Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

Тҧмар: 
 
 
Ата, сабыр етіңізші.
 
 
Қожаназар:
 
Ант  етемін!  Сені  күйек  байлар  күз  емес,  осы  жазға  дейін 
тӛсегіме салмасам ата
-
баба аруағы атсын мені!.. 
 
Тҧмар:
 
 
Ата, бізді кешіріңіз! Ант дегеніңіз ауыр нәрсе емес пе?
 
 
Қожаназар:
 
Күйек  салар  күзде  жаңа  түскен  Шолпан  емес,  Ақшолпан  атты 
жас  тоқал  менің  арқамды  қасып,  балтырымды  сыйпап  отыратын 
болады. Мен соған ант етемін!..
 
 
Қожаназар жүріп кетеді.
 
 
Есберді: 
(әкесінен бӛлініп жабықтан қайта сығалайды да рахаттана, жаны 
 
жай тауып)
 
 
Менің  әкем  айтқан  сӛзін  жерге  тастап  кӛрмеген  кісі.  Енді  сен 
маған шеше болатын болдың. Мен сенің балаң боламын! Ақшолпан 
атты Ақшешем менің! 
(күледі).
  
Менің  бұрын  да  екі  шешем  бар  еді.  Мен  сені  Ақшеше  деп 
атайтын боламын. 
(күледі).
 
Шолпан:
 
Құдайым
-
ай! Ана кісінің екпіні қандай жаман еді? Кім екен ӛзі? 
“Құлақтан  кірген  суық  сӛз,  жүрекке  жетіп  мұз  болар”  –
 
деген,  тұла 
бойым мұздап кетті ғой... Мына қасындағысы қандай жексұрын еді.
..  
Жігіттер жабықты жабыңдаршы...
 
 
Жігіттер жабықты жабады.
 
 
Тҧмар:
 
 
Адайдың  атақты  байы  Қожаназар  деген  кісі  дейді. 
Қасындағысы ерке баласы Есберді болса керек...
 
Шолпан:
 
 
Не  дейді!?  Ұят
-
ай!  Әкемнің  анттас  досы,  сыйлас  құрдасы  осы 
кісі екен ғой?.. Ол екеуі бірінің сӛзін бірі жерде қалдырмайтын болса 
керек...
 
Тҧмар:
 
 
Осы біздер бірдеңені қатты бүлдірдік
-
ау!
 

 
86 
Шолпан: 
мұңайып қалады
 
 
Жаңа  ғана  қуаныш  кернеп  тұрған  жүрегімді  ӛзім  айтқан  бір 
ауыз сӛз семдіре салмаса игі еді... Қызуын ӛшіре салмаса игі еді?..
 
Тҧмар:
 
 
Қасындағысының әлгі шалды қалай қайрағанын естісең... 
 
Шолпан:
  
“Бақ  ӛзі  ғана  соқыр  емес,  ол  қонған  адамын  да  соқыр  етеді“ 
дейтін  сӛз  естіп  едім.  Оның  да,  менің  де,  кӛзіміз  болғанмен,  басқа 
қонған бақтан кӛр соқыр болып қалғандардан болармыз ба?
 
Тҧмар:
 
 
Қойшы, Шолпан! Неге торыға қалдың, соншама?
 
Шолпан:
 
 
Тараңдаршы! Кӛңілімнің қошы болмай кетті.
 
 
 
Жастар тарайды. Шолпан мен Тұмар қалады. 
 
 
Тҧмар:
 
Біз бірдеңені бүлдірдік! Бүлдірдік! Жүрегім сезіп тұр!
 
Шолпан:
 
“Мысқыл, мысқылдың түбі мүшкіл” деген осы екен
-
ау! 
 
Тҧмар:
 
 
Әншейінде  ондайың  жоқ  еді,  бүгін  саған  не  болған?  Сені  бір 
нәрсе итермелегендей болды.
 
Шолпан:
 
Шайтан итермелесе де, періште бастаса да болары болды...
 
“Кӛп  асқанға  бір  тосқан”  дегендей,  ақыры  кездескен  болдым
-
ау! Әкем ол кісінің сұрағын қайыра алмайтын болса керек...
 
Тҧмар:
 
 
Үлкен кісі емес пе?
 
Шолпан:
 
 
Тұмаржан
-
ау!  Біз  70  жастағы  емес  27  жастағы  ағаларды  
шалдай кӛріп жүрген жопыз ба?.. Бірақ бізбен кім санасар дейсің?..
 
Әй, кім санасар дейсің, бізбен! 
 
Тҧмар:
 
Арты  осылай  болатын  болса  сонда  қыздарын  не  үшін 
еркелетеді екен, бұ қазақтар?
 
Шолпан:
 
Соңы  осылай  болатын  болғасын,  қыздарынан  алдын  ала 
сұрап жататын кешірімі болар ма?!.. 
 
Тҧмар:
 
 
Болашақ қатігездігіне кешірім сұрайтын болғаны ма?
 
Шолпан:
 
Қайран кӛреген аталар
-
ай!.. 
 

 
87 
Қызын маңдайынан қақпай ӛсіретіні сол екен ғой!.. 
 
Бес күндік қызығы дейтіні де сол екен ғой!..
 
 
 
 
 
Шымылдық.
 
 
 
 
Екінші кӛрініс.
 
Қожаназар аулында
 
 
 
Шолпанның  дӛрекі  сӛзінен  кейін  Қожаназар  асқа  қарамай  кетіп  қалады. 
Ас тарқағасын Мәсбатырға қызын айттырып құда жібереді.
 
 
Мәсбатыр  Қожаназар  жіберген  құдаларға  “бұл  мәселені  билер  билігіне 
салалық. Мен солардың шешіміне кӛнейін” дейді. Қожаназар да келіседі.
 
 
Қожаназар  адай  биі  Орынборды  шақыртады.  Тӛбе  басында  Қожаназар, 
Орынбор, Маната, Есберділер әңгімелесіп тұрады.
 
 
 
 
Қожаназар:
 
 
Орынбор!  Шет
-
шепірін  ӛзің  де  естіп  жатырған  боларсың. 
Уақиғаның қалай болғанын Маната толық айтып беріп пе еді?..
 
Орынбор:
 
 
Айтты.  Ел  аузынан  да  естіп  жатырмыз.  Шолпан  бүйдепті, 
Қожаназар  сүйдепті...  Ай  гулеп  тұр!..  Елді  берілген  ас  емес,  осы
 
егестің арты кӛбірек қызықтыратын секілді.
 
Қожаназар:
 
 
Орынбор!  Сәл  нәрсе  еді,  бұл.  Енді  үлкен  әңгімеге  айналып 
барады. Жас  бала  қателесті  деп,  мен  одан  да үлкен қате  жіберген 
секілдімін. Қазір ашу қайтып, ақыл жетті. Бірақ “аталар атымен ант 
етемін” дегенім қиын болып тұр.
 
Маната:
 
 
Жоқ, Қожеке! Олай емес! Қыз сӛзі кӛргенсіздік болды. Енді ол 
кӛргенсіз  қызды  тәртіпке  шақыра  алмасақ,  онда  Сіздің  кісілігіңізге, 
еліміздің елдігіне үлкен сын болатын түрі бар. 
 
Қожаназар:
 
 
Міне  бұлар  осылай  дейді.  Қазір  осылай  дейді.  Кейін  не 
дейтінін?..
 
Маната:
 
Қыз  сӛзін  қайталатып,  дүйім  елге  адайларды  келеке 
еткізбеудің жалғыз жолы бар, ол –
 
ӛзіңіз берген антты аяғына дейін 
жеткізу!
 
Есберді:
 
 
Тағы бір жолы бар! Біздің кӛш ұзағасын бір түнде келіп қызды 
ӛңгеріп кету!
 
Қожаназар


 
88 
 
Қызбаланба.  Бұл  мәселеге  ендігі  жерде  тек  намысты  қару 
етпей, оған ақыл мен парасатты да серік ету  қажет болар. 
 
Орынбор: 
 
 
Дұрыс!
 
Қожаназар:
 
Мәсбатырға  құда  жіберіп  едік.  Бұл  мәселені  құдалық  жолы 
шешпесін, билердің билігі шешсін депті. Онысына да кӛндік.
 
Орынбор:
 
 
Бәрін  де  естідім.  Бәрін  де  түсініп  отырмын.  Билер  шешсін 
десе,  несі  бар!  Би  атағымыз  бар  емес  пе,  белдесіп  кӛрелік! 
Дұрыстығымызды дәлелдеп кӛрелік...
 
 
 
 
 
Шымылдық.
 
 
 
 
 
Ҥшінші кӛрініс. Мәсбатыр аулында
 
 
 
Мәсбатыр, Фатима, Сұлтанғалилар кеңесіп отырады.
 
 
Фатима:
 
 
Қайным
-
ау  не  болды?  Елге  мазақ  болатын  болдық  қой! 
Қызымызды шал айттырып? Басынды ғой бұлар!..
 
Сҧлтанғали:
 
 
Шолпанжан  артықтау  кетіп  қалды...  Ондай  мінезі  жоқ  секілді 
еді?.. Ұят болды...
 
Мәсбатыр:
 
 
Ойда жоқта басымызға салмақ 
тҥсетін
 
болды
-
ау!
 
Фатима:
 
Қызыңның  билігі  ӛз  қолыңда  емес  пе?  Қандай  салмақ  уайым 
етіп отырғаның?
 
Мәсбатыр:
 
 
Ол  Шолпанға  әлгідей  сӛз  айтқанда  тек  қана  малына    сенген 
жоқ. Ол маған да сенді. Ел алдындағы ӛз беделіне де сенді.  
 
Фатима: 
 
 
Ант етіпті дейді ғой!
 
Мәсбатыр:
 
Ие, сенің қызыңның тілі о кісіні ант еткізуге дейін жеткізіпті. Ант 
еткені  қиын  болып  тұр.  Бірбеткей,  беделді  адам,  антын  орындап 
шығуға тырысады. Араға кісі салғанға кӛнбейді.
 
Фатима:
 

 
89 
 
Беделді  болса  беделді  пайдаланатын  жер  аз  ба? 
Пайдалансын! Менің
 
Шолпанымда Қожаназардың не шаруасы бар?
 
Мәсбатыр:
 
 
Ай, әйелдер
-
ай...
 
Фатима:
 
 
Сіздер,  еркектер!    Әйел  атын  арқалап  жүргендерді  адам
-
ау 
деп ойлайсыңдар ма, осы?
 
Мәсбатыр:
 
 
Ойламасақ  саған  аулымызды  билетіп  қояр  ма  едік?  Осында 
шақырып ақыл сұрар ма едік?
 
Фатима:
 
 
Шақырғаннан  не  пайда.  Ақылдасқаннан  не  пайда.  Бәрібір 
ӛздеріңнің айтқандарыңды істейсіңдер де тынасыңдар. 
 
Мәсбатыр:
 
 
Бәйбіше сабыр ет! 
 
Ал,  Сұлтанғали!  Мен  олардың  жіберген  құдаларын  “билер 
шешіміне салайық” деп қайтарып жібердім. 
 
Сҧлтанғали:
 
 
Қиын болды ғой!
 
Мәсбатыр:
 
Бұл  мәселені  аяқтауды  саған  тапсырғалы  отырмын.  Мені  бұл 
шаруаның 
шешімі 
табылғанға 
дейін 
Қожаназармен 
кездестірмеңдер. 
 
Фатима:
 
 
Неге  кездеспейсің?  Ӛзің  айтып  райынан  қайтармасаң,  кім 
қайтарады?
 
Сҧлтанғали:
 
 
Бұл егес басталғанда мен қастарында тұрдым ғой. Шолпанжан 
артықтау сӛз айтып жіберді.
 
Мәсбатыр:
 
 
Ӛмір  бойғы  достығымызды  мен  қатты  бағалаймын.  Сӛзді 
ӛздерің  бітіріңдер.  Айласын  табыңдар.  Орындай  алмайтын  шарт 
қойыңдар.
 
Сҧлтанғали:
 
Сонда  қандай  шарт  қоймақпыз?  Қыз  сұраймыз  ба?  Жер 
сұраймыз ба? Мал сұраймыз ба?
 
Мәсбатыр:
 
 
Қыз сұрасаң  бере  салады.  Оңай  құтылады.  Жер сұрама.  Жер 
сұраған  жаулыққа  шақырдым  деген  сӛз.  Дұрысы  артық  мал  сұрап 
бетін  қайтарыңдар.  Бір  қалыңның  орнына  бес  қалың,  жеті  қалың 
сұраңдар.  Малдарың  анадай  болсын,  мынадай  болсын  деп  сӛз 
туғызыңдар... Мен білмеймін... Сұлтанғали! Саған тапсырдым... Сен 
осы істі шатақсыз тындыр.
 

 
90 
Сҧлтанғали:
 
 
Бәріне кӛне берсе қайтеміз? 
 
Мәсбатыр:
 
 
Әй  сен  кімнің  биісің?  Нағашыларыңа  бүйрегің  бұрып  бара 
жатқан жоқ па? Болды. Әуелден ойланып ал, орындалуы қиын шарт 
қой! Құдайдың салғанын кӛрерміз. Құдай басқа салса кӛнерміз...
 
Фатима:
 
 
Ақсақал
-
ау!  Кӛнермізің  не?  Жұлдыздай  жалғызыңды  қалай 
қимақсың,  жасы  жетпіске  жақындаған  шалға?  Баланың  бақытын 
байлап...
 
Мәсбатыр:
 
 
Шолпанға  кім  тең  екенін  жалғыз  Алла  біледі.  Қызың  дұрыс 
жерге барса бір елдің анасы  да, панасы да сол болар! 
 
Қыз  бақыты,  ана  бақыты  деген  ӛзімен  жасты  баламен  аз  күн 
ойнау емес. 
 
Фатима:
 
 
Қалай  болғанда  да  он  жеті  мен  алпыс  жетіні  қалай 
теңестіресің? Теңеспейді ғой!
 
Мәсбатыр:
 
 
Естіп отырсың ғой. Сұлтанғали қолдан келгеннің бәрін істеуге 
тырысар.  Алдын  ала  пішіп  болмас.  Мен  ашықтан  ашық  оған  қыз 
бермеймін деп айта алмаймын. 
 
Фатима:
 
 
Неге жасқанасыңдар сол кісіден?
 
Мәсбатыр:
 
 
Жасқанбаймыз, сыйлаймыз. 
 
Фатима:
 
 
Несін сыйлайсыңдар?
 
Мәсбатыр:
 
 
Еткен  еңбегін  сыйлаймыз.  Кешегі  аласапыран  заманда 
қалмақ
-
жоңғармен соғысу оңай шаруа болған жоқ. Соғысқа аттанған 
сарбаздарға  да,  заман  тарықтырған  елге  де  байдың  малы  мен 
батырдың  қайраты  керек  болған  еді.  Қожаназардың  жігері  мен 
жылқысы қажет болған еді. 
 
Фатима:
 
 
Еліме пайдам тиді деп елдің баласына зиян салмақ па?
 
Мәсбатыр:
 
Әй,  бәйбіше!  Жауға  мінер  тұлпар  ӛсіріп,  оны  мың
-
мыңдап 
айдатқанда Қожаназар керек болған! Сарбаздарға азыққа деп отар
-
отар қойын айдағанда Қожаназар керек болған! Бір Байұлына емес 
бар қазаққа керек болған! Енді не боп қалды?! 
 
Сҧлтанғали:
 

 
91 
Қожекеңнің  еркелігін  кӛтермейтін  он  екі  ата  Байұлыда  кісі 
табыла қоймас?... 
 
Қожаназар:
 
Шолпанның 
әке
-
шешесіне 
еркелеуге 
қақысы 
болса, 
Қожаназардың  қазақ  халқына  ӛкпелеуге  қақысы  бар!    Солай 
бәйбіше... Ендігі жерде бұл мәселені  қайта
-
қайта қозғай берме!
 
Фатима:
 
 
Онда мынау ненің ойыны?
 
Мәсбатыр:
 
 
Бұ да ойын емес. Баламның алдындағы әкелік міндетім!
 
Фатима:
 
 
Түсінікті болды...
 
 
 
 
 
Шымылдық
 
 
 
 
 
Тӛртінші кӛрініс. Билер шешімі
 
 
 
Беріш  биі  Сұлтанғали,  адай  биі  Орынбор,  Есберді  және  Ара  би  бас 
қосады. Ара би мен Сұлтанғали қастарында қосшы жігіттері болады. 
 
 
Ара би:
 
 
Ал,  билер,  ел  біздерге  сеніп  бір  істі  тапсырған  екен!  Соны 
аталар  жолына  сүйеніп,  кейін  билерге,  мына  біздерге  кінә  арта 
алмайтындай етіп тындырсақ керек. Сӛзді кім бастайды?
 
Орынбор:
 
 
Үй иесісің ғой, сӛз баста Сұлтанғали!
 
Сҧлтанғали:
 
 
О не дегенің! Мен үйім деп сені қонаққа шақырып па екенмін? 
Тып
-
тыныш  отырған  ел  арасына  жоқ  жерден  сӛз,  жоқ  жерден  дау 
тастап, лаңыңды тигізіп отырған ӛзің емес пе? 
 
Баста сӛзіңді! Қалай сайрар екенсің? 
 
Айт ойыңды! Қалай ақталар екенсің?
 
Орынбор:
 
 
Не  дейді  мына  Сұлтағали?  Би  атың  бар  емес  пе?  Әңгіме 
басында ӛзің болыпсың! Қыздарыңның кӛргенсіздігі үшін сол жерде 
ӛзің ұялыпсың! Енді қалай мен кінәлі
 
бола қаламын? 
 
Ара би:
 
Кӛштің байсал тапқаны, кӛкорайға қонғаны.
 
Даудың  байсал  тапқаны  тӛрешіге  барғаны  –
 
депті  ғой, 
үлкендеріміз.
 

 
92 
Бүгін  біздер  үлкендердің  сол  үмітін  ақтап  шығуға  тырысалық. 
Бұл басталып кеткен даудың байсал табатын күні –
 
бүгінгі күн екенін 
естен шығармаңдар, билер!
 
Орынбор:
 
 
Дұрыс. Жақсы еске салдыңыз.
 
Ара би:
 
 
“Жауластырмақ  жаушыдан,  елдестірмек  елшіден”  деген. 
Екеуіңді  бүгін  жүздестіргенде  ағайын  ауылдар  осы  әңгімеге 
араздасып  кетпесін  деп  жүздестіріп  отыр.  Екеуіңе  ел  атынан  сӛз 
бергенде ағайын арасы ажырасып кетпесін, түсініссін деп сӛз беріп 
отыр. Осы мәселені шешуге, екі ел пайдасына шешуге деп жіберіп 
отыр. Мені де сол үшін алдыртып, “ара би” атандырып отыр! Қалай 
деп  ойлайсыңдар?  Мынау  дауға  шешім  іздеу  қажет  пе?!  Жоқ  әлде 
әркім ӛзімдікі дұрыс еді деп далаға лағамыз ба?..
 
Мен бұл шаруаның артында дау қалмағанын қалаймын. 
 
 
 
Екі би “дұрыс, дұрыс” деп бастарын изеседі.
 
 
Ара би: 
 
Дұрыс  болса  жӛндеріңе  кӛшіңдер!  Бірден  ұстаса  кеткендерің 
мынау  түйіліп  тұрған  түйінді  шешу  үшін  емес,  түйе
 
түсу  үшін 
жасалынған тірлік болады. Бұған не дейсіңдер?
 
Орынбор:
 
 
Ара ағайынның мақсаты да, сӛзі де осылай болса керек! Біздің 
ондай ойға қарсы айтар ештеңеміз жоқ.
 
Сҧлтанғали:
 
Ей,  адай!  Барлық  пәлені  бастап  жіберіп  енді  мүләйім  бола 
қалма!  Сендердің  жүріп  ӛткен  жерлерің  дау  мен  жанжал!  Сіздер 
мыңғыртып  мал  айдағандарыңа  мастанып  бара  жатырсыңдар! 
Тасып барасыңдар!
 
Бастарыңның кӛптігіне мақтанасыңдар! Асып барасыңдар! 
 
Орынбор: 
 
 
Құрметті  Сұлтанғали  би!  Бізге  “қасқырдың  аузы  жесе  де  қан, 
жемесе де қан” жаласын жауып отырсың!
 
Сҧлтанғали:
 
 
Қалай
-
қалай  сӛйлейді!  Бетегеден  биік,  жусаннан  аласа  бола 
қалуын!
 
Орынбор:
 
Сұлтанғали  би!  “Жаптым  жала,  жақтым  күйе”  дейтіндей 
сӛздерден  аулақ  болалық!  Ондай  сӛз  әділет  ойлаған  кісінің,  дауға 
шешім табуды ойлаған кісінің сӛзі болмайды!
 
Сҧлтанғали:
 

 
93 
 
Орынбор! Шыныңды айтшы! Берсе қолынан, бермесе жолынан 
деп түйіліп отырсың ғой!
 
Ара би:
 
 
Жоқ, болмайды екен! 
 
Біз бірден істің жӛніне кӛшелік!
 
Билер:
 
 
Кӛшсек кӛшелік.
 
Ара би:
 
 
Істің  жӛніне  кӛшер  болсақ  –
 
біз  бір
-
ақ  нәрсенің  басын  ашып 
алуымыз қажет деп ойлап отырмын. 
 
Ол  –
 
Қожаназардың  Мәсбатыр  қызы  Шолпанды  ӛзіне 
әйелдікке айттыруының шариғат жолы мен ата жолына қайшылығы 
жоқ па?
 
Әуелі соны анықтап алу қажет! Не дейсің Сұлтанғали!
 
Сҧлтанғали:
 
 
 
Қожаназар  бай  Мәсбатырдың  қызын  ӛзіне  айттыруға  қақысы 
жоқ  еді.    Олар,  Мәсбатыр  мен  Қожаназар,  ақыреттік  достар! 
Ақыреттік  достар  о  дүниеде  иманын  да  бӛлісетін  жақын  жандар! 
Мұсылманшылық  жолы  солай  дейді.  Бұ  дүниеде  ақыреттік 
достардан  бір
-
біріне  жақын  ешкім  жоқ!  Досының  қызын  айттыруға 
қақысы жоқ еді!
 
Орынбор: 
 
Ауыз ашса сыр кӛрінеді,
 
Есік ашса тӛр кӛрінеді –
 
деген, Сұлтеке. 
 
Ара би:
 
 
Сен не айтасың, Орынбор!
 
Орынбор:
 
 
Олардың  дос  екені  рас.  Бірақ  дос  пен  дос  бір
-
бірінің  қызын 
айттырмайды 
деген 
жоралғыны 
қазақ 
атам 
айтпаған, 
пайдаланбаған. Бір
-
біріне қыз беру –
  
жақындасудың, туыс болудың 
ең  тиімді  жолы,  ол.  Қазақ  халқы  үйлену  жӛнінде  ешкімнен  де  үлгі 
алмаған  ел.  Ал  мұсылманшылық  дегенің  арабтар  болса,  олар 
немерелерін бір
-
біріне бере беретін ел деп естиміз.
 
Сҧлтанғали:
 
 
Мен арабтардан үлгі ал деп отырған жоқпын. Мұсылманшылық 
жолын айтып отырмын.
 
Орынбор:
 
 
Бұл  құдалықтың  мұсылманшылыққа  да  қайшылығы  жоқ. 
Мұсылманшылықта  ақыреттік  дос  дейтіндер  тіпті  о  дүниеде 
имандары мен күнәларын тең бӛліседі екен. Бірақ ақыреттік дос деп 
құран  ұстасып  анттасқандарды  атайтын  болса  керек.  Ал  біздер 
Қожаназар мен Мәсбатыр, құран ұстасып анттасқан екен деген сӛзді 
естімеппіз.
 

 
94 
Ара би:
 
Сұлтанғали!  Мәсбатыр  мен  Қожаназар  арасында  әлгідей, 
ақыреттік  анттың,  болған
-
болмағанын  анықтаймыз  ба,  сонда?  Не 
дейсің бұған, Сұлтанғали би!
 
Сҧлтанғали:
 
 
Қажеті болмас!
 
Орынбор:
 
 
Мен де солай ойлаймын!
 
Ара би:
 
Демек,  досы  Мәсбатырдың  қызын  Қожаназардың  ӛзіне 
айттыруға бӛгет болар ештеңе жоқ деп есептейміз. 
 
Орынбор:
 
 
Ол әуелден де талассыз нәрсе болатын.
 
 
 
Сұлтанғали би де басын изейді. 
 
 
Ара би:
 
 
Сұлтанғали би! Мәсбатырдың қызын айттырып отырған жаққа 
қыз бермейміз дейтіндей дәлелі бар ма?
 
Сҧлтанғали:
 
 
Жеке басына тағар кінәсі жоқ секілді.
 
Ара би:
 
 
Мәсбатыр бай бар билікті біздерге беріпті. Құдалық жолы ата
-
баба ғұрпына қайшы емес деп шештік. 
 
Олай  болса  енді  біздерге  қыздың  қалыңмалының  жобасын 
анықтау ғана қалады.
 
Орынбор:
 
 
Кейін созбидаға түсіп кетпес үшін қыздың ұзатылу тойының да 
шамасын анықтай кеткеніміз дұрыс болар.
 
Ара би:
 
 
Сұлтанғали! Ендігі сӛз ӛзіңде! 
 
Біз  бір  қыз  қалың  малының  жобасын  90  тұсақ,  9  байтал  деп 
бағаласақ деймін. Заттай тоғыздарын ӛздері шеше жатар. 
 
Күйеу  мен  қыз  жасының  алшақтығын  салыстыра  отырып  бір 
қалыңға қосарың қандай болмақ, Сұлтанғали? 
 
Сҧлтанғали: 
 
Шолпан қыздың сұлулығы мен ақылына қызықпаған бұл ӛңірде 
ешкім қалмаған. Нағыз меңсіз сұлудың ӛзі! Сондықтан да қыз қалың 
малы да ерекше болуы қажет. Мен Шолпанның қалың малы –
  
меңі 
де бірдей, ені де бірдей 90 торы алаяқ байтал, 900 ақсарбас тұсақ 
дегелі отырмын!.. 
 
Ара би:
 
 
Бұл он қыздың қалың малы емес пе?!
 

 
95 
Орынбор:
 
 
Сұлтанғали  би!  Жоба  дейтін  бар  емес  пе  еді?  Тіпті  ӛздерің 
“Жайықтың суы қырық бӛшке” деп шамалап қойған жоқ па едіңдер?
 
Сҧлтанғали:
 
 
Бұл  жиын  маған  ақыл  айтатын  жиын  емес!  Әлгі  қалыңға 
кӛнсеңдер  құдаларыңды  жібере  бересіңдер!  Болмаса  кӛшіп  бара 
жатырған ел екенсіңдер, жолдарың болсын!
 
Орынбор:
 
 
Мал санының жобасыз кӛптігін есепке алмағанның ӛзінде меңі 
де  бірдей,  ені  де  бірдей  сонша  мал  табылмайды  деп,  әдейі 
қашыртып отыр ғой! Бір
-
біріне сонша ұқсас малды бір байдың емес, 
байтақ  жатқан  беріштердің  бар  малынан  табылады  деп 
ойлайсыңдар ма?
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет