түсі, қандай заттардан жасалынғандығы т. б. қасиеттері үстелдіН-
денотаттық мағынасына енбейді, референттің қүрамына
енеді-
К. Огден мен И. Ричардстың семантикалық үш бұрышын
ө зін -
ше талдау жасаған Г. Стрен референтті нақтылы (деректі) және
абстракты
референт деп екіге бөледі. Автордың көрсетуінше
абстракты референт сөз мағынасымен тең түседі (Варина 63, 36) *.
Осыған жакын пікір Ч. Морристің еңбектерінде де кездеседі.
Айырмашылығы сол Моррис референт терминінің орнына денотат
терминін, абстракт денотат терминінің орнына десигнат терминін
қолданады. Десигнат терминін қазіргі кезде денотат терминімен
синонимдес мағынада қолдану практикасы бар. Мысалы, О. С. Ах-
манова «Десигнат то же, что обозначаемое» деп анықтама бередг
(Ахманова 66, 129) *. Денотат та, десигнат та, референт те логика-
да
қолданылатын терминдер, мағынасы тіл білімінде қолданыл-
ғандағы мағынадан алшақ емес. Салыстырыңыз: Денотат (латын-
ша denotatio обозначение) — белгілі бір атаумен аталынатын зат
(Кондаков 75, 139) *. Десигнат (латынша: designotio — обозна
чение) — сөйлеу кезінде білдірілетін сөздің мағынасы; белгілі бір
сөз арқылы берілетін зат, объектив» (Кондаков 75, 139). Рефе
рент (латынша' referens сообщающий) тіл білімінде, логикада
қолданылатын, сөз бен ұғымның байланысатын заттары» (Кон
даков 75, 516).
Егер денотат, десигнат, референт терминдеріне берілген анық-
тамаларды
жинақтайтын болсақ, онда денотат, десигнат сөз ма-
ғынасын, референт ұғымның мәнімен сәйкес келеді. Егер осы
негізде түсінетін болсақ, онда денотат пен референт тең түспейді;
денотат референттің құрамына еніп кетеді де, ойдың бір элементі,
сөздің лексикалық мағынасының негізгі тірегі ретінде алынады.
Бірақ тіл білімі мен логикаға байланысты жазылған көпшілік
еңбектерде денотат, референт, десигнат терминдері тең деп сана-
лынады. Дегенмен де совет тіл білімінде денотат пен референт-
терді ажыратып көрсету басым. Сондықтан да И. А. Стернин
«Таңбаның
денотаттық қатынасы системалы, референттік каты-
наста система болмайды»,— деп те айырмашылығын көрсетеді.
Олар арасындағы айырмашылықты көрсету үшін
оқуиіы (учащий
ся) сөзіне талдау жасайды.
Оқушы ретінде баланың барлық
қасиеті камтылуы керек. Яғни баланың жасы, киімі, мінез-құлқы,
сыртқы көрінісі, т. б. қасиеттері оқушы сөзінің референті болады.
Ал баланын белгілі бір оку орнына (мектепке) байланысты болу
қасиетін білдіру оның денотатын жасайды (Стернин 79, 46—47) *.
Сөздің денотаттық мағынасы туралы сөз болғанда, ең алды-
мен оның объектив дүниедегі заттар мен түрлі күбылыстарга,
заттардың амал-әрекеті мен түрлі қасиеттерін бейнелеп беру мүм-
кіндігі бірінші орында тұруы керек. Кез келген сөздің мағына
құрамында объектив дүниедегі заттармен
байланысып жататын
элемент бар дегенде осы денотаттық мағына еске түседі. Кем тіл-
ші ғалымдардың «Сөз — зат не түрлі құбылыс атауы» дегенде
осы қасиетті басты өлшем етіп алғаны анық көрінеді. Сөз мағы-
насының қалыптасуы мен объектив дүниені бейнелеу қасиетін
76
бір жақты түсіну, бір сатылы құбылыс деп қарау дұрыс болмай-
тындығы қандай анық болса, сөз мағынасын бір ғана объектив
дүниедегі заттардың бейнесі деп түсіну де дұрыс болмайды. Сон-
дай-ақ тіл бір не он ғасырдың жемісі емес. Ол өте ұзақ даму жо-
лын басып өтіп, өзінің о бастағы объектив дүниемен
байланысу
формасын да өзгерткен. Осы ұзақ және үздіксіз дамудың нәтиже-
сінде ғана сөз сөйлеу процесінде, белгілі бір заттың атауы ретін-
де, оның орнына жұмсалынып, араларына теңдік қоятындай дәре-
жеге келеді. Сол үшін де адамдар өзара сөйлескен кезде заттарды
көрсетіп, түрлі амал-әрекет, қимылдар жасап жатуы шарт емес.
Мыеалы,
«Қар —
аппақ, түлкі —
қызыл, бүркіт —
қара, Үқсайды
Достарыңызбен бөлісу: