасын  арттыру  бойынша  жүргізіліп  отырған 
саясат  және  онда  атқарылатын  нақты  іс-шаралар  биылғы,  2014  жылғы  Елбасының  халыққа  арнаған 
жолдауында  да  анық  көрініс  табады  және  ол  бұрынғы  жүргізіліп  отырған  әлеуметтік  саясаттың 
жалғасы ретінде сабақтасады. 
 
Себебі,  біріншіден,  Елбасы  Н.Назарбаев  еліміздегі  бұл  саясатты  жүргізуде  үнемі  белсенділік 
таныта отырып, оны әрі қарай жетілдіруді қолдайды және мемлекетіміздің жалпы бағдарлары да бұл 
шаралардан тыс бола алмайтындығын дәйектейді.
 
Екіншіден,  бұл  жолдау  бұған  дейінгі  де  жыл  сайынғы  жолдаулармен  келіп  сабақтасады.  Ол 
«Қазақстан  -  2050»,  «Қазақстан  -  2030»  стратегияларында  айтылған  іс-шараларды  одан  әрі 
жетілдірумен келіп жалғасады. Өз кезегінде, бұл мемлекетіміз ұстанған бағдардың нақты мақсаттарға 
ұмтылғандығын  және  тұрақтылығын  паш  ете  келе,  алдағы  уақыттағы  халықтың  тұрмыс  деңгейін 
арттыруға да баса көңіл бөледі. 
 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
148
«Ол «Жолдау» сөзінің арғы-бергі шығу тарихына көз жіберіп, егемендік жылдарынан бері қарай 
ғана  пайда  болған  ұғымға  қысқаша  талдау  жасады.  –  Елбасының  жаңа  Жолдауы  өтіп  бара  жатқан 
жылдың  ғана  емес,  соңғы  онжылдықтың  да  бас      ты  оқиғасы  болды,  –  деген  ол  сөзін  ары  қарай 
жалғап,  осыдан  15  жыл  бұрын  қабылданған  Елбасының  ең  алғашқы  Жолдауы  –  «Қазақстан  –  2030» 
Стратегиясындағы көтерілген негізгі бағыттардың мерзімінен бұрын жүзеге асырылғанына куә болып 
отырғанымызды  тілге  тиек  етті.  Жаңа  Жолдау  шын  мәнісінде  Қазақстан  тарихындағы  жаңа  дәуірге 
қадам  бастайды.  Бұл  іргелі  құжатта  Елбасы  алдағы  онжылдықтарға  айқын  әрі  қолжетімді  мақсаттар 
белгіледі.  Алғаш  жарияланған  күнінен  бастап-ақ  ол  біздің  елімізде  ғана  емес,  сонымен  бірге  күллі 
әлемде  жұртшылық  ең  көп  талқылайтын  құжатқа  айналды»,-деп  айтылған  пікірлер  де  осының 
айғағы[8,4б.] 
 
Үшіншіден,  бұл  жолдау  тек  қана  әлеуметік  немесе  экономикалық  салаларға  ғана  емес,  екеуін 
бірлікте қарастыратын жалпы бағдарды тұтас құрай алады. Сондықтан да, қоғамның рухани, мәдени, 
экономикалық,  саяси  бағдарлары  бұл  жолдауда  бір-бірінен  ажырағысыз,  бәрін  қатар  алып  жүруге 
тиісті нысана екендігін көрсетіп берді. 
 
Төртіншіден,  бұл  жолдаудағы  халықтың  тұрмыс  деңгейін  арттыра  түсу  мен  басқа  да  айтылған 
мәселелер жалпыхалыққа арналуы тиіс екендігі және оны барша ел болып іске асыру керек екендігіміз 
туралы айтылды. Сондықтан да, бұл
 
 жолдаудағы  әлеуметтік  саясат  бүгінгі  мен  алдағы  уақыттағы  халқымыздың  әл-ауқатының 
жақсара түсуін бағым бағытта ұстады. 
 
Атап айтқанда, бұл жолдаудың негізгі мақсаты – «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыруды 
нақтылай  түсу  және  оны  жалпыхалықтық  қолдауға  айналдыру  болатын.  Біз  осы  тұста,  ендеше, 
жолдаудағы  әлеуметтік  саясаттың  жүру  бағытына  және  ондағы  айтылған  соны  пікірлердің  өткенмен 
байланысына тоқтала отырып, сараптамалар жүргізетін боламыз. 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  2014 
жылғы  17  қаңтарда  жарияланған  болатын.  Ол  «Қазақстан  жолы  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 
болашақ»  деген  атаумен  жалпы  ұстанымдарды  тұтастай  қамтыды.  Ол  өз  жолдауын  бұрынғы 
жолдаулардан  оқшаулаған  жоқ,  керісінше,  тәуелсіз  еліміздің  тарихына  шолу  жасай  келе, 
Қазақстанның  жалпы  саяси  бағдарымен  үндес  екендігі  туралы  сөздерден  былай  деп  бастаған 
болатын:  «Бір  жыл  бұрын  мен  еліміздің  2050  жылға  дейінгі  дамуының  жаңа  саяси  бағдарын  жария 
еттім.  Басты  мақсат  –  Қазақстанның  ең  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  қосылуы.  Ол  –  «Мәңгілік 
Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. 
 
Қазақ  Елі  өткен  22  жылда  қыруар  іс  тындырды.  Біз  үлгілі  дамудың  өзіндік  моделін  қалып-
тастырдық.  Әрбір  отандасымыздың  жүрегінде  елімізге  деген  шексіз  мақтаныш  сезімін  орнықтырдық. 
Қазақстандықтар  ертеңіне,  елінің  болашағына  сеніммен  қарайды.  Халықтың  97  пайызы  әлеуметтік 
ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады»[9]. 
 
Бұндағы  халықтың  өмір  сапасын  арттыруға  бағытталған  әлеуметтік  саясаттың  басым 
бағыттарының  бірі  –  жалпы  халықтың  күн  көріс  деңгейі  мен  әл-ауқатына  тікелей  қатысты  болып 
табылатын  жалпы  ішкі  өнімді  арттыруға  байланысты  түрде  айтылды.  Ал  жалпы  ішкі  өнім  дегеніміз, 
шындығында да, өнім мен адам санының арақатынасынан туындап жатады. 
 
Нақтырақ  айтқанда,  елде  өндірілген  өнім  мен  халыққа  қызмет  көрсетудің  нақты  жалпы 
сомасының  мөлшерін  бір  жыл  бойынша  есептеп,  елдегі  халыққа,  атап  айтқанда,  жан  басына  шағып 
бөлу  деген  сөз.  Демек,  өндірілген  өнімдер,  Қазақстандағы  әрбір  адамның  өзіндік  үлесіне  айналса, 
онда  ол  халықтың  жалпы  жағдайына  байланысты  болып  шығады  деген  сөз.  Әрине,  одан  әркім  әр 
түрлі  үлес  алуы  ықтимал,  әйтсе  де,  елімізде  осындай  мөлшерде  өнім  өндіріліп  жатыр  дегенді 
білдіреді.  Осыған  байланысты  биылғы  жолдауында  Елбасы  осы  жалпы ішкі  өнімді  көбейтуге  ерекше 
көңіл бөлген болатын. 
 
Ол  өз  сөзінде:    «Әлеуметтік  саланы  дамытудың  2050  жылға  дейін  басты  бағдарлары  нақты 
индикативті  цифрларда  көрсетілген.  Біз  ішкі  жалпы  өнім  көлемін  жан  басына  шаққанда  4,5  есе  –  13 
мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халқының құрылымы бойынша 
орта  тап  үлесі  басым  елге  айналады.  Урбанизацияның  жаһандық  үрдісіне  орай  қалалық  тұрғындар 
үлесі  барлық  халықтың  қазіргі  55  пайызынан  70  пайыздай  деңгейге  дейін  өседі.  Қазақстанның 
қалалары  мен  елді  мекендерін  сапалы  жолдар  мен  көліктің  барлық  түрінің  жүрдек  бағыттары 
байланыстырады»,-деп  тұжырымдаған  болатын.  Келесі  кезекте  Елбасы,  біздің  елімізде  де 
урбанизация  қатты  жүріп  отырғандықтан,  қаланы  көркейту  мен  өркендету  жалпы  халық  үшін  іске 
асырылуы тиіс екендігін баса айтады. Демек, қала ішіндегі жолдар мен көлік қатынастарына қолайлы 
жағдайлар жасау да сол жерді мекен еткен халық үшін атқарылар тиімді іс-шаралар болмақ. 
 
Сондай-ақ  Елбасы,  адам  денсаулығы  мәселесіне  тағы  да  айрықша  көңіл  аударды.  Себебі, 
қашанда,  өркениеттілік  пен  халықтың  әл-ауқаты  сол  елдің  медицинасының  дамығандығымен 
өлшенеді десе де болады. Мысалы, артта қалған мемлекеттердегі созылмалы аурулар, эпидемиялар 
салдарынан  қаншама  өлім-жітім  болып  жатқандығы  белгілі  жайт.  Тіпті  олар  қарапайым  аурулардың 
алдын-алуда  да  дәрменсіздік  танытуда,  аппендицит  сияқты  операциялар  олар  үшін  айтарлықтай 
қиындық туғызса, өркениетті елдерде адам ағзаларын ауыстыру мүмкіндігі кеңейіп келеді. 
 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
149
Бұл  –  медицина  жалпы  халықтық  сипатқа  ие  болып,  баршаға  қолжетімді  болуы  үшін  жасалып 
жатқан шараларға айналуы тиіс болғандықтан,  жолдауда оның маңызы баса көрсетіледі.  Сондықтан 
медицинаны  дамыту  жөнінде  мынадай  нақты  тұжырымдар  берілді:  «Саламатты  өмір  салтының 
орнығуы,  медицинаның  дамуы  қазақстандықтардың  өмір  сүру  ұзақтығын  80  жасқа  дейін  арттырады. 
Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және 
бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады». 
 
«Екіншіден,  денсаулық  сақтау  саласындағы  басты  басымдық  –  алғашқы  медициналық-
санитарлық  көмекті  дамыту.  Міндетті  медициналық  сақтандыру  енгізу  мәселесін  зерттеген  жөн. 
Мемлекеттің,  жұмыс  берушілердің  және  қызметкердің  денсаулық  үшін  ортақ  жауапкершілігі  – 
медициналық  қызметтің  барлық  жүйесінің  басты  қағидаты.  Спортпен  шұғылдану,  дұрыс  тамақтана 
білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі»[9]. 
 
Медицинаның  дамығандығының  тағы  бір  көрінісі,  сол  елдің  адамдырының  өмір  жасының 
ұзақтығы  да  болып  есептеледі.  Осы  орайда,  Елбасы  өмір  жасын  80-ге  дейін  ұлғайтуды  мақсат  ету 
керектігін  алға  тартты.  Бұл  дамыған  мемлекеттердегі  жоғары  көрсеткіштердің  бірі.  Ал  артта  қалған 
елдерде ол 50-60 жас мөлшерімен шектелетіндігін де ескеруіміз керек. 
 
Сонымен қатар Н.Назарбаев еліміздегі тұрақтылық жалпы әлеуметтік саясаттың психологиялық 
кепілі  екендігін  баса  айтты.  Алдымен  елдегі  тұрақтылық  пен  оған  деген  сенімділік  болған  жағдайда 
халық  алаңсыз  қалыпты  өмір  сүретіндігі  түсінікті  жайт.  Бұны:    «Қазақстан  әлемде  адамдар  үшін 
қауіпсіз  және  тұруға  жайлы  елдің  біріне  айналуға  тиіс.  Бейбітшілік  пен  тұрақтылық,  әділ  сот  және 
тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі»,-деп нық сеніммен көрсеткен болатын. 
 
Түптеп  келгенде,    халықтың  тұрмыс  деңгейін  арттыру  бір-екі  жылдың  межесі  емес,  ол  жылма-
жыл  жаңа  сапаға  көтеріліп  отыруы  тиісті  бағдар  болмақ.  Сондықтан  да  әлеуметтік  саясат  пен 
халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту да ұзақ мерзімге бағдарлануы тиіс. Сонымен қатар,  өмір сапасын 
арттырудың тиянақты жүргізілуі жыл өткен сайын өзінің нәтижесін көрсетіп отыруы тиіс. Елбасы өзінің 
жолдауында  халықтың  тұрмыс  жағдайы  жыл  өткен  сайын  жақсарып  отыруы  тиіс  екендігін  былайша 
атап өткен болатын: «Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-
2050»  Стратегиясын  қабылдадық.  Бүгінде  көптеген  табысты  елдер  –  Қытай,  Малайзия,  Түркия 
ұзақмерзімді  жоспар  бойынша  жұмыс істеуде.  ХХІ  ғасырда  стратегиялық  жоспарлау  ең  өзекті  қағида 
болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 
2050  Стратегиясы  айқын  шамшырақ  секілді  басты  мақсатымыздан  көз  жазбай,  азаматтарымыздың 
күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын 
халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді»[9].
 
Біз Жалпыұлттық  идеямыз  -  Мәңгілік  Елді  басты  бағдар  етіп,  тәуелсіздігіміздің даму  даңғылын 
Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді 
бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. 
Ол  «Қàçàқñòàí-2050»  Стратегиясының  ғана  емес,  XXI  ғасырдағы  Қазақстан  мемлекетінің  мызғымас 
идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан 
қоғамының осындай ұлы құндылығы.[10]
 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Íұðëû  жол»  атты  халыққа  жолдауы  бүкіл 
қазақстандықтарды  жарқын  болашаққа  жетелеп,  нұрлы  күндерге  бастағандай.  Бүгінде  осы  тарихи 
құжат жолдауы қоғамда қызу тақыланып, үкілі үміттердің бастауына айналып үлгерді деуге болады. 
 
Бұл  бас  құжат  еліміздің  алдағы  бір  жыл  ішіндегі  саяси-экономикалық,  қоғамдық-әлеуметтік 
мәселелерінің  шешу  жолдары  мен  елдің  көркейіп,  гүлденуінің  басым  бағыттарын  нақты  белгілеп 
бергені  мәлім.  Өйткені,  әрбір  жолдау  –  сол  жылдың  ғана  емес,  мемлекетіміздің  болашаққа  деген 
өскелең мұраты жолында алысты болжап жасалатын ауқымды жоспар, ұлы стратегияның бір парасы 
деуге болады. Міне, осы болашақтың бас жоспары биыл «Íұðëû жолға» жалғасып отыр.
 
Аталмыш  құжаттағы  халқымыздың  өміріне  қатысты  бірқатар  маңызды  түйіндер  нақтыланып 
айтылған.  Айталық,  инфрақұрлымдық  даму  мен  жаңғыртудың  жаңа  бағыттары  Республика 
тұрғындарының халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, еліміздің жаңа келбетінің қалыптасуына жасалған 
қуатты мүмкіндік. Бұл құжат, шын мәнінде, «Әëåìí³ң ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы 
біздің ауқымды қадамымыз» екеніне көзімізді жеткізіп отыр. 
 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
 
1. Шоманов А.Ж. Внутриполитические процессы в государствах Центральной Азии и их влияние 
на  геополитическую  обстановку  в  регионе//Сотрудничества  и  безопасность  в  Центральной  Азии    в 
условиях  политических    и  социально-экономических    трансформации:  материалы  международной 
научно-пратиктической конференции.-Алматы, 2007.-188с.
 
2. BNews.kz «www.bnews.kz».
 
3.  Назарбаев  Н.А.  Выступление  на  открытии  шестой  сессии  Парламента  Республики 
Казахстан// Президенттің бір жылы 2004.-Астана, 2004.-144 б.   
 
4. Казахстанская молодежь на рубеже веков.-Астана:Елорда, 2000.-147 б. 
 
5.  Рысқұлова  М.  М.    Халықтың  өмір  сүру  деңгейін  көтерудің  әлеуметтік-экономикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет