Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет15/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28

Баязит  ҧрпағы.  Шырағым,  мұңайма,  қазақтың  әр  ұлы  сенің 
дәрежеңе  кӛтеріле  алса,  еліміз  ешкімнен  кем  болмас,  иншалла.
 
Қандай қуаныш, Томирис ҧрпағы үзілмеген екен ғой!.. 
 
 
 
Қазақбай.
 
Бірақ  бәрі  заманға,  заман  қалыптастырар  санаға  
байланысты  болар.  Заман  сананы  билеп  кетсе  бәрі  де 
қыршынынан  қиылады  екен,  тамырынан  үзіледі  екен.  Біздер  соған 
ұшырағандар  ӛкіліненбіз.  Бұл  баланың  ата
-
бабалары  саналарын 
заманға билетпеген жандар болғаны ғой, асылы.
 
 
     
Қҧлтегін ҧрпағы.
 
Ал менің бабам одан жастау. Біздің әкелеріміз 
әйгілі  Түрік  қағанатына  патшалық  еткен  Құлтегін  қағанның 
тұқымымыз деп мақтанатын. 
 
 

 
137 
     
Едіге  ҧрпағы.  Құлтегін  жарықтықтың  да  ұрпақтары  бұ  заманға 
жеткен екен
-
ау, ғажап
-
ай! Кеше ғана елімізге Құлтегіннің Мәңгітасы 
жетіп еді, енді ұрпағы да келіп қапты ғой.
 
 
     
Қҧлтегін
 
ҧрпағы
. 
Болашақ ұрпақтар үшін біздің бабалар 
мәңгітас қашап
 
қалдырған. Ол тасқа: “Тәңірім жоғарыда Кӛкті 
жаратқанда, тӛменде Жерді жаратқанда, ортасында асыл текті Түркі 
нәсілін жаратқанда біз, Түркілер, бұ дүниенің тӛрт бұрышын 
билегенбіз!..  Дос болғанға дос бола білгенбіз!.. Қас болғанға қас 
бола білгенбіз. Қас жауымыздың басын идіргенбіз!.. Тізесін 
бүктіргенбіз!” –
 
деп, мақтаныпты.
 
 
 
Дауыс.
 
Па, шіркін! Айта алмай ма! 
 
 
     
Қҧлтегін  ҧрпағы.
 
Түркі  елі  үшін  соншама  іс  тындыра  жүріп, 
ӛздерін  кінәлі  де  санаған  қылықтары  болса  керек.  Ӛмірлерін 
ӛкіншпен  аяқталғанын  да  жасырмапты.  Болашақ  ел  билеушілер 
ӛзіне ӛсиет тұтсын, біздің қатеміз оларға сабақ болсын депті. 
 
Мәңгітасқа қашатқан ӛкініштері де, армандары да бір жол жазуға 
сыйыпты, ол сӛз:
  
“Әттең, дүние
-
ай, қайтейін, баста бірлік болмады
-
ай!” –
 
деген сӛз екен... 
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.
 
“Әттең  дүние
-
ай  қайтейін,  баста  бірлік  болмады
-
ай!”  деген сӛз біздің Едіге бабамыздан қалған ӛкініш деп жүрсек, ол 
сӛз  Едіге  ӛмірге  келместен  1000  жыл  бұрын  айтылған  екен  ғой... 
Сонда  қалай  жердің  дӛңгелектігі  секілді,  тағдыр  да  қайталана 
беретіні ме?.. Айналып қайта соғатыны ма?
 
 
 
Ақсақ  Темір  ҧрпағы.
 
Солай  болып тұр ғой.  Мен  Ақсақ  Темір 
ұрпағымын. О кісі де ӛмірден сондай ӛкінішпен ӛтіп, артына сондай 
сӛз қалдырыпты.
 
 
Баязит  ҧрпағы.  Не  дейді?  Ақсақ  Темір  ұрпағымын  дей  ме? 
Ол қанішер артына еш жақсылық қалдыра қоймас!  “Бауырлар, бір
-
бірлеріңнің қандарыңды ішіңдер” деп, ұран тастап кеткен болар.
 
 
 
Ақсақ Темір ҧрпағы. Әй, есуас! Жап аузыңды! Не деп тантып 
тұрсың? Қанішерің не? Ақсақ Темірге тіл тигізер сен кім едің?
 
 
Баязит ұрпағы.
 
Мен бе! Менің атам артына жауыздық атын емес, 
ардақты атын қалдырып кеткен кісі!
 
Менің 21
-
ші атам –
 
аты әлемге  әйгілі, 
бҥкіл Тҥркі елін билеген Баязит сҧлтан!
 
Ол кісі сенің бабаңа ҧқсап  діндес 
мҧсылмандар елін шауып, қандас тҥркілер жҧртын  талқандамаған. 
 
 

 
138 
Ақсақ Темір ҧрпағы.
 
Менің  бабамның  атағы  сенің  бабаңнан 
кем емес

Ол кісі де ел ішіндегі алауыздыққа ӛкінген. Түркі елдерінің 
бірлігін армандаған. 
 
 
Баязит  ҧрпағы.  Тантымасын  сенің  Ақсағың!  Ел  бірлігін 
аңсаған  кісі  ӛз  қандастары  түркілерді  діні  басқа  христандармен 
соғысып жатқанда, сыртынан келіп опасыздықпен шаба ма екен?
 
 
Ақсақ  Темір  ҧрпағы.  Тарт  тіліңді!  Ұлы  Әмірдің  аруағына  тіл 
тигізгізіп қоя алмаймын мен, кӛзім тірі тұрғанда. Бұ сӛзіңді қоймасаң 
бір аяқ емес, екі аяғыңнан шойнақ етермін!
 
 
Баязит ұрпағы. Міне, міне! Ақсақ Темір ҧрпағы бірлік туралы ӛсиет 
айтуға емес, кҥш кӛрсетуге дайын екенін білдіргелі келген екен ғой.
 
 
Томирис ұрпағы.
 
Ағатайлар
-
ай! Мынадай ғажап кҥні бір
-
бірлеріңе 
ауыр сӛз айтуға қалай ғана жҥректерің дауалап тҧр! 
 
 
Қазтуған ұрпағы.
 
Қызым! Ақсақ Темір 1402 жылы қалың қолмен тҥркі 
елін шапқан. Сол соғыста Тҥрік сҧлтаны Баязит ӛлген. Ал Баязит тек қана 
тҥркі елінің емес, бар мҧсылман ардақтысы еді. Ол кәпірлердің крес 
жорығын талқандап, Еуропа басқыншыларын тоқтатқан қолбасшы еді.
 
 
Бұхар жырау ұрпағы.
 
Иә, Баязиттің сол жеңісінен кейін кіріске 
шоқынушылар кіріс жорығын ҧйымдастыруды біржолата тоқтатқан
 
болатын.
 
 
Баязит  ҧрпағы.  Ол  ұлы  қолбасшы  еді.  Ӛз  бауыры  Ақсақ 
Темір шабады деп ойламай қапы қалды емес пе.
 
 
Ақсақ  Темір  ҧрпағы.  Енді  мақұл  бола  қалуын,  мынаның! 
Сенің  бабаң  “жұдырықтай  жерге  екі  жұлдыз  жараспайды”  деген 
сӛзді  қалай  айтқан?  Айтшы,  сол  сӛздің  артында  не  жатыр? 
Жұлдыздың бірі менмін, екіншісін сӛндіремін деген ой жатырған жоқ 
па?  Менің  жұлдызымды  Баязит  қашан  сӛндіреді  деп  сонда  Ақсақ 
Темір күтіп отыруы қажет пе екен? 
 
 
Қазтуған  ҧрпағы.  Ақталмайтын  кісіні  ақтап  неге  босқа 
әуреленесің!  Алтын  Ордаға  ұш  рет  жорық  жасап,  ақыры  құлатып 
тынған  да  сенің  бабаларың  болатын.  Ақсақ  Темір  қандай  ӛсиет 
қалдырса да, бірлікке шақырар ӛсиет қалдыруға қақысы жоқ адам.
 
 
Баязит ҧрпағы. Соны түсініп тұр ма мына қыңыр! 
 
 

 
139 
Ақсақ  Темір  ҧрпағы.  Кезінде  қандай  жағдай  болғанын  бір 
Алланың  ӛзі  біледі.  Сіздер  кәзір  ӛз  аталарыңды  сүттен  ақ,  судан 
таза  етіп,  бар  пәлені  Ақсақ  Темір  басына  үйіп  тӛгіп  жатырсыңдар. 
Бізге жетпеген тарих шындығының қандай екенін кім білген...
 
 
Баязит  ҧрпағы.  Сен  не  десең  де  тарих  сенің  Ақсақ  Темір
 
бабаңды  ақтай  алмайды.  Дүние  жүзіне  ерекше  шапағатын  шаша 
таралып келе жатқан мұсылманшылықтың жолын кескен де сол кісі.
 
 
Қазтуған  ҧрпағы.
 
Бұл  тірлікке  Ақсақ  Темір  келмегенде  кәзір 
түркілердің  де,  мұсылмандардың  да  әлемдегі  орны  бұдан  да  гӛрі 
жоғарырақ болары сӛзсіз еді.
 
 
Қазақбай.  Ау  шырақтарым!  Сәл  сабыр  етіңдер!  Ақсақ  Темір 
неге  ұрпағына  бірлікте  болыңдар  деп,  ӛсиет  қалдырмасқа.  Мүмкін 
ол  ӛз  қатесін  түсінген  болар.  Райынан  қайтқан  болар?  Ал,  інім  Сіз 
қайдан келдіңіз?
 
 
Едіге ҧрпағы. Алтын Орда заманындағы Ер Едіге, “ел қамын 
жеген Едіге” аталған кісі біздің бабамыз. 
 
 
  
Қазақбай.
 
Ұлытаудың басында жерленген Едіге ме?
 
 
     
Едіге ҧрпағы.
 
Солай деген аңыз да бар. Бірақ Ұлытауға аманат 
қойылып,  кейін  Құмкенттегі  Баба  түкті  Шашты  Әзіз  бабасының 
қасына апарылды дейді ғой.
 
 
 
Қазтуған ҧрпағы.
 
Мен түсіне алмай тұрмын. Ақсақ Темір мен 
Едіге  бірігіп  Алтын  Орданы  үш  рет  шауып  еді.  Ақыры  құлатып, 
талам
-
таражға  түсіріп  еді.  Енді  бұлар  ол  Едіге  жауызды  да  “Ел 
қамын  жеген  Едіге  қылып  алыпты  ғой”.  Ау,  Сіздер  тарих  оқыған 
сауатты  жандарсыздар  ғой.  Осында  келуге  беттерің  қалай 
шыдады?
 
 
 
Қазақбай. Шырағым, ӛзің бұл жерге қалай келдің? 
 
 
     
Қазтуған  ҧрпағы.
 
Мен  Алтын  Орда,  Ноғай  Орда,  Қазақ 
хандарына  астана  болған,  Қасым  ханнан  бастап  қазақтың  тоғыз 
ханы  жерленген  Сарайшықтан  келдім.  Жермен  жексен  болған 
Сарайшықтан  келдім.  Ал  менің  балаларым  ӛзінен  бастап  Қазтуған 
бабасына  дейінгі  аталарын  мүдірмей  атап  бере  алады.  Құдайға 
шүкір,  тамырымыз  үзілмей,  тілегіміз  бүлінбей,  жалғасып  келе 

 
140 
жатқан 
ұрпақтардың 
біріміз. 
Тегімізді 
ұмытпағанымызды, 
бабамыздың атақты екенін мақтаныш етеміз.
 
 
Бҧхар жырау ҧрпағы: 
 
 
     
Бҧхар  жырау  ҧрпағы.
 
Менің  бабамды  бәрің  де  білесіңдер  деп 
ойлаймын. Біз Бұхар жырау бабаның кіндігіненбіз.
 
 
  
Қазақбай
. 
Іні
-
қарындастарым! Сіздердей тектілер ортасында 
ата
-
тек туралы әңгіме ету мені қинайтын реті бар. Сіздер маған 
күлмеңіздер. Мен тек қана әкемнің атын білемін. Пионер болдық. 
Комсомолға кірдік. Партияға ӛттік. Соларға сендік.
 
 
 
Қазтуған
 
ҧрпағы

Солай, солай. Болған ондай заман. 
Келмеске кеткен.
 
 
Қазақбай
. 
Солай болғай. Сіздердің кәзіргі айтып тұрғандарың 
ол уақытта айтылмады. Айтуға тырысқандар айдалып кетті, 
айтқандары атылды... Мүмкін менің де аталарымның мақтанарлық 
тегі бар болған болар. Бірақ тамыры қиылып кеткен. Атамыз халық 
жауы атаныпты. Тұқым
-
теберегін жер аударып жіберіпті. Әкеміз 
жетім болған. Балалар үйінде ӛскен. Шет жерде жүрген. 
 
 
Қазтуған
 
ҧрпағы

Солай, солай.
 
 
Қазақбай
. 
Біз кеңес ӛқіметі кезінде тексіздігімізге, 
кедейлігімізге мақтанатын едік. Енді мына заманда “халық жауының 
ұрпағымыз” деп мақтанатынды шығардық.  
 
 
Едіге ҧрпағы.
 
Рас. Рас
 
 
Қазақбай
. 
Мен ӛзімді мәңгүрттер қатарына қоспайтын едім. 
Тарихымызды танып жатырмын. Бірақ бүгін ойым онға бӛлініп тұр... 
Қандай
 
ӛкініш
... 
 
Бҧхар жырау ҧрпағы.
 
Ақсақал, жеке бастың ӛкініші түзетілер
-
ау, тұтас ел ӛкінішін қайтерсің?.. Қазақ халқының басына түскен 
барлық ауыртпалыққа себеп болып жатқан ӛкініш қандай десеңізші 

 
“бірлік” деген бір ауыз сӛзбен шешіле салатын сәл нәрсе!.. Сол 
қасиетті
 
сӛз байыбына бармай, әркім кӛрпе пұшпағын ӛзіне қарай 
тартамын деп жүріп, ақыры тұтас елді “ақтабан шұбырындыға 
ұшырату” деген не масқара!.. 
 
 

 
141 
Едіге ҧрпағы. Талай ұрпақтың арманына жете алмай кеткенін, 
орынсыз  ӛшкенін ендігі ұрпақ есепке ала алар ма екен?.. 
 
 
 
Қазтуған
 
ҧрпағы
 
Ай білмеймін, тексіздер кӛбейіп кетті ғой

Тәп
-
тәуір ӛркендеп келе жатқан мемлекетіміздің отырғанын опақ, 
тұрғанын сопақ деушілер кӛбейіп бара жатқан секілді. 
 
 
Қазақбай
. 
Ал енді шынымды айтсам сіздердің орталарыңда ең 
жасы үлкені ӛзім болғаныммен, соңғы ғасырларда мәңгүрттенген 
қазақтар
  
тегінен
 
екенімді де жасыра алмаймын... Сіздерден ұялып 
тұрмын. Кешіріңдер.
 
 
Еңсесі түсіп сахнадан шығып кетеді. Артынан Ақсақ Темір 
ұрпағы
 
да  кетеді.
 
 
 
 
Шымылдық.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3 бӛлім. Ӛсиет
 
 
 
 
Бұл  бӛлімде  бабалардың    “әттең  дүние
-
ай  қайтейін,  баста  
бірлік болмады
-
ай!” деген ӛсиет
-
ӛкініші туралы айтылады.
 
 
 
Шымылдық ашылады.
 
 
 
Қазақбай
. 
“Мыңның жүзін танығанша бірдің атын біл” дейтін 
мақал бар секілді еді...
 
 
     
Қҧлтегін
 
ҧрпағы
. 
Танысуды қарындастан бастаймыз деп 
келіскен секілді едік қой?.. 
 
 

 
142 
     
Томирис ҧрпағы.
 
Бастасам, бастайын… Мен Наурыз күні ӛмірге 
келіппін. Әкемнің ұл баласы болмады. Бұдан дәл жеті  жыл бұрын, 
Менің жасым 17
-
ге толған күні, демек дәл осы күні, әкем мені ерте 
оятып алып, шығып келе жатқан күнге қарап тұрып: 
 
   

 
Сен ант дегеннің не екенін білесің бе? –
 
деп, сұрағаны.
 
        

  
Білемін, –
 
деп жауап қаттым.
 
   

 
Ант аттағанның қарғысқа ұшырайтынын  білесің бе?
 
   

 
Естігенмін.
 
     
Әкем  мені  баурына  тартып,  маңдайымнан  искеді  де:  “Маған 
Алла  тағала  ұл  бермегенімен,  ұлдан  артық  етіп  сені
 
берді.    Маған 
берілген  мезгіл  жақындап  қалған  секілді.  Мен  сенен  қазір  ант 
аламын”,  –
 
деді. Содан соң,  мені шығып  келе  жатқан  күнге тағзым 
еткізіп алып, екі тапсырма берді…
 
     
…Бірінші  –
 
менің  осы  тапсырмамды  орындағанша,  тұрмыс 
құрмайсың. 
 
 
 
Қазақбай. Онысы несі?
 
 
Томирис ҧрпағы.
 
Екінші…
 
     
…2001  жылы  22  наурыз  күні  Күн  шықпай  тұрып  Қазығұрт 
тауының  басына  кӛтерілесің.  Сенен  де  басқа  Ұлы  Аталар 
ұрпақтары  жиналуға  тиіс.  Солар  алдында  бұдан  1000  жыл  бұрын 
сол  жерде  ант  берген  бір  бабамыздың  ӛсиетін  орындап  шығасың. 
Ол ӛсиет –
 
есте қалмаған ескі заманда айтылса керек. Мағынасы –
 
әр мың жыл сайын ӛсиет сӛзі мұра болып жеткен ел азаматы осы 
күні,  осы  уақытта,  осы  жерде  кездесіп,  ӛздерінің  бір
-
біріне  бауыр 
екенін,  қандас  екенін,  қарындас  екенін  хабарлайды.  Ӛз  
бабаларының  бірінен  қалған  кейінгі  ұрпағына  ӛсиет  етер  үш  ӛмір 
қорытындысын  жеткізеді.  Біздің  тегіміздің  сақтап  келе  жатқаны 
Томирис баба ӛсиеті.
 
 
Қҧлтегін  ҧрпағы.
 
Жарықтықтың  рухы  жап
-
жаңа  елес  беріп 
кетті ғой.
 
 
     
Томирис  ҧрпағы.
 
Үш  рет  ұрпағым  осы  кездесуге  келді  дейді. 
Сонда Томирис ұрпкақтары осындай кездесуе 1
-
ші жыл бірінші рет, 
1001-
ші  жыл  екінші  рет  және  бүгінгі  2001
-
ші  жылғы  үшінші  рет 
қатысып  тұр…  Пенде  ақылына сыймас  нәрселер ғой…  Содан  бері 
қаншама  ұрпақ  ӛмірге  келіп,  ӛмірден  ӛтіп  жатыр…  Содан  бері 
жоғалмаған. Содан бері ескірмеген. Содан бері арқауы үзілмеген… 
Оларды қалай мақтан тұтпассың? Қалай рухына бас имессің?
 
 

 
143 
     
Баязит ҧрпағы.
 
Алла тағалаға сүйкімді істерге оның періштелері 
де  қамқор болып,  оны  ата
-
баба  аруақтары  да  желеп
-
жебеп  жүреді 
ғой.  Әйтпесе  үш  мың  жыл  бұрын  берілген  серт  сӛзінің    осы  күнге 
дейін мәнін жоғалтпауын қалай түсіндірерсің?
 
 
     
Едіге  ҧрпағы.
 
Ал,  қарындасым,  Ұлы  Томирис  патша  ұрпағына 
мақтан тұтарлық не сӛз қалдырыпты?..
 
  
     
Тмирис ҧрпағы.
 
Қазір мен жырлап берер бұл сӛз әуелде атақты 
да, текті бір қауым елдің мақтанышы болған ұзын
-
сонар жыр
-
дастан 
екен.  Уақыт  тезінен  ӛте,  ауыздан
-
ауызға  ауыса,  кісілер  сезімі  мен 
жадының  әсеріне  ұшырай,  бірте
-
бірте  “ақ  ӛлеңге”  айналып  кеткен, 
әңгімеге айналып кеткен жерлері кӛбейген деседі...
 
 
     
Қазтуған ҧрпағы.
 
Ал айтып кӛріңзші. 
 
 
     
Томирис ҧрпағы.
 
Сонымен бұл ескі сӛз осындай кездесулерде 
үшінші рет жырланғалы жатыр. 
 
 
  
Томирис  ұрпағы  домбырасын  ескі  түркі  саздарының  біріне  келтіріп  алып, 
жырлап  кетеді.  Сӛздері  жырдан  гӛрі  тақпақ  түрінде  айтылады.  Әр  сӛзі  бӛлек
-
бӛлек, анық естіледі.
 
Тақпақ түрінде айтылады.
 
 
 
 
 
 
Томирис ҧрпағы. 
 
…Ей, Болашақ, Болашақ!
 
Болашақ, бізді, “тыңдаңыз”…
 
Біз кім едік, кім едік?
 
Таныстырып ӛтелік!
 
Тәңірім текті жаратқан
 
Түркі тұқым ел едік!
 
Алтын тонның зері едік!
 
Ақ Орданың тӛрі едік!
 
Ӛнер қуған сері едік!
 
Батыр текті –
 
шер едік!
 
Алыс
-
алыс заманнан
 
Аз ғана дерек берелік.
 
Ұран болар ұрпаққа 
 
Ақыл  айтып кӛрелік…
 
Жеріне жауды тӛндірмей,
 

 
144 
Ошақтың отын сӛндірмей,
 
Жетім боп ешкім телмірмей –
 
Ӛмір сүрген ел едік.
 
 
Баста бірлік болғанды!
 
Батыс, шығыс арасын
 
Бірі Сақ деп, бірі Ғұн,
 
Бірі Дах деп, бірі Күн –
 
Түркілер елі қонғанды.
 
 
Несібе, ырыс кетпеген,
 
Тәңірден –
 
асыл тек деген!
 
Азғындық пейіл жетпеген,
 
Кӛктемдей елі кӛктеген, 
 
Рухы баба қолдаған,
 
Арманы ешбір солмаған –
 
Басына бірлік орнаған, 
 
Кӛк түркі деген ел едік!
 
Ақ алмастың жүзі едік,
 
Кӛк найзаның ұшы едік.
 
Асқардан алған қуатын
 
Тау селінің күші едік.
 
Шуақ шашқан әлемге 
 
Алтын күннің түсі едік.
 
 
 
Ей, Болашақ, Болашақ!
 
 
Ӛсиет болсын Сіздерге –
  
Ант болып бұл сӛз жатталсын!
 
Құрмет кӛрсін асылдар,
 
Жүйріктер нағыз бапталсын!
 
Дананың маржан ойлары
 
Үлгі боп елге хатталсын!
 
 
Байлығың, Бақыт, Ырысың –
 
Бастағы Бірлік сақталсын!
 
 
 
 
Томирис ұрпағы сәл тоқтап, басқаларға қарайды. Олар келісіп қойғандай 
бірауыздан “бастағы Бірлік сақталсын” деп қайталайды.
 
 
     
Дауыстар.
  

 
145 

 
Бастағы Бірлік
 
сақталсын! 
 

 
Бастағы Бірлік
 
сақталсын!
 

 
Бастағы Бірлік
 
сақталсын!
 
 
 
Бұлар  “бастағы  бірлік  сақталсын!”  деп  қайталағанда  ант  беріп 
жатқандарға ұқсап кетеді. Бір
-
бірімен кезек
-
кезек құшақтасады. Сол қылықтары 
берілген анттарын бекіткендей болады. 
 
         
 
Томирис ұрпағы ӛлеңін жалғастырады.
 
 
Ей, Болашақ, Болашақ! 
 
Баста Бірлік
 
болмаса –
 
Бір кӛрпені жамылған
 
Інің кетер бауырдан.
 
Бір қазаннан ас ішкен
 
Ағайын кетер ауылдан.
 
Жұт соққандай жұтарсың,
 
Елің де кетер қауымнан.
 
Кӛктемессің кӛгеріп,
 
Тарам
-
тарам тамырың
 
Ала алмас нәрін жауыннан.
 
 
Баста Бірлік
 
болмаса –
  
Бар әлемді басқарған
 
Ақыл таппас данаң да.
 
Ӛзі жаулап ӛз елін
 
Тап болар зұлмат заманға.
 
Әлпештеген ардақтап
 
Ұл айналар ұлтанға.
 
Алтын таққа лайық
 
Құлға айналар сұлтан да.
 
Тәңірің талғап жаратқан,
 
Аузына әлем қаратқан –
 
Тапталар елің табанға.
 
 
Баста бірлік болмаса –
 
Қанша дана болсаң да
 
Бағаланбас сӛзің бар.
 
Қанша текті болсаң да
 
Кӛктей солар ӛзің бар.
 
Жалбарынған жасқаншақ
 
Жаутаңдаған кӛзің бар.
 
Араздассаң ағамен
 
Ақыл айтар сауың жоқ.
 

 
146 
Іс түскенде басыңа
 
Пана болар қауым жоқ.
 
 
Баста Бірлік
 
болмаса –
  
Байлығыңнан пайда жоқ
 
Ұлың жүрер ұрлықта.
 
Ар сотына түсерсің
 
Қызың жүрер қорлықта.
 
Мұрнын тескен бұландай,
 
Жүк артылған құландай,
 
Халқың да кӛнер зорлыққа.
 
 
Баста Бірлік
 
болмаса –
  
Ойран болар Ой
 
деген,
 
Сӛз
 
қадірі жоғалар
 
Береке кетер ғасырдан.
 
Арсыздықпен мал жиып
 
Азғындар озар асылдан.
 
Жауына қулар бас иіп
 
Арманы елдің сатылған.
 
 
Баста Бірлік
 
болмаса –
 
Соның бірін кӛре алмай,
 
Кӛлгірленер кӛзің де.
 
Сұлулардан түс кетіп,
 
Талаптыдан іс кетіп,
 
Жағымпаз жағар ӛзіңе.
 
Ақиқаттан аулақтап,
 
Жақыныңнан жау таппақ,
 
Сенерсің дұшпан сӛзіне.
 
 
     
Ӛлең тоқтайды.
 
 
  
Қазақбай.
 
Шіркін
-
ай! Қандай ӛсиет!
 
Шырағым  мына  сӛзіңді  мың  жыл  бұрын  айтылды  деуге  сену  қиын 
болып  тұр.  Бұ  сӛз  осы  заманның,    дәл  бүгінгі  ел  жақсыларының 
аузындағы сӛз екен.
 
 
Едіге  ҧрпағы.  Сӛз  ескірмейтін  болар.  Оны  асылдардың 
асылы дейді ғой. Содан бері талай алтын
-
күміс күл
-
қоқыс арасында 
іріп
-
шіріп қалса да, мына сӛз жазылмай, хатталмай аспан мен жер 
арасында,  рухтар  мен    пенделер  санасында,  азбай
-
тозбай, 
болашағына, мына біздерге жетіпті.  
 

 
147 
 
     
Томирис ҧрпағы.
 
Тағы жалғасы бар.
 
Бастан Бірлік
 
кетпесін!..
 
Бастан Бірлік
 
кеткен күн  
 
Кім боларсың сонда сен? –
  
Тәңірдің сүйген түркісі.
 
Біздердің мынау заманда
 
Болмаған ондай бір кісі.
 
 
Тәңірдің сүйген құлдары
 
Түркілер асыл нәсілің.
 
Бастан Бірлік
 
кеткен күн
 
Кӛрсетер зорлық ғасырың.
 
Бабалардың анттасқан
 
Мақтана сырын ашалық.
 
Ойдан шыққан сӛз емес
 
Қалған сӛз тасқа қашалып.
 
Жауының басын идірген,
 
Тізесін дұшпан бүктірген –
 
Бірліктен қару жасалып.
 
 
Жұлыны кетсе тӛзгенім,
 
Жумаған жаспен кӛздерін,
 
Қыңсыламас күшіктей,
 
Бӛрі мінез ерлерім.
 
 
Тәңірі, Пірі қолдаған,
 
Ӛкініш, ӛксу болмаған.
 
Сайрандатқан ұл
-
қызын
 
Жатырған мынау сол далам.
 
 
Наркескенін асынған,
 
Дұшпаннан айбат асырған –
 
Бӛрі байрақ  ерлерден 
 
Дұшпанның пысы басылған.
 
 
Болашақ –
 
Сіздер, ұрпақтар, 
 
Даланың ұлы –
 
ғұн, сақтар!
 
Бабалардың батасын
 
Текті туған ұл сақтар…
 
 
Киімдері асылдан,
 
Кӛптігіне тасынған,
 

 
148 
Қабырғалы қара жұрт
 
Бабаңа сенің бас ұрған.
 
 
Асыл ердің қаруын
 
Күміс пенен күптедік,
 
Асыл ердің аруын
 
Алтын менен аптадық.
 
 
Ата салтын ажарлап
 
Қыз арындай сақтадық.
 
Ер намысын ежелден
 
Ақ алмасқа саптадық.
 
 
Ару жүзді аппағын,
 
Бал таңдайлы тақ
-
тағын, 
 
Бетке шығар қаймағын –
 
Ел кӛркі деп сақтадық.
 
 
Баста Бірлік
 
бар шақта…
 
 
Баста Бірлік
 
бар шақта –
 
Артық
-
кемнің арасын
 
Ӛлшестіріп жатпадық.
 
Тентек туған бір ұлдың
 
Еркелігін ақтадық.
 
Ерегескен екеудің
 
Адал ісін жақтадық.
 
Арқасында әділдік
 
Бастан бақыт кетпеді.
 
Адамның болмай аласы,
 
Баланың болмай шаласы

Баста Бірлік
 
бар  болса,
 
Жоғары болар пенденің
 
Кісілік атты санасы!..
 
 
Баста Бірлік
 
бар болса –
 
Адамның болмай аласы,
 
Баланың болмай шаласы,
 
Жоғары блар пенденің
 
Кісілік атты санасы!.. 
 
 
     
Ӛлең  тынады.  Жалғасы  бар  ма  дегендей,  бір
-
біріне  жалтақтасып  қалады. 
Сәл үнсіздік.
 

 
149 
 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет