Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

Сҧлтанғали:
 
 
Жетпіске жақын жасы бар болса! 
 
Ӛзі ӛмір бойы қыз әкесімен дос, тамыр болса... 
 
Баланың балалықпен айтқан бір ауыз сӛзіне шала бүлінсе... 
 
Соған бола осындай әрекетке барса... 
 
Тап  сондай  кісінің  тағы  біреуін  анау  ен  адайыңнан  таба 
алармын деп ойлайсың ба?
 
Орынбор:
 
 
Мына бидің бұ не дегені?
 
Орынбор абдырап Есбердіге қарайды.
 
Есберді:
 
 
Сұлтанғали би! 
 
Торықпаңыз, Адайдан ондай кісі де табылады! 
 
Қорықпаңыз,  соншалық  мал  да  табылады.  Той  қамына  кірісе 
беріңдер!
 
Орынбор:
 
Әкең  осы  күзге  дейін  демеп  пе  еді?..  Әлгідей  малды  таңдап, 
іздеп, сауын салып дегендей... Қанша уақыт керек!..
 
Есберді!
 
 
Ореке! Санын да келтіреміз, ӛңін де келтіреміз!
 
Сҧлтанғали:
 
 
Шырағым,  сәл  сабыр  ет!  Мен  шартымды  әлі  түгел  айтып 
болған  жоқпын!  Ендеше,  аты  аталған  мал  дәл  он  бес  күнде  дайын 
болуы  шарт.  Егер  дайын  болмаса  бұл  әңгіме  енді  қайтып 
кӛтерілмейді деп серттеселік!..
 
 
 
Ара  би  бірдеңе  дегісі  келіп  қомданады.  Бірақ  аузына  сӛз  түспей  жан
-
жағына қарай береді.
 
 
Есберді:
 

 
96 
Бәрі  енді  түсінікті  болды.  Орындалмас  шартпен  орнымды 
сыйпатамын  дейді  ғой!  Мәселе  енді  соған  тірелсе  қалғанын  маған 
жүктеңдер!  Дәл  он  бес  күнде  қыздың  қалың  малы  қораларыңда 
болады.  Содан  бастап  дәл  он  бес  күнде  қыздың  ұзатылу  тойы 
тағайындалсын!
 
Орынбор:
 
 
Шырағым ойланып сӛйледің бе?
 
Есберді:
 
 
Мені ойсыз еді деп пе еді, біреу?
 
Орынбор:
 
 
Жоқ. Бірақ әлгідей малды...
 
Есберді:
 
 
Әкем  неге  ылғи  торыалааяқ  айғыр  мен  ақсарбас  қошқарға 
құмар  десем,  Алла  Тағала  әуелден  бастап  жүр  екен  ғой,  оны,  осы 
іске! Қасиетіңнен айналайын! 
 
Мына  Сұлтанғали  құда  90  торы  алааяқ  байтал,  900  ақсарбас 
тұсақ  деп  отыр  ғой...  Мен  үстіне  тағы  бір  қыз  қалыңын  қосамын. 
Шолпанның  қалыңы  айта  жүрерліктей  болсын  –
 
99  торы  алааяқ 
байтал, 999 ақсарбас тұсақ болатын болады!  
 
Сҧлтанғали: 
(не айтарын білмей қалған кейіп танытады)
 
 
Тойға неге сонша асықтырдың?
 
Есберді:
 
Ӛмір  бойы  Тайсойғаннан  басқа  жер  кӛрмеген  беріш  қызына, 
болашақ  шешеме,  қазақтың  кең  даласын  кӛрсетуге  асығып 
отырмын,  мен!..  Біз  биыл  Шолпан  шешеме  жер  кӛрсету  үшін 
Тұзтӛбе емес Орынборға
 
дейін кӛшетін боламыз!
 
Сҧлтанғали: 
 
 
Елдің тойға дайындалуы қажет емес пе?
 
Ара би:
 
 
Сұлтанғали  би!  Бұлар  сіздің  бар  айтқан  талаптарыңа  кӛніп 
отыр.  Асып  түсіп  отыр.  Он  бес  күнде  әлгідей  малды  дайындаудан, 
тойға дайындалу қиын соға қоймас! Келіселік осыған.
 
 
 
Билер “болсын, болсын” деседі. 
 
 
Есберді:
 
 
Қыз  қалыңмалы  түгенделген  күннен  бастап  дәл  екі  жетіден 
кейін әкемнің тойын ӛткіземіз. Бұл елдің жаратулы жүйріктері дайын 
болар.  Маған  әкем  бар  малдың  билігін  беріп  қойған.  Ӛз  малын  ӛз 
қуанышына шашамын.
 
Аламан  бәйгенің  бас  жүлдесіне  99  байтал  тігемін.  Түйе 
палуанға 33 байтал...  
 
Ара би:
 

 
97 
Дұрыс  екен...  Шашады  екен...  Шолпанжанның  абыройын 
асырайын  деген  екен!..  Олай  болса  тойды  ел  арасы  қашықтамай 
тұрғанда ӛткізіп алғаны да дұрыс.
 
Есберді:
 
 
Сіздер әлгідей малды
 
адайлар таба алмайтын болар деп қапы 
қалып
 
жүрмеңдер! Тойларыңа дайындала беріңдер. 
 
Сҧлтанғали: 
 
 
Есберді  шырағым!  Сӛзің  кӛтеріңкілеу  екен.  Егер  келісілген 
қалыңмалды  кезінде  жеткізе  алмасаңдар,  Мәсбатыр  байдың 
Шолпанының  соңына  сӛз  еріткендерің  үшін  бір
 
қыздың  қалыңы 
шамасында айып тӛлейсіңдер.
 
Есберді:
 
 
Сіздер он қыздың қалыңмалын сұрадыңыз. Біз кӛндік. Біз тіпті 
онға  бірді  қосып  қыз  бағасын  арттыра  түстік.  Енді  әлгі  айтқан 
айыбыңызға  да  кӛнелік.  Аз  болып  жатса  үстіне  бір  қозылы  қой 
қосалық! 
 
Сҧлтанғали

(күліп жібереді)
 
 
Мына шайтан баланың ӛткенде әзілге айтылған бір ауыз сӛзді 
әдемі пайдаланғанын қарашы. 
 
Ара би:
 
 
 
Бұған да келіссеңдер біз барлық мәселеге шешім табылды деп 
есептейміз!    Солай  болуға  да  тиіс  еді.  Ӛмір  бойы  кӛкірегінен  бір
-
біріне  деген  достық  пейілі  кетпеген,  бірінің  дауы  мен  арын  бірге 
кектеген беріш пен адай ауылдарының іргесі енді бүтінделе түсетін 
болды  деп  есептейміз  дағы.  Екі  елдің  екі  басты  байы  араларына 
жорға жүргізіп жатса ел достығы арта түспек. 
 
 
Қолын жаяды
 
 
Ей, Жаратқан! Ей,
 
Ұлы
 
Алла Тағала! 
 
Қабылдаған
 
осы билік шешімімізді елдің берекесіне жаза гӛр! 
 
Тӛсек жаңартып жатқандардың бақытына жаза гӛр! 
 
Екі ел ұрпақтарының татулығына жаз гӛр!
 
Аллаһу акбар!    Беттерін сыйпасады.
 
 
 
 
 
Шымылдық.
 
 
 
 
 
 
 
 

 
98 
 
Екінші бӛлім.  Ару анты. 
 
 
Бірінші кӛрініс. 
Ақшолпан анты
 
 
 
Киіз үй іші. Мәсбатыр бәйбішесімен оңаша отырады. 
 
 
Мәсбатыр:
 
 
Бәйбіше!  “Қызым  теңіне  кетпеді”  деген  қате  түсініктен 
арылғаның  дұрыс.  Қожаназар  бай сенің  қызың түгіл  хан  қызына  да 
лайық адам.
 
Фатима:
 
 
Мен  оның  басын  кемсініп  отыр  ма  екем!  Жасын  кӛпсініп 
отырған жоқпын ба?
 
 
Сәндікке,  сұлулыққа  құмар  еді,  балапаным!  Енді  не  болды? 
Әркімнің  тісі  тиіп  мүжілген,  шеті  кетіліп,  тоза  бастаған  жарық  ағаш 
тостақтың  қасына  қойылған  сырлы  зереңдей  болып,  қалай  отырар 
екен,  Шолпаным
-
ай  менің!  Ақшолпаным
-
ай! 
(кемсеңдеп  жылай 
бастайды)
 
Мәсбатыр:
 
 
Бәйбіше!  “Әркім  сүйгеніне  сәлем  береді”  демейтін  бе  еді, 
аталарымыз. Қожаназар пейілі сенің қызыңа түссе, оның бізді ӛзіне 
тең санағанынан болар. 
 
 
Алты алаш құрметтеген азаматты біз де құрметтелік..

 
Қызметші әйел Ажар кіреді.
 
 
Ажар:
 
 
Қожаназар бай түсіп жатыр.
 
Бәйбіше:
 
 
Отағасы! Онысын қай жолға сыйғызасың, енді?
 
Мәсбатыр:
 
 
Жігіттерге айтыңдар! Бірден осы үйге кіргізсін. 
 
 
Ажар шығып кетеді.  
 
 
Бәйбіше!  Енді  о  кісінің  әр  ісінен  олқылық,  әр  сӛзінен  оғаштық 
іздеуден сақтан!
 
Фатима: 
(кекесінмен)
 
 
Тойы  ӛтпей  жатып,  болашақ  күйеу  балаңды  баса  кӛктетіп, 
бірден үстіңе кіргіземісің?
 
Мәсбатыр:
 
 
Ол күйеу бала емес! Ол Алты Алаштың Қожаназары!
 

 
99 
 
Тоқтал  осымен!  Жау  жағадан  алғанда,  ит  етектен  аладының 
кейпіне түспе, енді! 
 
Фатима:
 
 
Етегіңнен  тартып  қайтейін.  Сӛздің  реті  дағы.  Ауызға  түскесін 
айтылып жататын. Іштегі ыза дағы, адамды құстырып отыратын.
 
 
 
 
Үйге Қожаназар мен Маната кіреді. Сәлемдесіп тӛрге озады.
 
 
Маната:
 
 
Мәсбатыр аға! Бұрын аға деуші едік, енді құда дейтін болдық. 
Құда, Құдағай амансыздар ма?
 
Мәсбатыр:
 
 
Аманбыз.
 
Қожаназар:
 
 
Мәсбатыр!  Бар  ӛмірімізді  екеуміз  барлық  байұлына  адай
-
беріш  дегізбей,  арбаның  алдыңғы  дӛңгелектеріндей  ажырамай, 
қалған ағайындарға үлгі боп, ауыздың бірлігіне, елдің тірлігіне еңбек 
етіп  келіп  едік.  Ашу  үстінде,  намысқа  шауып,  ақыры  құрдасың 
осыған жетіпті. Мәсбатыр, айтшы! Құрдасым едің!  Жекжатым едің! 
Шыныңды айтшы –
 
маған ӛкпеңнің жобасы қаншалық?
 
Мәсбатыр:
 
 
Егер нағыз шынымды білгің келсе –
 
шынымды айтайын! Менде 
саған деген ешқандай ӛкпе жоқ!
 
Қожаназар:
 
 
Сонда нең бар?
 
Мәсбатыр:
 
 
Ел
-
жұртымның,  қызымның  кӛңілі  үшін  қолымнан  келгенінше 
қарсы  болып  жүргенім  рас.  Бірақ  менің  ол  қылықтарым  жұрттың 
кейінгі ӛсек сӛздерінен қашқан амалсыздық болатын.
 
Қожаназар:
 
 
Алла  разы  болсын,  досым!  Мен  саған  ризамын,  Мәсбатыр! 
Мен бұл сӛзіңді ӛле
-
ӛлгенше ұмытпаспын!
 
Енді менің бір сұрағым бар. Шолпаныңды шақыршы. Оған әке
-
шешесінің алдында айтар бір ауыз сӛзім бар еді. 
 
Мәсбатыр:
 
 
Ол қандай сӛз?
 
Қожаназар:
 
 
Ол сіздердің алдарыңызда қызыңа айтылатын сӛз.
 
Мәсбатыр: 
(бәйбішесіне)
  
Баланы шақырыңдаршы.
 
 
 
 
Фатима шығып кетеді.
 
 

 
100 
Қожаназар:
 
 
Мәсбатыр!  Жалған  намысқа  шауып  біраз  жерге  барып 
қалғанымды  байқамай  қалыппын.  Сол  кезде  Шолпанның  сенің 
қызың  екенін  де,  ӛзімнің  алпыстың  асуынан  асып  кеткенімді  де 
естен шығарыппын. Кешірім ӛтінемін.
 
Мәсбатыр:
 
 
Сұлтанғали қалай болғанын айтқан. Баладан да үлкен қателік 
кеткен  екен.  Сол  сӛздерді  Шолпанның  аузына  шайтан  салды  ма, 
әлде  періште  салды  ма,  ол  белгісіз.  Алланың  жазмышы  солай 
болар. Кешірім сұрап қайтесің, жаратқан алдында пиғылың ақ болса 
болады дағы.
 
Қожаназар:
 
 
Мені  қинап  жүрген  біздің  осы  бірінші  кездесуіміздің  жӛні  еді. 
Достық  пейіліңді  сақтап  қалғаныңа,  мына  сӛзіңе  дән  риза  болып 
отырмын, Мәсбатыр! 
 
Мәсбатыр:
 
 
Қожаназар!  Менің  де  сенен  сұрар  кешірімім  бар  еді...  Қыздың 
қалың малы шамадан тыс болды демегейсің. Бұл таласта менің мал 
іздемегеніме сен. Менің сенен ӛтінішім осы болмақ. 
 
Қожаназар:
 
 
Оған сенімдімін.
 
Мәсбатыр:
 
 
Олай  болса  екеуміз  түсіністік  деп  есептейміз  дағы!  Келгенің 
дұрыс болды
-
ау! Дұрыс
 
болды
-
ау!
 
Қожаназар:
 
 
“Жақсының алды жайлы” деген осы дағы!
 
 
 
Үйге Фатима мен Шолпан кіріп, отырады. 
 
 
Мәсбатыр:
 
 
Қызым! Қожаназар бай сенің алдыңда айтатын бір ауыз сӛзім 
бар еді дегесін шақыртып отырмын.
 
 
Ал, Қожеке! Ол не сӛз еді? Айта беріңіз.
 
Қожаназар:
 
 
Шолпан  шырағым!  Үлкендіктің  ӛз  ерекшеліктері  болады. 
Солардың  бірі  “үлкеннің  сақалын  сыйлау”  деп  аталатын  еді. 
Ӛткенде  ел  алдында  сол  қасиет  тұтып  жүрген  сақалымызды 
қошқардың  күйегіне  теңеп  мені  сабамнан  шығарып  жіберген  сен 
едің. Сенен бір қателік кетті.
 
 
 
Шолпан ыңғайсыздана шешесіне қарайды. Шешесі тӛмен қарайды. 
 
 

 
101 
Үлкендіктің тағы бір белгісі –
 
“сабыр сақтау” деп аталатын. Мен 
сенің сол сӛзің үшін қатты кектенгеніме, қатты кеткеніме ӛкініштімін. 
Сабыр сақтай алмағаныма ӛкініштімін. Менен бір қателік кетті.
 
 
Мына әке
-
шешеңнің алдында сол қателігімді мойындап, сенен 
де, бұлардан да кешірім ӛтінгелі келіп отырмын.
 
Мәсбатыр:
 
 
Шолпанның  да  балалығы  болған  ғой.  Әлгідей  ауыр  сӛзді 
әкесіндей адамға қалай айтты десеңізші.
 
Қожаназар:
 
 
Екінші  айтарым  –
 
сен  қызықты  алдан  күтетін  жас  едің.  Сол 
үмітіңді  екі  әйелдің  үстіне  кіргізіп,  сенің  арманды  қызығыңды 
ӛшірмейін дедім. 
 
Фатима:
 
 
Алла! Иә сәт!
 
Қожаназар:
 
Мен –
 
бар қызықты артымда қалдырдым деген қарт едім. Егер 
ӛзің қаласаң осы сәттен бастап сенің басың, менен,
 
бос. Мына әке
-
шешеңнің алдында айыбымды тӛлеймін де, қалың малымды қайтып 
аламын.
 
Мәсбатыр:
 
 
Апырым
-
ай, ә...
 
Қожаназар:
 
 
Тек  қана  менің  әлгі  сӛзге  қосарым  –
 
менің  бұл  шешімімді 
қалың малды ауырсынып айтып отыр деп түсінбеңдер!
 
 
Мен  ұзақ  жыл  тамыр  болған  Мәсбатыр  құрдасымның  қызы 
Шолпанның аз күн кӛрер жастық шақ қызығынан айырмайын дедім!
 
Мәсбатыр:
 
 
Апырым
-
ай, ә... Бұлай аяқталады деп кім ойлаған...
 
Фатима:
 
 
Біздің ақсақал сізге шаң жуытпаушы еді. Кісілігіңізді әбден біліп 
болған екен ғой. Рахмет, Қожеке! Дұрыс болды. Енді ешқандай айып 
та жоқ, ӛкепе де жоқ. Рахмет, Сізге! Елге күлкі етпедіңіз, бізді.
 
Мәсбатыр:
 
 
Балам! Бірдеңе десеші. Басың бос деп отыр ғой. Не айтасың?
 
Шолпан: 
 
“Ӛзің  кӛтермейтін  сӛзді  басқаға  айтпа”  деген  екен 
үлкендеріміз, біз соны айтыппыз.
 
“Ӛзіңді ӛзің сыйламасаң, ӛзгеден сый дәметпе” депті даналар. 
Бірақ біз қыз аузынан шығуға тиіс емес сӛзді айтыппыз. Сыйлануға 
тиіс емес едік. Бірақ Қожекеңнің құрметіне ұшыраппыз. Қожекең біз 
секілді ерке қызды жӛнге келтіріп тастағандай ма, қалай ӛзі?
... 
Мәсбатыр:
 
 
Тентегім менің! Ақылыңнан айналайын!
 

 
102 
Шолпан:
 
Әке!  Бұ  кісі  бұрын  сіздің  тентегіңізге  бұғалығын  тастап 
қылғындырып  тұрып  жуасытып  алып  еді.  Жуасып  едік.  Тағдырға 
кӛндіріп  еді.  Кӛніп  едік.  Енді  сол  бұғалығын  сыпырып  алып,  асау 
Шолпанды,  шал  тастап  кеткен  абыройсыз  Шолпан  етпек  болған 
екен ғой! Ол ойы бола қоймас! 
 
Фатима:
 
 
Қызым? Не деп кеттің?
 
Шолпан:
 
Бостандық бермекші екен ғой! Бірақ бізге сол бостандық керек 
пе, керек емес пе, оны сұрамай ма екен, бізден?
 
Фатима:
 
 
Қызым, ақылың бар ғой. Ойланып сӛйлеші.
 
Шолпан:
 
 
Маған  енді  ойдың  да  қажеті  бола  қоймас,  анашым!  Мен  енді 
ӛзім үшін ойлайтын да, ӛзімді қамқорлай алатын да кісіге жолыққан 
секілдімін.
 
Фатима:
 
 
Сені түсінбедік қой?
 
Шолпан:
 
 
Түсінбейтін  түгі  де  жоқ!  Менің  іздегенім  де,  күткенім  де  тап
 
осындай адам болатын! 
 
Бастаған ісін жеріне жеткізбей тынбайтын болса!..
 
Бұның алдында барша жұрт басын иетін болса!
 
Аузынан шыққан әр сӛзін жалғызындай жақсы кӛретін болса!..  
 
Әр берген уәдесін анасының арындай қорғайтын болса!..
 
Сонда маған осындай адамнан басқа кім керек екен!
 
Менің іздегенім де сол болатын, теңім де сол болатын. Мен бұ 
кісінің ісі мен сӛзіне, мінезі мен қайратына қатты риза болдым.
 
 
Қожеке!  Егер  сіз  қарсы  болмасаңыз  мен  сіздің  қалған 
ғұмырыңызға, “ӛзіңіз айтқан тӛсектесіңіз болуға” дайынмын!
 
 
 
Қожаназар  орнынан  оқыс  ұшып  тұрады.  Басқалар  да  орындарынан 
тұрады. Жұрт не істерін білмей абдырап қалады.  
 
 
Қожаназар:
 
Айналайын
-
ай!  Ақшолпаным
-
ай!  Менің  алпыс  бес  жасымнан 
қырық жылды бірден қырқып тастадың ғой! Мені жирма бесіме қайта 
оралттың ғой! 
 
Шолпан:
 
 
Егер  олай  болса,  менің  бұл  сӛзім  сізге  соншалықты  жағымды 
болса...
 
Қожаназар:
 

 
103 
 
Жағымды сӛздер... Сағынышты сӛздер...
 
Шолпан:
 
Онда  мен  де  дәл  сіздей  боп  ант  етемін.  Әкем  мен  анамның 
алдында ант етемін! Ата
-
бабаларымның аруағымен Сізге адал жар 
болуға, сүйіп ӛтуге ант етемін. 
 
Мәсбатыр:
 
 
Алла қабыл еткей!  (
Бетін сыйпайды).
 
Шолпан:
 
Тойды да кешіктірмей ана тентек ұлымыздың айтқанындай он 
бес күн ішінде ӛткіз деп сұрайтын боламын...
 
Фатима:
 
 
Болсын!  Айтқаның  болсын,  жарығым!  Жолың  болсын, 
жарығым! 
(бетін сыйпайды).
 
Қожаназар:
 
 
Енді  сенің  атың  Ақшолпан  болады!  Сен  адайдың  Ақшолпаны 
аталатын  боласың!..  Мына  мінезімен,  мына  ақылымен  мен 
Ақшолпанның бір рулы елдің анасы атанатынына сенімдімін!
 
 
 
Қожаназар қолын созады. Қолын берген Ақшолпанды бауырына басады. 
Үйдегі адамдар бір
-
бірлеп шығып кетеді.
 
 
Қожаназар: 
(бір  қолымен  Ақшоланды  құшып  тұрып,  екінші  қолын  кӛкке 
кӛтереді)
 
 
Ей, Алла! Ӛмір бойы ӛзіңе жалынумен келе жатыр едім!  
 
Бар етіп едің!
 
Ӛмір бойы табынумен келе жатыр едім!
 
Бай етіп едің!
 
Толған шығармын дейтінмін! Болған шығармын дейтінмін!
 
Жаратқан! Маған сақтағаның әлі кӛп екен ғой! 
 
Ӛтеусіз ете гӛр! 
 
О, Жаратқан! Ӛтеусіз ете гӛр!
 
Ақшолпан:
 
 
Амин! О, Жаратқан! Ӛтеусіз ете гӛр!
 
(екеуі де беттерін сыйпайды).
 
 
 
 
 
Шымылдық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
104 
Екінші кӛрініс. Отбасы
 
 
 
Ақшолан үйде жалғыз.  Үй заттарын жинастырып жүреді. 
 
 
Ақшолпан:
 
 
Отағасының да келетін уақыты болып қалды
-
ау! 
 
 
 
Сыртқа дауыстайды. 
 
 
Ақшолпан:
 
 
Тұмар!
 
Қымыз  сапыртыңдар!  Шәй  қойыңдаршы!
 
Отағасы 
шӛлдеп келер. Сусыны мен шайы дайын болсын.
 
 
Керегеде ілулі кішщкентай қамшыны қолына алады.
 
 
Ақшолпан:
 
 
Тұмар!
 
Атасының Аққошақаны қамшысын ұмытып кетіпті ғой!
 
 
 

Атасының  Аққошақаны”  деп  қайталап,  қамшыға  ерекше  жылылықпен, 
мейіріммен қарап тұрады. Тұмар кіреді.
 
 
Тҧмар
-
Қожаназар:
 
(Қожаназардың даусын
 
салып, ойнақыланып)
 
Менің  кӛңілім  қош  болсын  деп,  Құдай  Тағалам  берген 
Қошаным! 
 
Сонша балаға мойын бұрмағанда мені мейірлі еткен Қошаным! 
 
Ақшолпанға пейілді еткен Қошаным! 
 
Менің Аққошақаным!
 
 
Екеуі шаттанып күледі.
 
 
Ақшолпан:
 
(Ӛзін
-
ӛзі қайталап)
 
 
Отағасы! Нәрестені сонша жақсы кӛруге бола ма екен! Балаға 
сұқтана  бермеші!  Ниетіңіздің  оғы  ӛтер,  кӛзіңіздің  сұғы  ӛтер 
дегендей! 
 
Ей Тәңірім! Ұзағынан бере гӛр! 
 
Тҧмар
-
Қожаназар:
 
 
Қошанжаным қайда екен?!
 
Ақшолпан
-
Қошан:
 
(Ақшолпан баланың даусымен)
 
 
А
-
ау!
 
Тҧмар
-
Қожаназар:
 
 
Қошақаным қайда екен?!
 
Ақшолпан
-
Қошан:
 
 
Мынау екен!  
(ӛзін кӛрсетеді).
 
Мынау екен! Мынау екен!
 
Тҧмар
-
Қожаназар:
 

 
105 
 
Аққошақаны кім екен!
 
Ақшолпан
-
Қошан:
 
 
Мен екен! Мен екен! Мен екен!
 
Тҧмар
-
Қожаназар:
 
 
Жарығым менің!
 
Ақшолпан
-
Қошан:
 
 
Ата!  Маған  Қонай  батырдың,  сауытын  әкеліп  берем  дегенің 
қайда? Қашан әкелесің?
 
Тҧмар
-
Қожаназар:
 
 
Әкелем! Әкеліп берем!
 
Ақшолпан:
 
 
Қонай батыр ӛзі әкеліп берем деген жоқ па еді?
 
Тҧмар
-
Қожаназар:
 
 
Ӛзі  әкеліп  береді,  болмаса  Қонай  батырдың  ақсауытын 
Аққошақаныма ӛзім барып әкеліп беремін!
 
 
Содан  соң  менің  Аққошақаным  ақбозатқа  мініп  ап,  ақсауытты 
киіп  ап,  ақалмасты  іліп  ап,  сарбаздарын  шұбыртып,  елдің  жау 
жағыңа қорған боп,  елін қорғар ер болады! 
 
Ел шетіне жау жібермеймін деп, жер шолады!
 
Отырса отырған жері тӛр болады!
 
Ақшолпан:
 
 
Ер болады! Жер шолады! Атасының баласының отырған жері 
тӛр болады! Тӛр болады!
 
 
 
Үйге Қожаназар кіреді.
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет