Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§4. ИНТЕРМӘТІНДІЛІК (ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫҚ)



Pdf көрінісі
бет89/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

§4. ИНТЕРМӘТІНДІЛІК (ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫҚ) 
Бұл терминді постструктуралистік бағдардағы француз филологы Ю. Кристева 
қолданысқа енгізді. Ол бахтиндік бөгде сөз және сұхбаттылық концепциясына сүйене 
отыра, және сонымен бір мезгілде пікірталасқа түсіп: "Кез келген мәтін цитациялардың 
мозаикасы сияқты түзіледі, кез келген мәтін әлдебір өзге мәтіннің сіңірілімі мен өзгеріске 
ұшырауының өнімі болып табылады. Сол себеті интерсубъективтілік (яғни, сұхбаттылық 
немесе тұлғааралық қарым-қатынас. -В.Х.) ұғымының орынына интермәтінділік түсінігі 
келеді ". Және тағы: ""Әдеби сөз" дегеніміз – бұл "мәтін жазықтығының қиылысу орыны", 
"түрлі хат түрлерінің диалогы"" деп тұжырымдады[651].
Кейін осы "интермәтінділік" терминіне Р. Барт белсене сүйенді: "Мәтін дегеніміз дәйек 
сөздерді қозғалысқа келтіру", "мәтін интермәтінділік әлеуетіне орай тек мәтінаралық 
қатынастарда ғана тіршлік кешеді "[652]. Өзінің энциклопедиялық мақаласы "Мәтінде" ол: 
"Әрбір мәтін интермәтін болып табылады; басқа мәтіндер не көп, не аз танылмалық 
формасында түрлі деңгейде: алдыңғы мәдениеттің және қоршаған мәдениеттің мәтіндері. 
Әрбір мәтін ескі дәйек сөздерден тоқылған жаңа мата сияқты. Мәдени кодтар
формулалар, ырғақтық құрылымдар, әлеуметтік идиомалардың фрагменттері және т.б. 
үзінділері – бәрісі бәрі мәтінде жұтылып, мидай араласып кеткен, сондықтан қашанда 
мәтінге дейін және оның маңында тіл өмір сүреді. Кез келген мәтіннің интермәтінділігі 
үшін қажетті алдын ала шарттылық бастау көздер мен әсерлердің проблемасына келіп 
тірелмеуі керек; ол шығу төркінін табу сирек мүмкін болатын анонимді формулалардың 
жалпы алаңы, санасыз немесе тырнақшасыз берілетін автоматы дәйек сөздер болып 
табылады" деп жазды[653].
Ю. Кристева мен Р. Бартом мәтінді (оның ішінде көркем) ұғынуы бұрыннан 
қалыптасқан сөздік және тілдік бірліктерге назар аударудан өзгеше, сөйлеушінің 
(автордың) еркінен тәуелсіз төлтумалы және де көбіне ғылыми ой үшін жемісті болып 
табылады: француз ғалымдары бұрын зерттеушілердің назарынан қағыс қалып келген
көркем абайсыздық қырына зер салды. Санасыз және автоматы дәйек сөздердің мозаикасы
біршама эпигондық және эклектикалық (жоғары да сөз етілген пушкиндік Белкин туралы 
еске саламыз) туындыларға және тілдік кодтарды, стильдерді, жанрлық-сөздік 
мәнерлерді айырмайтын бұқаралық төменшік әдебиетке тән.
Бірақ та Ю. Кристева мен Р. Барт интермәтінділік деп атаған әдеби аңғалд сананың 
жүзеге ау формасығана емес, ірі және төлтума қаламгерлер шығармашылығының 
құндылығы. 1934 жылы М. Цветаева Вл. Ходасевичке "Мен көптен бері өлеңдерді өзім 
мен өзге, "саған" және "маған" деп бөлушілікті доғардым. Мен авторлықты танымаймын" 
деп жазды[654]. Неявное цитирование стихов Андрея Белыйдің өлеңдеріндегі айқын емес 


176 
дәйек сөздік осы ақынның мәнеріне тән тірегі, ертеректегі Пастернак шығармашылығында 
да "өзінің индивидуалдығын концептуалдандырып, өзіне дейінгінің индивидуалдылығы 
танылмай немесе ұқсас болып келіп, тұтасқан шығармашылық феномен біртұтас 
континуум түзеді"[655]. Осы тұрғыда халық сөзі мен фольклорлық жанрлардың тілі А.В. 
Кольцов, С.А. Есенин, С.А. Клычков, Н.А. Клюевтарда атой салды.
Басқаша жағынан, постмодернистік туындының интермәтінділігі Ю. Кристева мен Р. 
Барттың концепциялары бағдар ұстанған ойындық табиғатқа ие. "Постмодернистік 
сезімталдық" әлем жайындағы хаостық, құндылық пен мәнінен айырылған деген 
түсінікпен ұласып, абсолюті еркінсіген, ештеңеден қысылып қымтырылмйатын, өзін өзі 
жетекшеуші, оның үстіне мәтіндерді, дискурстарды, тілдік кодтарды ирониялық кәдеге 
жарататын түгесілмейтін тілдік ойынның арбаушы перспективасының есігін ашады[656].
Дегенмен интермәтінділік (егерде Ю. Кристева мен Р. Бартша ұғынсақ, "санасыз және 
автоматты" дәйек сөзділіктің "мозаикасы") көркем сөз өнерінде әмбебап емес, оның бірі, 
жоғарыда сөз етілген әдеби реминисценцияны қаламгердің шығармашылық ойының 
белсенділігі деп таниды.
Замана әдебиеттануында "интермәтіндемелік" термині өте кең қолданылып, зор беделге 
ие. Онымен өте жиі құрамына тек санасыз, автоматты немесе өзін-өзі жетелеуші ойындық 
дәйексөздік қана кіріп қоймайтын, алдыңғы мәтіндер және әдеби фактілерде бой көрсетін 
бағытталушы, байыпталушы бағалаушы сілтемелік (бұл аяға сондай-ақ, соотношения 
между автор сөзі мен бөгде сөздің, оның ішінде, қос үнділіктің арасалмағы) мәтінаралық 
байланыстардың жалпы жиынтығын таңбалайды. Кең ұғынылған интермәтіндемелік "ол 
(мәтін. - В.Х.) өз бойына сіңірген барша мәдени тілдерді қайыра түлетеді"[657] жүзеге 
асыруға қабілетті, яғни, тілдік іс-әрекет аясы мен қаламгерлердің көркемдік тілдік амал-
тәсілдерінің қорын байықтырады деп байыпты атап көрсетті Г. К. Косиков.
Мәтінаралық байланыс ("ұқсау") ұғымы Б.В. Томашевскийдің өз дәуірінің алдын орап 
кеткен 1920-шы жылдардағы аңғаруы бойынша көп қырлы құбылыс болып табылады. бір 
қаламгердің екіншісіне әсері мәселесі "ауысып алу" және "реминисценция" тұрғысынан 
сөз етіледі деп ғалым өкінішпен сөз етеді. Ол әдебиеттің күн тәртібіндегі міндет түрлі 
тектегі (типтегі) мәтіндік ұқсастықты айыра білу деп тұжырымдады. Бұл біріншіден,
бұрын өмірге келген туындыны танытатын (ұғындыратын) "саналы дәйек сөзділік, 
ишарат, қаламгер шығармашылығына сілтеме". Екіншіден, бұл " әдеби шаблонды 
санасыздықпен қайыра туындату". Ақыр соңында, үшіншіден, бұл "кездейсоқ ұқсастық". 
Томашевский осындай шектемелерсіз "параллелдер зерттеу жасау үшін жарамсыз, ми мен 
жүрекке жетімсіз шала материалдар сипатында қалады" деп ұйғарады. "Осындай 
параллелдердің" сипатын, мәнісін, функциясын анықтап алмай іздеу, "әдеби 
коллекционерліктің әлдебір тегін еске салады"[658].
Бұнымен қол қоя келісуге болады. Б.В. Томашевскийдің осы айтқандарына қосарымыз: 
сөздік-көркем туындыда кездестін авторға басы бүтін бағына бермейтін тілдік бірліктерді 
бейавторлық сөз, реминисценция немесе интермәтіндемеліктің фактілері, мәтінаралық 
байланыстардың жүзеге асуы деп қалай түрлендіріп айтсақ та, ең алдымен оны мазмұндық 
буынның маңызды формасы деп қарастырған оңды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет