көрсеткен 10 түрлі информациясының барлығы бірдей сөз бойы-
нан табыла бермегенімен, тілдік элементтерде (барлық тілдерде
де) толық кездеседі. Олардың берілу жолдары баскашарак болуы
мүмкін. Мысалы, сөздердің білдіретін бірінші информациясы
заттық мағынаны білдіру, автордың тілімен айтқанда, денотатты
теңестіруші информация (Комиссаровтың еңбегінде
информация,
содержание, значение терминдері синоним ретінде қолданыла
берген). Бұндай информация денотаттың барлығын білдіріп, оның
атауы ретінде қолданылады. Екінші информация денотаттардың
жеке белгісін көрсетеді. Үшінші информация денотаттың белгілі
бір жалпы категорияға кіретіндігін көрсетеді. Бұндай категория-
лар үшеу: лексико-семантикалық, лексико-грамматикалық және
грамматикалық. Төртінші информация тілдік таңбаның белгілі
бір қатынас процесінде қолданылатындығын көрсетеді. Бесінші
информация эмоцияны білдіреді. Алтыншы информация бір сөз-
дің баска бір денотатты білдіру мүмкіндігін білдіреді. Мысалы,
синоним, көп мағыналылық т. б. Жетіншісі — сөз мағынасында
бейнелік не баска бір шартты байланыстың барлығын білдіреді.
Мысалы, метафора, метонимия т. б. Сегізінші информация баска
сөздің морфемалык элементтерінің мағынасын білдіреді. Тоғы-
зыншы информация сөйлесу кезінде белгілі бір сөздің басқа бір
сөздермен тіркесіп келу мүмкіндігін көрсетеді. Ал, оныншы ин
формация болса, бір сөздің информациясына (мағынасына) кар-
сы екінші бір мағыналы сөздің барлығын көрсетеді (Комиссаров
73, 78—89) *. Демек Комиссаров жеке түрған сөздің өзін ғана
алмастан оның сөйлем кұрамындағы байланысын, тілдік система-
дағы орнын да алған. Бірак автор сөз білдіретін информация-
лардын алғашкы үш пунктін сөздерде кездесетін белгі деп
көрсетсе, калған жетеуінің барлык сөздерде кездесуінің шарт
еместігін, түрлі комбинациялардағы мағына ретінде түбірге косы-
латындығын да көрсетеді.
Сөз мағынасының кұрылымын аныктауда үшінші бір жол да
бар. Ол — компонентті анализ жолымен сөз мағынасын талдау.
Компонентті талдау негізінде мағынаны бірнеше кіші бөлшектерге
се.маларға бөлу жатады. Семалардыц табиғатына біз кейінгі та-
рауларда толығырак токталамыз, дегенмен де семалардың сөз
мағынасындағы элементтерді саралауда, аныктауда тигізер пай-
дасы шамалы. Бірак семалар сөз мағынасын талдап көрсетуде
тигізер пайдасы мол. Салыстырыцыз:
әже деген сөзде кемінде
4 сема бар: 1) әйел жынысты адам, 2) жасы үлкен, 3) кандык
туыстыкты білдіреді, 4) әкенің не ананың анасы. Әйел жынысты
білдіру тек
әжеге ғана байланысты емес,
анаға да,
жеңгеге де.
Достарыңызбен бөлісу: