Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет25/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94
ІІ-ТАРАУ
ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Лексикалық мағынаның қүрылымы
Сөздің мағына құрылымы семантикалық негізгі мәселесінің 
бірі болып табылса да әлі толық зерттелінбеген. Бұған оның өте 
күрделі құбылыс болуы себепші. Рас семасиология бойынша жа- 
зылған еңбектерде сөздің мағынасы күрделі екендігі, оның бірне- 
ше кішкентай элементтерден құралатындығы, сол элементтердің 
сөз мағынасының қалыптасуында үлкен ролі бар екендігі айтыл- 
са да, олар әлі бір шешімге келе алмаған (Новиков 82; Плотни­
ков 84; Уфимцева 86) *. Тіпті 1927 жылы С. К. Огден мен 
И. А. Ричардс ұсынған, кейінгі ғалымдардың ікөпшілігі қабылда- 
ған семантикалық үш бұрыштың элементтерінің арақатынасын 
анықтауда да, түсіндіруде де күні бүгінге дейін бір ізділік жоқ. 
1963 жылы МГУ-де болып өткен тілшілер мен философтардың сөз 
мағынасы туралы симпозиумінде В. М. Мальцев баяндама жасап, 
сөз мағынасына байланысты мына мәселелердің басын ашып алу 
керек деген болатын. «Тіл материялық құбылыс па, идеялық па? 
Жоқ әлде екеуінің қосындысы ма? Ұғым тілдің құрамына ене ме, 
жоқ әлде осымен байланысты, объектив дүниені бейнелейді ме? 
Сол заттармен тікелей байланысқа түседі ме? Әлде ұғым аркылы 
байланысады ма? Сөз мағынасы ұғым ба? Әлде дүниенің жалпы- 
ланған бейнесінің бір формасы ма? Сөз мағынасы өзі білдіретін 
зат емес пе? Әлде дыбыстар комплексінің затпен байланысы ма? 
Немесе сөз мағынасы ұғым не басқа ой элементтерімен қарым- 
қатынасы ма?» (Мальцев 63, 3) *. Сөз мағынасына байланысты 
ғалымдардын барлығы да В. М. Мальцев көрсеткен сұраулар 
айналасында сөз қозғайтыны анық, бірақ бұл сұраулардың күні 
бүгінге дейін толық және тыңғылықты жауап ала алмағандығы 
және де шындық. Сонымен бірге жоғарыдағы сүраулар сөз мағы- 
насына байланысты болған барлық мәселелерді толық қамтн да 
алмайды.
Біздінше, мәселені сөздің лексикалық мағынасын қалай түсі- 
нуге болады деген сұрауды талқылаудан бастаған жөн. Егер біз 
сөз дегенде мағына мен дыбысталудың бірлігін түсінетін болсақ, 
онда мағына сөздің ішінде, соның қүранды бөлшегі ретінде өмір 
сүреді 
Ал сөз, өз жолымен, адамзаттың қатынас қүралы бола­
тын тілдіц элементі ретінде бір информацияны екінші біреуге
1 Тіл біліміндегі басқа теорияларға талдау кейінгі тарауларда берілгсн
62


жеткізу үшін қолданылады. Сондықтан да кез келген сөйлемде, 
абзацта айтылған ой сол сөйлемнің, абзацтың құрамындағы жеке 
сөздердің мағынасынан мүлде алшақ жатпайды, ұзап кете алмай- 
ды. Сол үшін Г. В. Колшанский «Коммуникация өзара байланыс- 
қан пікір айту болғандықтан да сөздердің қатынасуын талап етеді 
және сөздерден сөйлем .құрайды»,— деген болатын (Колшанский: 
75, 87) *. Бірақ сөйлемнің мағынасын тек сөздердің мағынасының 
арифметикалық қосындысынан шығаруға да бола бермейтін сияқ- 
ты. Пікір алысу кезінде адамдар арасында түрлі жағдайлар, пси- 
хологиялық қалыптарға байланысты эмоциялық мән қосылса, 
сөздердің өзара байланысынан туатын мағыналық ауытқулар 
сөйлемде бой көрсететіні анық. Коммуникация, негізінен, екі не 
бірнеше адамдар аралығында болатындықтан олар (бір-бірімен 
түсінісулері керек. Сондықтан да бірі екіншісіне айтып жаткан 
хабардың негізінде жеке адамдарға 
бағынбайтын, белгілі бір 
қоғам мүшелеріне, сол тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті *мағы- 
на болады. Ол мағына объектив дүниедегі заттарды, заттардыц 
қарым-қатынасын, табиғат құбылыстарын т. б. бейнелейді де, бел- 
гілі бір дыбыс не дыбыстар комплексімен байланысады. Міне осы 
дыбысталумен байланысқа түскен, объектив дүниенің бір ұшпағы 
болып саналатын, қоғам мүшелері тән алған сәулелену лексика- 
лык мағынаның негізін жасайды.
Сөздердің лексикалық мағынасы бір ғана объектив дүниеніц 
және ондағы заттардың қарым-қатынасынан, олардың белгілі дә- 
режедегі көшірмесінен ғана жасалынбайды. Сондықтан да «Сөз- 
дің лексикалық мағынасы дегеніміз заттың, түстің, қимылдық 
т. б. атауы» деген анықтаманы толық ғылыми анықтама деуден 
аулақпыз. Тілде заттардыц не түрлі құбылыстардың атауы бол- 
майтын, заттардыц арасында түрлі қатынастарды білдірмейтін 
абстракты зат есімдердің бар екендігін де естен шығармау керек. 
Сондай-ақ сөздің лексикалық мағынасы біздің сезім мүшелеріміз 
арқылы қабылданған объектив дүниедегі заттар мен құбылыстар- 
дың белгісі мен қасиеттеріне де тең түсіп жатпайды; кейде асып, 
кейде кем түсіп жатады. Мысалы, химияны оқыған, оныншы клас- 
ты бітірген кез келген совет адамы су дегенде оның мөлдір, сұйық 
зат екендігін көз алдына келтірумен бірге, судың Н20 (оттегі мен 
сутегінің қосындысы) екендігін де ойына келтіреді. Бірақ оттегі 
мен сутегі суды көргенде біздің сезім мүшелерімізге түйсік туғыа- 
байды. Өмір тәжірибесімен байланысқанда ғана түйсік элемент- 
тері сөз мағынасының құрамына енеді. Салыстырыңыз: жанып 
тұрған отқа су құйсақ сөнетіндігін су құймай-ақ білеміз. Себебі 
ондай тәжірибе өмірде бірнеше рет қайталанған, дәлелдеп жату- 
ды қажет етпейді. Дегенмен су дегенде біз оның қайнайтындығын, 
буға айналатындығын, шөлді қандыратындығын, жерге сіңетін 
сияқты толып жатқан қасиеттерін бірден көз алдымызға келтіре 
қоймаймыз, оларды сөйлем ішінде белгілі бір ситуациямен бай­
ланысты ғана көз алдымызға келтіре аламыз.
Сөз мағынасын, сонымен бірге, ұғыммен де теңестіруге бол- 
майды, бірақ мағынаның құрамында ұғым элементтері болатын-


дығы анық. Сондықтан да сөз мағынасын өте кен көлемде түсін- 
діруге 
негіз 
бар. Бұндай 
пікірлермен барлық тілші келісе 
бермейді. Сөз мағынасын алыс, жақын мағына деп (Потебня); 
номинативті (негізгі), келтірінді, фразалық байлаулы мағына деп 
(Виноградов) түрліше бөледі. Мұндай пікірлер осы кен. түсінікті 
шектеу, саралау ниетінде туған. Эрине А. А. Потебня мен
В. В. Виноградов және оның жолын қуушылар сөздің лексикалық 
мағынасының ішкі құрылымдық элементтеріне талдауды мақсат 
етпеген, тек сөздің мағына түрлерін ажыратуды ғана мақсат 
еткен.
Сөздің лексикалық мағынасы ішкі құрылым жағынан да бір 
монолит, бөлінбейтін түсінік емес. Мағынаның бұл қасиетін, ең 
алдымен, қолданушы адам мен сол адам мүше болған әлеуметтік 
ортадан іздеу керек. Әрине кез келген сөйлеуші ада.м белгілі бір 
информацияны екінші біреуге жеткізгенде жалаң информацияны 
ғана хабарламастан оған өзінің жеке басының көзқарасын да 
жеткізеді. Сөйлемнің грамматикалық белгісінің бірі болып сана- 
латын модалділік осыған негізделінген. Айтушы өз көзқарасын 
тектен-тек білдіріп қана қоймастан оны беру жолын да, айла-тә- 
сілдерді де ойлайды. Соңғы мақсат айтушы не жазушының сөздің 
көп мағыналық қасиетімен, антонимдік, синонимдік қатарлары- 
нан пайдалануына итермелейді. Мысалы, Мен көрдім ұзын қайың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет