Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет31/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94
қаса сүлу шомылғанға (Абай)» дегенде қарды, бүркітті, түлкіні, 
түрлі түстерді көз алдымызға келтіреміз, бірақ қардың, түлкінің, 
бүркіттің нақ сол жерде болуы шарт емес. Бұл, әрине, бір жағы- 
нан тілдің таңбалық қасиетімен байланысып жатса, екінші жағы- 
нан, сөз мағынасына да қатысты.
Денотаттық мағына таным теориясымен өте тығыз байланыс- 
ты. Екінші сөзбен айтқанымызда, адамның сезім мүшелеріне 
түйсік туғызатын заттың қасиеттері ғана денотаттық мағына жа- 
сай алады. Адамзат дүниені тануды түйсіктен бастайды. Бірақ 
бұдан адамдар түйсік туғызбайтын заттар мен заттардың түрлі 
қасиеттерін білмейді, білу мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға 
келуге болмайды. Адамзат миының артықшылығы сол — ойлау 
негізінде сезім мүшелері қабылдай алмайтын заттардың түрлі 
қасиеттерін де анықтай алу мүмкіндігі бар. Мысалы, адам жақсы, 
жаман қасиеттерді тікелей сезім арқылы қабылдай алмайды, бірақ 
көп жылдық тәжірибе, адамдар арасындағы қарым-қатынас нәти- 
жесінде бір адам екінші бір адамға (не затқа) баға беріп, жақсы, 
жамандығын анықтайды. Сондықтан да сөз мағынасы мен объек­
тив дүниедегі заттар туғызған түйсік тең түседі деу де дұрыс 
емес. Ал кей тілші-ғалымдардың тіпті сөз мағынасы өзі атауы 
болған заттармен тең түседі деген қағиданы да ұсынғаны мәлім. 
Мысалы, «Сөз мағынасы, ен, алдымен, экстролингвистикалық ба- 
ғытта — заттарға, құбылыстарға, объектив дүниедегі заттар қа* 
тынасына, қасиетіне — заттық қатынас 
(соотносенность) деп 
түсіку керек»,— дейді М. Д. Степанова (Степанова 68, 67) *. Жал- 
пы сөз мағынасын талдауда тіл элементі мен сөйлеу элементі 
ретінде қарау бір түрлі қорытындыға алып келе бермейді. Тіл 
элементі ретінде алғанда сөз мағынасының көлемі кең болады 
да, сөйлеу элементі ретінде алғанда оның көлемі тар болады. Сол 
үшін де сөйлеу кезінде сөз мағынасы нақты, анық көрінсе, тіл 
элементі ретінде қаралғанда онда жалпылық басым болады. Са- 
лыстырыңыз: 
жақсы сөзінің тілдік мағынасы — ұнамды, оңды,
түзу, жарамды. Бірақ сөйлеу кезінде бұл мағыналардың барлығы 
бірдей бой көрсетпестен, біреуі ғана көрінуі не басқа қырынан 
байқалынуы да мүмкін. Жақсы жігіт белгісі, Түзде мырза, үйде 
құл (Шешендік сөздер). Жат елдің алдында жақсы елдің баласы 
қүсап түрыңдар (Шешендік сөздер). Жақсы сөзжан азығы 
(Мақал).
7
/


Жол-жөнекей ескерте кетерлік жағдай мынау: денотат, десиг­
нат, референт терминдерінің мағыналарында айырмашылық болса 
да, олар көбінше синоним ретінде бірінің орнында екіншісі колда- 
ныла береді. Тек арнайы зерттеу объектісі етіп алғанда ғана де­
нотат пен референт арасындағы айырмашылыктар есепке алына- 
ды (Новое 82) *. Егер бұл терминдерді семантикалық үш бұрышқа 
салатын болсақ, олар Д бұрышынан орын алған болар еді. Демек 
А бұрышы сөздін дыбысталынуы (материалдык жағы), В бұры- 
шында мағына (сигнификат не ұғыммен байланысатын элемент- 
тері), Д бұрышында денотат (объектив дүниедегі заттар мен 
кұ- 
былыстар) жатады. Жоғарыда біз денотаттық мағына таным 
геориясымен байланысты анықталатындығын ескерткен болатын- 
быз. Шындығында да осы денотаттық мағына бөлшегі аркылы 
сөз объектив дүниемен байланысуы керек. Ол үшін объектив дү- 
ние адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызуы керек. В. И. Ленин 
«Түйсік дегеніміз — қозғалушы материяның бейнесі. Түйсік аркы­
лы болмаса, біз баска жолмен заттың ешкандай формалары тура- 
лы да, козғалыстың ешкандай формалары туралы да ештеңе біле 
алмаймыз, түйсіктер козғалушы материяның біздегі сезім мүше- 
леріне эсер етуінен туады»,— деп жазған болатын (Ленин, 18,
344) *.
Түйсік дегеніміз объектив дүниедегі заттардың не олардын. 
түрлі касиеттері мен белгілерінің адамның сезім мүшелері аркы­
лы бейнеленуін айтамыз (Общая 77, 229) *. Бейне түсінігін әр 
түрлі түсіндіруге болады. Бірак түйсік аркылы объектив дүниені 
бейнелеуді көркем әдебиеттердегі объектив дүниені бейнелеумен 
салыстырып болмайды. Себебі көркем әдебиеттегі бейне жинақ- 
тық, белгілі бір көзкараска (не жазушынын максатына байла­
нысты) бейімделсе, таным процесіндегі бейне тікелей объектив 
дүниедегі заттардың касиетіне (түсіне, дәміне, формасына, жаса- 
лынған материялына, белгілі бір кеністіктердегі орнына т. б.) 
тікелей сүйенген бейне. Затты танып-білу үшін оны сөзсіз сезінуі- 
міз керек. Басқаша айтканда заттардын түрлі формасы. түсі, 
дәмі, исі, т. б. адамның сезім мүшесіне ыкпал жасай, жүйке 
тамырларын тітіркендіреді. Айталық заттың түсі, формасы көзге, 
дәмі тілге, исі мүрынға түйсік туғызады, тітіркендіреді. Осы түй- 
сіктер дүниені танудағы алғашқы сигналдар болып танылады. 
Дүниені танудың баска жолы жоқ. «Таным теориясының бірінші 
кағидасы біздің біліміміздің бірден-бір қайнар көзі түйсіктер 
болып табылады дегсн дүрыс кағида екендігі даусыз» (Ленин 18, 
134). Бұл кағиданың дүрыс екендігін психологтар да дәлелдеген 
болатын.
Заттардың барлык касиеттері адамның жуйке тамырларына 
бірдей эсер етіп, түисік туғыза бермейді. Сонымен бірге заттар- 
дык барлык қаснеті (туйсік туғызатын) бір сезім мушесі аркылы 
кабылдана бермеид,. Сезімдер кабылдайтын сеэім мүшелевінік 
түрлеріне карай бірнеше түрге бөлінеді. Мыеалы, көр\ ,Г', 
иіс білу, т. б. сезімдер адамнык көз, тіл. кулак, муЬын 
дене мүшелерімен байланысты болады. Психологтар ее3 
К
78


табиғатына қарай үш түрге бөледі. Бірінші топқа объектив дүние- 
дегі заттар мен құбылыстарды тікелей кабылдайтын бес түрлі 
сезімді: көру, есту, иіскеу, дәм және теріге байланысты сезімдерді 
қосады. Ал екінші топқа ішкі организмдермен 
(асқазан, өңеш, 
ішек) сезінуі байланысты сезінуді қосады. Үшінші топқа ауруды 
білдіру мен болжалды сезімді (дәлдікті) қосады (Крутецкий 80, 
109) *. Сезінудің көп түрінің болуы объектив дүниедегі заттар мен 
құбылыстардың көп қырлылық қасиетімен тікелей байланысты.
Сезіну тек адамдарға ғана емес, тірі жан-жануарлардың бар- 
лығына да тән. Олар арасындағы айырмашылық сол — біреуінің 
жалпылық, екіншісінің дифференциалдық, үшіншісінің үстіртін, 
төртіншісінің бір жақтылығымен, толық болмауымен ерекшеленіп 
жатады. Мысалы, қыран құстың көзі адамның көзінен ұзақтағыны 
көреді, иттің құлағы адам естімейтін дыбыстарды ести алады, т. б. 
Адамдардың дүниені сезіну, білу мүмкіндігі мол болғанымен, ай- 
наладағы дүние туралы білімі шектелінген, сондай-ақ сезім мү- 
шелерінің мүмкіншілігі де шексіз емес. Мысалы, адамның көзі, 
орта шамада, 380—770 миллимикрон ұзындықтағы толқын арқылы 
берілген түсті, құлағы болса — 16 мен 20000 діріл нәтижесінде 
пайда болған дыбысты қабылдау мүмкіндігі бар. Әрине маманда- 
нып жаттыққан құлақ (әншілер мен күйіііілердін.) пен көздің 
(суретшілер мен аңшылардың) мүмкіншіліктері басқаша болады.
Сезім мүшелері арқылы қабылданған түрлі информациялар 
мида анализ, синтез жасалынып, сол заттың түп нұсқасына жуық 
бейне жасалынады. Кейде сезім мүшелері арқылы алынған инфор­
мациялар заттың толық бейнесін жасауға жеткіліксіз болуы да 
мүмкін. Соңғы жағдайда адамның өмір тәжірибесі, білімі көмекке 
келеді. Қысқасы сезім мүшелері арқылы қабылданған информа­
циялар негізінде заттың, объектив дүниедегі түрлі құбылыстар 
мен қозғалыстардың субъектив бейнесінің жасалуына көмегі тие- 
ді. Осы субъектив бейне сөз мағынасы мен ұғымның негізін жа- 
сайтын элемент болып саналады. Әрине түйсік арқылы қабылдан- 
ған субъектив бейне мен объектив дүниедегі заттар, құбыльістар 
тең келмейді. Мысалы, заттың құрамында сезім мүшелеріне түй- 
сік туғызбайтын, бірақ басқа түрлі аппараттар арқылы анықтал- 
ған, қасиеттер де бар. Олар заттың құрамды элементтері болғаны- 
мен, субъектив бейне бола алмайды. Сондықтан да түйсік арқылы 
қабылданған бейне объектив дүниедегі заттарға өте жакын кө- 
шірме бейне бола алады. Сол зат туралы адамзаттьің түсінігі 
(білімі) қаншалықты көп болса, субъектив бейне де сол затқа 
жақын бола береді. Сол үшін де қарапайым адамдар үшін тас — 
таудың қатты жынысының бірі болса, геологтар үшін тас—түрлі 
минералды тұздардың жиынтығы. Осыдан геологтар тастың түсін 
көріп-ақ олардың құрылымдық ерекшелігін, құндылығын анық- 
тай алады.
Объектив дүниедегі заттар мен сол заттың адам санасындағы 
бейнесі арасына теңдік белгісін қоюға болмайтындығы анық. Со- 
нымен бірге ол екеуінің арасында ешқандай ұқсастық жоқ деуге 
де болмайды. Ондай ұқсастықтың (тіпті өте жақын) бар екендігі,
79


бірақ ол заттың фото-көшірмесі бола алмайтындығы да анык. 
Адамзат айналасындағы дүниені түйсініп қабылдағанда өзінің 
ойының қызметі нәтижесінде өзіне түйсік берген заттардың түрлі 
қасиеттерін де анықтайды, түйсікті синтез жасағанда сол анық- 
таған қасиеттерді де қосады. Мысалы, Ал.матының өзі қызыл, 
иісті, үлкен алмасын көргенде, жемей тұрып-ақ оның дәмді екен- 
дігін сеземіз. Осы түйсік аркылы қабылданған объектив дүниедегі 
заттардың барлық белгілері, қасиеттері сөздердің лексикалық 
мағынасының күрамына ену керек. Бірақ жоғарыда біз заттың 
барлық белгісі, қасиеттері сөздің лексикалық мағынасының құра- 
мына ене бермейтіндігін айтқан болатынбыз. Демек, сөздің лек- 
сикалық мағынасы біз туйсік арқылы қабылдаған заттар туралы 
информацияның жиынтығы болмайды, тек сол мағынаны құрасты- 
ратын элементтердің бірі болып саналады.
Семантикалық үш бұрышты талдаған ғалымдардың көпшілігі 
Д бұрышын денотат деп атайды да, оны объектив дүниедегі зат- 
тармен теңестіреді. Ал түйсік арқылы қабылданғанда заттардың 
түрлі қасиеттері арасындағы бүтіндік жойылады да, жеке-жеке 
белгілерді береді, олардың бірі екіншісімен байланыспайды. Сон- 
дықтан да М. Н. Руткеевич «Лениннің пікірінше түйсік объектив 
заттың субъектив бейнесі» дей отырып, «Сезім заттың нақтылы 
(зеркальный) бейнесі емес»,— деген қорытынды жасайды (Крат­
кий 75, 570) *. Рас кейбір философтар бүл қағиданы қабылда- 
майды. «Сезім мен оны тудыратын объектив дүние арасында қа- 
тынастар бар, ол сезім мен объектив дүниедегі заттардың түрлі 
қатынастарымен тең түсіп жататын қатьінастар»,— деушілер де 
бар (Философский 75, 304) *. Біз де олардың аралығында байла- 
ныс барлығын мойындаймыз, бірақ олар тең түсіп жататын, бірі 
екіншісінің фото-көшірмесі не дәл түсетін көшірмесі деп түсінбей- 
міз. Міне осы объектив дүниедегі заттар мен кұбылыстарға жа- 
қын келетін көшірмесі болып саналатын бейнесін біз идеалды 
(адам санасындағы) денотат деп атаймыз.
Идеалды денотат референт те, шын мағынасындағы зат та 
емес. Референт болу үшін түйсік арқылы қабылданған информа­
ция жалпылануы керек, ал денотат болу үшін объективтік қасиет- 
ке ие болу керек. Сонымен, идеалды денотат тікелей жүйке та- 
мырларына түйсік туғызу арқылы қабылданған информация бо­
лып саналады. Бұл жерде мынадай корытынды шығаруға тура 
келеді. Сөздің лексикалық мағынасын объектив дүниемен байла- 
ныстырып тұратын, мағыналарға негіз болатын осы идеалды дено­
тат. Идеалды денотат сөздің лексикалық мағынасының құрамына 
ену үшін жалпыланып өзінің нақтылық касиетінен қол үзуі керек. 
Ал ой элементтерінін, түйсіктен басқаларының, барлығы да жал- 
пылаушылық қасиетке ие.
Ойлау мидың қызметі негізінде іске асады. Ми — адамның 
бас сүйегі ішінде орналасып, сыртқы дүниемен тікелей байланыс- 
қа түсе алмайтын мүше. Оны сыртқы дүниемен байланыстырып 
түратын да адамдардын сезім мүшелері. Сезім мүшелері арқылы 
қабылданған информациялар ойлау процесінің негізінде жатады.
80


Жалпы түйсік арқылы қабылданған объектив дүниедегі заттар- 
дың жеке-дара информациясы (біздің терминімізше идеалды де­
нотат) мидың қызметі арқылы мида талданады, жалпыланады. 
Адам ойының фантазиясы, творчестволшқ күші де жан-жануар 
дүниесінен дүниені танудағы айырмашылығы да нақ осы буында 
байқалынады. Егер ұғымды заттар мен құбылыстардағы жалпы 
қасиеттерді сәулелендіретін адам ойының бір формасы дейтін 
болсақ, бұл жалпылауды сөздің лексикалық (грамматикалық та) 
мағынасының қүрамынан да табуға болады. 
Сондықтан да 
В. И. Ленин: «Сезімдер реалдықты көрсетеді, ой мен сөз жалпы- 
ны көрсетеді»,— деген болатын (Ленин 29, 258) *.
Маркстік-лениндік дүние таным теориясы дүниені дұрыс та- 
нып, білудің заңдылығын үйретеді. Әрине дүниені танып-білуде 
шек жоқ. Заттардың табиғатын қаншалықты көп білсек, біздің 
зат не құбылыстар туралы біліміміз кеңейіп, заттарға жақындай 
түсеміз. Нақ осындай сөз мағынасын қаншалықты терең талдап 
түсіне берсек, ол туралы біліміміз кеңейіп, біліміміз арта бермек, 
бірақ бұл соңына жеттік деген сөз емес. Сөз мағынасының бізге 
құпия сыр болып жатқан жақтары да аз емес. Тіпті идеалды 
денотаттар бойында да құпия сыр барлығын жоққа шығаруға 
болмайды. Идеалды денотат ретінде сәулеленген заттың бейнесі- 
нің өзі де сөздің лексикалық мағынасының құрамына енбей қалуы 
мүмкін. Мысалы, сөздердің тура (номинативтік) мағыналарынан 
басқа мағыналарында денотаттың сақталынуы шарт емес. Салыс- 
тырыңыз: Ауылдық жанытерең сай, тасыған өзеи гүрілдеп 
(Абай). Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап к,ой (Абай). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет