Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

Қожаназар:
 
 
Әрине! Ер болады! Жер шолады, атасының баласы! Атасының 
баласының отырған жері тӛр болады! Тӛр болады!
 
 
Ол қайда! Қайда менің жарығым! Қайда менің Аққошақаным!
 
Ақшолпан:
 
 
Таңатпай тайын алдыртқан. Жүрген шығар шапқылап.
 
 
 
Қожаназар Ақшолпан қолынан қамшыны алады.
 
 
Қожаназар:
 
 
Қамшысын ұмытып кеткен бе?
 
 
 
Үйге қызметші әйел кіреді.
 
 
Қызметші әйел:
 
Орынбор би мен Маната келіп түсіп жатыр. Сізде шаруасы бар 
кӛрінеді. Оңаша сӛйлескісі келетінін білдіріпті.
 
Қожаназар:
 

 
106 
 
Ең  оңаша  жер  осы  үйдің  іші.  Жігіттерге  айт,  осында  алып 
келсін.
 
 
 
Қызметші әйел шығып кетеді.
 
 
 
 
Шымылдық
 
 
 
 
 
Ҥшінші кӛрініс. Суық хабар
 
 
 
Қожаназар  мен  Ақшолпан  үстіне  Орынбор  би  мен  Маната  кіріп 
сәлемдеседі.
 
 
Қожаназар: 
(кӛңілді ҥнмен)
 
 
Уа
-
ғалайкум
-
ас
-
салам!
 
Тойшылар! Қалай тез қайтқансыңдар?
 
Ақшолпан:
 
 
Жеңгесіне тойдан әкелген сарқытын беруге асыққан болар,
 
Маната:
 
 
Той артына қарай алмадық. 
 
Орынбасар: 
(ызалы үнмен)
 
 
Той тез тарап кетті!
 
Қожаназар:
 
Жүрістерің қандай жұмбақ еді! Жүздерің қандай суық еді? 
 
Ақшолпан:
 
 
Шыныменен  жүздерің  қандай  суық  еді?  Айтары  да  оңып 
тұрмаса керек!
 
Орынбор:
 
 
Қожеке!
 
Кешегі  тойда
 
түрікпендермен  адайлар  арасы  тағы 
бүлініп  тынды!
 
Қожаназар:
 
 
Тағы  басталды  ма?  Апырым
-
ай,  барлық  ӛміріміз  жауласумен, 
жағаласумен  ӛтетін  болғаны  ма?  Бала
-
шағаны  қызықтап  бес  күн 
тіршілік ете алмайтын болғаны ма, бұл адамдардың?
 
Маната:
 
 
Қожеке! Бұл хабарды Сізге оңаша отырып жеткізген дұрыс деп 
шешіп еді, билер.
 
 
Қожаназар:
 
 
Оңаша  деген  осы  емес  пе?  Менің  Ақшолпаннан  жасырар  еш 
сырым жоқ екенін басқа білмесе де осы екеуің білетін едіңдер ғой!
 
Орынбор:
  
 
Қожеке! Тым жағымсыздау хабар еді.
 

 
107 
Маната:
   
 
Қожеке! Әйел адамға ауыр тиеді ме деп ойлап тұрмыз.
 
Ақшолпан:
 
 
Қожеке, мен шыға тұрсам қайтеді?
 
Қожаназар:
 
 
Отыр! Түрікпендер мен адайлардың араларының бұзылғанына 
50  жыл  болған.  Талай  бұзылып,  талай  түзелген.  Ал  бастаңдар,  не 
айтқалы келдіңдер?
 
Маната:
 
 
Қожеке
-
ай! Бізді қатты қинадыңыз ау!
 
Орынбор:
  
 
Бұл  суық  хабар  еді!  Хабардың  Мына  Қошанжанға  қатысы 
болып тұр!
 
Ақшолпан:
 
 
Қошаны  несі?  Түрікпендердің  Қошанда  не  алмағы  бар  екен?  
Алмағы болса әкесі бар емес пе? Елі бар емес пе?
 
Маната:
 
 
Ореке! Енді неде болса жарияға кететін болдық қой!
 
Орынбор:
  
 
Солай болды, қиын болды
-
ау!
 
Қожаназар:
 
 
Ау, жарқындарым! Күл
-
бүлтені тоқтатыңдаршы!
 
Ақшолпан:
 
 
Қожеке! Жүрегім соғып барады! Алқынып барамын! Айтсыншы 
зарықтырмай!
 
Маната:
 
 
Кешегі тойда, ойда жоқта, тағы да жер дауы басталды. Сӛзден 
дау  пайда  болды,  даудан  жау  пайда  болды.  Ақыр  аяғы
 
жаман 
аяқталды.
 
Қожаназар: 
 
 
Неден басталды?
 
Орынбор:
 
 
Ақындарды  айтыстырамыз  деп,  барлық  пәле  солардың  бір 
ауыз сӛзінен туындады.
 
Қожаназар:
 
 
Сонымен...
 
Ақшолпан:
 
 
Сақтай гӛр!
 
Орынбор:
  
 
Түрікпен  ақыны  “Маңғыстау  біздің  ата  мекеніміз  еді,  адайлар 
зорлық  жасады”  деп  сӛзіне  қосты.  Сол  бір  ауыз  сӛзден  от  лап  ете 
қалды.
 
Ақшолпан:
 

 
108 
 
Маңғыстау  кімнің  ата  мекені  болғанда  оған  Қошанның  қандай 
қатысы бар екен?
 
Орынбор:
  
 
Адайлар  біздің  ата  мекеніміз  еді  деді.  Түрікпендер  жер  біздікі 
еді деді.
 
Қожаназар:
 
 
Сонымен?
 
Ақшолпан:
 
 
Құдай
-
ай, сақтай гӛр ӛзің!
 
Маната:
 
 
Сонымен түркімендер анттасамыз деп жатыр.
 
Орынбор:
  
 
Анттасалық  дейді!  Бұл  соңғы  дау  болсын  дейді.  Алла  Тағала 
кімді жақтаса жер сонікі болсын дейді.
 
Қожаназар:
 
 
Ал, сосын.
 
Маната:
 
 
Егер  Алла  Тағала  адайларды  жақтаса  біз  Маңғыстауды 
адайларға біржолата қалдырып кетеміз деп жатыр.
 
Қожаназар:
 
 
Бұл соншалықты жағымсыз сӛз емес секілді ғой!
 
Орынбор:
  
 
Антқа  адам  ұстамақ!  Ол  елдің  ең  қадірлі,  ең  жанды  жеріне 
тиетін адам болуы керек деп шешіпті!
 
Қожаназар:
 
 
Аққошақаным
-
ай! 
(Қожаназар 
Ақшолпан 
қолынан 
баласының 
қамшысын алады).
 
Тұзақ саған түскен екен ғой!
 
Ақшолпан: 
 
 
Антқа ұстайтыны несі? Баланы антқа ұстай ма екен?
 
Маната:
 
 
Түрікпендер сол сӛзінен айнымай отыр.
 
Ақшолпан:
 
 
Жоқ! Мен қошақанымды антқа ұстата алмаспын! 
(Қожаназардың 
қолынан қамшыны алап  бауырына басады).
 
Қожаназар:
  
Кесіп айтпа, Ақшолпан! 
 
Ақшолпан:
 
Қожеке!  Ақшолпаның  емес  күңің  болайын!  Ақшолпаның  мен 
Аққошақақаныңды  шырылдатпашы!
 
Қожаназар:
 
 
Сабыр етші!
 
Ақшолпан:
 
 
Қожеке! Ара түсші біз сорлыларға!
 

 
109 
Қожаназар:
 
 
Ақшолпан! Есіңді жи!
 
Ақшолпан:
 
 
Басыма  күн  туады  деп  ойламайтынмын!  Қамқорым  бар  деуші 
едім! Құдайдың қаһарынан басқадан сескенбеуші едім! Ӛзіңе сенуші 
едім! Құтқара гӛр, мына құрбандықтан! 
 
Қожаназар: 
(қатқыл дауыспен)
 
Ақшолпан  есіңді  жи!  Мен  еліме  қажет  болса  Ақшолпанның 
жалғызы  Қошан  емес,  үш  әйелден  кӛрген  жеті  ұлымды  да  құрбан 
етуге даяр екенімді түсін!.. 
 
Ақшолпан:
 
 
Антқа ұсталған адамның болашағы не болмақ?
 
Қожаназар:
 
Елге  қажет  болғанда  қара  орманымды  талай  жұмсағанмын!..  
Талай шашқанмын!..
 
Алла тағы да берген.
 
Соған ой жүгіртші, Ақшолпан!..
 
Іс сенің жеке басыңда емес! Іс ел басына түсіп тұр! Соны ойла, 
Ақшолпан!
  
 
 
Қожаназарлар  шығып  кетеді.
 
Ақшолпан
 
әрлі
-
берлі  сенделіп  жүре 
бастайды.
 
 
 
Ақшолпан:
 
 
Жаратқан
-
ай! Сақтай гӛр жалғызымды!.. 
 
 
Жауларының оғынан сақтай гӛр!
 
 
Кӛздеріңің сұғынан сақтай гӛр!
 
Халықтың қарғысынан сақтай гӛр!..
 
Ей, Алла Тағала! Жалғызымды жақтай гӛр!..
 
 
 
 
Шымылдық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
110 
Ҥшінші бӛлім. Ел анты
 
 
Бірінші кӛрініс.  Анттан соң
 
 
 
Ант беру  аяқталған. Шұбырған кӛпшілік. 
 
Түрікпендердің назары сынық.... 
 
Адайлар  Алласына  сыйынып  шаттанып  жатыр.  “Алла!,  Алла!”,  “Бекет!, 
Бекет!” деген сӛздер ауыздан ауызға таралып, даланы күңірентіп тұрады.
 
Орынбор  би  тобы  Қараман
-
Ата  басына    келеді.
 
Тізерлей  отырып  тәу 
етеді.
 
 
Орынбор:
 
Уа,  қасиетті  Қараман
-
Ата!  Басыңа  дау  мен  шу  әкеліп 
тынышыңды алдық па?! Кешірім ете гӛр! 
 
Ӛзіңнің демеуіңмен, Бекеттің сұрауымен Алла Тағаланың бізге 
мейірімі түсіпті, бүгін. Мәңгілік ете гӛр, Жасаған!  Ұзағынан бере гӛр! 
Жаратқан! 
 
 
“Аминь” десіп, беттерін  сыйпасады. Орындарынан тұрады.
 
 
Орынбор:
 
Шақырыңдар түрікпен билерін!
 
 
 
Түрікпендер мен адайлардың билері соңғы келісімге жиналады.
 
 
Орынбор:
 
 
Ал,  түрікпен  бауырлар!  Тектес  едік,  туысқан  едік!  Туыстықтан 
қапы жоқ, қандас едік, түбі бір түркілер едік! 
 
Маңғыстау  ата  қонысымыз  еді  деп  біз  қайта  оралып  едік! 
Сіздер  мекендеп,  үйреніп  қалғанмен  түсіндіңдер!  Маңғыстауда 
бәрімізге де жер жетеді дедіңдер! Рас па?
 
Тҥрікпен биі:
 
 
Айта бер!
 
Орынбор:
 
Ел  тентексіз  бола  ма!  Екі  елдің  де  ессіздері  кӛп  екен! 
Жауластырды! 
 
Екі
 
елдің  де  бұра  сӛйлейтіндері  жетерлік  екен!  Арандатты! 
Араздастырды!  Рас па?
 
Тҥрікпен биі:
 
 
Рас!
 
Орынбор:
 
Тату  кӛрші  болалық  деп  тырысқандар  да  аз  болмады.  Дос  та 
болдып  кӛрдік!  Тамыр  болып  та  қарадық!  Қыз  беріп,  қыз  алысып 
жекжат бола бастадық! Рас па?
 

 
111 
Тҥрікпен биі:
 
 
Рас!
 
Орынбор:
 
Бірақ алауыздық азаятын болмады. 
 
Ақыры тағдырымызды тағы да бір тентектің ісі шешті!
 
Жағдайымызды бір ауыз сӛздің желі биледі. 
 
Ел берекесін тӛгіп кетті. Халық қабырғасын сӛгіп кетті. 
 
Енді  біріге  алмаспыз  дедіңдер,  Сіздер!  Біз
 
амалсыз  сеніп 
отырмыз!
 
Бұл  жолы  қатты  кеттіңдер.  Анттасамыз  дедіңдер!  Біз  кӛніп 
отырмыз оған! Рас па, осыным!
 
Тҥрікпен биі:
 
 
Рас, Орынбор! Сен қашанда қоспай сӛйлейтінсің! 
 
Орынбор:
 
Анттастық! Алла Тағала адайларды қолдады деп елдің шулап 
жатқаны анау! Енді не айтасыңдар!?
 
Тҥрікпен биі:
 
 
Бұл жолғы ел арасындағы дауға жауапты біз болып қалыппыз 
ғой. Сіздер солай деп тұрсыздар ғой! Біз не деуші  едік.
 
Орынбор:
 
 
Олай  деген  біз  емес  болатын,  сіз  болатынсыз!  Ӛз  сӛзімізден 
танбалық!
 
Тҥрікпен биі:
 
Мен  сӛзден  таңғалы  отырған  жоқпын!  Түрікпен  халқы  үшін 
ауыздан шыққан сӛз –
 
құран сӛзіндей қасиетті! 
 
Түрікпен  халқы  берген  уәдесін  де  –
 
Алла  бұйрығындай 
орындайды!
 
 
Анттасалық дегенді бастаған біз едік. Сіздер кӛнген едіңдер! 
 
 
Бес жасар баланы антқа ұстаңдар деп, әдетте жоқты шығарған 
да  біз  едік.  Сіздер  кӛнген  едіңдер!    Алла  сол  үшін  бізді  жазалаған 
болар! Қайтеміз енді?..
 
Енді біз не айталық?.. Түрікпендер Құдайдың да құлы, уәденің  
де құлы! 
 
Біз Алла атымен анттастық! Алла сіздерді жақтады! 
 
Антқа сенеміз дағы! Кӛнеміз дағы!
 
Не делік, Маңғыстауды тастап кӛшеміз дағы!
 
Рахымсыз қатал тағдыр
-
ай! Кім ойлаған бұлай болады деп...
 
 
Даусы дірілдеп, сӛйлей алмай булығып қалады.
 
 
Орынбор: 
 

 
112 
Олай  болса,  уәделерімізді  құран  сӛзімен  қуатты  етелік! 
Алланың  алдында  ӛз  үнімен  антымызды  бекітелік!  Молдаларыңды 
шақырыңдар ортаға!
  
 
Молдалар ортаға шығып,  тізерлесіп отырып қолдарын жаяды. Басқалар 
да солай істейді.
 
 
Қазақ молдасы:
 
 
Сіз бастаңыз!.
   
 
Түркімен молдасы “бимиллаһи р
-
рахмани р
-
рахим” деп батасын  бастайды.
 
 
 
 
Шымылдық 
 
 
 
 
 
Екінші кӛрініс. Елу жыл ӛткен соң. Бекет
-
Ата басында
 
 
 
Оғландыдағы Бекет
-
Ата мешітінің кӛрінісі. Мешіт алдында қарт шырақшы 
мен Маната әңгімелесіп отырады.
 
 
Маната:
 
 
Халің қалай інім? Жалғызсырамайсың ба?
 
Шырақшы:
 
 
Бұл  жер  адамды  жалғызсыратпайтын  жер  ғой,  жарықтық! 
Атаға  зиярат  етеміз  деушілер  келіп
-
кетіп  жатады.  Сосын  Атанаң 
қасында  жүріп  адам  жалғызсырай  ма?  Атаммен  сӛйлесімін, 
кәдімгідей.  Сұрақ  қоямын.  Ол  жауап  береді.  Әрине,  ол  болып  ӛзім 
сӛйлеймін. Солай күн ӛте береді.
 
 
 
Бір топ зияратшылар келеді. Отырғандармен сәлемдеседі.
 
 
 
Зияратшы: 
(шырақшыға)
 
 
Мен  бұдан  жиырма  бес  жыл  бұрын  Ата  басына  алғаш 
келгенде, бір шал осы жерде шырақшы еді. Ата, сол кісі қайда, әлде 
сіз сол шалдың ӛзісіз бе?
 
Шырақшы:
 
 
Мен  Бекет
-
Ата  басында  шырақшы  болғаныма  да  елу  жыл 
болып
 
қалған екен. Сол шалың да осы шал болар, балам.
 
Маната:
 
 
Е
-
е...  Бұ  кісі  екеуміз  не  кӛрмедік  дейсің!  Баяғы,  Қараман
-
Ата 
басында,  екі  ел  анттасқанда  түрікпендер  сӛзіне  шыдамай  шатақ 

 
113 
шығарушылардың  бірі  біздің  осы    бала,  сіздердің  осы  шырақшы 
шалдарың болатын.
 
Шырақшы:
 
 
Ол  уақытта  намыс  деген  пәле  қураған  тамызық  шӛптей  лап 
ете қалушы еді ғой!
 
Маната:
 
 
Намыс  пен  ерлік  кезінде  қауіпті  кӛрінгенмен,  ойлап  қарасақ 
құрметті істер екен ғой.
 
Шырақшы:  
 
Маната, ақсақал! Бір сұрауым болып отыр. 
 
Маната:
 
 
Сұра інім.
 
Шырақшы:
 
 
Сіз кезінде Қожаназардың қосшысы болған, тек қосшысы емес 
сенімді  жігіті  болғаныңызды  барша  жұрт  біле  бермейді.  Біз  бен  Сіз  
Бекетті  де  кӛзімізбен  кӛрген  кісілерміз.  Оны  да  кӛпшілік  біле 
бермейтін болар.
 
Зияратшылар:
 
Шулап кетеді
 
 
Бекет
-
Атаны кӛрдіңіздер ме?
 
 
Не дейді? Атаны кӛріп пе бұ кісілер?
 
 
Рас па екен?
 
Маната:
 
 
Рас, рас. Бәрі рас. Ой шіркін күндер
-
ай! 
 
Шырақшы: 
 
Мына  жұртымызға  Бекет
-
Атамыз  қатысқан,  адайлар  мен 
түрікпендердің анттасқаны туралы айтып берсеңізші.
 
Маната:
 
 
Неге  айтпаймыз.  Айтамыз.  Айтудан  жалыққан  емеспін.  Ел 
жадынан ӛшпесін!  Ұрпақ санасына  құйыла  берсін!  Айтамыз!  Сіздер 
де  айтып  жүріңіздер!  Сол  анттасудан  бастап  “Бекет”  адай  елінің 
ұранына айналған!
 
Шырақшы:
 
 
Дәл қай күні Бекет атының ел ұранына айналғанын ешкім дәл 
басып  айта  алмаса  да,  сол  анттасудан  басталып  еді  дейді  ғой, 
кӛпшілік.
 
Маната:
 
 
Қараман
-
Ата  басындағы  антқа  дейін  Бекеттің  зайырын  талай 
кӛрген  болатын,  жұрт.  Кейбіреулер  “Бекет”  деп  ұран  да  шақыра 
бастаған. Бірақ қаптаған халықтың “Бекет, Бекет!”  деп күңіренгенін 
сол жолы кӛрдік.
 
Шырақшы:
 

 
114 
 
Біздің ісіміз ақ болса, жолыңа садақа Аллатағала!, мына қара 
тұлпарды  ат  деп,  саңқ  ете  қалып  еді,  Бекет!  Даусы  жетпеген  жер, 
естімеген құлақ қалмаған болатын!
 
Маната:
 
 
Ой  шіркін
-
ай!  Бекет  пен  Қошан  мініп  тұрған  мақпал  жүнді 
кӛруге
 
кӛз  керек  қара  тұлпар  аспанға  шапшып  барып  жерге  құлап 
түскен  еді
-
ау,  сол  кезде!..  Ат  Алла  Тағаланың  құдіретімен  тұяқ 
серіппей кеткенде аспан асты, жер үсті “Бекет!, Бекет!” деп күңірене 
жӛнелген болатын!
 
Шырақшы:
 
 
Сол сәт менің кӛз алдымнан күніне он рет
 
ӛтетін болар!
 
Маната:
 
 
Халқымыздың  бақытына  туған  жан  еді  ғой!  Сол  анттасу 
болмаса, Бекеттің сұрағын Алла қабыл етпесе жаушылық заманнан 
құтыла алмай, түріпендермен әлі күнге жағаласып  жүрер ме едік?..
 
Шырақшы:
 
 
Аруағыңнан  айналайын,  Бекет
-
Ата!  Ел  басын  талай  біріктірді 
ғой!
 
Маната:
 
 
Бекет аты ұранға айналғалы елдің берекесі мен бірлігі, ырысы 
мен ынтымағы арта түсті.
 
Зияратшы:
 
Бекет  атамыздың  тілегін  Алла  Тағалада  қабыл  етіп,  түрікпен 
елі Маңғыстауды босатып кӛшіп кетіпті дейді ғой, аталарымыз.
 
Шырақшы:
 
 
Солай болған!
  
Маната: 
 
Рас!
 
Шырақшы:
 
 
О күндері ел тағдыры талай рет пышақ жүзінде тұрды ғой!
 
Маната:
 
 
Сол күні Алла Тағала Бекет тілегін емес түрікпен тілегін қабыл 
етсе, арты не боларын кім білген? Қауіпті кезең болатын.
 
Шырақшы:
 
 
Қария! Сол күнді басынан бастап еске түсірші!
 
Маната:
 
 
Ол  ант  күнін  еске  түсірудің  не  қажеті  бар!  Ол  ӛмір  бойы  кӛз 
алдымызда сақталып қалған кӛрініс емес пе!
 
 
Бұл әңгімені біз тойдан басталық...
 
 
Түрікпендер  той  жасап,  адайларды  шақырды.  Біз  Орынбор 
биге еріп, біраз адам тойға
 
бардық. Жиналған адайлар сол тойдағы 
түрікпендерден аз емес еді.
 

 
115 
 
 
Той  басталған  бойда  ақындар  айтысып  кетті.  Айтыс 
аяқталмай  жатып  дау  туды.  Дау  арты  билер  талқысына  түсті. 
Ақырында  Қараман
-
Ата  басында  бір  жетіден  кейін  анттасатын 
болды. Бәрі бір ауыз жел сӛздің қырсығы!
 
Шырақшы:
 
 
Ел дүрлігіп кетті. Бес қаруды бойда ұстады.
 
Маната:
 
 
Сонымен  жиналған  ел  біреулерді  Бекет  атаға,  Оғландыға 
жұмсады.  Қожаназарды  ұлы Қошанмен  алып  келеміз  деп  Орынбор 
би екеуміз  Қожаназар аулына тарттық.
 
Шырақшы:
 
 
Қожаназарға да
 
оңай тимеген болар.
 
Маната:
 
 
Ойбой! Қожекең дана адам еді ғой!
 
Ол  дауыс  салып  жылай  бастаған  Ақшолпанды  тоқтатып:  “Ел 
сұраса  Ақшолпанның  жалғызы  Қошан  емес,  менің  үш  әйелден 
кӛрген  жеті  ұлымды  да  құрбан  етуге  даяр  екенімді  қалай 
түсінбейсің” –
 
деді ғой, жарықтық! Жаны жәннәтта болғыр!
 
Зияратшы:
 
 
Ақшолпан шешеміз не деді?
 
Маната:
 
 
Ақшолпан не десін! Ол кісі де ақылды адам болатын. Ешқашан 
Қожекеңнің айтқанына қарсы келмейтін.
 
Жаратқан
-
ай!  Сақтай  гӛр  жалғызымды!  –
 
деп  жылай 
бастағанда Қожекең Ақшолпанға: 
 
 
Тек!  Ақшолпан,  бұның  не?  Екі  бірдей  ел,  түрікпен,  қазақ 
қосылып халыққа қадірлі еді деп сенің балаңды таңдап отырса, оған 
жылаудың орнына қуану қажет емес пе?   
 
Жылама!
 
Шақырма, жамандықты, басыңа –
 
деген еді.
 
Маната:
 
 
Ант беру кезінде қап
-
қара ат мініп, алдына бес жасар Қошанды 
алып  Бекет  ортаға  шыққан  кезде,  бәріміз  де  жандарымызды 
шүбірекке түйгендей болғанбыз.
 
Зияратшы:
 
 
Ойпырмай! Сондай жерде кісі не айтады екен?
 
Маната:
 
 
Бекет те бала да ақкиімді екен! Шымқай қара ат үстінде аппақ 
киімді  адамдар  ерекше  әсер  ете  ме?  Жұрт  сілтідей  тына  қалды. 
Бекет  атаның  даусы  зор  екен.  Жарықтық,  саңқылдап  сӛйлеп  кетті 
дейсің!..
 
 
 
Маната қомданыңқырап тізерлеп отырып Бекет сӛзін қайталап кетеді.
 

 
116 
 
Ау, жамағат! –
 
деп, қолын кӛтерді, әуелі. 
 
Алла дейтін әр пенде үш нәрсеге
 
ниетті болуы керек:
 

 
Ӛзіңнің  Ұлы  Жаратушыға  деген  ынтазарлығын  мақтан  тұту 
ниеті...
 

 
Ӛз аузынан шыққан сӛзіне адал болу ниеті... 
 

 
Ӛз  жүргінде  оянған  ел  мен  жерге  деген  сезімдерді  сыйлау 
ниеті...
 
...Осы үшеуі адамды Азамат атандырады!
 
...Осы үшеуі адамдар тіршілігіне жылу, бетіне шырай таратады!
 
...Осы үшеуі ел мен елді табыстырады!
 
 
Осы  үшеуін  түгендей  алмаған  пенделер  қырсығынан  бүгін  екі 
ел  дауласқалы жатыр! Оның арты жауласуға соқпасына кім кепіл!?
 
Бұрын  да  талай  рет  тентектің  тентектігіне  ылығамыз  деп, 
азғырушының сӛзіне  ереміз  деп  екі елдің  қырғый  қабақ  болғаны  аз 
ба еді!? 
 
Енді бүгін солардың қырсығынан анттасқалы жатырсыңдар!
 
Анттасуды Алла қаламаған!
 
Кімнің ақ екенін, кімнің жалған екенін тек қана бір Алла біледі. 
Оны мына сіздердің бүгін берер анттарың анықтамайды...
 
Жиналған жамағат! Адай, түрікпен бауырлар! Араша! Араша!..
 
Мен  араша  сұраймын!  Тоқтаталық!  Жер  жетеді!  Бірге  ӛмір 
сүрелік!  Бірге ұрпақ  ӛсірелік!  Алланың  бізге сыйлаған  қасиетті  жері 
бәрімізге ортақ! Бәрімізді асырайды, бәрімізге пана болады!
 
 
Зияратшылар: “Қасиетіңнен айналайын! Сӛз
-
ақ екен!” –
 
деп жатады.
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет